Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции каз (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.79 Mб
Скачать

1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар

1. Электр энергиясының ерекшеліктері және қолдануы. Электр тізбектерінің құрамдас бөліктері. Электр энергия көзі. Электр энергиясын тұтынушылар. Тізбектерінің жіктелуі. Эскиздік, принципиалды және орынбасу сұлбалары. Топологиялық ұғымдар: түйін, тармақ, контур.

2. Тұрақты ток көздері. Электр қозғаушы күш көзі (э.қ.к) және ток көзінің сипаттамалары.

3. Тармақталмаған электр тізбегі бөлігі үшін Ом зањы. Э.қ.к-і бар тармақталмаған электр тізбегі бөлігі үшін Ом заңы. Толық тізбек үшін Ом заңы.

4. Кирхгофтың бірінші және екінші заңдары. Кирхгофтың заңдары бойынша теңдеулер құру реті.

5. Тұрақты ток тізбегі үшін потенциалдық диаграмманы құру. Қуаттар тепе-теңдігі.

6. Бір э.қ.к-і бар электр тізбектерін есептеу. Балама түрлендіру тәсілі. Кедергілердің бірізді, параллель және аралас жалғануы. Кедергілердің жұлдызша және үшбұрышша жалғануы.

7. Э.қ.к-тердің бірізді және параллель жалғануы. Балама генератордың параметрлері.

8. Электр тізбегінің негізгі принциптері.

9. Бірнеше э.қ.к-тері бар күрделі тұрақты ток тізбектерін есептеу әдістері. Ом және Кирхгоф заңдарын пайдалану арқылы есептеу. Контурлық токтар әдісіі.

10. Түйіндік потенциалдар әдісі. Екі түйіндік әдіс. Активті екіұштық. Балама генератор әдісі.

11. Қабылдағышқа максимал қуат беру шарты.

2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар

1.Синусоидалы ток. Синусоидалы шамаларды сипаттайтын параметрлер. Синусоидалы шамалардың мәндері.

2. Синусоидалы шамаларды уақыттық диаграмма, айналмалы вектор және комплекстік сандар арқылы бейнелеу жолдары.

3. Активті кедергі бар тізбектің сипаттамалары.

4. Идеал индуктивті элементі бар тізбек пен идеал сыйымдылық элементі бар тізбектің сипаттамалары.

5. Активті кедергі, идеал индуктивті элемент жєне сыйымдылық элементтер бірізді жалғанған тізбек күйінің теңдеуі. Кедергілер, кернеулер және қуаттар үшбұрыштары арқылы тізбекті сипаттау.

6. Активті кедергі, идеал индуктивті элемент жєне сыйымдылық элементтер параллель жалғанған тізбектің сипаттамалары.

7. Синусоидалы ток тізбегін комплекстік кедергісі және комплекстік өткізгіштігі. Тізбегінің комплекстік қуатын анықтау.

8. Комплекстік түрде жазылған Ом жєне Кирхгоф заңдары. Синусоидалы ток тізбегі үшін қуаттар тепе- теңдігі және топографиялық диаграммалар.

9. Синусоидалы ток тізбегіндегі резонанстық режимдер. Кернеулер резонансының сипаты..

10.. токтар резонансының болу шарты және сипаты.

11. Тербелмелі контурлардың жиіліктік сипаттамалары.

12. Синусоидалы ток тізбегін графикалық жолмен талдау. Шеңберлік диаграммалар.

3 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар

1.Тізбектегі өзара индуктивтік. өзаралық индукциясыныњ э.қ.к.-і. Индуктивті байланысы бар элементтер бірізді жалғанған тізбек күйінің теңдеуі, сипаттамалары және векторлық даиграммалары.

2.Тізбектегі индуктивті байланысы бар элементтерді параллель жалғау сұлбасы. Мұндай тізбектің сипаттамалары және векторлық даиграммалары.Темір өзексіз трансформатор құрылысы және сипаттамалары.

3.Индуктивті байланысқан элементтері бар күрделі тізбекті есептеу кезіңдері.

4. Үш фазалы симметриялы э.қ.к.-тер жүйесі. үш фазалы генератор құрылысы және жұмыс істеу принципі. Э.қ.к.-тер жүйесінің уақыттық және векторлық диаграммалары.

5.Үш фазалы генератордың орамаларының және үш фазалы қабылдағыштардың жалғану сұлбалары Желілік кернеулер мен токтар. Фазалық кернеулер мен фазалық токтар. Нөлдік ток.

6. Жұлдызша қосылған үш фазалы симметриялы қабылдағышы бар тізбекті есептеу. Векторлық диаграмма.тұрғызу. Үшбұрыштап қосылған үш фазалы симметриялы қабылдағышы бар тізбекті есептеу

7. Үш фазалы тізбектегі симметриялы емес режим және оны есептеу. Әртүрлі сұлба түрінде жалғанған үш фазалы тізбектердің кейбір қасиеттері.

8. Үш фазалы тізбектегі активті, реактивті және толық қуаттар. Активті қуатты өлшеу тәсілдері.

9. Үш фазалы желінің «П» тәрізді және «Т» тәрізді балама сұлбалары.

10. Периодты синусоидалы емес э.қ.к., кернеу жєне ток. Олардың электр тізбегінде пайда болу себептері. Периодты синусоидалы емес шамаларды Фурье қатарына жіктеу.

11. Периодты синусоидалы емес қисықтардың симметриялық шарттары туралы түсініктемелер. Фурье қатарындағы коэффиценттерді графикалық талдау әдісімен табу.

12.Периодты синусоидалы емес э.қ.к-тің., кернеудің және токтың максималды, әрекеттік және орташа мәндері туралы түсініктемелер және оларды есептеу

13. Периодты синусоидалы емес ток тізбегіндегі активті, реактивті және толық қуаттар. Синусоидалы емес шамаларды сипаттайтын коэффициенттер: амплитудалық, пішіндік және бұрмалану коэффициенттері.

14.Периодты синусоидалы емес ток тізбектерін есептеу кезеңдері .