
- •40. Популяция, оның құрылымы мен қасиеттері, динамикасы
- •47. Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
- •50. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және республикалық ұйымдар
- •54.Гомеостаз
- •55. Минералдық тыңаитқыштар
- •56. Мем емес ұйымдар
- •57. Топырақ эрозиясы
- •58. Органикалық тыңайтқыштар
- •59. Ортадағы концерогендік факторлар
- •60. Ортадағы биотикалық факторлар
- •61. Пестицидтер.
- •62.Электромагниттік сәулелер
- •63. Биосфера
- •64. Организмдердің эк факторлар әсеріне жауап реакциялар
- •65. Табиғаттағы күкірт айналымы
- •66. Жердің биологиялық эволюциясы
- •67. Популяция тығыздығы, популяция ішілік ауытқулар
- •68. Азоттың табиғаттағы айналымы
- •69. Су экожүйелерінің түрлері олардың ролі мен маңызы
- •70. В.Вернадский биосфера туралы ілімі
- •71. Табиғаттағы көміртек айналымы
- •126.В.И.Вернадскидің биосфера жайлы ілімі.
- •128. Ноосфера биосфера дамуының жаңа кезеңі.
- •129.Адамның биологиялық түр ретіндегі популяциялық сипаттамасы
- •130.Атмосферадағы ластаушы заттардың айналымының схемасы. Жіберген фоталар.??????????????????????
- •131.Ауылды елді мекендердің экологиялық жағдайын
- •132. Экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жайлы
- •133.Қала ортасының факторларының халық денсаулығына әсері.
- •134. Түр ішілік және түр аралық қарым-қатнастің мәні неде?
- •135. Төтенше жағдайлардың қандай экологиялық зардаптарға әкеледі.
- •136.Биогеоценоз, агробиоценоз, экожүйе түсініктері жіне олардың
- •137.Адамның өндірістік әрекетімен байланысты ластанудың көздері.
- •138.Тағамдық заттардағы, топырақтағы микроэлементтер мен
- •139. Қоршаған орта нысандарының биологиялық ластануы
- •140. Медициналық экология, жалпы экологиядан айырмашылығы.
1
Экология пәні - Ғаламшарымызда әрбір тірі ағза белгілі аумақта өмір сүріп, үнемі коршаған ортаның сан алуан факторларының әсерін бастан кешіреді. Мұнымен бірге ағза туыстас және туыстас емес тіршілік иесі ретінде және тіршілік ортасына әсер етеді. Сан алуан ағзалардың орасан көп мөлшері өмір сүретін болғандықтан, тірі табиғат күрделі де тірі ағзалардың өзара және олардың коршаған ортамен байланысты үйлесімді жүйесі болып саналады. Тірі ағзалардың өзара әсерінің және коршаған тіршілік ортасымен өзара әсерінің заңдылықтарын биологиялық ерекше бөлімі - экология зерттейді. Экология сөзі гректің «оіkоs» - үй-жай және «lоgos» - ілім деген сөзінен шыққан. Бұдан басқа мұнда белгілі аумақта тіршілік ететін ағзалар жиынтығы зерттеледі. Экология термині ең алғаш Эрнст Геккельдің «Ағзалардың жалпыға бірдей морфологиясы» (1866) жөнө «Әлем жаратылысының табиғи тарихы» (1868) еңбектерінен ғылымға енді.
Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының негізгі міндеті — популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.
Экология ғылымының зерттеу әдістері Экология ғылымы ХХ ғасырда өзінің қалыптасу кезеңдерін аяқтап, көп салалы ғылым деңгейіне көтерілді. Оның негізі алғы шарттары: жер шарындағы халық санының артуы, ғылыми-техникалық прогресс
(ҒГП), ғарышты игеруге байланысты ғылымның жаңа бақытқа дамуы.
В.И.Вернадский биосфера деңгейіндегі барлық өзгерістерге таңдау жасай келіп, өзінің ноосфера тұжырымдамасын ұсынды. Ноосфера грекше «noos» — «ақыл-ой» деген мағынаны білдіреді. Ол, «Болашақты адам баласы жер бетіндегі барлық өзгерістердің негізгі факторы болады», деген еді.
Биосфера деңгейіндегі әлемдік проблемаларды шешуде «Адам-қоғам-табиғат» арасындағы үндестіктерді қалыптастыру мен тұрақтандыру экология ғылымының әлеуеттік эклномика саласына негіз болады.
3
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.
Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады
5
I-трофикалық деңгей- автотрофты ағзалар-продуценттер. Қоректік тізбектің әр звеносын трофикалық деңгей деп аталады.
Барлық тірі ағзалар қоректік(трофикалық) деңгейге байланысты үш топқа бөлінеді.Олар продуәенттер,консументтер,редуценттер топтары.
Кез-келген экожүйедегі маңыздылары алғашқы ағзатекті синтездейтін ағзалар продученттер болып табылады.Бұлар негізінде жарықбағыттылар.Оларға барлық жасыл өсімдіктер,көкжасыл балдырлар жатады.
Жайылым экожүйесіндегі заттар мен энергия ағыны
Бұл ағзалар бейағзалық шикі заттан көмірқышқыл газы мен судан ағзалық заттарды синтездейді.Бұл реакциялар хлорофилл және басқа жарық сезгіш пигменттер сіңірген күн жарығы энергиясы есебінен жүреді.Продуәеенттер қоректік тізбектегі алғашқы трофикалық деңегейде болады. Консументтер келесі трофикалық деңгейде тұрады.Олар продуәенттердің есебінен қоректенеді.Алайда консументтердің әр түрлі қатарларға жатуы мүмкін.Мәселен,бірінші қатардағы консументтер продуценттерді тікелей тұтынатын шөпқоректі жануарлар болады.Екінші қатардағы консументтер шөпқоректілерді жейтін жыртқыштар болуы мүмкін.Үшінші қатардағы консументтер жыртқыштардың жыртқышы бола алады.Паразит пен жыртқыштың арасындағы түбегейлі айырмашылық мынаған саяды.Жыртқыш құрбандығын өлтіріп,оны дереу жейді.Ал паразит қатар өмір сүруге тырысады және иесі есебінен мүмкіндігінше ұзақ қоректенуді қалайды.
6
Қызыл кітап[1]-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің жәнеөсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Қорық– аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі; типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
7
Экологияның негізгі болімдері - аутэкология, демоэкология және синэкология
Аутоэкология , аутоэкология – (грекше autos – өзім және экология) – қоршаған орта факторларының жеке организмдерге, популяцияға, түрлерге әсерін зерттейтін экологияның бір саласы. Аутоэкология түрлердің алуан түрлі экологиялық жағдайларға (ылғалдану режиміне, жоғары және төмен темп-раларға, топырақтың құнарсыздануына (өсімдік үшін) физиологлиялық, морфологиялық және өзге бейімділіктерін анықтайды.
Демоэкология (грекше «demos» - халық) — популяцияның ортамен және популяцияның ішкі үдерістерімен тура және кері байланыстарын зерттейтін экология бөлімі.
Синэкология (грекше syn — бірге және экология) — популяцияның, табиғи бірлестіктердің және экожүйенің бір-бірімен өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі.
Экология даму тарихы
Экология – гректің “oikos”- үй, мекен жай және “logos”- ілім деген сөздерден алынған және ол терминді 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель ғылымға алғаш рет енгізеді.
Экология ғылымының даму кезеңдері
Адамның пайда болуы Қоршаған ортаны танып білу ХІХ ғасырдың 60 жылдарына дейін
Экология жеке ғылым саласы Экологиялық ұғымдар мен қағидалар шықты ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ.-дың 50 жылдары
Ғылымының жаңа салалары Экология – кешенді ғылымға айналды ХХ ғасырдың екінші жартысы мен қазіргі уақыт
8
Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларынының жиынтығы.
Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.
9
Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Экологиялық апат кезінде төтенше жағдайлар туып, табиғи экожүйелер мен әлеуметтік жағдайлар күрт өзгереді, жалпы тіршілікке, соның ішінде адамның қалыпты өмір сүруіне қауіпті жағдай төнеді. Экологиялық апатқа ұшыраған аумақтардағы табиғат өзгерістерін бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмайды. Сондықтан Экологиялық апат қайтымсыз құбылыс болып саналады.
Топырақ эрозиясы- топырақтың құнарлы қабатының жаңбыр, қарсуларымен шайылып, не жермен ұшып бұзылуы.
Қалыпты эр- орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердің топырағында жүр.
Жылдам эр- табиғи өсімдіктер дүниесі жойылып біткен, топ/тың ерекшеліктері ескерусіз пайдаланған территорияларда байқалады.
Жазықтық эр- тау беткейлеріндегі жоғары горризонттағы топырақтардың жаңбыр, еріген қар суларымен шайылуы.
Сызықтық эр- тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар суларының әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіліп жайылуы.
Жел эрозиясы, не дефляция – топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің желімен ұшуы.
Эрозияның әсерінен адамзат қоғамы күн сайын 3000 аса га жерден айырылып отырады. Ал барлығы қазіргі кезде 5 млн га құнарлы жер тозып пітті эрозияның түрлерінің әсерінен барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнімі шамамен 20 – 40 % төмендейді. Эрозияның зардаптары бұнымен бітпейді. Топырақ беттеріндегі жыралар, арықтардың тұзілуі топырақты өңдеу жұмыстарын қиндатып, топырақ өңдеуші және өнім жинаушы техниканың еңбек өнімділігін төмендетеді. Топырақтың эрозиясы, олай болса, биогеоценоздардағы жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету ортасының бұзылуы, табиғи комплекстердегі қалыптасқан биолигиялық тепе – теңдіктің бұзылуына әкеп соғады.
