
- •Бт даму кезеңдері
- •Бт ауыл/шар пайдалану
- •Вирустарға жалпы сипаттама :
- •Вирустарды культивирлеуде бт маңызы:.
- •Гендік инженерия.
- •Гендерді алу әдісі
- •Каллусты алу және оны өсіру
- •Клеткалық инженерия
- •Клонды микрокөбейту
- •Клетканы өсірудің әдістері,биологиялық нысандар
- •Клеткалық инженерияда бт маңызы
- •Қазіргі кездегі бт әдіспен экологияны тазарту
- •Лимон қышқылын алу.
- •Микроағзаларды культивирлеуде бт ерекшеліктері
- •Мембрананың бөліну әдістері
- •Микробиологиялық синтезде жылу алмасу
- •Микробтық синтез процесін басқару
- •Органикалық қосылыстардың микробиологиялық трансформациясы
- •Препараттарды тауарлы түрде алу
- •Стерильдеу тәсілдері
- •Скрининг
- •Сүт қышқылын алу
- •Сығынды,ион алмасу,булау,кристализация
- •Тұнбалау,сүзгілеу,центрифугалау әдістері
- •Технологиялық процесстерді үйлесімдендіру
- •Фагалозис.Фагтар мен олардың топтары
- •Эмбриодарға жалпы сипаттама
- •Эмбриондар трансплонтациясы
Скрининг
Скрининг термині «screening» - електен өткізу атты ағылшын сөзінен пайда болған. Бірақ оның «қорғау» және «жағымсыз бір нәрседен қорғау» атты басқа да мағыналары бар. Нақ осы түсініктемесі «скринингтік зерттеулер» атты медициналық терминнің туындауына негіз болған.«Скрининг» ұғымы әлі белгілері пайда болмай тұрып, әр түрлі зерттеулерді негізгі ала отырып, оларды анықтау және алдын алу дегенді білдіреді.Скринингтік бағдарламалар белгілі бір елдің немесе өңірдің ауру-сырқаулардан туындайтын өлім-жітім көрсеткіштеріне сай жүргізілуі керек.Пренаталдық скрининг – жатыр ішіндегі ұрықтың тұқым қуалаушылық және туа біткен потологиясы бойынша қауіп тобын анықтау мақсатында жүкті әйелдерді жаппай тексеру. 2) Неонаталдық скрининг – жаңа туған нәрестелердегі зат алмасудың тұқым қуалаушылық ауруларын ерте анықтау және емдеу мақсатында жаппай тексеру. 3) Аналық қан сарысуы тесті – бұл ұрықтың Дауна синдромын, Эдвардс синдромын, Тернер синдромын және невральды түтікшесінің көрінеу кемшіліктерін, ішперденің алдыңғы қабырғасының эвентерациясын және т.б. анықтау үшін жүктіліктің 10-14 апталары аралығы мен 16-21 аптасы аралығында ананың қанына зерттеу жүргізу.4. Жүкті әйелдердің перенаталдық немесе босанғанға дейінгі генетикалық скринингі қиын, емдеуге бағынбайтын генетикалық бұзылулары бар балалардың тууын болдырмау үшін құрсақтық ұрықтың туа біткен даму кемшіліктерін (бұдан әрі – ТДК), хромосомдық ауруларын ерте анықтауға және диагностикауға бағытталған.
