Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osnova.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
86.57 Кб
Скачать

Препараттарды тауарлы түрде алу

Препараттарды тауарлық түрде алу. Оның күрделі қоспа заттардан тұратыны белгілі. Олардың құрамында алғашқы заттар немесе арнаулы талаптарды қанағаттандыра алатын жоғарғы сапалы тазартылған қоспаларда болуы мүмкін. Сондықтан жұмыстың соңында олар әт түрлі процедуралардан өтеді. Мысалы, мал шаруашылығына керекті белокты дәруменді концентратты жатқызамыз.Мал азықтық лизин препараты бұл тапсырыс иелігіне сай болуы үшін өнімнің қасиетімен ылғыл тартқыштығына ,игеріне, қарсы төзімділігіне байлынысты тексеріс жүргізеді.Сонымен қатар осы дайын өнімдерді буып тексергенде және оларды салған ыдыс-ды залалсыздандыру.Ассептикалық жағдайда орындаудың ережелері қатаң сақталу қажет.Кейбір микробиологиялық өндірісте дайын өнімдерді буып-түю, арнайы машиналар жұмыс істейді.Онда технологиялық мақсаттағы өндірілген құрама препараттар белокты витаминді концентрат және мал азықтық лизинді препараттар және басқалары үшін олардың көлемі мен типі тапсырыс иелерінің талабына сай болуы керек. Және өнімнің қасиетімен ылғыл тартқыштығына байланысты анықталады. Ал арнайы белгіленген тазалықты қамтамасыз ететін биохимиялық реактивтермен медициналық препараттар үшін залалсыздандыру сапасы мен тазалық дәрежесі өте жоғары болуын қатаң талап етеді. Мелассаны қолдана отырып тағамдық дрожжеларды алғаш рет алу бірінші дүние жүзі соғысы кезінде жасалынды. 1915 жылы 10мың тонна дрожжелар өндірілді, бірақ 1916 жылы мелассаның тапшылығынан өндіріс тоқтап қалды. 1966 жылдан бастап 1 клеткалы белок деген термин пайда борлды. Яғни, оны мал азығына қоспа ретінде пайдаланды. Балдырлар, бактериялар, дрожжелар сонымен қатар саңырауқұлақтарды да пайдаланды. 1935 жылы сабан гидролизаты, жүгерінің өзегі және мал азықтық дрожжеларды өндіретін зауыт іске қосылды. Ал қазіргі кезде ТМД елдерінде мұнайдан бөліп алған мал азығын алған, оны паприн деп атаған. Мұндай мал азығын үздіксіз өсіру жағдайында арнаулы ферментацияларда жүргізіледі. Алынған биомассаны өсіп тұрған ортадан тазалайды немесе сүзу арқылы бөліп шығарады. Содан соң жуады, концентрлейді, кейін 80-90 температурада дрожжеларды өлтіреді. Мұндай мелассаны құрғатып, содан соң оның дайын өнім ретінде буып-түйіп қораптайды, тұтынушыларға жібереді.