10
Тіршіліктің пайда болуында бейорганикалық қосылыстардан органикалық заттардьщ түзілуі — күрделі эволюциялық өзгеріс болды. Алдымен хемосинтездеуші, содан кейін біртіндеп фотосинтездеуші организмдер пайда болды. Жер атмосферасындағы бос оттектің жинақтала түсуінде фотосинтездеуші организмдердің рөлі зор. Жер бетіндегі химиялық эволюция мен алғашқы организмдердің (протобионттардың) эволюциясы 1—1,5 млрд жылдарға созылды
11
Биосфера -гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады. Биосфера — тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
12
Адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде — қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршаған ортада қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, вибрациялардың және т.б. пайда болуы нәтижесінде қоршаған ортаның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы санитарлық-гигиеналық нормативтердің асып түсу деңгейімен сипатталады.
Табиғи ластану- Атмосферада үнемі белгілі. Шаң табиғатта жүретін табиғи процестер нәтижесінде түзіледі.
Шаңның 3түрі болады: минералдық, органикалық, космостық.
минералдық -тау жыныстарының үгітілуі мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, теңіз бетінен судың булануы шаңның түзілуіне себеп болады.
Органикалық шаң- ауада бактериалар, саңырау құлақтардың споралары мен өс/дің тозаңдары т.б.
Космостық шаң- жаңған метеориттердің қалдықтарынан түзіледі. Космостық шаң атмосферадағы жанған метеориттер қалдықтарынан түзіледі, 1ж ішінде оның мөлшері
2-5млн тоннаға дейін ж.
Жасанды ластану- мысалы оған көлік жанармайын жатқызуға болады. Француз ғалымы Ж.Детридің есептеуінше: СО2- 9%, СО-4% , көмірсутек- 0,5%, оттек- 4% , сутек-2% т.б.
Ғалымдардың зертеулеріне қарағанда, адамдардың денсаулық жағдайына әсер ететін факторлар өте көп. Соларды талдағанда, сол факторлардың 50-52 пайызы өмір сүру салтына, 20-25 пайызы тұқым қуалау жағдайларына, 18-20 пайызы қоршаған ортаға, тек 7-12 пайызы ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болатынын анықтаған.
14
Фотосинтез – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бөледі.
15
Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер. Өндiрiстiң қарқындап дамуына және отын түрлерін кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Нəтижесiнде табиғаттағы көмiртектiң айналымы бұзылды деуге болады. Адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көмiртек айналымының бұзылуы
мен атмосферада көмiрқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегi барлық химиялық тепе-теңдiкке үлкен əсер етедi.
17
Продуценттер - өз ағзаларын өздері қалыптастыратын организмдер
Консументтер (лат. consumo – тұтынамын), тұтынушылар – қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер.
Редуценттер (лат. reducentіs — қалпына келтіруші), ыдыратушылар — өлі органикалық заттарды (өлекселер мен организм қалдықтарын) ыдыратып, оларды органикалық емес заттарға айналдыратын организмдер (сапротрофтар).
(Экологиялық пирамидалар— экожүйедегі продуценттер, консументтер (бірінші және екінші реттік) және редуценттер арасындағы олардың массасымен өрнектелген арақатынас (санмен өрнектелуі — Элтон сандарының пирамидасы, құрамындағы энергияға қатысты — энергиялар пирамидасы). Сандар пирамидасы немесе дарақтардың қоректік деңгейлер бойынша бөлінуі мынадай факторларға байланысты: 1) Кез келген экожүйеде ұсақ жануарлар саны жағынан ірі жануарлардан басым болады және тезірек көбейеді; 2) Жыртқыштардың әр түріне оңтайлы көлемді жемтіктер азық болады.
№23-сұрақ.Табиғи ресурстар. Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.
№24-сұрақ. Гидросфера. Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады. [1] Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді; 2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы — 11022 м).Гидросфераның ластануы — ластағыш заттардың гидросфераға мол мөлшерде түсуі, олардың өзен, су қоймалары, көлдер мен теңіздер, мұхиттар мен жер асты суларын ластап, су ортасының қалыпты жағдайын бұзуы. Гидросфера — Жер шары суларының жиынтығы, агрегаттық күйіне (сұйык, қатты және газ) қарамастан, химиялық байланыспаған барлық суды қамтитын Жердің сулы қабығы. Ылғал айналымы процесінде судың барлық турі бірінен екін- шісіне өтеді. Гидросфера мұхиттардың, теңіздердің, құрлықтың жер асты және жер үсті суларын қамтиды. Судың біршама мөлшері атмосфера мен тірі организмдерде болады. Көбінесе Гидросфера деп жер бетінің 71%-ын құрайтын теңіздер мен мұхиттарды ғана санайды. Гидросфера көлемінің 96%-ын теңіздер мен мұхиттар, 2%-ға жуығын жер асты сулары, шамамен, 2%-ын мүздар мен қарлар (негізінен, Антарктида мен Гренландияның), 0,02%-ын құрлықтың жер үсті сулары (өзендер, көлдер, батпақтар) құрайды.
Судың ластануының антропогендік ошақ-көздері Ластануға судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе, ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуынан шамамен 5 млн. адам себепті өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді. Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы, әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз болады. Суда органикалық заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады. Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де жоғары. Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50 млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр тоннасы 12 км2 суды қабықшамен жаба алады. 0,05 мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Ластанудың әсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді. Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалаудағы экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақыт керек. Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушы көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шарушылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі табыс көзі болып табылады. Алайда 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады. Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.
№18-сұрақ. Биосфераның ластануы — адамның іс-әрекетінің нәтижесінде биосферада зиянды заттар мөлшерінің көбеюі, жаңа химиялық қосылыстардың пайда болуы, температураның көтерілуінен климаттың өзгеруі. Негізгі себептері: өнеркәсіптің (энергетика, транспорт, т.б.) тез қарқынмен дамуы, ауыл шаруашылығы мен күнделікті тұрмыста химиялық жетістіктерін кеңінен пайдалану, халық санының өсуі және урбанизациялану (қалалардың өсуі).
Кен қазындыларын өндіру кезінде жер қойнауынан жылына 100 млрд. т тау жыныстары алынады. Оның 10%-і ғана іске асады да, 90%-і жарамсыз қалдықтарға айналып жер бетін ластайды. Жыл сайын шартты түрдегі 1 млрд. т отын жағылады, атмосфераға 20 млрд. т СО2, 300 млн. т СО, 50 млн. т NO,150 млн. т SO2, 5 млн. т H2S, 400 млн. т-ға жуық күл, түтін, шаң-тозаң түседі. Ал гидросфераны 600 млрд. т-дай өндірістік және тұрмыстық ағын сулар ластайды. Мұнай өндіру және мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде әлемдік мұхитқа 10 млн. т-ға жуықмұнай өнімдері төгіледі. Бұл ондағы тіршілікке үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын топыраққа 100 млн. т-дай минералды тыңайтқыштар сіңіріледі.
Биосферада жыл сайын түзілетін жүздеген мың т әр түрлі жаңа химиялық қосылыстардың көпшілігі биологиялық және физиологиялық жолмен ыдырамайды. Биосферада ыдырамайтын заттардың шамадан артық жинақталуынан (мысалы, пестицидтер, полихлордифенилдер, т.б.) және табиғи ыдырау механизмдері немесе сіңіру қабілеті бар заттардың әсерінен (тыңайтқыштар, ауыр металдар, т.б.) табиғи жүйелер мен олардың биосферадағы байланыстары бұзылады. Биосферадағы зат айналымына бірнеше млн. т хлорорганикалық қосылыстарды енгізу, бір жағынан, жануарлардың (әсіресе, балықтар мен құстардың) көптеген түрлерінің жойылуына, ежелден қалыптасқан трофикалық тізбектердің үзілуіне, соның нәтижесінде биоценоздардың бұзылуына әкелсе, екінші жағынан, ұсақ жәндіктер мен микроорганизмдердің (космополит организмдердің) шамадан тыс көбеюіне соқтырды. Ағашжәне қазба отындарды (тас көмір, мұнай) негізгі қуат көзі ретінде пайдалану атмосфераның зиянды газдармен және шаң-тозаңмен ластануының басты көзі болып табылады.
Соңғы жылдары атмосферадағы қорғаныштық рөл атқаратын озон қабаты жұқарып, кейбір аймақтарда (мысалы, полюстерде) “озон ойықтары” пайда бола бастады. Олардың пайда болуына өндірістерден бөлінетін N, Cu, Fe, Mn, Cl, F, Br оксидтері мен ғарыш кемелерін ұшыру әсер етеді. Әсіресе, метан, этан, пропанның хлорлы және фторлы туындыларын (фреондар) өнеркәсіпте кеңінен пайдалану — озон қабатының жұқара түсуіне үлкен әсерін тигізіп отыр. Ал озон қабатының бұзылуы — Жер бетіндегі бүкіл тіршілікке үлкен зиян. Азоттотықтары мен күкірттің сумен қосылыстары “қышқылды жаңбыр” жаудырып, биосфераға орасан зор қауіп төндіруде. Биосфера ластануының тағы бір қауіпті де қатерлі көзі — қоршаған ортада радиоактивті қалдықтардың жинақталуы және АЭС апаттары.
№19-сұрақ. Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген.XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауыменқалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарышкеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді.Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.Соңғы жылдары экологиялық мәселелер — бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау — қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі—адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау.XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.