Сүт қышқылын алу
Сүт қышқылы (E270) әрқашанда қышқыл сүтте болады және сірке мен лимон қышқылын алу кезінде қосымша өнім болып табылады. Сүт қышқылды бактериялар сүт қышқылына түрлі көмірсуларды тасымалдайды, сондықтан оны өндірістік алу үшін глюкоза, мальтоза, сахароза, лактоза, қанттанған крахмал қолданылады. Шикізатты таңдап алған соң сәйкесінше өндіруші ашытқы қолданылады. Глюкоза мен мальтозадан ашыту үшін Lactobacillus delbrueckii, L.leichmanii,L.bulgaricus, Streptococus lactis қолданылады.1847 жылы С.Блондо алғаш рет сүт қышқылы – ашу процесінің өнімі екенін көрсетті, ал Луи Пастер бұл ашуды бактериялар туғызатынын дәлелдеді. Сүт қышқылын микробиологиялық синтез жолымен өндіру 1881 жылдан бері белгілі. Сүт қышқылы тамақ өнеркәсібінде, медицинада шикізат ретінде химиялық синтезде, тері және т.б. өндірістерде кеңінен қолданылады. Көмірсулардың сүт қышқылына дейін ашуы сүтқышқылды бактериялардың көмегімен жүзеге асады. Оларды гомоферментативті және гетероферментативті сүтқышқыл бактериялары – деп екі топқа боледі. Гомоферментативті ашудың негізгі өнімі – сүт қышқылы, ал гетероферментативті ашудың өнімі сүт қышқылымен қатар сірке қышқылы, этанол және көмір қышқыл газы болып табылады. Гомоферментативті сүтқышқыл бактерияларда көмірсулардың ашуы гликолиз жолымен, ал гетероферментативті өкілдерінде пентозофосфатты жолмен жүреді. Сүтқышқыл бактерияларды 4 туысқа: Lactobacillus, Lactoccocus, Leuconostoc, Pediococcus деп бөледі. Өнеркәсіпте сүт қышқылының өндірушілері ретінде тез өсетін және аз уақыт ішінде көп мөлшерде сүт қышқылын түзетін гомоферментативті таяқша сүтқышқыл бактериялар - Lactobacillus delbrueckii, Lb. hulgaricus, Lb. leichmanii, Lb. casei штамдарын қолданады. Сүт қышқылы өндірісі үшін шикізат көзі ретінде меласса, минералды түздар, солод және жүгері экстрактысы қосылған қантталған картопты затор, жемісті сусындар өндірісінің қалдықтарын, сут сарысуын, сүттің және сүт сарысуының ультрафильтратын қолдануға болады. Бұл жағдайда ұйытқының құрамды бөлігі Streptococcus lactis бактериясы болып табылады. Ашу процесін біраз қышқылдандырьшған ортада 2-7 тәулік аралығыңда, 49-50°С температурада мерзімді дақылдау жағдайда жүргізеді, ал сүт қышқылын бөліп алу мен тазалау бірқатар қиыншылықтар туғызады. Сүт қышқылы нашар кристалданады және таза күйінде суды тез сіңіретін түссіз сироп түрінде болады (бұл көбінесе 65%-дық ерітінді күйінде кездеседі). Жыл сайын микробиологиялық жолмен 20 мың тоннадан көп L (+)-сүт қышқылы өндіріледі. Сүт қышқылды ашу процесі арқылы көптеген сүт қышқылды өнімдер, май және ірімшік дайындалынады, сонымен бірге, орам жапырақты тұздауда, жемістерді консервілеуде, азықтық жемді сүрлеуде негізгі рөлді атқарады. Сүт қышқылды ашудың аралық өнімдері ортада бөгде микрофлораның өсуін тежейді, ферменттелінетін қоспаға жақсы органолептикалық қасиет беріп, адам мен жануарлар организміне пайдалы әсерін тигізеді.Сүт қышқылы тағам өнеркәсібінде кондитерлік өнімді әзірлеу кезінде, медициналық өнеркәсібінде, пластмасса алуда және халық шаруашылығында қолданылады. Алкогольсіз сусындар алуда сүт қышқылды өнімдер алуда қолданылады.Сүт қышқылы, ɑ-оксипропион қышқылы, СН3СН(ОН)СООН – бір негізді оксикарбон қышқылы. Сүт қышқылы жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдердегі зат алмасу нәтижесінде түзілетін маңызды аралық өнім. Сүт қышқылы суда, спиртте, глицеринде, эфирде жақсы еритін түссіз кристалдар. Оның тұздары және эфирлері лактаттар деп аталады. Сүт қышқылын дегидраттағанда акрил қышқылына, ал сұйытылған минералды қышқылдармен қыздырғанда құмырсқа қышқылына айналады. Сүт қышқылы жануарлардың бұлшық еттеріндегі гликолиз процесінің соңғы өнімі болып саналады. Бұлшық еттің шаршауы ондағы гликогеннің азайып, сүт қышқылының көбеюіне байланысты. Егер оттек жеткілікті болса, сүт қышқылы СО2 мен Н2О-ға дейін тотығады, нәтижесінде қалған сүт қышқылының гликогенге айналуына керекті энергия бөлінеді. Сүт қышқылы және оның тұздары тоқыма, тері илеу өнеркәсібінде, медицинада, т.б. қолданылады.
