
- •40. Популяция, оның құрылымы мен қасиеттері, динамикасы
- •47. Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
- •50. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және республикалық ұйымдар
- •54.Гомеостаз
- •55. Минералдық тыңаитқыштар
- •56. Мем емес ұйымдар
- •57. Топырақ эрозиясы
- •58. Органикалық тыңайтқыштар
- •59. Ортадағы концерогендік факторлар
- •60. Ортадағы биотикалық факторлар
- •61. Пестицидтер.
- •62.Электромагниттік сәулелер
- •63. Биосфера
- •64. Организмдердің эк факторлар әсеріне жауап реакциялар
- •65. Табиғаттағы күкірт айналымы
- •66. Жердің биологиялық эволюциясы
- •67. Популяция тығыздығы, популяция ішілік ауытқулар
- •68. Азоттың табиғаттағы айналымы
- •69. Су экожүйелерінің түрлері олардың ролі мен маңызы
- •70. В.Вернадский биосфера туралы ілімі
- •71. Табиғаттағы көміртек айналымы
- •126.В.И.Вернадскидің биосфера жайлы ілімі.
- •128. Ноосфера биосфера дамуының жаңа кезеңі.
- •129.Адамның биологиялық түр ретіндегі популяциялық сипаттамасы
- •130.Атмосферадағы ластаушы заттардың айналымының схемасы. Жіберген фоталар.??????????????????????
- •131.Ауылды елді мекендердің экологиялық жағдайын
- •132. Экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жайлы
- •133.Қала ортасының факторларының халық денсаулығына әсері.
- •134. Түр ішілік және түр аралық қарым-қатнастің мәні неде?
- •135. Төтенше жағдайлардың қандай экологиялық зардаптарға әкеледі.
- •136.Биогеоценоз, агробиоценоз, экожүйе түсініктері жіне олардың
- •137.Адамның өндірістік әрекетімен байланысты ластанудың көздері.
- •138.Тағамдық заттардағы, топырақтағы микроэлементтер мен
- •139. Қоршаған орта нысандарының биологиялық ластануы
- •140. Медициналық экология, жалпы экологиядан айырмашылығы.
126.В.И.Вернадскидің биосфера жайлы ілімі.
Вернадский биосфера-табиғаттың негізгі тірі және өлі заттарының өзара бір-бірімен әсері болып табылатын тіршілік аймағы деп қарастырды.Ол,тірі организмдер-биосфераның функциясы және онымен материалдық-эергетикалық жағынан тығыз байланысты,әрі оны анықтаушы үлкен геологиялық күш болып табылады деп жазды.Организмдер дегеніміз тірі заттар,яғни белгілі сан арқылы берілген химиялық құрамы,салмағы,энергисы бар барлық тірі организмдердің жиынтығы болып табылады.Бұл тірі зат қоршаған ортамен озінің тыныс алуы өоректенуі,көбею арқылы тығыз байланыста болады деп түсіндірді.
Осылайша Вернадский биосфераның негізгі ерекшелігі-Күн сәулесі энергиясы әсерінен болатын химиялық элементтер атомдарының миграциясы нәтижесінде жүретін организдердің көбеюі,өсу ж"не зат алмасу процестері болып табылады деп түсіндірді.
Академик Вернадский биологиядан жаңа бағыт-биогеохимияның негізін сала отырып,табиғат пен тіршіліктің өзара тығыз байланысы мен бір-біріне тәуелділігінің заңдылықтарын ашып беретін биосфера туралы комплексті ілімді жасап берді.
Австралиялық эколог Зюсс ұсынған биосфератерминіне Вернадский тереңдетілген,жан-жақты Жер қабықшасының сапалы ерекшелігн көрсететін жаңа мағына берді.
Вернадский ілімінің негізі болып саналатын түсінік бойынша,биосфера-тірі организмдер мекендеген және планетадағы тірі заттар әсерінен сапалы өзгерістерге ұшыраған Жердің қабықшасы.
Вернадский:"Жердегі тірі зат-биосферадағы ең қуатты күш,ол биосфераның функцияларын материалдық және энергетикалық жағынан анықтаушы.Жердегі тірі,өлі заттардың үздіксіз алмасуы әсерінен биосферадағы тірі заттар әсерінен жаңа қасиеттерге ие болады.Табиғатта өзара әсерлесудің жаңа заңдылықтары пайда болады"-деп жазды.
127.Жердің табиғи ресурстары адамның өмір сүруіндегі лимиттеуші фактордың бірі.
Табиғи ресурстар - бұл адамдарға адамзат қоғамының өмір сүруі мен тіршілігі үшін қажетті табиғи денелер мен табиғат құбылыс тары.
Басқаша айтсақ, табиғи ресурстар дегеніміз өндіргіш күштердің даму деңгейіне сәйкес өндіру және тұтыну құралдары ретінде пайдаланатын табиғи компоненттер, табиғи ресурстардың классификациясы оларды олардың таусылуы және қалпына келтірілуіе сипаттайтын көрсеткіштер мен белгілер тобы бойынша бөлінуін, экономика салаларында пайдаланудың шегін білдіреді.
Таусылатын табиғи ресурстар қорлары өндіру әрекетінің нәтижесінде таусылуы мүмкін табиғи ресурстар түрлерін қамтиды.
Таусылатын табиғи ресурстар үш түрге бөлінеді:
1)Қалпына келтірілмейтін жердегі ұзақ эволюция процесінің нәтижесінде қалыптасқан рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар, минералды шикізат ресурстары
2)Салыстырмалы түрде қалпына келтірілетін – қалпына келуі үшін ұзақ уақыт аралығы қажет ресурастар: оларға сондай –ақ жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер популяцияларын қалпына келтірудің шектеулі мүмкіндіктері кіреді
3)Қалпына келтірілетін ресурстарға тірі табиғат элементтері, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, минералдық шикізаттың жекелеген түрлері кіреді
Таусылмайтын ресурстар жерге қатысты алғанда сыртқы болып есептелетін табиғи процестермен байланысты табиғи ресурстар
түрлерін қамтиды.
Таусылмайтын ресурстар үш түрге бөлінеді:
Климаттық ресурстар - жер мен күннің өзара қарым – қатынасына байланысты: күннің энергиясы, жел энергиясы, атмосфералық ауа.
Су ресурстары – дүниежүзілік мұхит сулары
Космостық ресурстар – жердегі тау жыныстары, космостық сәулелер мен метеоиттер энергиясын қамтиды
Табиғи ресурстарды пайдалану процесінде олардың көпшілігі ресурстық цикл деп аталатын күрделі айналымға түседі. Ресурстық цикл дегеніміз белгілі бір заттардың немесе заттар топтарының өзгеруі мен оларды адам пайдалануының барлық кезеңінде өтетін кеңістікте орын ауыстыруы. Қолданбалы экология әдістемесінде ресурстық цикл концепциясы маңызды болып табылады. Ол неғұрлым толық ( қалдығы аз) өнеркәсіптік өндірісті және осы кезде пайда болатын қалдықтарды қайтадан пайдалануға тартуды білдреді. ( мысалы техникалық суды өнеркәсіпті кәсіпорында бірінші рет пайдалану).Жабық өндірістік цикл дегеніміз өндірістік қалдықсыз немесе қалдығы аз түріне ұмтылу.
Өндіріс қалдықтарын қысқарту, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану табиғатты регионалды пайдалану стратегиясын іс жүзіне асыру процесінде жүзеге асырылады.