20-сұрақ. Зат және энергия ағымы. В. И. Вернадскийдің биосферадағы тіршіліктің тұрақты дамуы ондағы тірі затардың (биогенді) табиғаттағы үздіксіз айналымы жемісінің нәтижесі екенін айтқан болатын. Өйткені, тірі заттардың элементтері қоршаған табиғи ортаға түсіп, одан соң тірі организмдер арқылы қайтадан айналымға ауысатыны белгілі. Осылайша әрбір элемент тірі организмдерді әлденеше рет пайдаланып отырады. Соның нәтижесінде жер бетінде тіршіліктің дамуы үнемі даму үстінде жүзеге асып, биоценоздағы биогенді айналымды жүзеге асырады. Бірақ та, заттардың биогенді айналымын абсолютті тұрғыда деп түсінбеу керек. Себебі, айналымдағы заттар бір трофикалық деңгейден екіншісіне еткен кезде әлсін-әлсін зат айналымына түсіп үздіксіз қайталанып отырады. Нәтижесінде жер шарында органикалық заттардың қоры (торф, кемір, мұнай, газ, жаңғыш сланц) жинақталады. Бүл қорлар да ез кезегінде жүмсалып, қайтадан айналымға түсіп, зат айналымының үздіксіз (шексіз) процесін жалғастырып жатады.
Күн – энергиялық іс жүзінде сарқылмайтын көзі болып табылады. Оны тікелей немесе жанама, яғни фотосинтездің өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады. Қазіргі кездің өзінде көптеген елдерде (АҚШ, Израиль, т.б.) жылумен, ыстық сумен қамтамасыз етуде күн энергиясын пайдаланады. Парникте қарапайым құрылғылардың көмегімен күн энергиясын жинауға болады. Тәуліктің жарық кезеңінде жылуды жинау үшін беттік ауданы мен жылу сыйымдылығы жоғары материалды орналастырады. Олар: тастар, су, металл, құм және т.б. күндіз олар жылуды жинайды, ал түнде бөліп шығарады. Мұндай құрылғылар Ресейдің, Қазақстанның, Орта Азияның оңтүстігінде теплицаларда кеңінен қолданылады. Жел. Жүздеген жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданылып келді (диірмендер, ағаш кесу құрылғылары) Теңіз мұхит суларының энергетикалық ресурстарын пайдалану Термоядролық энергия Қазір атом энергетикасында энергия көзі және ыдырау өнімі ретінде радиоактивті элементтер қолданылады. Жоғарыда айтылғандардың барлығы қазіргі кездегі білімнің даму деңгейі, жасалып жатқан технологтялар адамзатқа энергетикалық ресурстардың сарқылуына байланысты және энергетиканың экологиялық мәселелерді туғызуы жөнінен тұйыққа тірелу қаупінің болмайтынын көрсетеді. Энергия – материяның барлық түрлерінің өзара әсері мен қозғалысының жалпы сандық өлшемі. Ол табиғат құбылыстарын біріктіреді. Термодинамиканың бірінші заңы – энергияның сақталу заңы табиғаттағы энергия жоқтан пайда болмайды, жоғалып кетпейді. Ол тек бір түрден екінші түрге айналады. Термодинамиканың екінші заңы бойынша энергияның өзгерісімен байланысты процестер тек энергия концентрленген түрден таралған күйге өткенде ғана өздігінен жүре алады (ыстық заттың жылуы суық ортаға өздігінен тарайды).
№21-сұрақ. Атмосфералық ауаны ластаушы көздер.
Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының қүрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.
Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдықпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады, 60-70км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдар болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 108 кішігірім метеорит түседі. Жерде атмосфера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақтайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн.тонна космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиусы 106-105м шамасындағы бөлшектерден тұрады. /7-9/.
Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қорғаныш ортаға әсер етін ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді.
№22-сұрақ. Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.
Бұл жерде бір ескере кететін жағдай өлім факторы бейімделу қабілетінен тысқары жатады. Экологиялық факторлар абиотик., биотик., антропогендік, климаттық және тежеу факторларымен тығыз байланысты. Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектенбейтін элементі саналады. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Экологиялық фактордың қайсысы болмасын табиғатта тұрақты емес. Барлық Экологиялық фактор екі санатқа: популяция тығыздығына тәуелсіз және популяция тығыздығына тәуелді болып бөлінеді.
Әсер ету нәтижесінде жойылатын дарабастар пайызы олардың санына немесе тығыздығына байланысты емес
Факторлар әсеріне жойылып кеткен түрлердің пайызы олардың тығыздығы өскен сайын пропорционал мөлшерде артады.
Бірінші санат факторларына негізінен климаттық, ал екіншісіне – биоталық факторлар жатады. Топтастырудың тағы бір жолы бойынша Экологиялық факторлар энергетик. және сигналдық болып бөлінеді. Мысалы, энергетик. топқа температура, бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм, т.б. жатады. Бұл топ организмдерге тікелей әсер етіп, олардың энергетик. күйін өзгертеді.
қара: Абиотикалық факторлар, Биотикалық фактор, Антропогендік фактор, Фактор.
Абиотикалық факторлар (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) — бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.
Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (темпиратура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қАбиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б.), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.
Абиоталық факторды химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық факторбиоталық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды.
Биотикалық фактор, биогендік фактор — ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері. Биотикалық фактордың абиотикалық факторданайырмашылығы, мұнда әр түрге жататын азғалар бір-біріне өзара және айналадағы ортаға әсерін тигізеді. Мысалы, жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандырады, бір ағза екінші бір ағнаны қорек етеді, микроорганизмдер топырақ құрылымын өзгертеді, т.б. Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі дара бастар арасында да, жеке популяциялар арасында да байқалады. Мысалы, ақ бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, ақ бөкендердің өзара әсері немесе қасқырдың ақ бөкенге шабуылы, т.б. Биотикалық фактор түрішілік және түраралық болып ажыратылады. Түрішілік Биотикалық факторға жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдердің өз өсімталдығын арттырудағы әрекеті (демогр. әсер), мекен ететін аумағын қорғаудағы жануарлардың мінез-құлығы (этологиялық әсер), т.б. әсерлер жатады. Түраралық Биотикалық факторға комменсализм (сіңісу), симбиоз (селбестік), нейтрализм (бейтарап селбесу), масылдық (басқа ағза есебінен күн көру), жыртқыштық әсерлер жатады. Биотикалық фактордың қалыпты жағдайдан ерекше ауытқуы ағзалардың қалыптасқан тіршілігіне әсерін тигізбей қоймайды, соның нәтижесінде табиғи тепе-теңдік бұзылады.
Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқашмаңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.
№25-сұрақ. Жарық. Жарық тірі организмбер үшін негізгі факторлардық бірі. Күн сәулелерінің жер бетіне келіп жететін барлық мөлшерінің 50% ғана бізге көрінсе, қалған бөлігін көрінбейтін инфрақызыл және ультракүлгін түсті сәулелер құрайды. 1. Жарық сүйгіш өсімдіктер (гелиофиттер) – ашық күн сәулесі түсетін жерлерде өседі. 2. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер) – қалың орман, тоғайлардың төменгі ярустарында өседі. 3. Жарыққа орташа талапты өсімдіктер — сирек және ашық далалы орман өсімдіктері жатады. 4. Жарық – жануарлар үшін бағдарлау қызметін атқарады. Жануарлардың даму эволюциясының нәтижесінде жарықты сезгіш мүше және күрделі көздер пайда болған. 5. Жануарлар әлемінде денесінен жарық шығаратын құбылыс болады. Оны – биолюмипесценция дейді. Бұл организм денесіндегі күрделі органикалық қосылыстардың тотығу процесінің нәтижесі.
Жарықкезеңдік (фотопериодизм). Ағзалардың көпшілігіне жарықтың тәуліктік ырғағы, яғни жарық (күн ұзақтығы ) мен қараңғы (түннің ұзақтығы ) арақатынасындағы тәулік кезеңдері тән қасиет. Өсу және даму үдерістерінен керінетін ағза жауабы жарықкезеңдік (грекше «рһоіоs» - жарық, «регіосіоs» - айналым) деп аталады.
Өсімдіктер жарық ұзақтығының тәуелділігі бойынша ұзақ күндік өсімдік және қысқа күндік өсімдік деп бөлінеді. Ұзақ күндік есімдік тәуліктің жарық кезі 20 және одан ұзақ сағатка жететін үйектік (полярлық) шеңбері ауданында өседі. Мысалы, сары сояу (дурнишник) әсімдігі тәуліктің жарық кезі 21 сағатқа жеткенде ғана гүлдейді. Егер жарык кезінің ұзақтығы 21 сағаттан кем болса, онда бұл өсімдіктің үсікке тап болуы мүмкін. Солтүстік үйек шеңберінен аздап оңтүстікке қарай және оңтүстік үйек шеңберінен аздап солтүстікке қарай өсетін өсімдіктер қысқа күн өсімдіктері (мысалы, соя, бамбук, мақта, тары, жүгері, темекі) жатады. Бұл өсімдіктер ұзақ күн жағдайында гүлдей алмайды.
Жарықкезеңдікке тек өсімдіктер ғана емес, жануарлар да жауап береді. Мәселен, құстар мен ірі сүтқоректілерде жарық кезендігі маусымдық жылыстауға, күзгі және көктемгі түлеу, қысқы ұйқыға жатуға және басқаларға байланысты. Жарық кезеңінің реттелуі жануарлардың маусымдық жыныс белсенділігі үшін де едөуір маңызы бар. Жарық кезеңді қөректену қылығына да әсер етеді. Оның әсерінен қоңыржай ендіктің жануарлары калориясы көбірек қорек іздей бастайды. Адамның жарық кезеңдігі маусымдық эмоциялы күйге әсер етеді. Мысалы, эмоциялы белсенділіктің көктемгі үдемелі каркыны баршаға мәлім.
№26-сұрақ.Су – тіршілік нәрі. Сусыз өмір жоқ. Әсіресе ауыз су тапшылығы орын алған кезде өмір сүру тіптен күрделене түседі.ірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті. [2]
Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр. [1]
Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.
Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады.
Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады. Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.
№27-сұрақ. Ағызында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді. Механикалық әдісі – суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар – май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі. Химиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады.
