Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
T_1201_ra_1179_ty_tok_mashinalary.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.48 Mб
Скачать

Тұрақты ток генераторының негізгі параметрлері және сипаттамалары

Тұрақты ток генераторының жұмысын сипаттайтын негізгі параметрлер: өндіретін қуаты Р, ұштықтарындағы (қысқыштарындағы) кернеу U, қоздыру тогы Iқоз, якорь тогы Iя немесе жүктемелік ток I , айналу жиілігі n.

Бұл параметрлер арасындағы байланыстар екі теңдеу арқылы сипатталады: э.қ.к. теңдеуі ( ) және якорь тізбегінің теңдеуі ( ).

Машинаның жұмысын анықтайтын негізгі электрлік шамалардың тәуелділіктерінің графикалық бейнелерін сипаттамалар деп атайды.

Тұрақты ток генераторының негізгі сипаттамалары:

А) бос жүріс сипаттамасы, ол бос жүріс режимі кезіндегі э.қ.к.-тің Е қоздыру тогының Iқоз мөлшеріне айналу жиілігі n тұрақты болған кездегі тәуелділігін көрсетеді:

E=f(Iқоз), I=0 ( немесе Iя = 0) және n=nном=const болған кезде;

Б) сыртқы сипаттама, ол генератор ұштықтарындағы (қысқыштарындағы) кернеудің U жүктемелік токқа I айналу жиілігі n тұрақты және қоздыру тізбегінің кедергісі Rқоз тұрақты болған кездегі тәуелділігін көрсетеді:

U=f(I), Rқоз= const және n=nном=const болған кезде;

В) реттеу сипаттамасы, ол ұштықтардағы кернеу U және айналу жиілігі n тұрақты болған кезде қоздыру тогының Iқоз жүктемелік токқа I тәуелділігін көрсетеді:

Iқоз= f(I), U= const және n =nном=const болған кезде.

Тәуелсіз қоздырылатын генератордың сипаттамалары

Бос жүріс сипаттамасын алу үшін қоздыру тізбегіне реттеу реостатын кіргізеді. Якорьді жетектеуші қозғалтқыш көмегімен n =nном=const жиілікпен айналдырады. Алдымен реостаттың жылжытқышын (ползунок) Iқоз= 0 болатын жағдайға қояды. Егер сынақ жүргізілгенге дейін генератордың магниттік жүйесі толық магнитсізденген болса, онда Iқоз= 0 болғанда э.қ.к. Е= 0 болады, демек, сипаттама координаталар басынан басталады.

Қоздыру тогын Iқоз біртіндеп Iқоз= Iқоз.макс дейін көбейткенде бас полюстердің магнтит ағыны Ф да көбейеді және оған тура пропорционал Е көбейеді. Сипаттама сызығының бас жағы түзу болады да, кейіннен магниттік тізбектің қанығуына байланысты біртіндеп абцисса осіне қарай қисаяды.

Э.қ.к. Е=(1,1...1,2)Uном мәніне жеткенде үрдісті кері бағытта жүргізеді, яғни қоздыру тогын Iқоз біртіндеп Iқоз= Iқоз.макс мәнінен Iқоз= 0 мәніне дейін азайтады. Бұл кезде э.қ.к. Е алдыңғы 1 қисықтан жоғары жатқан 2 қисық бойымен азаяды. Бұл 1 қисық бойынша магнит ағыны пайда болуы және өзекше болатының магниттену үрдісі өтетіндігімен, ал 2 қисық бойынша тек магниттенген өзекшеде магнит ағынының өзгеру үрдісі өтетіндігімен түсіндіріледі.

Қоздыру тогы Iқоз= 0 болғанда машина якорінде мәні үлкен емес э.қ.к. Е=(0,02...0,03)Uном пайда болады. Бұл полюс өзекшелері мен ярмо болаттарында қалдық магниттенудің болумен түсіндіріледі.

1 мен 2 қисықтар машинаның болатының магниттенуін сипаттайтын гистерезис тұзағына ұқсас пішінді құрайды. Олардың ортасы арқылы жүргізілген 3 қисықты есептік бос жүріс сипаттамасы деп атайды және ол бойынша номиналды мәндер (Iқоз.ном, Еном) таңдалады.

Генератордың сыртқы сипаттамасының графигін тұрғызу үшін алдымен генераторды жүктемеге қоспай тұрып, I= 0 болғанда U≈1,15Uном тең болуы үшін қоздыру тогының мәнін Iқоз реттеуші реостат арқылы белгілі бір мәнге дейін көбейтіп, сол деңгейде тұрақтандырамыз.

Онан кейін генераторды жүктемеге қосамыз да, оның кедергісін өзгерту арқылы жүктемелік токты I 0-ден I=1,2 Iном дейін көбейтеміз. Бұл кезде генератордың қысқыштарындағы кернеу екі түрлі себептің салдарынан азая бастайды: якорьдің кедергісінде кернеудің түсуі мен якорь реакциясы әсерінен э.қ.к.-тің Е біршама азаюы салдарынан.

Генератордың реттеу сипаттамасы Iқоз= f(I) ( U= const және n =nном=const болған кезде) жүктемедегі ток I өзгерген кезде генератордың кернеуі U өзгермеуі үшін қоздыру тогын Iқоз қалай өзгерту керек екендігін білдіреді: I өскен кезде U= const болу үшін Iқоз мәнін көбейту керек, ал I азайса, Iқоз мәнін азайту қажет.

а б в

Сурет –Тәуелсіз қоздырылатын генератордың сипаттамалары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]