
- •1 Кесте оқде нәтижесін бағалаудың критериі
- •2. Оқде-ңың құрылымдық кезеңдері
- •3. Студентке қажетті ақпарат
- •4.Емтихан қабылдаушыға қажетті ақпарат
- •Кезең 10 сұрағы
- •- Кезең 10 сұрағы
- •7. Әрбір қадамды бағалау әрекеті
- •9. Оқте өткізуге арналған құжаттар, инструменттер, құрылғылар:
- •8. Емтихан парағы
- •Емтихан қабылдаушының а.Ж.Т. ___________________________________________________________
- •9. Оқде бойынша емтихан тапсырушының аттестациялық жиынтық парағы
- •Кафедра меңгерушісі м.Ғ.К: Есиркепов м.М.
- •9. Оқде бойынша емтихан тапсырушының аттестациялық жиынтық парағы
- •Кафедра меңгерушісі м.Ғ.К: Есиркепов м.М.
- •10. Оқте бойынша анкета (биохимия пәні бойынша)
- •11. Оқте бойынша анкета (биохимия пәні бойынша)
- •Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы «Медициналық профилактикалық іс» мамандығының 2 курс студенттеріне арналған «Биологиялық химия» пәнінен оқте тапсырмаларына
- •Методы обучения коммуникативным навыкам
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
Фармацевтикалық және медициналық факультеті
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы
ОБЪЕКТИВТІ ҚҰРЫЛЫМДАНДЫРЫЛҒАН ДАҒДЫЛАМАЛЫҚ ЕМТИХАН ӨТКІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
(ОҚДЕ)
Биологиялық химия
Мамандық 5В110400 «Медициналык-профилактикалық ісі»
мамандығы
Шымкент-2013ж
Құрастырушылар: Аблаева З.Ю.
Ордабекова А.Б.
Асилбекова Г.К.
Рецензенттер:
1. Долтаева Б.З.
2. Шапамбаев Н.З.
Бұл әдістемелік нұсқау «Биологиялық химия» пәнінен «Медико-профилактикалық ісі» мамандығы 2-курс студенттерінен объективті құрылымдық тәжірибелік емтихан қабылдауға арналған.
Биохимия, биология және микробиология кафедра мәжілісінде талқыланды және қарастырылды.
хаттама №
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к: Есіркепов М.М.
Оқу әдістемелік кеңесінде талқыланып, бекітілген
хаттама № «___» ________ 2013 ж.
Төрайымы: Анартаева М.Ұ.
1.КІРІСПЕ
Негізгі биохимиялық зертханадағы құрылғылар мен құрал-жабдықтар, қан мен несеп биохимиясы, зат алмасуы процестер тарауы бойынша дағдымалық тәжірибені бағалаудың тапсырмалары 3 кезеңнен тұрады. Әрбір дағдымалық тапсырма жұмыс орнындарында тапсырмаларымен жабдықталған. Әрбір станцияның өтуіне 5 минут, барлығына 15 минут уақыт беріледі.
Емтихан нәтижесін бағалау 3 кезеңнен алынған балл жиынтығы бойынша есептелінеді. Барлық станциялардан өту нәтижесінде емтихан тапсырушы қорытындысында максимум 20 балл жинай алады.
1 Кесте оқде нәтижесін бағалаудың критериі
Балл жиынтығы |
Балл жиытығының шектері (%) |
Баға |
18-20 |
90-100 |
өте жақсы |
15-17,8 |
75-89 |
жақсы |
10-14,8 |
50-74 |
қанағаттанарлық |
9,8 |
49 төмен |
қанағаттанарлықсыз |
Минимальді балл: 10
Максимальді балл: 20
ОҚДЕ өткізудің дайындық-ұйымдастыру кезеңі:
- емтиханға жіберілген студенттер санын анықтау
- әрбір кезеңнің тәуелсіз емтихан қабылдаушыларын анықтау
- практикалық дағдымалық өткізудің жауапты оқытушысы мен
лаборантты, аудиторияны дайындау
- аппаратура мен приборлар, таблицалармен жабдықталған,
әрбір тапсырманы уақтылы орындауды бақылау үшін сағаттармен
қамтамасыз етілген жұмыс орындарын дайындау
- кафедрада ОҚДЕ ақпараттық стендісін ұйымдастыру
- ОҚДЕ құжаттарын дайындау (1-3 қосымша, хаттамалар, емтихан
парақтары, әрбір кезеңге тапсырмалар, емтихан қабылдаушыға балдық
жүйе бойынша әрбір қадамды бағалаудың ақпараттық парағы, емтихан
тапсыруышының аттестациялық парағы, ОҚДЕ нәтижесін бағалау
критерйі)
2. Оқде-ңың құрылымдық кезеңдері
Емтихан тапсырушы емтихан тапсыруға дайындық кезінде тапсырмалардың тізімімен және кезеңдерді өтудің келесі жоспарымен танысады.
Кіру |
Төраға |
1 кезең биохимиялық зертханадағы құрылғылар мен құрал-жабдықтар туралы білімді көрсету. |
2 кезең қан мен несеп биохимиясы тарауы бойынша білімді көрсету. . |
3 кезең зат алмасу процестері бойынша білімді көрсету (мылқау кестемен жұмыс)
|
Шығу |
* Компетенция: 1. Қан, несеп және бүйрек биохимиясы тараулары бойынша КФК-де биохимиялық көрсеткіштер: жалпы ақуыздарды, глюкозаны, несеп қышқылын анықтауды жүргізеді.
2. Дозаторлармен жұмыс жүргізеді.
3. Биохимиялық көрсеткіштерді анықтау үшін нұсқаулықтағы
ерітінділердің құрамын дайындайды.
3. Студентке қажетті ақпарат
- емтихан тапсырушы емтихандық комиссия хатшысына сынақ кітапшасын тапсырып, жеке кодын алады;
- ОҚДЕ бойынша емтихан тапсырушыға таңдамалы түрде бірнеше қадамдардан тұратын тапсырма жазылған билеттер ұсынылады
- студент тапсырма орындаудағы міндеті
- студент 1 станциядан тапсырма алып, емтихан алушыға бағалау қағазын өткізеді. Емтихан алушы уақытты белгілейді, сөйлесуге тиым салынады.
- емтихан тапсырушы әрбір кезеңді қадамдап орындайды. Емтихан алушыдан кеңес алуға болмайды.
- емтихан тапсырушы барлық кезеңдерден өткеннен кейін бағалау қағазын
емтихан комиссиясының хатшысына тапсырады.