Хлор суды қауіпті бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ …соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп күшейеді. Суды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі – су тазартқыш (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып кетеді. Ағызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі – нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының әртүрлі қышқылдарды бөлетін лас суларын нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады. Суды тазалаудың биологиялық әдісі – микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады да төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді. Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген бактериялар активті көбейе бастап, массалары ұлғая түседі. Бактериялардың кесектелген массалары біртіндеп судың түбіне шөгіп, ал су тазара береді. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялардан басқа балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады. Солардың бірқатарына тоқталамыз.
Жамбасқұрт – жамбастап жылжып қозғалатын жәндік. Бұл оның уақытша қозғалысы емес табиғи бейімділігі. Жамбасқұрттар балықтардың сүйікті жемі болумен қатар, өте пайдалы жәндіктер. Олар түрлі организмдердің қалдықтарымен қоректеніп, су түбі тазалығын сақтауда үлкен роль атқарады.
Қоңыздар. Көп жылғы бақылаулар бойынша қоңыздардың негізгі қорегінің 60%-ы маса личинкалары екен. Арнайы жүргізілген тәжірибелерде бір ғана қоңыздың тәулігіне 65-70 маса личинкасын жоятыны осыны дәлелдейді. Су шаяны. Су шаяны ақпайтын тоқтау суларда, өсімдіктері көп, әрі ластанған өсімдік шірінділері көп көлшіктерде тіршілік етеді. Олардың негізгі қорегі – маса, сона мен басқа да су жәндіктері. Лаборатория жағдайында су шаяндары тәулігіне масаның 85 личинкасын жоятыны анықталған.
Инеліктер. Судағы жәндіктердің ішінде инеліктердің орны ерекше. Барлығы дерліктей жыртқыштар. Тіршілік ету ерекшелігіне байланысты инеліктерді су насекомдарының “қос мекенділері” деп атауға болады. өйткені инеліктердің личинкалары суда дамиды да, ал ересектерінің даму кезеңдері су жағасында өтеді. Ересек инеліктер қорегін тек қана ұшып қуып барып ұстайды. Олардың өткір тырнағына көбіне масалар, шыбындар, соналар т.б. зиянды насекомдар ілінеді. Су жүйелерін тазалайтын балықтар да бар екен. Арықтар бойын арамшөптерден тазарту үшін маман ғалымдар көп ізденіс жасап, канал бойларына ақ амур, дөң маңдай сияқты балықтарды қолдан жерсіндірді. Ақ амур ересектерінің дене тұрқы 120 см, салмағы 32 кг-ға дейін жететін ірі балық. Денесі ірі бұл балықтың ерекшелігі – ол сондай мешкей. Олар каналда өскен шөптерді жеп, өсімдіктердің қаулап өсуіне жол бермеген.
Арық пен канал бойындағы өсімдіктерден құтылу үшін қолданылып жүрген механикалық әдістерді шөппен қоректенетін балықтармен алмастыру экономикалық жағынан өте тиімді. Сондай-ақ бұл балықтар басқа да маңызды қызмет атқарады. Жағасында қамыс өскен су төңірегінде орналасқан ауыл-село тұрғындары жазда масадан көп зардап шегетіні белгілі. Ондай кезде ақ амурлар суда өскен қамыс құрақты азық етіп, масалардың ұрық салатын орнын құртады. Сондықтан да су жүйелерін тазалайтын бұл балықтарды келешекте канал, арық суларында өсіруді қолға алған жөн.
№28-сұрақ. Атмосфера — жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын-шашын,жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады. Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады.Атмосфера — Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа түседі. Жалпы массасы 5-1015 т шамасында болатын атмосфера түрлі газдардан, су тамшылары мен шаң-тозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектесіп жатыр. Ал жоғары шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан әрі қарай ауа өте сиреген күйде болады.
Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот — 78%, оттек — 21%, инертті газдар — 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан — 0,03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутек газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200—1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.
Атмосфера құрамындағы әрбір газдың атқаратын қызметі бар. Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарының құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді Минepaлды қорекпен қамтамасыз етеді. Оттексіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін емес, сондай-ақ жану мен тотығу процестері де жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын пайдаланып, органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық үгілуіне қатысады. Ал шамамен 25—30 км биіктіктегі озон қабаты Күннен келетін ультра-күлгін сәулелерді ұстап қалу арқылы тірі организмдерді бұл сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану), олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады. Атмосфераның құрылысы. Биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері (температурасы, тығыздығы, қысымы және т.б.) өзгереді, сондықтан атмосфераны тропосфера, стратосфера, жзосфера, термосфера, экзосфера деп аталатын қабаттарға бөледі.
№29-сұрақ. Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.
Минералдык қорлар. Бұл қордың қатарына металл жөне металл емес затгардың кен көздері — мұнай, газ, тас көмір жөне жер асты сулары жатады. Аталған дүниеліктердің пайда болуы немесе қайта қалпына келуіне қарағанда, оларды пайдалану қарқыны өте жоғары болғандықтан, олар сарқылатын қор түріне жатады. Бүл орайда, аталған дүниеліктерді, олардан алынатын шикізаттарды қалдыксыз өндеудің орасан зор маңызы бар екендігін атап өту қажет.
Кейбір минералдық заттар адам тіршілігіне ауа мен судай қажет. Мысалы. ас түзы, ізбес, қүм, фосфорит, калий түздары, т.б. Бұларға қарағанда, металл жөне мұнай-газ кен көздерінің қоры шектеулі және шағындау. Минералды ресурстырдың әр түрлері мен қоры бойынша біздің республика әлемде алдыңғы орынға ие. Оның қорында Менделеевтің барлық элементтері кездеседі. Негізгі темір рудалары ауданы болып Солтүстік Қазақстан саналады, онда Соколов-Сарыбай, Қашар, Қорытын көл және т.б. кен орындары бар. Қара металлдарды Шығыс Қазақстан облысында өндіреді. Қазақстан поллиметалл рудаларына да бай, түрлі-түсті металлдар, көздерін де кездестіруге болады. Батыс және Оңтүстік Қазақстанда фосфорит, шаруашылық материалдар шоғырланған.
Қазақстан биоресурстары табиғи ресурстарға өте бай. Себебі ол кең байтақ дала және түрлі географиялық аймақтарға бөлінгендігі. Табиғи ресурстарын тиімді пайдалану мемлекеттің дамуына үлкен ықпалын тигізеді. Табиғи байлықтардың ішіндегі ең бай биоресурстар болып табылады.. Биоресурстар дегеніміз - биологиялық тірі жанды заттар қорын айтамыз. Оларды екі топқа бөлеміз: 1.Жануарлар ресурстары. 2.Өсімдіктер ресурстары (микроорганизмдер). Өсімдіктер биоресурстары ежелден адамзат игілігіне пайдаланып келеді. Өсімдіктер ресурстарының көпшілігін ормандарды құрайды. Ормандар пайдалануына, көлеміне қарай үш топқа бөлінеді: 1.Судан және желден қорғаушы ормандар. Бұлар өзен, көл, авто, темір жол бойларында егіледі. Бұл ормандарды біз өндірісте пайдаланбаймыз. 2.Көп тұрғындар жасайтын орталық орындарда қорғаныс және денсаулықты тіктеу үшін отырғызылатын ормандар. Бұл ормандар шектелген түрде пайдаланылады. 3.Бұл ормандар көп аудандарды кездеседі. Оларды өндірісте және ағаш материалдарын даярлауда кең пайдаланамыз. Өсімдіктер ресурстарынан жартылай бұта шөптесін өсімдіктер қоры да үлкен маңызға ие. Олар медицинада биологиялық белсенді заттар жасауда кең пайдаланады.Өсімдіктер ресурстарының тағы бір пайдасы ауыл шаруашылығы өсімдіктер есептелді. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінен адамзат өздеріне қажетті киім кешек, азық түлік жасауда кең пайдаланады. Біздің Қазақстанда жоғары сатылы өсімдіктердің 570 түрі өседі. Төменгі сатыдағылардың 500 ге жуығы өседі. Жануарлар дүниесі туралы түсінік. Жануарлар дүниесі тарихи өзгерістермен пайда болған өз ареалына ие болған жануарлар түрлері жиынтығы болып есептеледі. Жануарлар қоректену, жасау жағдайы, әрекеті, жасау ортасымен түрлі топтарға бөлінеді. Жануарлар классификациясынан басқа бір түрге кіргенмен олардың таралуына қарап та оларды бірнеше топтарға бөлінеді (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік). Қазақстанда жануарлар ресурстарын пайдалануына қарай бірнеше топқа бөлінеді: жабайы жануарлар, үй жануарлары, суда жасайтын жануарлар. Жабайы жануарлардың біздің елімізде аңдардың 150, құстардың 480, бауырымен жорғалаушылардың 150, қос мекнділердің 12, балықтардың 8 түрі бар. Биоресурстарда ежелден келе жатқан түрі аңшылық болып есептеледі. Аңшылық жануарлардың терісі, еті үшін ауланады. Қазақстанда кеңес өкіметі кезеңінде ауланған аңдардың 34%-і, терісі бағалы аңдар болса, соның ішінде суырдың 40%-і ауланады.Орта Азия мемлекеттерінде ауланған аң түрлері дүние жүзі бойынша алғашқы орында тұрады. Қазіргі күндері «жұмсақ алтын» деген ат қойылып отыр. Ауыл шаруашылығында әсіресе, ет өнімдерін жетістіруде тұяқты аңдарды кең пайдаланады. Кеңес үкіметі кезеңінде олардың саны 6 -7 млн болса, қазіргі уақытқа 500 -600 мың шамасында қалып отыр. 1970 жылы тұяқты аңдар есебінен жылына 6,5 мың тонна ет дайындаған. Қазақстанда балықшылықта өркендеген кәсіптің бірі болып есептеледі. Балық кәсібі Балқаш, Каспий теңіздерінде өндіреді. Одан басқа да 11мыңға жуық кішігірім өзендер,7000 жуық көлдерде бар. Қазақстанда жылына 490 мың центнер балық өндіріледі.
