Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eko.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

54.Гомеостаз

Гомеостаз (гр. 'homoios' - ұқсас, stasis - тепе-теңдік) - жүйенің қызмет ететін сыртқы ортасының өзгеруіне қатысты тұрақты қалыпта ұстау немесе реттеу үрдісі. Бұл термин әлеуметтік жүйелерге қатысты қолданылады.

Гомеостаз ұғымы алғашында физиологияда ішкі ағзаның, өзін-өзі реттеу механизмі арқылы қол жететін оның негізгі физиологиялық қызметтерінің түрақтылығын түсіндіру мақсатында қолданылды. Бұл ұғымды 1929 жылы америкалық физиолог У. Кеннон енгізді. Ол биологиялық ағзалардағы бірқатар гомеостатикалық процестерді, ең алдымен өз түрақтылығын үздіксіз сақтайтын "тән даналығы жөніндегі" ілімдерінде ашық жүйе ретінде қарастырды

Саяси және әлеуметтік гомеостазис - саяси және әлеуметтік жүйелердің, оның қүрылымдарының, әлеуметтік топтарының, институттарының тепе-теңдігін бүзуға тырысатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы күресетін жолымен сақталатын тепе-тең қозғалмалы қалпы. Макроэкономикада гомеостатикалық тәсіл қолданылатын жалпы экономикалық тепе-теңдік теориялары кеңінен тараған (кейнсиандық және неоклассикалық үлгілер). Гомеостазис принципі әртүрлі құрамдас бөліктері үйлесімді даму тепе-теңдігін сақтайтын, негізінде табиғи ортаны дифференцияланған жүйе ретінде талдау жасайтын әлеуметтік экологияда да қолданылады.

55. Минералдық тыңаитқыштар

Тыңайтқыштарды қолдануды өндірілетін ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне жұмсалатын энергияның арту заңының көрінісі ретінде қарастыруға болады. Мысалы, тыңайтқыштарды қолданудың бастапқы кезеңдерінде гектардан қосымша 1 т астық алу үшін 180—200 кг азотты енгізуге жетеді. Келесі қосымша 1 т астық алу үшін 2—3 есе көп тыңайтқыш қолдану керек.

Тыңайтқыштардың, соның ішінде қышқыл, азот тыңайтқыштары әсерінен топырақтың қышқылдығының артуы одан кальций мен магнийдің шайылып кетуіне әкеледі. Бұл процесті нейтралдау үшін топыраққа осы әлементтерді енгізу қажет. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін әлемдік өндіріс жылына 125 млн. тонна минералдық тыңайтқыш түрлерін өндіреді. Минералдық тыңайтқыштардағы негізгі қоректік элементтер – азот, фосфор, калий элементтері

Минералдық тыңайтқыштарды пайдалану интенсивті егіншіліктің бөлінбес құрамды бөлігі. Ғалымдардың есептеулері бойынша минералдық тыңайтқыштарды қолданудың пайдалы әсері болуы үшін олардың дүниежүзілік пайдалану мөлшері шамамен бір адамға шаққанда жылына 90 кг болуы керек. Бұл үшін тыңайтқыштардың өндірісі жылына 450— 500 млн. т. болуы қажет. Қазіргі кездегі дүние жү-зіндегі тыңайтқыштар өндірісі шамамен жылына 200—220 млн. т. немесе адам басына шаққанда жылына 35—40-ы құрайды.

Минералдық тыңайтқыштар тек беттік суларды ғана емес, грунт суларында ластайды. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану олардың су көздеріне түсуін минимумға дейін кемітеді. Тыңайтқыштарды қар қабатына, ұшатын аппараттармен су қоймаларына жақын жерлерге шашуға, ашық жерде сақтауға және т.б. болмайды.

Минералдық тыңайтқыштар өсімдіктерге, өсімдік текті өнімнің сапасына, олармен қоректенетін ағзаларға зиянды әсер етеді. Олардың әсерінің негізгі түрлері Азоттық тыңайтқыштардың жоғары дозалары өсімдіктердің ауруы қауіпін туғызады.

Фосфор мен калий, әдетте азоттың зиянды әсерін төмендетеді. Бірақ, көп мөлшерде бұл элементтер де өсімдіктердің, жеңіл улануына әкеледі Көптеген тыңайтқыштар, әсіресе құрамында хлор барлары адам мен жануарларды уландырады.

Минералдық тыцайтқыштарды қолданудың экологиялық мәселелері мына көзқарастар тұрғысынына қарастырылуы қажет:

1) тыңайтқыштар енгізілетін жерлердегі тыңайтқыштардың жергілікті экожүйелерге әсері;

2) пайдалану шекарасынан тыс жатқан экожүйлер мен оның звеноларына әсері, ең алдымен мен су ортасы және атмосфераға;

3) тыңайтылған топырақтан алынған өнімнің сапасы және оның адам денсаулығына әсері.

Көптеген тыңайткыштарда қоспа заттар болады. Олар радиоактивті фонның, ауыр металдардың мөлшерінің артуына әкелуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]