Сірке қышқылы
Сірке қышқылы E460 ең танымал тағамдық қышқыл. Ол эссенция түрінде қышқылы 70-80% болып шығарылады. Тағамдық өнімдерді консервілеуде ертеден қолданылады. Сонымен қатар майонез, соустарда, балық өнімдерін, көкөністерді маринадтауда қолданылады. Сірке қышқылы, қышқылданған шарап түрінде б.э.д 7 мың жыл бұрын белгілі болған, 1868 жылы Луй Пастер сірке қышқылды ашудың физиологиялық негізгі қасиетін Acetobacter oxidans, A.aceti, A.xylinum және т.б сірке бактериялары тудыратынын анықтаған. Сірке қышқылды ашу қалыпты жүру үшін, ашытылатын субстраттағы қант, этил спиртіне айналуы қажет, сондықтан сірке қышқылды ашудың алдында спирттік ашу жүреді. Сірке қышқылы өндірісінде спирттік ашытуды шарап ашытқыларының іріктелген штамымен (Saccharomyces ellipsoides) жүргізеді, себебі олар этанолмен қоса, иіс пен дәмді жақсартатын метаболизмнің қосымша өнімдерін түзеді.Микобиологиялық жолмен алынған сірке қышқылы (тағамдық сірке қышқылы, асханалық сірке) шараптар тәрізді, ашытылған субстрат сипатына қарай сорттарға ажыратылады. Кең танымал алманың, жүзімдік, алмұрттық және басқа да сорттары. Ашыту арқылы алынған сірке қышқылының хош иісі мен дәмін ашудың қосымша өнімдері, күрделі эфирлер (этилантат және т.б) жоғарғы спирттер, органикалық қышқылдар қалыптастырылады. Жыл сайын әлемде 100 мың т. шамасында сірке қышқылы өндіріледі. Сірке қышқылы тағам өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Техникалық сірке қышқылдары ацетон, ацетилен, синтетикалық бояғыштар жасауда, медициналық препараттар (аспирин, антигрипин, фенацетин), алуда, хош иіс беретін заттар (кумарин, ванилин) өндіруде және де микробиологиялық биотрансформацияға субстрат ретінде қолданылады. Сахарозалы ортаның ферментазициясы екі сатыда өтеді. Бірінші сатыда ашытқылар инвертозасынан инвертті қант алынады, екіншісінде A.xylinum көмегімен сірке қышқылы алынады. Екінші саты 60 сағ созылады, сол кезде көмірсулар ашып, рН 2-ге дейін төмендеп, сұйық фаза беткейінде биоқабат түзіледі. Сірке қышқылы - этан қышқылы, ЦҺ3ЦООҺ – бір негізді органикалық қышқыл. Ол өткір иісті, қышқыл дәмді, тұссіз сұйық. Сусыз сірке қышқылының балқу т 16,75ӘС, қайнау т 118,1 ӘС, тығызд. 1,055 г/см3 (15ӘС-та).