№31-сұрақ. Механикалық әдісі – суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар – май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.
№32-сұрақ. Биоценоз (био... және гр. koіns — жалпы) — тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтін жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы; Құрлықтың немесе судың белгілі бір бөлігін мекендейтін, сондай-ақ, өзара және тіршілік ортасының табиғат жағдайына бейімделген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер жиынтығы; тірі ағзалар бірлестігі.
Биоценоз терминін неміс гидробиологы К. Мебиус ұсынған (1877). Биоценоз — биогеоценоз құрайтын организмдер жиынтығы. Олар тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, т.б. эволюция факторларының нәтижесінде қалыптасады. Биоценоз барлық организмдердің белгілі бір жер көлеміндегі биологиялық жиынтығы мен биологиялық өнімділігі және олардың құрылымы арқылы сипатталады. Биоценоздың кеңістік құрылымы бірдей емес түрлердің кеңістікте бір-біріне сәйкес орналасуын (мысалы, орман қабаттары), түрлік құрылымы бүкіл организмдердің түрлік құрамын және олардың құрамындағы жеке түрлердің сан мөлшерін, ал, қоректік құрылымы қоректік тізбектердің ерекшеліктерін білдіреді.[3]Табиғаттағы зат алмасу процесіне байланысты Биоценоздағы организмдерді 3 топқа бөледі:
продуценттер (өндірушілер);
консументтер (тұтынушылар);
редуценттер (ыдыратушылар).
Табиғи байлықты тиімді, ұқыпты пайдалану үшін Биоценозды жан-жақты зерттеудің маңызы зор.
Биоценоздың негізгі қасиеттері. Биоценоздағы жеке түрлерінің ролін анықтау үшін,әр түрлі көрсеткіштерді пайдалануға болады. 1)Түрдің молшылығы – осы түрдің оссобтарының белгілі бір көлемдегі саны.Бұл көрсеткіш әртүрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады немесе отыруы мүмкін. Особтардың нақты санын биоценозда толық үшін кей жағдайда көп қиыншылыққа түседі.Соны анықтаушыны сондықтан да экологияда кейде баллдық әдісті қолдануға болады.Мысалы: О – түрі жоқ,1 – сирек және жайылып орналасқан, 2 – сирек емес, 3 – молшылық, 4 - өте көп кездеседі. 2)Жиілігі – дегеніміз – биоценоздағы көп түрдің ішіндегі бір ғана түрдің осьобтарының жалпы түр санына қатынасын % арқылы бейнелейді.Кездесу жиілігі биоценоздағы түрдің қалай орналасқандығын білдіреді.Мысалы, түрдің саны көп болуы мүмкін,бірақ осы биоценоздың көлемінде аз кездеседі немесе түрдің саны аз болуы мүмкін және кездеседі. 3) Тұрақтылығы – мынадай формуламен көрсетуге болады: С= Px 100 ; С – тұрақтылық белгісі, Р – сұрыптау саны; Р сұрыпталған P түрдің жалпы саны. Тұрақтылықтың белгісіне қарай түрлердің мынадай категорияларға бөлуге болады: 1) Тұрақты түрлер, сұрыптау ішінде – 50 % дейін кездеседі; 2)Қосымша түрлер, сұрыптау ішінде 25-50 % дейін кездеседі.3) Кездейсоқ түрлер,сұрыптау ішінде - 25% кем кездесетін түрлер. 4)Басымдылығы – топтағы бір түрдің басқа түрлерге қарағанда әсерін тігізіп,басымдылық көрсетуін – даминаттық деп атайды. Түрдің басымдылығы оның санына байланысты емес. Саны аз болса да осы топқа өзінің әсерін тигізу үшін,мүмкін. Мысалы: аз ғана күйіс қайтарғыш жануарлар,жайылымдағы шөптердің шығымын тез арада азайтып жіберуі мүмкін,ал осы жердің өсімдікпен қоректенетін жәндіктері қанша көп болғанмен өсімдіктердің өнімі көп азая қоймайды. Сондықтан басымдылық тек қана кейбір систематикалық группада орналасқан организмдерге ғана тән. 5) Сенімділігі – бұл көрсеткішті сандық көрсеткішпен есептеуге болмайды.Ол тек түрлердің осы биоценозға жақындығына байланысты көрсетеді.Осыған байланысты түрді мынадай категорияларға бөлуге болады.1) Тек 1 биоценозға тән байланысы бар,осы биоценозда көп кездесетін түрлер эуцендік түрлер. 2) Бірнеше биоценозда кездескенмен соның ішінде тек бір биоценозда кездесетін, сол жермен тығыз байланыста болатын түрлер – тихноцендті;3) Осы биоценозға кездейсоқ келіп қалған түрлер –ксеноценд.4) Бірнеше биоценозда бір қалыпты тіршілік ететін түрлерді индиффендті түрлер деп аталады. 6)Әртүрлілігі – биоценоздың құрамында бірнеше түрлердің тіршілік ету қабілеттілігі. Ол үшін мынадай формуланы пайдаланып,Кортетаның көрсеткіштерін пайдалануға болады: а - әртүрлілік көрсеткіші – Неперов логарифмі және N= анықтаумен білгеннен кейін график бойынша а – ның санын анықтауға болады. 7) Мерзімді өзгертуі – биоценоз ішінде маусым ішінде бірнеше өзгеріске ұшырауы мүмкін,кейде 1 тәулік ішінде де өзгеріске ұшырайды. Мысалы: Өсімдіктер де болатын гүлдену немесе күзде жапырақтардың түсінуі,жануарлар арасында кездесіп жағдайлардың диапауза, миграция тағы басқа. 8).Сукцелин-әрбір тірі оргонизмнің өзінің тіршілік әрекетінің арқасында, өзін қоршаған ортаның жағдайын, құнарлығын тағы сол сияқты өзгертіп ,сол ортаға әсерін тигізеді, сондай бір жерде көп жылдар бойы популяцияның тіршілігі биотопты өзгеріске ұшыратады, бірақ өзгеріске басқа түрлерге, олардың тіршілігіне қолайлы жағдайлар туғызуы мүмкін, сондықтанда осы жерде популяцияның осы жағдайға бейімделген түрлерінің пайда болуы мүмкін.Осыдай бірнеше рет қайталанып бір биоценоздың орнына жаңадан 2-ші биоценоздың пайда болу сункцессия деп аталады. Мекендік ортаның жағдайына және басқа да қасиеттеріне байланысты бастапқы және 1-ші,2-ші сункцессия деп бөлінеді.
№33-сұрақ. Суды тазалаудың химиялық әдісі. Химиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады.
Хлор суды қауіпті бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ …соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп күшейеді. Суды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі – су тазартқыш (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып кетеді. Ағызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі – нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының әртүрлі қышқылдарды бөлетін лас суларын нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады.
№34-сұрақ. Біздің еліміздегі жер туралы Заңдар жерді адамзат тіршілігінің негізгі және аса маңызды халықтың дәулеті ретінде жариялап, топырақ құнарлығын кемітпей жылдан-жылға арттыруды талап етеді.
Топырақ Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ,қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.
№35-сұрақ. Физико-химиялық әдісте ағызнды сулардан еріген органикалық емес қосылыстар бөлініп, органикалық заттар ыдыратылады. Көбінесе электролиз қолданылады. Электролиз кезінде ағынды сулардағы органикалық заттар ыдырап, металлдар, қышқылдар мен басқа да органикалық емес қосылыстар бөлініп алынады, Электролиттік тазарту электролиттер деп аталынатын арнаулы қондырғыларда жүзеге асырылады. Ағызынды суларды электролиз арқылы тазарту әсіресе қорғасын, мыс өнеркәсіптері мен бояғыш заттар өндіріс орындарында тиімді.
37. Биотикалық фактор, биогендік фактор — ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері. Биотикалық фактордың абиотикалық факторданайырмашылығы, мұнда әр түрге жататын азғалар бір-біріне өзара және айналадағы ортаға әсерін тигізеді. Мысалы, жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандырады, бір ағза екінші бір ағнаны қорек етеді, микроорганизмдер топырақ құрылымын өзгертеді, т.б. Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі дара бастар арасында да, жеке популяциялар арасында да байқалады. Мысалы, ақ бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, ақ бөкендердің өзара әсері немесе қасқырдың ақ бөкенге шабуылы, т.б. Биотикалық фактор түрішілік және түраралық болып ажыратылады. Түрішілік Биотикалық факторға жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдердің өз өсімталдығын арттырудағы әрекеті (демогр. әсер), мекен ететін аумағын қорғаудағы жануарлардың мінез-құлығы (этологиялық әсер), т.б. әсерлер жатады. Түраралық Биотикалық факторға комменсализм (сіңісу), симбиоз (селбестік), нейтрализм (бейтарап селбесу), масылдық (басқа ағза есебінен күн көру), жыртқыштық әсерлер жатады. Биотикалық фактордың қалыпты жағдайдан ерекше ауытқуы ағзалардың қалыптасқан тіршілігіне әсерін тигізбей қоймайды, соның нәтижесінде табиғи тепе-теңдік бұзылады. [1
Бәсекелестік
Азық, өмір сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын даралар арасындағы кері әсерлер. Мысалы, түраралық бәсекелестікке сілеусін мен росомаха арасындағы азық үшін бәсекелестікті айтуға болады. Бәсекелестік тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Тікелей бәсекелестік даралардың бір-бірімен агрессивті шекісіп қалуы немесе өсімдіктер мен микроорганизмдердің улы заттарды бөліп шығаруы арқылы көрінеді.Жанама бәсекелестік кезінде даралар арасы тікелей өзара әсер болмайды. Ол аралық звено түрлі жануарлардын, бір ресурспен қоректенуі, ал ресурс шектеуіні фактор болуы арқылы жүзеге асады.Тіршілік процесінде көптеген өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер қоршаған ортаға газ тәріздес, сұйық және қатты заттарды бөліп шығарады. Белгілі бір биологиялық белсенділігі бар бұл заттар басқа ағзаларға әсер етеді. 1937 жылы неміс ботанигі X. Молиш оған аллелопатия деген атау берді (грек тілінен аударғанда allelon — өзара, pathos — әсер ету). Аллелопатия дегеніміз — зат алмасудың арнаулы химиялық өнімдері арқылы ағзалардың өзара әсері.Көбінесе аллелопатия бір түрдің екіншісін басуы арқылы көрінеді. Мысалы, бидайық пен арамшөптер мәдени өсімдіктердің, жаңғақ пен емен өздері бөліп шығарған заттармен шөптесін өсімдіктердің өсуін тежейді.
