Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты Основы аудита каз 13-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
191.49 Кб
Скачать

«Аудит» пәнінен тест сұрақтары

=

1. Аудит дегеніміз:

А) Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген талаптарға

сәйкес қаржылық қорытынды есепті құрудың дұрыстығы мен әділеттілігі (объективтілігі) жөнінде тәуелсіз ой-пікірлерді білдіру мақсатында заңды тұлғалардың (аудиттелінетін субъектілердің) қаржылық қорытынды есебіне тексеру жүргізу;;

В) Тәуелсіз сараптама жасау, қаржылық қорытынды есеп беруді және

шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқа да ақпараттарын талдау

С) Субъектінің бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың дұрыстығына

аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тексеру жүргізуі;

D) Ішкі бақылаудың жағдайына аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тәуелсіз тексеру жүргізуі;

Е) Субъектінің бухгалтерлік есебіне тәуелсіз сараптама жасау

=

2. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптерін атаңыз:

А) Тәуелсіздік, объективтілік (әділдік), кәсіби жетік білімділік,

ақпараттардың құпиялығын сақтау;

В) Индукция, дедукция, жүйелеп зерттеу, нақтылау;

С) Талдау, шоғырландыру, моделдеу,түгелдеу;

D) Жалпы бақылау, аудитті жоспарлау, аудитті орындау;

Е) Абстракциялау, ұқсастыру, жүйелеп талдау.

=

3. Мына анықтама қай принциптің мазмұнын ашады:

«Егер ерекше рұқсат немесе ондай заңдық не болмаса кәсіби міндеті болмаса, аудитордың тексеру жүргізілген субъектінің келісімінсіз өз жұмысының барысында алынған ақпараттарды жария етуге құқығы жоқң ?

А) Ақпараттардың құпиялығын сақтау принципінің;

В) объективтілік принципінің;

С) Адалдық принципінің;

D) тәуелсіздік принципінің;

Е) кәсіби терең білімділік принципінің

=

4. Аудиттің функцияларын атаңыз:

А) сараптама жасау, талдау, кеңес беру, өндірістік қызмет көрсету;

В) дәлелдеуші бастапқы құжаттарға дейін ақпараттарды тексеру;

С) Шаруашылық операцияларын жүргізудің белгіленген тәртібінің

сақталуын тексеру;

D) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру;

Е) ішкі бақылауды ұйымдастыру.

=

5. Аудит компоненттеріне не жатады?

А) шаруашылық жүргізуші субъект, ақпараттар, аудитордың біліктілігі, фактілерді жинақтау және бағалау, стандарттар мен критерийлер, аудиторлық есеп беру;

В) Әділдік, тексеруді жоспарлаудың тәуелсіздігі;

С) Шаруашылық жүргізуші субъект, аудиторлық есеп беру, тәуелсіздік, әділдік;

D) тәуелсіздік, әділдік, адалдық;

Е) мәліметтер, аудиторлық есеп беру, тәуелсіз зерттеулер.

=

6. Аудиттің эволюциялық дамуының үш кезеңін атап көрсетіңіз:

А) дәлелдеуші (растаушы) аудит, жүйелеп-бағдарланған (бағытталған) аудит, тәуекелдікке негізделген аудит;

В) сараптамалық аудит, консультациялық (кеңес беру) аудит;

С) талдамалық аудит, жүйелеп-бағдарланған аудит, сараптамалық аудит;

D) жүйелеп бағдарланған аудит, талдамалық аудит, дәлелдеуші (растаушы аудит);

Е) сәйкестікке жүргізілген аудит, талдамалық аудит, сараптамалық аудит

=

7. Сараптама жасау функциясын орындай отырып аудитор:

А) шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытынды есебіне, бухгалтерлік есептің жағдайына, ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізеді;

В) қаржылық қорытынды есепке талдау жасайды, қаржылық болжауды жүзеге асырады, тиісті ұсыныстарды жасайды;

С) есеп, салық салу, құқық, мүліктерді бағалау мәселелері бойынша кеңес (консультация) береді;

D) есепті жолға қояды, оның алдыңғы қатарлы нысандары мен әдістерін ендіреді, қорытынды есеп және салық декларацияларын жасайды, тұрақты есеп жүргізіп, қорытынды есепті жасайды;

Е) ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізеді

=

8. Талдау жасау функциясын орындай отырып аудитор:

А) қаржылық қорытынды есепке талдау жасайды, қаржылық болжауды жүзеге асырады, тиісті ұсыныстарды жасайды;

В) шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытынды есебіне, бухгалтерлік есептің жағдайына, ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізеді;

С) есеп, салық салу, құқық, мүліктерді бағалау мәселелері бойынша кеңес (консультация) береді;

