Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции каз (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.79 Mб
Скачать

Синусоидалы емес ток тізбегіндегі активті және толық қуаттар. Синусоидалы емес токтың активті қуаты бір период ішіндегі орташа қуат ретінде анықталады:

мұндағы U1, U2,…-кернеулердің гармоникаларының әрекеттік мәндері;I1, I2, I3…- токтардың гармоникаларының әрекеттік мәндері; - кернеу мен тоқтың гармоникаларының фазалық айырымы. Сонымен активті, реактивті және толық қуаттар:

; ; , мұндағы U ,I- синусоидалы емес кернеу мен токтың әректтік мәндері. Әдетте, синусоидалы емес токтар үшін S2 ≥P2 +Q2 .

Синусоидалы емес ток тізбегін есептеу. Егер сызықты тізбекке периодты синусоидалы емес кернеу әсер етсе, онда есептеу үш кезеңге бөлінеді: 1) периодты синусоидалы емес э.қ.к. немесе токтарды тұрақты және синусоидалы құраушыларға жіктеу; 2) беттестіру принципін пайдаланып тізбектегі токтар мен кернеулерді әрбір құраушы үшін жеке-жеке есептеу. 3) әрбір жеке құраушылары үшін алынған мәндерді біріктіріп қарастыру.

Синусоидалық емес функцияны сипаттау үшін мынадай коэффициенттер қолданылады:

- амплитудалық коэффициент Ka =Am/A, мұндағы Am- функцияның максимал мәні, A- әрекеттік мән;

- пішіндік коэффициент Kп =A/Aорт , мұндағы Aорт - функцияның орташа мәні;

- бұрмалану коэффициенті Kб =A1/A, А1- функцияның бірінші гармоникасының әрекеттік мәні.

Негізгі әдебиеттер: [2(4-35), 3(455-497)]

Қосымша әдебиеттер: [ 5,6,7,8]

Бақылау сұрақтары:

1. Синусоидалы емес ток немесе кернеуге түсініктеме беріңіз

2. Периодты синусоидалы емес шаманы Фурье қатарына жіктеу қалай жүргізіледі?

3. Симметриялы, периодты қисық сизықтардың қандай қасиеттері бар?

4. Фурье қатарындағы коэффициеттерін графикалық тәсілмен табу.

5. Синусоидалы емес шамалардың әрекеттік, орташа мәндері, синусоидалы емес ток тізбегіндегі активті және толық қуаттар, синусоидалы емес функцияны сипаттайтын коэффициенттер қалай анықталады?

2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары

1 зертханалық жұмыс

Тұрақты тоқтың тармақталмаған электр тізбегін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Тармақталмаған электр тізбектерінде электрлік шамалардың өзара байланыс жєне таралу заңдылықтарын тәжірибелік жолмен анықтау.

Студенттер зертханалық жұмыс жасау нәтижесінде электр тізбектерінің негізгі ұғымдары мен Ом зањын біліп, оларды іс жүзінде қолдануды үйреніп, электрлік шамаларды тәжірибелік жолмен анықтауды меңгерулері керек.

Жұмысты орындау тәртібі және өлшеу нәтижелерін өңдеу: Құрамына екі э.қ.к.-і көзі ( Е1 және Е2) және бірнеше бірізді жалғанған кедергілер кіретін тұрақты ток тізбегіндегі токты, кернеулерді және потенциалдарды өлшеу жұмысы Е1 мен Е2 бағыттас және қарама-қарсы болған жағдайларда , сонымен қатар, бірнеше кедергілерді бір балама кедергі айырбастау жағдайларында жүргізіледі.

Алынған деректерді пайдаланып, Ом заңын қолдану арқылы резисторларының кедергілерінің есептік мәндерін анықтап, салыстырмалы қателікті есептепу, потенциалдық диаграмма тұрғызу керек. I=f(R), I=f(U) тәуелділіктерінің графиктерін тұрғызу арқылы Ом заңының дұрыстығына көз жеткізу керек.

Негізгі әдебиеттер [1(7-24), 3 (10-17, 50-66) ]

Қосымша әдебиеттер [ 4, 5, 9]

Бақылау сұрақтары:

1. Тізбектің тармағындағы токты өлшеу үшін амперметрді тізбекке қалай қосады?

2. Тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеу үшін вольтметрді тізбекке қалай қосады?

3.Э.қ.к..-көзі мен ток көзі туралы түсініктеме беріңіз.

4. Э.қ.к.-і жоқ тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Э.қ.к.-і бар тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Толық тізбек үшін Ом заңы.

5. Потенциалдық диаграмма нені сипаттайды? Оны қалай тұрғызады?

6. Бірізді жалғанған бірнеше кедергілерден тұратын тізбекті бір балама кедергісі бар тізбекпен қалай айырбастайды?

2 зертханалық жұмыс