Симбиоз дегеніміз — әр түрге жата даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал – шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасына бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамақ қалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде. пайдаланады. Жоғары дәрежеде дамыған симбиозға термиттер мысал бола ал; Олардың ас ңорыту жолдарында талшықтылар кендейді. Термиттер целлюлозаны гидролиздеуші ферменттерінің болмауына қарамай ағашпен қоректен қабілетті. Мұны олардың орнына талшықтылар ж ге асырады. Ал нәтижеде түзілетін қантты термиттер пайдаланады. Термиттер осы ішек фаунасынсыз тіршілік ете алмайды. Өсімдіктердің арасындағы симбиозға жақсы мысал – қыналар. Қыналар, балдырлар мен саңырауқұлақтар - селбесіп тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі. Әріптестік бірігіп тіршілік ету. Екі популяция бірлестік түзеді. Бірақ бұл бірлестік міндетті емес. Әр бөлек тіршілік ете алады, бірақ бірігіп тіршілік ету екеуіне де пайдалы. Мысалы, құстардың бірнеше түрінің бірігіп ұя салуы, тырна мен крачка, олардың бірігіп өмір сүруі жауларынан қорғануды жеңілдетеді. Комменсализм (француз тілінен аударғанда commensal — бірге тамақтану). Бір ағза екіншісінің есебінен тіршілік етеді, бірақ оған ешқандай зиян келтірмейді. Комменсализм паразитизмге қарағанда симбиозға жақындау. Мысалы, жабысқақ - балық ірі балыққа бекініп алады да, онымен бірге қозғалады және оның тамағынан қалған заттармен қоректенеді. Жер бетінде мекендейтін қоңыздарда (қиқоңыз, өлексе қоңызы және т.б.) гамазды кенелердің қозғалғыш дернәсілдері кездеседі. Осындай әдіспен олар таралады. Амменсализм (латын тілінен аударғанда mensa тамақ, азық). Бір популяция үшін қолайсыз болып табылатын өзара қатынастар. Мысалы, зең саңырауқұлақтарының бактериялармен қатынасы. Зең саңырауқұлақтары бөліп шығарған антибиотиктер бактерияларды жояды.
Комменсализм
Симбиоздың бір формасы, бір түр бірлесіп тіршілік етуден пайда көреді. Ашық мұхиттарда ірі жануарларда (акула, дельфиндер, тасбақалар) тіршілік ететін лоцман деген балық болады., олар қалдықтармен қоректенеді.
Бөлмелік
Кейбір тірі ағзалар басқа жануарларға мекен бола алады. Мысалы, голотурия (типі тікентерілер) кейбірде оны теңіз қияры деп атайды, оның денесінде ұсақ жануарлар тіршілік етеді
Кооперация
Шаяндар, кораллды полиптермен селбесіп тіршілік етеді. Бұндай селбесу екі жаққа да қолайлы: су түбінде жүріп шаян актинияның өрісін кеңейтеді, оның түбіне түскен соң онымен қоректенеді. Организмдер бірлесіп тіршілік етуге бейімделеді, бірақ бір-біріне байланыссыз болады
Мутуализм
Бірлесіп тіршілік етудің формасы. Организмдер бірлесіп тіршілік етуге бейімделеді, әрқайсысы жеке өсе алмайды. Мысалы, қыналар, саңырауқұлақтар мен балдырлар бірлесіп тіршілік етеді.
Жыртқыштық
Популяциялардың біреуі екіншісіне қолайсыз әсер ете отырып, пайда алады. Әдетте жемтігін жыртқьш өлтірп, онымен қоректенеді. «Жыртқыш - жемтік» қатынасының негізінде қоректену тізбегі жатыр. Жыртқыштарды зиянды жануарлар деп бір жақты қарастыруға болмайды. Себебі, әдетте жыртқыштың аузына ауру және әлсіреген даралар түседі де, аурудың таралуының алдын алып, популяцияны сауықтырады. Мысалы, қасқырлар орманды тундра мен тундрада солтүстік бұғыларының интенсивті көбеюі мен тіршілік қабілеттілігін арттырады.
Паразитизм
Паразитизм (грек тілінен аударғанда parasitus – арамтамақ). Бір түр (паразит) екіншісінің (иесі) денесінің ішіне не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін түрарлық қарым-қатынастарды паразитзм деп атайды. Адам тамаққа шикі немесе шала піскен етті пайдалану нәтижесінде сиырдың таспа құрттарын жұқтырады. Адамның ас қорыту жолына түскен құрттар ересек таспа құртына айналып, сорғыштарымен ішек қабырғасына бекінеді. Адамның ішектері құртты сумен, қорекпен және жылы ортамен қамтамасыз етеді.
Нейтралдық
Нейтралдық дегеніміз бір ареалда мекендеген түрлердің бір-біріне тимей тіршілік ету арақатынас формасы. Нейтралдық кезде даралар бір-бірімен байланыста болмайды, бірақ биоценоз құруына қатысқаннан кейін жалпы қауымдастыққа тәуелді болады. Мысалы, тоғайдағы тиіндер мен бұғылар бір-біріне байланыссыз болады, бірақ құрғақшылық екеуіне де әсер етеді
38. Ластанған суларды тазартудың биологиялық әдісі биохимиялық процестің көмегімен жүргізіледі. Биологиялық тазарту табиғи жағдайда бөлініп берілген жер учаскелерінде жүргізіледі. Бұлар- жер суару участоктері. Биологиялық тазарту әдісін пайдалану үшін биологиялық тоғандар пайдаланылады. иологиялық әдіс
Биологиялық әдіс - лас судың құрамындағы органикалық және коллоидты қоспаларды тазарту үшін қолданылады.
Лас суды биологиялық тазалау әдісінің екі түрі бар: табиғи және жасанды.
Табиғи биологиялық әдістің құрамында қолданылатын ғимараттар: сүзу алаңдары, суландыру алаңдары, биологиялық тоғандар, циркуляциясы бар тотықтырғыш каналдар. Жасанды биологиялық әдістердің құрамында қолданылатын ғимараттар: аэротанктер және биофильтрлер, олардың әртүрлі моделдері.
Сарқынды
суларда азот негізінен минералды (
,
,
)
және органикалық (аминқышқылдары,
организмдер тіндерінің белогы)
құрамдастардан тұрады. Химиялық талдау
әдістерімен төрт түрі айқындалады:
аммоний азоты, нитриттер, нитраттар,
жалпы азот және Къедаль бойынша азот,
ол органикалық азот пен аммоний азотын
(нитриттер және талданатын сынақта
нитриттердің болмауы немесе сынаққа
дайындау процесінде ұшады) қамтиды.
Азот
тұрмыстық сарқынды суларда – адам
ағзасындағы азот метаболизмінің
түпілікті өнімдерін білдіретін
органикалық заттардың негізгі бөлігі
болып табылады. Тұрмыстық сарқынды
суларда аммиак немесе несепнәр түрінде
80-90% барлық азотты құрайтын заттар
болады. Аммонификациялау – бұл азоттың
органикалық қосылыстарының органикалық
емес түрлеріне бактериялық айналуы,
олардың негізі кәріз жүйесінде
гетеротрофтық шіріткіш (аммонификациялайтын)
бактериялар жасайтын өсімдік пен жануар
белоктары протеолизі нәтижесінде
аминсіздену процесінде жинақталатын
аммиак болып табылады. Аммиактан басқа
аммонификациялау нәтижесінде фосфор
мен күкіртсутек пайда болады. Бұл
процеске төменгі температура (100С
төмен), рН қышқыл, кәріз жүйесінде
сарқынды сулардың жеткілісіз уақытта
болуы кедергі келтіреді (бұл желілер
ұзындығының қысқалығынан шағын кәріз
жүйелеріне, сондай-ақ жеткілікті еңіспен
жасалмаған кәріздерге тән1).
Кәріздегі сарқынды сулардың қысқа жолы
сондай-ақ сарқынды суларды белок
заттарымен ластайтын өнеркәсіптік
объектілер қалалық тазарту құрылыстарына
жақын орналасуына да негізделуі мүмкін,
мысалы, ет комбинаттары, консерв зауыттары
және т.б. Мұндай жағдайларда құрылыстарға
шірімеген белок қосылыстарының көптеген
мөлшері келіп түседі. Бұған қоса оларды
өлшеу жүргізудің стандарттық әдістері
ескермейді (азот аммонийін анықтау
кезінде белоктан коагулянттар қосып
алдын ала шығарылады). Аммонификациялаудың
қанағаттанарлықсыз нәтижесі аэротенктердегі
нитрификациялау процесінің тиімсізідігі
болып табылады. Түсетін белок қосылыстары
құрылыстардың анаэроб аймақтарында
(олар әрқашанда болады) азот аммонийінің
пайда болуымен ыдырайды. Осы себеппен
аэротенктерде қанағаттанарлық
нитрификациялау жайында мөлдерленген,
сондай-ақ тазартылған суларда азот
аммонийінің көбеюі байқалуы мүмкін.