Стерильдеу тәсілдері

Стерилизацияның негізгі 3 түрі бар. Олар: жылулық, сәулелік және химиялық.Жылулық( термиялық) стерилизация микробтардың жоғарғы температураға сезімталдығына негізделген. 60С-та және су бар жерде ақуыз денатурациясы, нуклеин қышқылдарының, липидтердің деградациясы болып, нәтижесінде микробтардың вегетативті түрлері жойылады. Құрамында аз мөлшерде суы бар және онымен тығыз байланысқан тығыз қабығы бар споралар 160-170С-та жойылады. Жылулық стерилизацияда негізінен құрғақ ыстық пен қысымды бу қолданылады.Жылулық стерилизация қатарына құрғақ ыстықпен стерилизациялау жатады. Құрғақ ыстықпен стерилизациялау ауалы стерилизаторларда немесе Пастер пешінде жүргізіледі.Ауалы стерилизатор – термометрі бар, электр желісімен қыздырылатын, тығыз жабылатын металды шкаф. Материалдың залалсыздандырылуы ереже бойынша 160С-та 120 минут жүргізіледі.Құрғақ ыстықпен зертханалық ыдыстарды және шыныдан жасалған заттар, құралдар, силиконды резина, яғни жоғары температурада өзінің сапасын жоғалтпайтын нысандарды стерилдейді.Жылулық стерилизациялаудың екінші бір түрі ыстық бумен стерилизациялау болып табылады. Булы стерилизаторларда қысымды бумен өңдеу — стерилдеудің әмбебап тәсілі.Булы стерилизатор немесе автоклав – қабырғасы мықты, герметикалық жабылатын, су буы және стерилдеуші камерадан тұратын металды цилиндр. Аппарат манометр, термометр және басқа да бақылау-өлшеу құралдарымен жабдықталған. Автоклавта жоғары қысым қайнау температурасын арттырады. Микробтарға жоғары температурамен бірге бу әсер ететіндіктен споралар 120С-та жойылады. Атмосфералық қысым мен температура жоғарылаған сайын стерилдеу уақыты азаяды. Микробтар бірнеше секундта жойылғанымен, материалды өңдеу уақыты ұзағырақ, себебі жоғары температура стерилденетін материалдың ішіне енуі керек. Автоклавта таңу материалдарын, төсек, коррозияға төзімді металды құралдар, қоректік орталар мен инфекциялық материалдарды стерилдейді.Жоғары температурамен стерильдеудің бір түрі – бөлшектеп стерильдеу.Стерильдеудің бұл түрі 100С-тан жоғары температураға шыдамайтын материалды өңдеуге қолданылады. Су моншасында оларды 80С-та 30-60 минут бойына қыздырады, нәтижесінде бактериялардың вегетативті түрлері жойылады.Жалпы алғанда жылулық стерилизация – тиімді, экологиялық қауіпсіз, арзан және жақсы бақыланатын тәсіл. Бірақ та заттар жоғары температурада бұзылатын болса, оны қолдану мүмкін емес. Мұндай жағдайда басқа тәсіл қолданылады.Стерильдеудің химиялық түрі– токсикалық газдарды, этилен оксидін, этилен тотығы мен бромды метильдің қоспасын және формальдегидті қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл заттар алкилдеуші агент ретінде микроорганизмдердің ДНҚ, РНҚ-сын, ақуыздарын, ферменттерінің активті топтарының белсенділігін жояды.Газдармен стерильдеу арнайы камерада 18-80С температурада бумен жүргізіледі. Ауруханаларда формальдегид, тұрмыстық жағдайда этилен тотығы қолданылады. Химиялық стерильдеудің алдында барлық өңделетін заттар кептірілуі керек. Бұл стерильдеу түрі қызметшіге, қоршаған ортаға және науқасқа қауіпті болып келеді.Сутегі тотығы – стерильдеуге арналған химиялық зат болып табылады. Стерильдеу үшін медициналық құралдарды 180 минутқа 6 %-тік сутегі тотығының ерітіндісіне салады, ал полимерден, резинадан, шыныдан жасалған бұйымдарды 18С температурада 360 минутқа ерітіндіге салады.Стерильдеу аяқталғаннан кейін құралдарды стерильді сумен жуып, стерильді контейнерлерге салады.Дезоксон-1 – сірке қышқылындай иісі бар,суда және спиртте жақсы еритін түссіз сұйықтық. Стерильдеу үшін 1%-тік ерітіндіні сумен араластырады да дайын ерітіндіге бұйымдарды салады. Стерильдеу аяқталғаннан кейін құралдарды стерильді сумен жуып, стерильді контейнерлерге салады. Стерильделген құралдарды 3 тәуліктей сақтауға болады.Сәулемен стерильдеу – гамма сәулелермен немесе жеделдетілген электрондар көмегімен жүргізіледі. Гамма сәуле көзі – арнайы гамма қондырғылардан алынатын радиоактивті изотоптар болып табылады. Электронды сәулеленуді алу үшін электронды жылдамдатқышты қолданады.Гамма сәуле мен жылдамдатқыш электрондардың әсерінен микробтардың жойылуы, ондағы нуклеин қышқылының зақымдануымен байланысты. Көпжасушалы организмдерге қарағанда , микробтар сәулеленуге төзімді болады.Стерильдеудің тағы бір әдісі – сүзгіден өткізу немесе фильтрлеу болып табылады. Әр түрлі сүзгілер көмегімен, әсіресе нитроцеллюлозаның коллоидты ерітінділерінен дайындалған мембранды ультрасүзгілердің көмегімен сұйықтықтағы қарапайымдардан арылуға болады.Қайнату – стерилизациялау әдісі ретінде стандартпен ескерілмеген. Бірақ үйде осы стерилизациялау әдісін қолдануға болады. Краннан алынған суды қолдануға болмайды, яғни қайнатқанда тұнбаға түсетін тұздар иненің канюлясында, поршень мен цилиндрде бөлініп шығады. Су қайнатылған немесе тұзсыз болуы керек. Стерилизациялаудың аяғына дейін шприцтің құрамындағы бөлшектердің сумен толық жабылуын қадағалау керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]