
- •40. Популяция, оның құрылымы мен қасиеттері, динамикасы
- •47. Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
- •50. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және республикалық ұйымдар
- •54.Гомеостаз
- •55. Минералдық тыңаитқыштар
- •56. Мем емес ұйымдар
- •57. Топырақ эрозиясы
- •58. Органикалық тыңайтқыштар
- •59. Ортадағы концерогендік факторлар
- •60. Ортадағы биотикалық факторлар
- •61. Пестицидтер.
- •62.Электромагниттік сәулелер
- •63. Биосфера
- •64. Организмдердің эк факторлар әсеріне жауап реакциялар
- •65. Табиғаттағы күкірт айналымы
- •66. Жердің биологиялық эволюциясы
- •67. Популяция тығыздығы, популяция ішілік ауытқулар
- •68. Азоттың табиғаттағы айналымы
- •69. Су экожүйелерінің түрлері олардың ролі мен маңызы
- •70. В.Вернадский биосфера туралы ілімі
- •71. Табиғаттағы көміртек айналымы
- •126.В.И.Вернадскидің биосфера жайлы ілімі.
- •128. Ноосфера биосфера дамуының жаңа кезеңі.
- •129.Адамның биологиялық түр ретіндегі популяциялық сипаттамасы
- •130.Атмосферадағы ластаушы заттардың айналымының схемасы. Жіберген фоталар.??????????????????????
- •131.Ауылды елді мекендердің экологиялық жағдайын
- •132. Экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жайлы
- •133.Қала ортасының факторларының халық денсаулығына әсері.
- •134. Түр ішілік және түр аралық қарым-қатнастің мәні неде?
- •135. Төтенше жағдайлардың қандай экологиялық зардаптарға әкеледі.
- •136.Биогеоценоз, агробиоценоз, экожүйе түсініктері жіне олардың
- •137.Адамның өндірістік әрекетімен байланысты ластанудың көздері.
- •138.Тағамдық заттардағы, топырақтағы микроэлементтер мен
- •139. Қоршаған орта нысандарының биологиялық ластануы
- •140. Медициналық экология, жалпы экологиядан айырмашылығы.
50. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және республикалық ұйымдар
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия),Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР),Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым(ВМО) және т.б. қатысады.
Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.
ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:
Бірінші деңгейде коршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған ортанын ахуалы туралы баяндамалар тапсырады, осы баяндамалардан аталған ақпараттар алынады.
Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар мен олардың орындаушылары туралы мәселелер шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін әдістемелік негіз қамтамасыз етіледі.
Одан әрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері тиімділікке, яғни қаржылық көмектін бағдарламанын түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты ықпал ете алатындығына байланысты болады. Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба бойынша әзірлік жұмыстарын жүргізумен тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін.
ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде — қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.
Сондай-ақ БҰҰ шеңберінде Орнықты дамыту жөніндегі комиссия жұмыс істеді. Ол БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) көмекші органы болып табылады. Қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын 200-ден астам халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар. Мысалы, 1948 жылы Францияда құрылған табиғат және табиғат ресурстарын қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП); Құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес, Хайуанаттарды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік федерация; Альпі аудандарын қорғау жөніндегі Халықаралық федерация. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде 1992 жылғы ақпанда "Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара әрекеттестік туралы" келісімге қол қойылды. Бұл келісімге: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина қол қойды. Келісімді іске асыру үшін: Мемлекетаралық экологиялық кеңес, Мемлекетаралық экологияльщ қор құрылды. ТМД шеңберінде табиғат қорғау ынтымақтастығын дамытуда Парламентаралық ассамблея маңызды рөл атқарады. Оның құрамында Қоршаған ортаны қоргау жөніндегі бөлім құрылған.
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды. бұзғаны ушін заң алдындағы жауаптылық Қазақстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқыққа қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл.
52. Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.
53. «Адам және Биосфера» атты ЮНЕСКО бағдарламасы (“Man and Biosphere”, MAB) жергілікті және ғаламдық деңгейде адамдар мен қоршаған орта арасындағы қатынастарды
жақсарту үшін ғылыми негізді белгілеуге бағытталған ЮНЕСКО-ның үкіметаралық ғылыми бағдарламасы болып табылады
Адам және биосфера[1](The Man and the Biosphere Programme (MAB)) - 1978 жылы ЮНЕСКО-ның 16-Бас сессиясының конференциясында қабылданған халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламасы.
Бұл бағдарламаға 100-ден аса мемлекет қолдау көрсетеді.
Негізгі мақсаты – жер шарындағы барлық құрлықтарда адам баласының биосфераға әсерін, ықпалын, табиғаттағы күрделі өзгерістердіңадам денсаулығына тигізетін зиянын зерттеу, бақылау және оған дұрыс баға беру. Сондай-ақ оған адамзаттың табиғатқа тигізетін сан қырлы іс-әрекеттері (жерді пайдалану, инженерлі-техникалық жұмыстар, энергиякөздерін пайдалану, т.б.), жер шарының биомдарына (орман, тундра, саванналар, дала, шөл-шөлейттер, т.б.) әсері және қоршаған ортаға ғылыми-техникалық жетістіктердің тигізетін теріс ықпалы туралы сияқты мәселелерді зерттеу де енеді. Ірі жобалармен қатар 1000-нан астам «аймақтық, жергілікті» мәселелерді шешуді де (қ. Биологиялық алуантүрлілік конвенциясы) қамтиды. Оның ішінде ауа бассейнінің ластануына байланысты орман, тоғай экожүйелеріндегі өзгерістер, табиғаттағы ауытқулар, табиғи қорлардың (ресурстар) сарқылуы, жер қорларының құнсыздануы (қ. Климаттың ғаламдық өзгеруі туралы шектемелі конвенция), шөлгеайналу фактілері және таулы өлкелердегі туризмнің дамуына байланысты туындап отырған мәселелер жан-жақты қарастырылған.
«Адам және биосфера» жобасында жер шарында ұлттық саябақтар мен биосфералық қорықтар ұйымдастыруға көп көңіл бөлінген. Қазақстанда «Адам және биосфера.» шеңберіндегі шараларды жүзеге асыруға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Ғылым министрлігі, ҒА-ның ғылыми-зерттеу мекемелері, жоғары оқу орындары қатысады.[2]