Осымен аэротенктерді нитрификациялау
процесі қалай жақсы жүргізілсе де,
қанағаттанарлық жұмыс істейтін тазарту
құрылыстары тазартқан сарқынды суларда
1,0–2,0 мг/дм3 тұрақты
шоғырланып амонды азоттың болуы
түсіндіріледі.
6.2.
Нитрификациялау – көп кезеңдік күрделі
процесс. Нитрификациялаудың бастапқы
кезеңі аммоний тұздарын нитриттерге
қышқылдандыру, өтеді.
Нитрификаттар
органикалық қосылыстарға (пестецидтерге,
гербецидтерге) және токсиканттарға
(цианид, фенол, анилин, көміртек қышқылы,
метан) сезімтал келеді. Барлық ауыр
металдар нитрификаттар үшін басушы
токсиканттар болып табылады.
Нитрификациялаудың
бірінші кезеңін қамтамасыз ететін
нитрификациялаушы бактериялар үшін
ортаны неғұрлым қолайлы әсері рН 7,2–8,6
аралығында болады, олар әсіресе рН
қышқылы аясына жылжуына сезімтал
келеді.
Нитрификациялау
процестері тазартылатын сарқынды
сулардың температурасына байланысты
болады. +9 ºС температура кезінде
нитрификациялау жылдамдығы бәсеңдейді
(ең төменгісі 8 ºС );
+6
ºС температура кезінде процесс толық
тоқтайды. Нитрификациялау үшін өзге де
қолайлы жағдайларда қыс кезеңінде оның
белсенділігі 10%-ға төмендейді. Температура
+37 ºС жоғары болған кезде нитрификациялау
жылдамдығы суда ерітілген оттегі
құрамының азаюына байланысты төмендейді.
15-тен 35 ºС дейінгі температура диапозонында
нитрификациялау қанағаттанарлық болады
және оның қарқындылығы температура 35
ºС дейін көтерілу кезінде
ұлғаяды.
Нитрификациялау
– едәуір баяу процесс болып табылады,
ол лай қоспасында ерітілген оттек
жеткіліксіз болған кезде одан сайын
бәсеңсиді және басылады. Нитрификациялаудың
бастапқы кезеңін қамтамасыз ету үшін
ерітілген оттектің ең төменгі қажетті
құрамы 1 мг/дм3 астам
болуға тиіс. Бұл ретте белсенді лай
организмдерінің тыныс алуын қамтамасыз
ету үшін ерітілген оттегінің жеткілікті
жоғары деңгейі, сондай-ақ аэротенктерде
лай қоспасының жақсылап араласуы да
талап етіледі, оған не берілетін ауаның
көп мөлшерімен, не аэрацияның мінсіз
жүйесі арқылы (ұсақ көпіршікті және ірі
көпіршікті аэраторлардың оңтайлы
үйлесімділігі) қол жеткізіледі. Бір
миллиграм аммоний азотының нитритіке
айналуына 2,33 мг ерітілген оттек жұмсалады.
Нитриттер –амонды азоттың толық
қышқылданбаған өнімі болып табылады.
Тазартылған сарқынды суларда нитриттердің
пайда болуы органикалық заттардың
негізгі бөлігі минералданғанын
(қосарласып өтетін суарылатын алқаптардағы
процестер ерекше болып табылады) және
нитрификация басталуын куәландырады.
6.3.
Нитрификациялаудың екінші кезеңі –
нитраттардың пайда болуы алғашқысы
ойдағыдай аяқталған кезде ғана басталады,
өйткені аммиактың артықшылығы
нитрификациялаудың екінші кезеңі
қоздырғыштарының дамуын бәсеңдетеді.
Нитрификациялаудың екінші кезеңі
бірінші кезеңде пайда болған азот
тәріздес қышқыл тұздарының азот қышқылы
тұзына қышқылдануына негізделеді.
Процесс мынадай теңеуге сәйкес
өтеді
Нитрификациялау
процесінің ойдағыдай өтуі үшін лай
қоспасында ертілген оттегінің жеткілікті
мөлшерін ұстап тұру және аэротенка мен
регенераторлардың басында, аэротенктердің
басқа аймақтарына қарағанда ауаны 2-3
есе артық беруді, сондай-ақ екінші
тұндырғыштарда лайдың қалың қабатын
болдырмау және оның оттек жұтымдылығын
өсірмеу үшін олардан лай шығарудың
қанағаттанарлық режимін қамтамасыз
ету қажет.
39. Топырақтың ластануы — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластағыштар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы). Топырақтың ластануы топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Мұның бәрі ауру қауіптілігін және микробиологиялық ластануды туғызады. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және қылау қоздырғыштары 2—3 тәулік бойына сақталса, ластағыштармен әлсіреген топырақтың өзін-өзі тазалай алмайтын кезінде дизентерия қоздырғыштары бірнеше ай, сүзек пен қылау қоздырғыштары бір жарым жылға дейін сақталады. Топырақтың ластануы кейде әр дәуір аумаққа жайылады.
Топырақтың химиялық ластануы — топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы. Топырақтың химиялық ластануының көздеріне өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғылар мен минерал тыңайтқыштар жатады. Өнеркәсіптік кәсіп орындардың құбырлары арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар жел арқылы 50 км өңірге таралады. Бірақ ластағыштардың негізгі массасы 8—10 км жердегі топыраққа түседі. Мұнай-химиялық завод кешендерінің төңірегіндегі аумақтар қатты ластанады. Көп жағдайда бұл жерлер ауыл шаруашылығына немесе бақ өсіруге пайдалануға жарамайды. 3 км-ге дейінгі қашықтыққа Топырақтың химиялық ластануы мұнай-химия кәсіп орындарының тұған-тұндырғыштары маңында көмірсутек бұларының тұнуынан болады. Түсті металл кендерін алу және байыту процестерінен де топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың химиялық ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Соңғы кездері мұнайға байланысты ластану жиі кездеседі. Мұнаймен ластанған топыраққа лады. Мұнайдан топырақтың химиялық ластануының төменгі деңгейінде топыраққа микрофлора мен өсімдік дамуын реттейтін тыңайтқыш енгізу керек. Үлкен мөлшердегі және ұзак мерзімдік ластанудан топырақта қайтымсыз өзгерістер жүреді — топырақ асфальтқа ұқсас массаға айналады. Бұл кезде едәуір ластанған қабаттарды алып тастауға тұра келеді.
Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердін болуын немесе ол агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ, ластануы дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалык, қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне түседі. Қалыпты табиғи жағдайда топырақта болып жатқан процестердің бәрі тепе-теңдікте болып, онда өздігінен тазару процестері жүріп жатады. Адамның шаруашылық қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп жатыр. Қазіргі таңда планетадағы әрбір адамға бір гектарға жетер-жетпес айдалатын егістік жерден келеді. Осы аз көлемнің өзі адам тіршілігі арқасында одан да бетер азаюда. Құнарлы жерлердің үлкен бөлігі тау-кен жұмыстары, өнеркәсіп орындары мен қалалар салу әсерінен жарамсыз болып жатыр. Ормандарды кесу, табиғи өсімдіктер жамылғысын бұзу, агротехникалық талаптарды сақтамай жерді қайта-қайта жырту топырақ эрозиясының пайда болуына, яғни, топырақтың құнарлы қабатының желмен және сумен жуылып, бұзылуына алып келеді. Эрозия қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің үлкен жауы болып отыр. Соңғы тек жүз жылдың ішінде су мен жел эрозиясы нәтижесінде планетада 2 млрд гектар ауыл шаруашылығының құнарлы жерлері жарамсыз болып қалған.
Антропогендік әсердің бір салдары — топырақ жамылғысынын қарқынды ластануы. Ластанушылар ролін металдар мен олардын қосылыстары, радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар мен улы химикаттар атқаруда.
Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен онын қосылыстары жатады. Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және оның қосылыстары бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде.
Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі — қорғасын. Бір тонна қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг қорғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандаи, қорғасын қосылыстары бензиннің құрамында да кездеседі Сондықтан автокөліктер қорғасынмен ластаудың көзі болып табылады . Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады.
Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және басқа да металдармен ластанған. Көптеген жерлерде олардың концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі.
Радиоактивті элементтер топыраққа атомдық энергияны пайдалануға қатысы бар ғылыми-зерттеу ұйымдары мен АЭС, атомдық жарылыстар немесе өнеркәсіп орындарының сұйық және қатты қалдықтарын кетіру кезінде түсуі мүмкін.
Топырақтың химиялық құрамына — тыңайтқыштар мен зиянкестерге, арам шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылығы да әсер етеді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы процесіндегі зат айналымға түсетін заттардың мөлшері өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттардан кем түспейді. Айта кетерлігі, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қолдану жылдан-жылға артып келеді. Ал топырақтың құнарлылығы алынған өнім мен ондағы өсетін өсімдіктердің түрлік құрамына байланысты. Қазіргі кездегі топырақты ластаушыларының негізгі көздері мыналар:
пестицидтер;
минералдық тыңайтқыштар;
өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;
атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді заттар;
Мұнай және Мұнай өнімдері.
Топыраққа антропогендік әсер ету оның деградацияға ұшырауына (эрозия, ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді. Сондықтан топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:
табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;
қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін дұрыс ұйымдастыру;
топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу
тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;
зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;
қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір
түрлерінің қолданылуын шектеу;
ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен
күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану және т.б.
