
- •40. Популяция, оның құрылымы мен қасиеттері, динамикасы
- •47. Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
- •50. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және республикалық ұйымдар
- •54.Гомеостаз
- •55. Минералдық тыңаитқыштар
- •56. Мем емес ұйымдар
- •57. Топырақ эрозиясы
- •58. Органикалық тыңайтқыштар
- •59. Ортадағы концерогендік факторлар
- •60. Ортадағы биотикалық факторлар
- •61. Пестицидтер.
- •62.Электромагниттік сәулелер
- •63. Биосфера
- •64. Организмдердің эк факторлар әсеріне жауап реакциялар
- •65. Табиғаттағы күкірт айналымы
- •66. Жердің биологиялық эволюциясы
- •67. Популяция тығыздығы, популяция ішілік ауытқулар
- •68. Азоттың табиғаттағы айналымы
- •69. Су экожүйелерінің түрлері олардың ролі мен маңызы
- •70. В.Вернадский биосфера туралы ілімі
- •71. Табиғаттағы көміртек айналымы
- •126.В.И.Вернадскидің биосфера жайлы ілімі.
- •128. Ноосфера биосфера дамуының жаңа кезеңі.
- •129.Адамның биологиялық түр ретіндегі популяциялық сипаттамасы
- •130.Атмосферадағы ластаушы заттардың айналымының схемасы. Жіберген фоталар.??????????????????????
- •131.Ауылды елді мекендердің экологиялық жағдайын
- •132. Экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жайлы
- •133.Қала ортасының факторларының халық денсаулығына әсері.
- •134. Түр ішілік және түр аралық қарым-қатнастің мәні неде?
- •135. Төтенше жағдайлардың қандай экологиялық зардаптарға әкеледі.
- •136.Биогеоценоз, агробиоценоз, экожүйе түсініктері жіне олардың
- •137.Адамның өндірістік әрекетімен байланысты ластанудың көздері.
- •138.Тағамдық заттардағы, топырақтағы микроэлементтер мен
- •139. Қоршаған орта нысандарының биологиялық ластануы
- •140. Медициналық экология, жалпы экологиядан айырмашылығы.
139. Қоршаған орта нысандарының биологиялық ластануы
басты экологиялық мәселе.
Биологиялық ластануға: ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдылар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, жануарлар мен адамның организмінде кездеседі.
Жер бетіндегі шамамен 1500000 жануардың 50000-ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам организмінің паразиттері болып саналады. Адам паразиттерінің көбісі – ауру қоздыратын жәндіктер. Тіршілік етуіне қарай паразиттер – уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер организм денесінде қорек керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттер үшін организмдер қоректену объектісі ғана емес, олардың өсіп-көбейетін тұрақты ортасы болып саналады. Оларға: безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.
Биологиялық ластаушыларды жұқтырудың негізгі көзі топырақ болып саналады. Сіреспе, ботулизм және басқа да кейбір жұқпалы аурулардың қоздырғыштары үнемі топырақта тіршілік етеді. Жеке бастың тазалығын сақтамаудың салдарынан, жуылмаған жеміс-жидек, көкөніс арқылы ауру қоздырғыштары адам организміне түседі.
Көптеген ауру таратқыш микроорганизмдер жер асты суларына өтіп, жұқпалы аурулардың таралуына себепші болады. Сондықтан артезиан суларын пайдаланар алдында қайнату керек. өзен, көл, тоған сулары көбінесе осы микроорганизмдермен ластанады. Су көздері – тырысқақ, іш сүзегі, дизентерия ауруларының таралуына себепші болған кездер жиі кездеседі.
Безгек ауруын безгек масасы таратады. Адам қанына безгек қоздырғышы түскен соң, бауырға қарай жылжиды. Бауырда өсіп, дамып, ұлпаға, одан қанға өтеді. Қайтадан қанға түскен микробтары адамдардың бойын дендеп алып, ауырта бастайды.
Жұқпалы оба ауруын егеуқұйрық бүргесі таратады. Ал ұйқы ауруының қоздырғышы – трипаносомалар цеце шыбыны арқылы адамның қанын сорғанда жұғады.
Жұқпалы аурулар таралған аймақта болған кезде адамдар түрлі сақтық шараларын жасауы керек. Көктемде және күзде орманды алқапта жұмыс істейтін адамдарды энцефалит тырыспасына қарсы егеді. Жас нәресте туа салып оған дифтерияға, туберкулез ауруларына қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Оба, сүзек, безгек аурулары шыққан аймақтарда карантин жарияланып, аурудың алдын алу жұмыстары ұйымдастырылады.
Қорыта айтқанда, мұндай жұқпалы аурулардың жаппай етек алуы қоршаған ортаның экологиялық ластануынан туындайды.
140. Медициналық экология, жалпы экологиядан айырмашылығы.
Медициналық экология (Медицинская экология) — адам экологиясының бір бөлімі және қоғамдық денсаулық байланыстары мен төуелділіктеріне және оның қоршаған табиғат, әлеуметтік жәнетехнологиялық орта факторларынан бұзылуына таддау жасайітын бүгінгі профилактикалық медицина I бағыты. XX ғасырдың ортасынан бастап, технологиялық әрекеттің салдарынан қоршаған орта жағдайының кенет нашарлауына байланысты экологияға назар аудару артып, сонымен бір мезгідде оны адамзат қоғамының табиғи ортамен әрекеттестігі және осы әрекеттестіктің салдары туралы ғылым ретінде кеңінен түсіндіру өріс алды. Экологияны бұлайша қабылдау бірқатар терминология тудырды — мысалы, "әлеуметтік экология" деген уғым пайда болды, бұл мәселе биологиялық қүбылыс туралы емес, биологиялық салдары бар алеуметгік қүбылыс туралы дегенді білдіреді. Экологияны "әлеуметтендіру" процесі медицинаны да қамтып, адамды жан-жақты зерттеуге жол ашылды. Қоғамдық сана мен қазіргі заманғы ғылымды экологияландыру бірсыпыра экологияландырылған ғылыми бағыттарды — геохимиялық экология, радиоэкология, денсаулық экологиясы,аурулар экологиясы, экологиялық-гигиеналық зерттеулер, т.б. тудырды. Бұлардың борінің жиынтығы медициналық экологияны құрайды. Бірақ бұлардың қай қайсысы да медициналық проблемалар шеңберіңде калып қоймайды. Мысалы, геохимиялық экология геохимиялық жағдайлардың тек қана адамға емес, сондай-ақ кез келген басқа да тірі организмдерге осерін зертгейді, ал осының осерінен пайда болатын эндемиялық аурулар адамдармен катар жануарлар арасында да байқалуда. Медициналық экология өзінің көптеген принциптері мен одістерінде медициналық география жоне географиялық патологияга уқсас. Медициналық экологияда биология, медицина, социология, экономика, осы әдістер мен техникалық зерттеу тәсілдерінің методологиялық өзегі ретінде басын біріктіре отырып, жүйелі түрде пайдаланады.
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақорганизм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің
популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераныңұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.