
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Алматы технологиялық университеті
- •Технологиялық процестерді автоматтандыру кафедрасы
- •Студенттің пәндік
- •050727 – Тамақ өндірістерінің технологиясы
- •541200 - Өндірісте өңдеу технологиясы
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы-syllabus
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі 1-кесте
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлері бойынша рейтинг балдарын бөлу 3-кесте
- •Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі
- •Жабдықтандыру» пәні бойынша
- •Студенттердің білімдерін бағалау 5-кесте
- •Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар
- •2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар
- •3 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар
- •1 Аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •2 Аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектілері
- •Д) Параллель жалғанған қоректендіргіштерді бір балама қоректендіргішпен айырбастауға (түрлендіруге) болады (5-сурет) .
- •В) Үш фазалы жүктеме симмериялы болса, онда жүйенің лездік куатының мәні период ішінде өзгермейді.
- •Синусоидалы емес ток тізбегіндегі активті және толық қуаттар. Синусоидалы емес токтың активті қуаты бір период ішіндегі орташа қуат ретінде анықталады:
- •4. Фурье қатарындағы коэффициеттерін графикалық тәсілмен табу.
- •2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары
- •Тұрақты тоқтың тармақталмаған электр тізбегін зерттеу
- •Тұрақты токтың тармақталған сызықты электр тізбегін зерттеу
- •Синусоидалы тоқ элементтерінің бірізді жалғанған қарапайым тізбектерін зерттеу
- •Синусоидалы тоқтың тармақталған тізбектерін зерттеу
- •Қоректендіргіш пен қабылдағыштың фазалары жұлдызша жалғанған үш фазалы тізбекті зерттеу
- •Синусоидалы емес тоқ тізбектерін зерттеу
- •2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.6 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары
- •2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •050702 – Автоматтандыру және басқару мамандығына арналған
Тұрақты токтың тармақталған сызықты электр тізбегін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Тұрақты токтың тармақталған электр тізбектерінде кернеулер мен токтардың таралу заңдылығын тәжірибе арқылы зерттеу кезінде Ом жєне Кирхгофтың заңдарын жєне беттестіру принципін қолдануды меңгеру.
Студенттер зертханалық жұмыс жасау нәтижесінде электр тізбектерінің негізгі ұғымдарын, заңдарын жєне принциптерін біліп, оларды қолдануды, электрлік шамаларды аспаптар арқылы өлшеуді үйренуі қажет.
Жұмысты орындау тәртібі және өлшеу нәтижелерін өңдеу: Бірнеше тармақтан тұратын тізбектегі токтар мен кернеулерді екі э.қ.к-і қосылған кезде, онан кейін бірінші э.қ.к-ті тізбекте қалдырып, ал екіншісін тізбектен ажыратып тастағанда кезде және екіншісін э.қ.к-ті тізбекте қалдырып, ал біріншіні тізбектен ажыратып тастағанда кезде өлшеу жұмыстары жүргізіледі.
Алынған деректер бойынша әрбір түйін үшін токтарды өлшеу қателіктерін Кирхгофтың бірінші заңын пайдалану арқылы анықтау, әрбір контур үшін кернеулерді өлшеу қателіктерін Кирхгофтың екінші заңын пайдалану арқылы анықтау, қуаттар тепе-теңдігі орындалатынын тексеру және беттестіру принципінің дұрыстығына көз жеткізу жұмыстары жасалады.
Негізгі әдебиеттер [1(24-29, 33-35, 43-45), 3 (65-73, 80-81) ]
Қосымша әдебиеттер [ 4, 5, 9]
Бақылау сұрақтары:
1.Кирхгофтың бірінші заңына түсініктеме беріңіз. Берілген тізбек үшін бірінші заң бойынша теңдеу құру реті қандай және құрылатын теңдеу саны қалай анықталады?
2. Кирхгофтың екінші заңына түсініктеме беріңіз. Берілген тізбек үшін екінші заң бойынша теңдеу құру реті қандай және құрылатын теңдеу саны қалай анықталады?
3. Берілген тізбек үшін қуаттар тепе-теңдігі қалай анықталады?
4. Беттестіру принципіне түсініктеме беріңіз. Зерттеу жұмысы барысында бұл принципті қолдану қалай жүзеге асырылды?
№3 зертханалық жұмыс
Синусоидалы тоқ элементтерінің бірізді жалғанған қарапайым тізбектерін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Тізбектің пассивті элементтерінің параметрлерін тәжірибелік жолмен анықтауды меңгеру.
Жұмыс барысында студенттер элементтердің берілген жиіліктегі параметрлерін анықтауды, тізбекті комплекстік шамалар мен векторлық диаграммалар арқылы талдауды меңгеруі тиіс.
Жұмысты орындау тәртібі және өлшеу нәтижелерін өңдеу: Активті кедергі мен индуктивті элементтен тұратын тізбектегі, активті кедергі мен сыйымдылық элементтен тұратын тізбектегі және активті кедергі, индуктивті элемент пен сыйымдылық элементтен тұратын тізбектегі ток пен элементтердегі кернеулерді жиілікті өзгерте отырып өлшейді.
Алынған деректер бойынша зерттелген тізбектердің параметрлерінің әр түрлі жиіліктегі мәндерін анықтау, белгілі бір жиілік үшін кернеулердің топографиялық диаграммасын сызу, сонымен қатар I(f), R(f), X(f), Z(f) жиіліктік сипаттамаларының графиктерін сызу жұмыстары жүргізілуі керек.
Негізгі әдебиеттер [1(59-86), 3 (136-156) ]
Қосымша әдебиеттер [ 5, 6, 9]
Бақылау сұрақтары:
1.Синусоидалы шамаларды сипаттайтын параметрлерді атаңыз. Синусоидалы шамалардың мәндері туралы түсініктеме беріңіз. Оларды қалай анықтайды?
2. Синусоидалы шамаларды бейнелеу жолдарын атаңыз. Векторлық диаграмманы қалай тұрғызады?
3. RL тізбек үшін кедергілер үшбұрышына, кернеулер үшбұрышына және қуаттар үшбұрышына түсініктеме беріңіз.
4.RC тізбек үшін кедергілер үшбұрышына, кернеулер үшбұрышына және қуаттар үшбұрышына түсініктеме беріңіз.
5.RLC тізбек үшін кедергілер үшбұрышына, кернеулер үшбұрышына және қуаттар үшбұрышына түсініктеме беріңіз.
№4 зертханалық жұмыс