Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции каз (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.79 Mб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Алматы технологиялық университеті

Технологиялық процестерді автоматтандыру кафедрасы

Студенттің пәндік

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Электротехника мен тамақ өндірістерінің өнеркәсіпте электрмен жабдықтандыру пәні бойынша

050727 – Тамақ өндірістерінің технологиясы

541200 - Өндірісте өңдеу технологиясы

Алматы 2006

Алматы Технологиялық Университеті студенттеріне арналған,

Электротехника мен тамақ өндірістерінің өнеркәсіпте электрмен жабдықтандыру пәнінің

оқу-әдістемелік кешені

Құрастырған Айтжанова А.М., Алматы: АТУ, 2006, б.

Құрастырушы : Айтжанова Аида Мендешқызы, техника ғылымының кандидаты, аға оқытушы

Аңдатпа: Студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені ҚР МЖМБС 3.08.077 – 2004 стандарт негізінде құрастырылған курс бағдарламасына сәйкес жасалған. Оқу-әдістемелік кешен пәннің оқу бағдарламасынан (syllabus) және негізгі таратылатын материалдардан тұрады. Кешенде дәрістердің және зертханалық жұмыстардың мазмұны, студенттердің өздік жұмысының және оқытушы жетекшілігімен орындалатын жұмыстарының тапсырмалары, әдебиеттер мен әдістемелік материалдар тізімі келтірілген.

Оқу материалдарын меңгеруді жеңілдету мақсатында әрбір дәріс, әрбір модуль және әрбір зертханалық жұмыс бойынша қайталауға, пысықтауға арналған бақылау сұрақтары келтірілген. Студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік ұсыныстар мен қажетті әдебиетке сілтемелер берілген. Сонымен қатар, кешенде студенттердің курс бойынша өз білімін тексеруге арналған тест сұрақтары мен емтихан сұрақтарының тізімі қамтылған.

Оқу-әдістемелік кешен студенттердің пәнді жеткілікті деңгейде меңгеруге, олардың өз бетінше істейтін жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға және білімдерін тексеруге жағдай жасайды. Бұл студенттердің тұрақты ток тізбектерінің, синусоидалы және синусоидалы емес ток тізбектерінің, сонымен қатар үш фазалы ток тізбектерінің қасиеттерімен және оларды талдау тәсілдерімен танысып, теориялық тұрғыдан оқып үйренуіне, зерттеу жұмысын жүргізуге дағдылануына көмектеседі.

© Алматы Технологиялық Университеті, 2006

1 Пәннің оқу бағдарламасы-syllabus

1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушы Айтжанова Аида Мендешқызы т.ғ.к.

Байланыс түрі 92-48-04

Кафедрада болатын уақыты: АТУ, ауд. 721 830-дан 1700-ге дейін

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пәннің атауы Электротехника мен тамақ өндірістерінің өнеркәсіпте электрмен

жабдықтандыру.

Кредит саны - 2

Өткізу орны АТУ, ауд. 708, 710

Оқу жоспарының көшірмесі 1-кесте

Курс

семестр

Кредиттер

1 аптадағы акедамиялық сағаттар

Дәрістер

Лаборат.

сабақтар

Тәжіриб.

сабақтар

СӨЖ

СОӨЖ

Барлығы 1аптадағы академия.

сағат

Бакылау түрі

2

3

3

2

1

-

3

3

9

емтихан

1.3 Перереквизиттері: оқылатын пәнді игеруге қажетті бұрын өтілген пәндер ( мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарындағы пәннің тізімі): физика, жоғарғы математика

1.4 Постреквизиттері: пәнді оқыту барысында алынған білімдерді қолданатын келесі пәндер тізімі ( мамандықтың оқу жоспары): Электр машиналары және т.б.