
- •1.Есептеу ж/е конструкция құру негіздері
- •7.Тісті берілістерді жаңасу беріктігін есептеу-
- •12. Червякты берілістер. Червякты жұптың кинематикасы мен геометриясы?
- •13. Червякты іліністегі сырғанау. Червякты берілістердің пайдалы әсер коэффициенті?
- •14. Червякты берілістерді түзету?
- •15. Червякты берілістің бұзылу себептері және жұмыс істеу қабілеттілігі?
- •16. Червяк пен червякты дөңгелектің материалдарын таңдау?
- •17. Мүмкіндік кернеулер. Ілінісу кезіндегі түсетін күштер?
- •18. Червякты берілістерді беріктікке есептеу?
- •21. Белдікті берілістердің кинематикасы. Белдіктегі кернеу мен күштер?
- •22.Белдіктің жұмыс істеу қабілеттілігі және белдікті берілістерді есептеу
- •23.Жалпақ белдікті берілістерді тарту қабілетіне байланысты есептеу.
- •24.Сына тәрізді, кесетін ролигі бар, тісті белдікті берілістерді есептеу
- •25.Біліктердің материалдары және оларды беріктік пен қаттылыққа есептеу.
- •26.Домналау подшипниктерін есептеу және оларды таңдау
- •27.Муфталардың атқаратын қызметі және оның түрлері
- •28.Бөлшектерді пісіру
- •29.Бұрандалы қосылыстардың негізгі түрлері,геометриялық параметрлері
- •30.Бұрандалы қосылыстарды беріктікке есептеу
1.Есептеу ж/е конструкция құру негіздері
Машина бөлшектерінің конструкциясын қарастырғанда келесі талаптарды білу керек:
1.м. бөлшектері белгілі мөлшерде қондыру орнына сәйкес жасалынуы ж/е сол маш-ң жұмыс істеу қабілетін қамтамсыз ету керек.
2.м.бөл-і берік тозуға шыдамды ұзақ уақыт сынбастан сенімді қыхмет атқару қажет.
3.м.бөл-н дайындау технологиясы оңай ж/е арзан болуы керек.
4.м.бөл-ң салмағы жеңіл болуы керек.
Беріктік ең негізгі талаптардың 1і.Көптеген бөл-ң өлшемі беріктікке есептеу арқылы табылады. Беріктікке есептеу бөл-ке түскен күшке байланысты 2 түрлі болады.Егер бөл-ке тұрақты кұш сер етсе,оны беріктікке есептеу жолы ,тұрақсыз күш әсер ткен жағдайда есепеу жолынан өзгеше келеді.
3.механикалақ берілістер.Тісті берілістер.Тісті берілістердің артықшылықтары мен кемшіліктері-Тісті берілістер деп қозғалысты, қозғалыс моментін біліктер арасында беру үшін және қозғалыстың бір түрін екінші түрге өзгертетін тісті ілінісуді айтады. Тісті беріліс ауыр және жеңіл өнеркәсіптерде, жону станоктарында, машиналарда көп кездеседі.
Барлық тісті берілістерді бірнеше түрге бөлуге болады.
Біріншіден, тісті дөңгелектердің геометриялық осьтерінің орналасуына байланысты: 1)осьтері өзара параллель орналасқан берілістер(цилиндрлік тісті беріліс) 2)осьтері өзара қиылысқан берілістер (конусты тісті беріліс)
3)осьтері өзара айқасқан берілістер (червякты тісті беріліс) 4) осьтері бір түзудің бойында орналасқан берілістер(планетарлық тісті беріліс)
Екіншіден, берілістер ілінісуіне байланысты:
1)сырттай ілінісетін тісті берілістер;
2) іштей ілінісетін тісті берілістер.
Үшіншіден, тіс профильдері бойынша:
1) эвольвента профильді тісті берілістер;
2) циклоид профильді тісті берілістер;
3) профилі шеңбер доғасымен шектелген тісті берілістер;
4) толқынды ілініс;
Төртіншіден, тістің орналасуына байланысты: 1) тік тістілер; 2) қиғаш тістілер; 3) шервон тістілер; 4) қисық тістілер
Тісті берілістердің артықшылықтары:
1.Тісті берілістің көмегіменөте үлкен қуат беруге болады(100 000 аттық күш) және берілістер ықшамды, көлемі шамалы;
2.Басқа берілістерге қарағанда біліктеріне, тіректеріне күш аз түседі;
3.ПӘК өте жоғары(η=0,97…0,98).
Тісті берілістердің кемшіліктері:
1.Дайындалуы күрделі;
2.Жұмыс кезінде шу көп болады;
3.Қатаңдығы өте жоғары болғандықтан динамикалық күштерді қабылдау қабілеттілігі өте нашар.
4.Эвольвента пішінді тісті берілістерден қысқаша мәләмет-Тісті берілістердің пішініне қойылатын бірінші талап,оның лездік беріліс саны тұрақты болуы қажет. Екіншіден, дайындау технологиясы күрделі болмауы қажет. Осы екі талапқа эвольвента пішінді тиісті ілініс сәйкес келеді.
Эвольвента
- кез-келген нүктенің сызатын тік
сызықты радиусы rb
үйкеліссіз шеңбер бойымен домалап
өтетін қисық. Бұл сызық шығару сызығы,
ал шеңберді негізгі шеңбер деп атайды.
Эвольвентаның құрастырушы сызығы әр уақытта оған перпендикуляр болады. Ал ρ кесіндісі қисықтың радиусы болып табылады.
6.Тісті дөңгелектердің материалдары-Тіс дөңгелектерінің материалдары иілу беріктігіне және сыртқы беттердің қаттылығына төзімді болу керек. Сондықтан көбінесе, тісті дөңгелектерді болаттан жасайды. Болаттар қаттылығына байланысты (НВ) 2 топқа бөлінеді:
1) HB<350, оларды жақсартады (термиялық өңдеу) және қыздырудан өткізеді.
2) HB>350 оларды шынықтырылған, цементтелген, азотталған.
Термиялық өңдеу, шынықтыру 3 түрге бөлінеді:1) Барлық көлемі бойынша-бұл болаттардан тістері аз дөңгелек жасайды. Маркалары 40,45,40XH
2) Цементеу.Бұл жерде тістер бетін көміртегімен қанықтырады. Маркалары: 15,20,20Х. Сондықтан, иілу беріктігі жоғары болады.
3) Азотпен шынықтыру. 0,1-0,6 мм қалыңдықта тіс беттерін азотпен қанықтырады.Сондан кейін, болатқа молибден қосады. Бұл болаттар шаңды батпақ жерлерде жұмыс істейтін машиналарда қолданылмайды.
Шойындар тісті дөңгелектердің материалдары ретінде габаритті үлкен ашық жерде жұмыс істейтін тісті дөңгелектер үшін қолданылады.
Пластмасса ретінде дөңгелектерді жасауға текстолит, капрондар пайдаланылады.