Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osnova.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
86.57 Кб
Скачать

Технологиялық процесстерді үйлесімдендіру

БТ өндірісте қолдану БТ кәсіп орындарының саласын арттыру барлық бағытта жұмыс істеуде үйлесімдіболу керек. Сондықтан өндірісте 1-ші үйлесімділік процесі қоректік ортаны таңдап алу керек. 2. Жаңа штамдарды н\е микроорг аралас культураларын пайдалану. 3. Фагтарға қарсы күресу жұмысын нақты ұйымдастыру. Ферментацич процесі жағдайында үйлесімділік таз тәжірибелік мақсатқа сай жүргізілетін жұмысты атқарылатын мақсатқа сай өндіретін өнімді алу үшін қоректік орта құрылымының концентрациясын ж\е биореакторлық жұмысын қолайлы режимде жүргізу керек. Қоршаған ортаның өзгеруіне жауап қайтау барысында түрлер арасында сұрыптау процесі үздіксіз жүріп отырады.

Фагалозис.Фагтар мен олардың топтары

БТ өндірістің жұмысы барысында ақырғы өнімнің шығымы төмендеп немесе оның сапасы нашарлап кетеді.Бұл бактерия-ң вирустық инфекциялармен зақымданып,фаголизис құбылысына ұшырағандығының белгісі болады.Бактерия вирустары ж/е бактериофак-р басқа вирустар сияқты емес,олардың өзіндік айырмашылығы болады.Фагтар ж/е олардың топтары-Фагтарды 3 топқа бөлуге болады:Қожайын фаг-р-олар клетканың тіршілігін мүлдем жойып жіберетін нағыз күшті вирулентті фаг-р.2.өнімді инфекциялаушы,яғни бак-ы өлтіруге дейін апармайтын фаг-р.Бұлар қожайын клеткаларда бөлініп кетсе де оны бүлдірмейді.3.Бір қалыпты фагтар-олар клетканы ерітетін ж/е ерітпейтін қабілеті бір келкі болыпкеле бермейтін,белгілі бір жағдайда бірклеткадан 2-ші клеткаға көшіп-қонып жүретін фаг-р.

Эмбриодарға жалпы сипаттама

Эмбрион (грек, embryon — ұрық) аталық және аналық жыныс жасушаларынын қосылуы нәтижесінде пайда болады. Ұрықтану — жануарлар мен адам организмінде жатыр түтігінің жоғарғы бөлігінде, ал суда тіршілік ететін жануарларда — сулы ортада жүреді.Эмбриология (embryologia, грек, embryon — ұрык, logos — ілім) — ұрыктың пайда болуы және дамуы туралы ілім. Эмбриология жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын және эмбриондық дамудың негізгі кезеңдерін, ұрықтантыс мүшелердің дамуын зерттейтін морфология ғылымының саласы. Ол биология ғылымдарының жедел дамып келе жатқан саласы. Эмбриологияның соңғы қол жеткен ғылыми жетістіктері биологияда, медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылуда. Атап айтқанда, қолдан ұрықтандыру, ұрықтануды аналық организмнен тыс пробиркада жүргізіп, ұрықтарды мұздату өдістері, клондау, мал шаруашылығындағы суперовуляция және ұрықтарды басқа организмдерге көшіру және т.б. өдістер. Эмбриология — медициналық және ветеринарлық пәндердің (акушерство, педиатрия, гинекология) іргетасын қалайды.

