Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты Основы аудита каз 13-14.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
191.49 Кб
Скачать

66. Қайта есептеу тәсілі дегеніміз – бұл:

А) белгілі бір өнімнің түрін өндіру үшін жұмсауға қажетті шикізаттар мен материалдардың мөлшерін анықтау мақсатында материалдық шығындарға сараптама жасау;

В) тексеру жүргізілген кәсіпорынның бастапқы құжаттарын немесе есеп жазуларын сол клиент - кәсіпорынмен шаруашылық байланысы бар кәсіпорындардың және мекемелердің сондай немесе өзара байланысты мәліметтерімен салыстыру;

С) есептегі қателерді түзету тәсілдері;

D) клиент-кәсіпорынмен шаруашылық байланысы бар кәсіпорындардың өзара байланысты мәліметтерін салыстыру, материалдық шығындарға сараптама жасау;

Е) тексеру жүргізілген кәсіпорынның бастапқы құжаттарын немесе есеп жазула-рын сол кәсіпорынмен байланысы бар мекемелердің сондай мәліметтерімен салыс-тыру, есептегі қателерді түзету.

=

67. Есепті қалпына келтіру дегеніміз – бұл:

А) есептегі қателерді түзету тәсілдері;

В) белгілі бір өнімнің түрін өндіру үшін жұмсауға қажетті шикізаттар мен материалдардың мөлшерін анықтау мақсатында материалдық шығындарға сараптама жасау;

С) тексеру жүргізілген кәсіпорынның бастапқы құжаттарын немесе есеп жазуларын сол клиент - кәсіпорынмен шаруашылық байланысы бар кәсіпорындардың және мекемелердің сондай немесе өзара байланысты мәліметтерімен салыстыру;

D) клиент-кәсіпорынмен шаруашылық байланысы бар кәсіпорындардың өзара байланысты мәліметтерін салыстыру, материалдық шығындарға сараптама жасау;

Е) тексеру жүргізілген кәсіпорынның бастапқы құжаттарын немесе есеп жазула-рын сол кәсіпорынмен байланысы бар мекемелердің сондай мәліметтерімен салыс-тыру, есептегі қателерді түзету.

=

=

68. Аудиторлар әртүрлі көздерден алатын ақпараттар қандай тотарға жіктеледі?

А) тікелей және жанама;

В) сыртқы және ішкі;

С) жаппай және ішінара;

D) жоспарлық және есептік;

Е) талдамалық және жоспарлық.

=

69. Аудиттің ақпарат көздері қалай жіктеледі?

А) есептік, талдамалық және есептен тыс;

В) бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік;

С) сыртқы, ішкі, ішінара;

D) статистикалық, оперативтік және талдамалық;

Е) жоспарлық, есептік және есептен тыс.

=

70. Дәлелдік маңызы бойынша құжаттар қандай топтарға бөлінеді?

А) бастапқы, жинақтаушы, ресми емс және көмекші;

В) жинақтаушы, талдамалық, синтетикалық, көмекші;

С) қорытындылаушы, есептік, есептен тыс, көмекші;

D) жинақтаушы, синтетикалық, талдамалық, есептен тыс;

Е) қорытындылаушы, талдамалық, синтетикалық.

=

=

71. Аудит өткізу үшін негіз болатын:

А) Аудитор (аудиторлық фирма) мен тапсырыс берушінің арасында

жасалған келісім – шарт;

В) Тапсырыс берушінің аудиторға (аудиторлық фирмаға) жасаған жазбаша өтініші;

С) Тапсырыс берушінің аудиторға (аудиторлық фирмаға) жасаған ауызша өтініші;

D) Аудитор (аудиторлық фирма) мен тапсырыс берушінің арасында

жасалған келісім-шарт және тапсырыс берушінің аудиторға жасаған ауызша өтініші;

Е) Тапсырыс берушінің аудиторға (аудиторлық фирмаға) берген жазбаша және ауызша өтініші.

=

72. Аудитті өткізу қандай кезеңдерден тұрады?

А) Жалпы зерттеу, алдын-ала тексеру, аудитті жоспарлау, жүйелі зерттеу, аудитті өткізу, өткізілген аудиттің нәтижесі бойынша қорытынды есеп құру;

В) Аудитті өткізу, өткізілген аудиттің нәтижесі бойынша қорытынды есеп жасау;

С) Аудитті жоспарлау, аудитті жүргізу, жүргізілген аудиттің нәтижесі

бойынша қорытынды есеп құру;

D) Жалпы зерттеу, көзбен шолып байқау;

Е) талдау, сараптама жасау, модельдеу.

=

73. «Ішкі бақылаудағы тәуекелдік« дегенді қалай түсінесіз?

А) Есеп жүйесі және ішкі бақылауда болуы мүмкін қателіктерді

ескертпеуден немесе оларды таба алмаумен байланысты тәуекел;

В) Ішкі бақылаудың болмауы салдарынан қаржылық есептің елеулі қате жіберушілікке шалдығуы;

С) Ішкі бақылау жүйесінде жіберілген қателіктерді аудитордың таппауына байланысты тәуекел;

D) Аудит өткізудің тестілік сипатына байланысты тәуекел;

Е) Ағымдағы есепте жіберілген қателерді аудитордың таппауымен байланысты тәуекел

=

74. Аудиторлық қорытындының варианттарын (нұсқаларын) атап көрсетіңіз:

А) шар тты, шартсыз, теріс, қорытынды беруден бас тарту;

В) тұрақты, өзгермелі, оң, тікелей;

С) жалпы, есептік, жеке;

D) шартсыз, есептік, жалпы;

Е) шартсыз, тұрақты, теріс.

=

75. Шартсыз(оң) аудиторлық қорытынды қандай жағдайда жасалынады?

А) Тексеру жүргізу нәтижесінде ешқ андай қателіктер(бұзушылықтар) табылмаған және аудитордың қорытынды есеп беру мен есеп жүргізу тәртібі жөнінде ешқандай ескертулері болмаған кезде;

В) Егер аудитор шартсыз қорытынды жасау мүмкін емес, бірақ субъект басшылармен келіспеушіліктің немесе аудиторлық тексеру жүргізу ауқымына (масштабына) шектеу қоюдың әсері теріс қорытынды жасайтындай соншалықты маңызды емес деген қорытындыға келсе;

С) Егер аудитор қаржылық қорытынды есептің бұрмаланғаны

соншалықты, ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті түрде көрсете алмайды деп есептесе;

D) Аудиторлық тексеру жүргізу ауқымының (масштабының) шектеулі болғандығы соншалықты, аудитор жеткілікті және тиісті дәлелдеулер ала алмайтын болған кезде;

Е) Егер аудитордың қорытынды есеп беру мен есеп жүргізу тәртібі жөнінде жекелеген ескертулері болса

=