
- •Тұрақты ток машиналары
- •Тұрақты ток машиналарының құрылысы
- •Тұрақты ток генераторының жұмыс істеу принципі
- •Якорь реакциясы
- •Тұрақты ток генераторының негізгі параметрлері және сипаттамалары
- •Тәуелсіз қоздырылатын генератордың сипаттамалары
- •Параллель қоздырылатын генератордың сипаттамалары
- •Тұрақты ток қозғалтқышының жұмыс істеу принципі
Параллель қоздырылатын генератордың сипаттамалары
Параллель қоздырылатын генераторлар қоздырушы орама үшін арнаулы қоректендіргіш қажет етпейтіндіктен және номиналды жүктелгенде қажетті кернеу беретіндіктен тұрақты токтың ең көп тараған генераторы болып саналады.
Бұл генераторларда қоздырушы орама үшін қорек көзі якорь өзі болады. Сондықтан якорьде бастапқы э.қ.к.-тің Е пайда болу үрдісі өте маңызды үрдіс болып саналады және оны генератордың өздігінен қозуы деп атайды. Бұл үрдіске толығырақ тоқталайық.
Машинаның алдын-ала магниттелген магниттік тізбегінде жұмыс істеуін тоқтатқаннан кейін де қалдық магниттенудің ағыны Фқал (номиналды магнит ағынының 2…3% ) сақталады. Қалдық магнит ағыны Фқал тудырған магнит өрісінде якорь номиналды жиілікпен айналған кезде якорь орамасында аздаған э.қ.к. пайда болады, оны қалдық э.қ.к. Еқал деп атайды. Ол қоздырушы орамада аздаған қоздыру тогын Iқоз тудырады. Бұл ток өзінің магнит ағынын Фқоз тудырады да, бас полюстің магнит ағынын көбейтеді (Ф = Фқал+ Фқоз) және онымен бірге якорьдың э.қ.к.-ін Е көбейтеді. Бұл э.қ.к. өз кезегінде Iқоз өсіреді, ал ол ток Фқоз көбейтіп, якорьдың э.қ.к.-інің Е тағы көбеюіне әсер етеді. Осылайша якорьдың э.қ.к.-інің Е өсуі үрдісі қайталанып, одан әрі жалғаса береді. Бұл өздігінен қосу үрдісі қоздыру орамындағы кернеудің түсуі якорьдың э.қ.к.-іне тең болған кезде тоқтайды.
Сонымен, генератор өздігінен қозуы үшін мынадай шарттар орындалуы керек:
- біріншіден, машинаның магниттік жүйесінде қалдық магнит ағыны болуы керек;
- екіншіден, қоздырылатын Фқоз және қалдық Фқал магнит ағындары бағыттас болу үшін қоздыру орамасы якорьге дұрыс қосылуы керек;
- үшіншіден, қоздыру орамасының кедергісі якорьдың э.қ.к.-інің тұрақталған мәнін анықтайтын болғандықтан кедергінің мәні белгілі бір шекаралық мәннен төмен болуы керек.
Параллель қоздырылатын генератордың бос жүріс сипаттамасы тәуелсіз қоздырылатын генератордың бос жүріс сипаттамасы сияқты болады (сурет).
сурет- генератордың сурет - Параллель қоздырылатын
өздігінен қозуы генератордың сипаттамаларын
алуға арналған сұлба
Параллель қоздырылатын генератордың сыртқы сипаттамасы тәуелсіз қоздырылатын генератордың сыртқы сипаттамасына қарағанда біршама төмен өтеді. Бұл жүктемедегі ток өскен кезде генератордың қысқыштарындағы кернеудің азаюына тәуелсіз қоздырылатын генераторға қатысты айтылған екі себептен (якорь реакциясы және оның тізбегінде кернеудің түсуі) басқа тағы бір себептің – якорьге параллель қосылған қоздыру орамасындағы қоздыру тогының Iқоз азаюының – пайда болуымен түсіндіріледі. Ал Iқоз азаюы магнит ағынының азаюына, демек, якорьдың э.қ.к.-інің азаюына алып келеді (сурет).
а б
сурет - Параллель қоздырылатын генератордың сипаттамалары
Параллель қоздырылатын генератордың реттеу сипаттамасы тәуелсіз қоздырылатын генератордың сыртқы сипаттамасына ұқсас, бірақ генератор кернеуінің көбірек азаюына байланысты оның қисығы біршама тігіректеу болады.