Эмбриондар трансплонтациясы

.Биология ғылымдарының жаңа жетістіктері арасынан мал эмбриоииженериясының биотехнологиялық әдіс ретінде қолданылуы және болашақтағы мүмкіндігі бүкіл әлем ғалымдарын аса қызықтырады. Эмбриоинженерия – организмнің жатырдағы дамуының ерте кезеңіне әсер ету арқылы эмбриоидарды генетикалық құрастыру. Мұндай, алдын ала көзделген генетикалық жоспарға сәйкес малды алу мал шаруашылығында кең қолданбаса да, оның болашағы орасан зор, тіпті кейбір бағыттары, мысалы, мал эмбриондарын трансплантациялау немесе клонын көбейту ңазіргі кездің өзінде коммерциялық негізге қойылған. Эмбриоинженерия әдістерінің кез келгені биотехнологиялық бағытқа ие бола алады, ал олардың негізін эмбриондар, трансплантациясы құрайды. Трансплантация (көшіру, тасымалдау) деп генетикалық тұрғыдан жоғары бағалы аналық малдың (донордың) бірнеше эмбриондарын басқа аналық малдардың (реципиеттердің) жыныс жолына тасымалдауды түсінеді. Алғаш рет эмбриондарды трансплантациялау туралы хабар 1890 жылы Хип қояндарға ұрықтанған аналық жыныс клетканы тасымалдап, көжектер алғаннан кейін алынды. Алайда, бұдан кейінгі көп жылдар бойында эмбриондарды тасымалдау идеясын мал тұқымын жақсарту мақсатына қолдануға оншалықты мән берілмеді. Сондықтан біздің ғасырымыздың жетпісінші жылдарына дейін эмбриондарды трансплантацнялау әдісі тек зерттеу мақсатына ғана қолданылды. Жетпісінші жылдардың бас кезеңінен бастап мал эмбриондарын трансплантациялау проблемасы ғалымдар мен мал шаруашылық мамандарын қызықтыра бастады. Қазіргі кезде ғылыми дамыған елдерде мал эмбриондарын траисплантациялау арқылы жыл сайын жүздеген мың бұзау, бірнеше мың қозы алынуда. ТМД елдеріңде эмбриондарды трансплантациялау бойынша 20-дан астам орталықтар құрылды. Біздің республикамыздың ғалымдарының бұл проблеманы шешу үшін қосқан үлесі үлкен. Қазақ республикасы ғылым Академиясының эксперименттік биология институты қой зиготаларын трансплантациялау жұмысын 20 жылдай уақыт бойында жүргізіп келеді.Эмбриондарды тасымалдаудың негізгі мақсаты болып генетикалық құндылығы өте жоғары ұрғашы малдаң жылына барынша көп ұрпақтар алу арқылы мал тұқымын асылдандыру жұмысының тиімділігін арттыру болып саналады. Әдетте, біз, мысалы, бір сиырдан 3-6 бұзау ғана алатын болсақ, онда эмбриогенетикада биотехнология көмегімен алынатын ұрпақтың санын ондаған және жүздеген есе көбейтуге болдды. Теориялық есеп бойынша генетикалық тұрғыдан бағалы жалғыз донор сиырдан 500-ден астам бұзау алуға болады. Эмбриондарды трансплантациялау бұдан басқа мынадай мақсаттарды шешу үшін қолданылады: – ерте эмбриондарды бөлу арқылы бір-бірінен ешқаңдай айнымайтын малдар (монозиготалы) алу; – генетикалық тұрғыдан бағалы мутантты малдарды сақтап, олардың санын көбейту; шағын популяцияны және жойылуға жақын тұқымның генофондын сақтау; генотипі бойынша генетикалық бағалы, бірақ табиғи жағдайда тұқым бере алмайтын малдан ұрпақтар алу; генетикалық кемістіктерді тарататын малды табу; климаты басқа – шетелден әкелінген малды жерсіндіру; эмбрионның кариотипін зерттеу арқылы жыныс проблемасын реттеу; эмбриондарды түрлер арасында тасымалдау; химерлі (аллофенді) және трансгенді малдар алу үшін. Эмбриондарды тасымалдау биотехнологиясы мынадай кезеңдерден тұрады: донорларды таңдау; донорлардың суперовуляциясын іске асыру; донорларды ұрықтау; донорлардан эмбриондарды шығару және оларды бағалау; эмбриондарды арнайы ортада өсіру және сақтау; эмбриондарды реципиенттерге көшіріп отырғызу (тасымалдау). Негізгі кезеңдердің жалпы принциптерін қарастырайық. Әрине, донордың мақсатқа сәйкес әр түрлі генетикалық ерекшелігі (өнімділігі жоғары, ауруларға төзімді т. б.) болуы керек. Мысалы, сүтті ірі қара шаруашылығында донор – сиырларды таңдауда, оларды болашақтағы асыл тұқымды, жақсартушы бұқалардың шешесі ретінде қарайды. Донордың нәсіддік қасиеті өзінің жоғары өнімділігіне ғана емес, сонымен қатар оның туыстарының осындай қасиетпен сипатталуына да байланысты. Трансплантадия тәжірибесінде донор – сиырларды таңдау екі сатыдан тұрады. Біріншісінде, донордың қасиеті оның өзінің басты белгілері — сүттілігі және сүтінің майлылығы бойынша бағаланды. Бағалаудың келесі кезеңінде желіннің және емшектің пішіні, сүт беру қасиеті, төзімділігі, сүйек және тұяғының беріктілігі және көбею функциясы бойынша бағаланады. Әрине, егер донордың ұрпақтары болса, онда олардың сапасы бойынша оны бағалау түпкілікті болып саналады. Осы талаптарға сәйкес донорларды негізінен асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардан таңдайды.

Цианобактерия ж\е біржасушалы балдырларды алу.Фотосинтез құбылысы жүретін көкжасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар д.а.пішіні цилиндр,шар тәрізді б\ы.Цианоб\ң 3 тобы бар:Хрокоиналар-шар тәрізді ,балшықты жерлерде,жерасты ыстықсуларда,тастың бетінде,тоқтау суда өседі.хамемфондар-жіп тәрізді эндоспора түзетін түрлер көпшілігі теңіздерде,жартастарда,ағаш діңінде өседі.гормогониялар- жіп тәрізді,гормогония әдісімен өсімді жолмен көбейеді.Микробалдырдың көмегімен алынатын белоктар адам өміріне өте пайдалы.Олар тамақпен қосылып,адам организміне керекті витаминдер мен мин.заттарды жеткізеді.Қазіргі кезде перспективті түрде chlorebla,scendesmus(жасыл балдырлар) ж\е spirulina(көк жасыл балдыр)көптеп қолд. Spirulina-БТ\да өте маңызды цианобак\я болып таб\ды.Қазіргі кезде Жапония, АҚШ, Қытай,Ресей елдерінде spirulina platensis кеңінен қолд.оны жалпылай өсіріп, тәулігіне мыңдаған тонна биомасса өндіріп, оны әртүрлі салада яғни ауылшаруа\та,тамақ өнеркәсібте ж\е медицинада қолд. Spirulina-ның өсу жылд-мен өнімділігі қалыпты шаруа\қ дақылдарға қарағанда 5-10 есе көп.Қазіргі кезде spirulina\ны 60-тан асабактерия түрлері оның ішінде Methylococcus,methybomonos,pseudomonos,acinetobacter туыстарын жататын бактерия.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]