40. Популяция, оның құрылымы мен қасиеттері, динамикасы
Популяция дегеніміз – эволюциялық ұзақ уақыт бойы ареалдың белгілі бір бөлігінде тіршілік етіп, өз алдына дербес генетикалық жүйе құра алатын,еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін бір түр дараларының шағын тобы. «Популяция» деген сөз латынша «популюс» — халық, тұрғындар деген ұғымды білдіретін сөзден шыққан.
Популяция даралары оқшаулануға байланысты көршілес популяциямен салыстырғанда барлық қасиеттері мен белгілері бойынша өзара өте ұқсас болып келеді. Топтық ерекшеліктер – популяцияның ең негізгі сипаттамасы.
Оларға мыналар жатады:
1. Саны – белгілі бір территориядағы даралар саны.
2. Популяция тығыздығы – сол популяцияның алып жатқан кеңістігінің немесе аудан көлемінің бірлігінің орташа даралар санына қатынасы.
3. Туу –көбею нәтижесіндегі бір уақыттағы жаңа даралар саны.
4. Өлім – белгілі бір уақыт мөлшеріндегі популяция ішіндегі өлген даралар саны.
5. Популяцияның өсуі - туу мен өлім арасындағы айырмашылық.
6. Өсу темпі – бір уақыттағы орташа өсу.
Әр түр, белгілі бір территорияны (ареал) ала отырып, популяция жүйесін құрады.
Түр → түрасты (нәсіл) → географиялық популяция → экологиялық популяция → жергілікті, локальды немесе элементарлы популяция. Популяцияның белгілі бір нақты құрылысы болады: жыныстық, жастық, кеңістіктік және этологиялық.
Популяцияның жыныстық құрылымы
Жыныстық құрылым – популяциядағы особтардың жыныстық ара салмағы. Жыныстық ара салмағы түрлердің генетикалық заңдары мен қоршаған орта ықпалына байланысты құрылады. Жыныстық құрылым бейімдеушілік сипатта.
Популяцияның жастық құрылымы
Популяциядағы жастық топтардың қосындысы (жоғарғы,орташа,кіші). Өсімдіктің тіршілік ауысуында ауысым мен жас жағдайын бөлуге болады. Түрлердің жас ерекшеліктеріне байланысты бөлінуі оның жастық спекуторы болады.
Жас жануарларда әртүрлі генерация және ұрпақтар болады.
Генерация – бір жылдағы және бір мезгілдегі туған «бауырлар» мен «сіңлілер» қосындысы.
Ұрпақтар – бір жылдағы барлық генерацияның барлық қосындысы.
Популяцияның кеңістік құрылымы
Особьтардың белгілі бір территорияда немесе акваторияда сандық және популяцияның құрамының сапалық таралуы оның кеңістіктік құрылымы деп аталады.
Популяцияның кеңістіктік құрылымы тұрғындардың «әлеуметтік ұйымымен» сипатталады.
1. Жалғыз немесе отбасылық.
2. Топтық.
Жалғыздық немесе отбасылықта сол жер бөліктерін бір дараның немесе отбасын қолданады. Жалғыз тіршілік ету сипаты су түбіндегі тұрғылықты су жануарларына тән. Отбасының иемделген территориясы қорғалады — ол экскременттерімен, зәрімен, дене бездерінен бөлінетін өткір иісті сұйықтықтарымен, дыбыстарымен немесе айғайларымен «белгіленеді» (жыртқыш сүтқоректілер, тышқантекті кеміргіштер, құстар т.б.).
Кеңістікті топтық қолдану. Олар мына төмендегі негізгі формалар:
1.Жартылай колониялар. 2.Колониялар. 3.Отарлар. Үйірлер.
Жартылай колониялар (кіші егеуқұйрықтар, гагалар және көптеген басқалар). Бұндай отбасында өз баспаналары болады (ұялар, індер). Жартылай колонияларда өздерінің шекаралары болады. Келген жаумен күресуге бірлесе шығады (сигналдық жүйе арқылы, беймаза қышқыруларен және т.б.).
Колониялар – бұл тек территориядағы азық – түліктерді ғана емес, сонымен бірге мекен етуші баспаналарын да бірге қолданады (қоғамдық жәндіктер: аралар, құмырсқалар, ұшқыш мысықтар), ұя салушы шағалалар мен бакландар.
Отарлар (үйірлер) – шегірткелер, балықтар.
Құстардың миграциясы кезінді және көшу кезінде үйір құрады, ал тұяқтылар – отар құрады. Отарлар мен үйірлер қоректену ресурстары пайдалану барысында үнемі араласып жүреді.Олардың көлемі әртүрлі болады. Тұяқты жануарлардың отарлары көктем кезінде ұрпақ өрбіту үшін қажетті ұсақты топтарға – парцелдарға бөлінеді. Тышқантектес кемірушілерде мұндай топтар үлкен отбасы, ал жарқанаттарда – кландар (20 – 30 осбьқа дейін), ал арыстандарда – прайдтар (5 – 10) деп аталады.
Популяция динамикасы
Егер кез келген популяцияға сыртқы орта факторлары шектеулік жасамаса, теориялық сандық жағынан шексіз өсуге бейім. Бұндай гипотетикалық жағдайда, популяцияның өсу жылдамдығы сол түрдің биотикалық мүмкіншілік көлеміне байланысты. Р.Чепмен бойынша (1928), бұл бір жұптың теориялық жағынан алғандағы максимум ұрпақ беру көрсеткіші. Уақыт бірлігі ретінде мысалға, бір жыл немесе бүкіл өмір сүру кезеңі алынуы мүмкін. Әр түрлі түрлерде бұл шама әртүрлі. Табиғатта популяцияның биотикалық мүмкіндігі толығымен жүзеге асырылмайды.
Популяцияның жалпы сандық өзгергіштігі мына төрт жағдайға байланысты: особтардың тууы, өлуі, бір жерге тұрақтануы мен басқа жаққа қоныс аударуы (миграция).
Белгілі мөлшердегі ұстап тұру популяция гомеотазы деген атқа ие болды. Популяциялық гомеостаз механизмі түрдің экологиялық ерекшелігіне, оның қозғалысына, жыртқыштар мен паразиттердің әсер ету көрсеткіштеріне және т.б. жағдайларға байланысты. Кейбір түрлерге бұл жағдайлар көптеген даралардың қырылуына әкеліп, қатты әсер етсе, кейбір түрлерге тек шартты рефлекстік негіздегі ұрпақтың төмендеуімен ғана шектеледі.
Популяцияның сандық жағына әсер етуші көптеген факторлардың арасынан модифицирлеуші және реттеушілерін бөліп қарау керек.
Модифицирлеуші факторлар — популяцияның сандық өзгерісін тудырып, өздері сол өзгерістің әсерін сезбейді, яғни, олардың әсері бір жақты. (Бұл ағзаға абиотикалық әсер етуші, олардың қоректерінің сандық және сапалығы, жауларының белсенділігі және т.б.).
Реттеуші факторлар - тек популяцияның саның өзгертіп қана қоймайды, оның кезекті оптимумынан қазіргі жағдайына дейінгі ауытқушылығын қалыпқа келтіреді (бұлар тірі ағзалардың өзі).
Популяция динамикасының негізгі үш типін бөлуге болады:
1. Әр жылдардағы сандардың салыстырмалы түрлегі аздаған ауытқушылығы.
2. Популяция динамикасының мерзімдік типі
3. Популяция динамикасының массалық көбею ошағындағы көп жылдық типі.
43. Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400 – 9000С-қа жетеді, жалын 0,5 – 1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына 0,25 – 5 км жылдамдықпен таралады. Көлемі кішкене шарпыма өртті топырақ, химиялық заттар (диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т.б.), су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіреді. Қаулама өрт жалыны ағаш басын шалады, оның бұтақтары, жапырақтары жанады. Өрт жел бағытына, күшіне қарай сағатына 5 – 25 км-ге дейін өршиді. Жер астындағы кеулеме өртте топырақ арасындағы өсімдік шірінділері, шымтезек жанады, от жалыны көбіне сыртқа шықпай, бықсып жанады. Мұндай өртті өшіру үшін жанған жердің айналасын тереңдігін ыза суға жеткенше, енін 1 м етіп ор қазады. Қазақстанда Ертіс және Обь өзендерінің арасындағы далалы аймақта орналасқан қарағай жолағында өрт тіпті жауынды жылдары да көп болады. Бұл жерлерде ауа-райы құрғақ болғандықтан өрт қаупі кезеңінің орташа ұзақтығы 180 күннен асады. Орман өртін сөндіру үшін көбіне табиғи кедергілер – өзен, жыра, батпақ, жол, арнайы жасалынған орман аралық ағашсыз жолақтар пайдаланылады (енін 1 – 2 м етіп жыртады). Қарсы от салып та тоқтатылады. Күшті өртке қарсы ұшақтар мен тікұшақтар арқылы жоғарыдан су, химикаттар шашады.
46. 1935 жылы А.Тенсли ұсынған «Экожүйе» ұғымына жақын. Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларынының жиынтығы. Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі экожүйелерге бөледі:
1. Құрлық экожүйелері
2. Тұщы су экожүйелері
3. Теңіз экожүйелері
Трофикалық құрылым тұрғысынан қарастыратын болсақ, экожүйені Ю.Одум бойынша екі ярусқа бөлуге болады: автотрофты және гетеротрофты.
1. Жоғарғы автотрофты ярус – немесе жасыл белдік, бұл өсімдіктерден немесе хлорофилі бар өсімдік бөліктері, бұлар жарық энергиясын фиксациялау нәтижесінде қарапайым бейорганикалық заттардан күрделі органикалық қосылыстардың жинақталуы.
2. Төменгі гетеротрофты ярус немесе топырақ пен жауын-шашыннан, қарашірінділерден, тамырлардан тұратын қоңыр ярус, мұнда ыдырау, трансформация және күрделі қосылыстардың бөлінуі сияқты процестер жүріп