Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции каз (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.79 Mб
Скачать

Синусоидалы тоқтың тармақталған тізбектерін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Синусоидалы токтың тармақталған тізбектеріндегі токтар мен кернеулердің таралу заңдылықтарын, жиіліктік сипаттамаларды және резонанстық құбылысты тәжірибелік жолмен зерттеу.

Жұмыс барысында студенттер электр тізбектерінің негізгі заңдарын комплекстік және векторлық түрде пайдалану ерекшіліктері мен тербеліс контурында резонанстың пайда болу шартын білуі, резонанстық жиілікті анықтауды, жиіліктік сипаттамалардың графиктерін тұрғызуды меңгерулері тиіс.

Жұмысты орындау тәртібі және өлшеу нәтижелерін өңдеу: Кірістік кернеу мәнін тұрақты деңгейде ұстап, ал жиілігін өзгерте отырып, тармақтардағы токтар мен тізбек бөліктеріндегі кернеулерді өлшеу, кернеудің жиілігін өзгерте отырып тәжірибелік резонанстық жиілікті тармақталмаған бөліктегі токтың ең аз мәні бойынша анықтау жұмыстары жүргізіледі.

Алынған деректер бойынша тізбек элементтерінің параметрлерін есептеу, белгілі бір жиілік үшін векторлық диаграмма тұрғызу және қуаттар тепе-теңдігінің орындалуын тексеру, теориялық және тәжірибелік резонанстық жиіліктерді салыстыру және b1(f), b2(f), b23(f), I1(f) жиіліктік сипаттамалардың графиктерін тұрғызу жұмыстары жасалуы керек.

Негізгі әдебиеттер [1(86-93, 98-99, 120-123), 3 (156-159, 167-171,225-234) ]

Қосымша әдебиеттер [ 5, 6, 9]

Бақылау сұрақтары:

1.R, L, C элементтер параллель жалғанған тізбектің электрлік күйін сипаттаңыз.

2. Токтар үшбұрышына түсініктеме беріңіз.

3.Өткізгіштер үшбұрышына түсініктеме беріңіз

4. Токтар резонансын түсіндіріңіз. Резонанстық жиілік қалай анықталады?

5 зертханалық жұмыс

Қоректендіргіш пен қабылдағыштың фазалары жұлдызша жалғанған үш фазалы тізбекті зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Қоректендіргіш пен қабылдағыштың фазалары жұлдызша жалғанған үш фазалы тізбектің қасиеттерін және жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттеу.

Жұмыс орындау барысында студенттер симметриялы жєне симметриялы емес режимдер кезінде орын алатын фазалық, желілік шамалар арасындағы негізгі қатынастар мен нөлдік сымның қызметін білуі, фазалық токтарды анықтау үшін екі түйін тәсілін қолдануды меңгеруі, үш фазалы тізбекті талдау үшін топографиялық және векторлық диаграмаларды пайдалануды үйренулері тиіс.

Жұмысты орындау тәртібі және өлшеу нәтижелерін өңдеу: Стендте қоректендіргіш пен қабылдағыштың фазалары жұлдызша жалғанған үш фазалы симметриялы тізбекті және симметриялы емес тізбекті жинаған соң, олардағы әртүрлі режимдер (қалыпты, нөлдік сым үзілген, фазалық сым үзілген, нөлдік және фазалық сым үзілген) кезіндегі желілік кернеулер мен токтарды, фазалық кернеулер мен токтарды, нөлдік сымдағы токты және нөлдік нүктелер арасындағы кернеуді өлшеу жұмыстары жүргізіледі.

Өлшеу нәтижелері бойынша барлық режимдер үшін токтардың векторлық диаграммалары мен кернеулердің топографиялық диаграммаларын тұрғызу керек.

Негізгі әдебиеттер [1(156-178), 3 (378-405) ]

Қосымша әдебиеттер [ 5, 6, 9]

Бақылау сұрақтары:

1.Қандай тізбекті үш фазалы тізбек деп атайды?

2.Үш фазалы симметриялы э.қ.к.-і жүйесіне түсініктеме беріңіз.

3.Үш фазалы тізбектегі желілік кернеулер мен токтар, фазалық кернеулер мен токтар, нөлдік сым және ондағы ток жөнінде анықтама беріп, оларды тізбек сұлбасында көрсетіңіз.

4. Қоректендіргіш пен қабылдағыштың фазалары жұлдызша жалғанған тізбекте кернеулер мен токтар қалай анықталады?

5. Үш фазалы тізбекті талдау үшін топографиялыќ жєне векторлыќ диаграмаларды қалай тұрғызады?

6 зертханалық жұмыс