D) есепті жолға қояды, оның алдыңғы қатарлы нысандары мен әдістерін ендіреді, қорытынды есеп және салық декларацияларын жасайды, тұрақты есеп жүргізіп, қорытынды есепті жасайды;

Е) бухгалтерлік есептің жағдайына тексеру жүргізу

=

9. Консультация (кеңес беру) функциясын орындай отырып аудитор:

А) есеп, салық салу, құқық, мүліктерді бағалау мәселелері бойынша кеңес (консультация) береді;

В) қаржылық қорытынды есепке талдау жасайды, қаржылық болжауды жүзеге асырады, тиісті ұсыныстарды жасайды;

С) шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытынды есебіне, бухгалтерлік есептің жағдайына, ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізеді;

D) есепті жолға қояды, оның алдыңғы қатарлы нысандары мен әдістерін ендіреді, қорытынды есеп және салық декларацияларын жасайды, тұрақты есеп жүргізіп, қорытынды есепті жасайды;

Е) тұрақты есеп жүргізіп, қорытынды есепті жасайды

=

10. Өндірістік функциясын орындай отырып аудитор:

А) есепті жолға қояды, оның алдыңғы қатарлы нысандары мен әдістерін ендіреді, қорытынды есеп және салық декларацияларын жасайды, тұрақты есеп жүргізіп, қорытынды есепті жасайды;

В) қаржылық қорытынды есепке талдау жасайды, қаржылық болжауды жүзеге асырады, тиісті ұсыныстарды жасайды;

С) есеп, салық салу, құқық, мүліктерді бағалау мәселелері бойынша кеңес (консультация) береді;

D) шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытынды есебіне, бухгалтерлік есептің жағдайына, ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізеді;

Е) субъектінің қаржылық есептілігіне тексеру жүргізеді

=

11. Аудит объектісіне не жатады ?

А) Нақты шаруашылық жүргізуші субъект;

В) Жеке аудиторлар;

С) Экономикалық ақпараттар;

D) Бақылаушы органдар

Е) Аудиторлық фирма

=

12. Қаржылық қорытынды есеп беру аудитінің мақсаты:

А) Қаржылық қорытынды есеп беру өзінің барлық маңызды

аспектілері бойынша қаржылық қорытынды есепті дайындап

тапсырудың белгіленген концептуалдық негіздеріне сәйкес

дайындалғандығына қатысты аудиторға өзінің ой-пікірін

білдіруге мүмкіндік беру;

В) Қаржылық қорытынды есеп өзінің барлық негізгі параметрлері

бойынша қаржылық есеп беру негіздеріне сәйкес жасалғандығы

туралы қорытынды жасау;

С) Қаржылық қорытынды есеп берудің қазіргі кезде басшылыққа алынып жүрген заңдарға сәйкестігін тексеру;

D) Қаржылық қорытынды есеп берудің заңдарға және концептуалдық (тұжы-рымдамалық) негіздерге сәйкес жасалынғандығы туралы қорытынды жасау;

Е) қаржылық қорытынды есеп берудің Халықаралық стандарттарға сай жасалғандығы туралы қорытынды жасау

=

13. Аудиттің негізгі міндеттері:

А) барлық аталғандар;

В) шешім қабылдауға қажетті логикалық жағынан негізді база құру үшін жеткілікті мөлшерде білікті мәліметтерді жинау және бағалау;

С) Бухгалтерлік есепті жүргізуді, қорытынды есепті жасауды реттеуші заңдардың сақталуына бақылау жасау;

D) клиенттерге оларды қызықтырушы мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету;

Е) кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебінің дұрыстығын қамтамасыз ету.

=

14. Аудит және ревизия:

А) шаруашылық қызметке бақылау жасаудың бір-біріне түп-

тамырымен ұқсамайтын бағыттары;

В) синонимдер;

С) антонимдер;

D) шаруашылық қызметке бақылау жасаудың бауырлас бағыттары;

Е) шаруашылық қызметке бақылау жасаудың бірегей жүйелері

=

15. Аудит пен ривизия арасында мақсаттық белгілері бойынша қандай айырмашылықтар бар?

А) Аудит – шаруашылық қызметтің кемшіліктерін оның ажырамайтын элементі ретінде анықтайды және таниды, ревизия – кемшіліктерді оларды жою (құрту) үшін анықтайды;

В) Аудит – байланыстар көлденең, ревизия – байланыстар тікелей (тік);

С) Аудит – аудиторлық қорытынды береді, ревизия – ревизия актісін;

D) Аудит – клиенттің төлей алу қабілетіне зиянын тигізетін, оның қаржылық жағдайын төмендететін фактілерді анықтайды, ревизия –

қазіргі кезде басшылыққа алынып жүрген заңдарды бұзушылықтарды

анықтайды;

Е) Аудит – азаматтық құқыққа ие, ревизия – әкімшілік құқыққа ие.

=