Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции каз (1).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.79 Mб
Скачать

1 Аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі

1.«Электр тізбегі», «Электр энергия көзі», «Электр энергиясын тұтынушылар», «Электр сұлбалары» деген негізгі ұғымдарға түсініктеме беріңіз. Қандай сипаттамалық белгілер бойынша электр тізбектері жіктеледі? Топологиялық ұғымдарға ( түйін, тармақ, контур) түсініктеме беріңіз.

2.Қандай тізбекті тұрақты ток тізбегі деп атайды? Электр қозғаушы күш көзі (э.қ.к) және ток көзінің ерекшеліктеріне тоқталып, олардың сипаттамаларын айтыңыз.

3.Тармақталмаған электр тізбегі бөлігі үшін, э.қ.к-і бар тармақталмаған электр тізбегі бөлігі үшін және толық тізбек үшін Ом заңдарын жазып, олардың есептеу жұмыстарында қолданылуын түсіндіріңіз.

4. Кирхгофтың бірінші және екінші заңдарына түсініктеме беріңіз. Кирхгофтың зањдары бойынша құрылатын теңдеулер санын анықтауды және теңдеулер құру ретін түсіндіріңіз. Мысал келтіріңіз.

5. Потенциалдық диаграмма тізбектегі қандай өзгерісті сипаттайды? Диаграмма құру қалай жүргізіледі? Қуаттар тепе-теңдігіне түсініктеме беріңіз. Мысал келтіре отырып, қуаттар тепе-теңдігінің өрнектерін жазыңыз.

6. Бір э.қ.к-і бар электр тізбектерін есептеудің балама түрлендіру тәсілі. Кедергілері бірізді, параллель және аралас жалғанған сұлбаларды оларға балама сұлбалармен түрлендіруді мысал келтіре отырып, түсіндіріңіз. Кедергілердің жұлдызша және үшбұрыштап жалғану сұлбаларына түсініктеме беріңіз және оларды өзара түрлендірудің математикалық өрнектерін жазыңыз. Бұл сұлбалардың есептеу жұмысын жеңілдету мақсатында қолданылуына мысал келтіріңіз.

7. Бірізді жєне параллель жалғанған э.қ.к-терді балама генератормен айырбастау тәсіліне түсініктеме беріңіз. Балама генератордың параметрлері қалай анықталады?

8. Электр тізбегінің негізгі принциптерін мысал келтіре отырып, сипаттаңыз.

9. Күрделі тұрақты ток тізбектерін Ом жєне Кирхгоф заңдарын пайдалану арқылы және контурлық токтар тәсілі арқылы есептеудің кезеңдерін сипаттаңыз. Мысалдар келтіре отырып, бұл тәсілдер бойынша теңдеулер құру ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

10. Күрделі тұрақты ток тізбектерін есептеудің түйіндік потенциалдар тәсіліне түсініктеме беріңіз, ерекшеліктерін айтыңыз. Тізбекті есептеу үшін қандай жағдайда екі түйіндік тәсіл қолданылады және есептеу жұмысы қалай жүргізіледі? Ќандай жағдайда балама генератор тәсілін қолдану қажет? Балама генератор тәсілімен есептеудің кезеңдерін атаңыз.

11. Жүктемеге максимал қуат берудің шартын жазыңыз. Бұл жағдайда п.ә.к.-і қандай болады?

2 Аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі

1. Қандай токты синусоидалы ток деп атайды? Синусоидалы шамаларды қандай параметрлер арқылы сипаттайды? Синусоидалы шамалардың мәндері қалай анықталады? Синусоидалы шамаларды бейнелеу жолдарын атаңыз.

2. Синусоидалы ток тізбегінің элементтерін атаңыз және олардың тізбектегі қандай үрдістерді сипаттайтындығын түсіндіріңіз. Активті кедергі бар тізбекті сипаттаңыз. Тізбектегі токты, фазалық ығысуды, лездік және активті қуатты қалай анықтайды?

3. Идеал индуктивті элементі бар тізбекті жєне идеал сыйымдылық элементі бар тізбекті сипаттаңыз. Бұл тізбектер үшін фазалық ығысуды, лездік және реактивті қуатты қалай анықтайды? Векторлық диаграммаларға түсініктеме беріңіз.

4. Активті кедергі, индуктивті элемент және сыйымдылық элементтер бірізді жалғанған тізбекті сипаттаңыз. Тізбек күйінің теңдеуін жазыңыз. Кедергілер, кернеулер және қуаттар үшбұрыштарына түсініктеме беріңіз.

5. Активті кедергі, индуктивті элемент жєне сыйымдылық элементтер параллель жалғанған тізбекті сипаттаңыз. Тізбек күйінің теңдеуін жазыңыз. өткізгіштер, токтар жєне қуаттар үшбұрыштарына түсініктеме беріңіз.

6. Синусоидалы ток тізбегін есептеудіњ комплекстік тәсілінің ерекшеліктерін атаңыз. Тізбек күйінің теңдеуін комплекс түрде жазыңыз. Тізбектің комплекстік кедергісіне, комплекстік өткізгіштігіне және комплекстік қуатқа түсініктеме беріңіз.

7. Ом жєне Кирхгоф заңдары мен қуаттар тепе-теңдігін комплекстік түрде жазыңыз. Топографиялық диаграммаларға түсініктеме беріңіз.

8.Тізбекте кернеулер резонансы болуының шарттарын атаңыз. Кернеулер резонансы кезіндегі тізбектің толық кедергісі, ток пен кернеулер, фазалық ығысу, векторлық диаграмма, резонанстық жиілік, сипаттамалық кедергі, контурдың сапалылығы, активті және реактивті қуаттар қалай анықталады?

9. Тізбекте токтар резонансы болуының шарттарын атаңыз. Токтар резонансы кезіндегі тізбектің толық өткізгіштігі, токтар, фазалық ығысу, векторлық диаграмма, резонанстық жиілік, активті және реактивті қуаттар қалай анықталады?

10. Екіұштықтардың жиіліктік сипаттамаларының түрлерін атаңыз. Элементтері бірізді жалғанған тізбектің және элементтері параллель жалғанған тізбектің жиіліктік сипаттамаларына түсініктеме беріңіз.