- •Әлеуметтік институттың түрлері мен функциялары.
- •Әлеуметтік мобилділік ұғымы және түрлері.
- •Әлеуметтік рөлдің құрылымы
- •Заманауи конфликтологияның негізін қалаушы ……
- •Келе біткен мәртебе
- •Қоғам типологиясы.
- •Марксизмдегі тұлға – ол
- •Сипаты мен технология деңгейі бойынша қоғамның классификациясы-
- •Тұлғаның ажырамас белгілері.
- •Ұжымдық мобилділік: түсінігі, себептері, салдарлары.
- •Э. Дюркгейм тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы.
- •Эмпирикалық зерттеулер: түсінігі, құрылымы.
Ұжымдық мобилділік: түсінігі, себептері, салдарлары.
Ұжымдық мобильділік- адамның немесе әлеуметтік топтың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы әлеуметтік жағдайының өзгеруіне байланысты жүзеге асатын әлеуметтік процесс. Әлеуметтік мобилділік – адамның бір топтан екінші түріне өтуінің кезкелген түріМобилділік - қоғамдағы және әлеуметтік стратификациядағы адамдардың түрлі позицияларға ауысуы. Тік мобилділік белгілі бір иерархиядағы статустың өзгеруі.әлеуметтік орта өзгергенмен статустың өзгеріске түспеуі.Көлденең мобилділік мысалы, ҚарМУ ОҚЫТУШЫСЫ -----------> ҚарМТУ ОҚЫТУШЫСЫКөлденең мобилділік мысалы, ЛЕЙТЕНАНТ--> КАПИТАН--> МАЙОР--> ПОДПОЛКОВНИК--> ПОЛКОВНИК
ХХХ
Х.Шелдон көзқарасы бойынша девиация байланысты Девиацияны түсіндірудің биологиялық типінің ӛкілдерінің бірі Шелдон болып табылады. Ол девианттардың белгілі бір дене құрылымы бар екендігі жӛнінде және осы дене ерекшеліктері девиацияға себеп болатындығы жӛніндегі теорияны ұсынды. Осы сияқты девиацияны биологиялық түсіндірудер ХХ ғасырдың басында да танымал болғанымен, оларды кейінгі зерттеу нәтижелері ығыстырып шығара бастады.
ЧЧЧ
Ч. Ломброзо, Х. Шелдон, З. Фрейд тұжырымдамаларындағы девиацияның себептері.- Қылмыстық бағыныштылықпен Байланысқан физикалық белгілер. Дене бітімінің Физикалы0 ерекшеліктері девиациясының себебіне айналады.Девианттар арасында жиі кездесетін дене бітімінің ерекшеліктері
Ч. Ломброзо көзқарасы бойынша девиация байланысты Ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануында девиацияның пайда болуының себептері мен жағдайларына қатысты бірыңғай кӛзқарас жоқ. Мәселен, ХІХ ғасырдың аяғында итальяндық доктор (дәрігер) Цезаре Ламброзо қылмыстық мінез-құлық пен белгілі бір дене белгілерінің (физические черта) арасында байланыстың бар екендігін айқындады. Ол биологиялық құрылымы бойынша мінез-құлықтың белгілі бір типіне бейім адамдар, яғни «қылмыстық типтер» адамзат эволюциясының неғұрлым ерте сатысына қайта оралумен байланыстырылады. Мұндай типтер тӛмендегідей белгілері бойынша ажыратылады: тӛменгі жақ сүйегі алға шығып тұрады, сақалы сирек, ауруға деген сезімталдығы тӛмен болып келеді. Ламброзоның осы теориясы кеңінен таралды. Қылмыстық бағыныштылықпен байланысқан физикалық белгілер теориясын ұсынды. Дене бітімінің физикалық ерекшеліктері девиациясының себебіне айналады деп тұжырымдайды.Қылмыстық құқықта антропологиялық мектептің пайда болуы, алдында аталып өткендей, қылмыстылықтың қанат жаюымен және "классикалық" мектептің онымен күресу шараларын ұсынуға шамасы келмейтіндігімен сабақтас болды. Бұл мектептің негізін қалаушы итальяндық дәрігер-психиатр Чезаре Ломброзо (1835-1909) болып табылады, ал ол қылмыстылық — биологиялық сипаттағы құбылыс деп дәлелдеуге ұмтылыс жасады.Ломброзо қылмыскер — ерекше биологиялық тұлға, оның өзіндік антропологиялық сипаттары болады, жалпы адам қылмыскер болып туады және оны түзеу мүмкін емес деп есептеген.Ломброзо және оның ізбасарлары қылмыскерлерді жан-жақты сипаттап, "өлшеп" қылмыскерге тән белгілі өзгешеліктері — қылмыстылық стигматтары болады дегенге арқа сүйеген. Мәселен, кісі өлтірушілердің шықшыты шығыңқы, тістері ақсиып тұрады, қаймыжық ерін, дөң мұрын болады деп болжамдаған. Жыныстық қылмыс жасайтындардың ерні қалың, шашы ұзын болады және т.б.Ломброзо және оның жақтастары адам тумысынан түзелмейтін қылмыскер болып табылады деген "теорияларына" табан тіреп, ондай құқық бұзушыларға өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, жыныстық органын шауып тастау және басқа да ауыр жазаларды қолдануды ұсынған. Антропологтардың пікірінше, көрсетілген шаралар сот тағайындайтын жазаны алмастыратын болған. Ол ол ма, антропологтар соттарды жойып, оларды қандай болмасын субъектіге "қылмысты адамның" кейіптерін анықтайтын және ондайларға қолданылатын қауіпсіздік шараларын шешетін арнайы әкімшілік органдарымен алмастыруды ұсынған. Әрине, мұндай шешімдердің тым тұрпайы екендігінде дау жоқ. Бірақ, бертін келе Ломброзоның және оның жолын ұстаушылардың (мысалы, Э.Ферри) теориясы өзге де рацистік теориялармен бірге фашистік Италияда және гитлерлік Германияда кең қанат жайып, нәсілдік және саяси тұрғыдан жаппай қырып жою мен қуғын-сүргіндерге негіз болғандығына таң қалуға болмайды.
Ч.Кулидің «Сол күйіндегі бейнелеу» теориясы.Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында ХХ ғасырдың30-шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон. Кули Ч.Х. «шағын кіші» топтар теориясының негізін салушылардың бірі, оның «Зеркальноя», «Человеческяая природа», «Социальный порядок» (1912ж.), «Социальная организация» (1909ж.), «Социальный процесс» (1918ж.), «Социологическая теория», «Социальное исследование» (1930ж.) деген еңбектері бар. Кулидің жалпы әлеуметтік теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік процестерді қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындау жатыр. Ч. Кули мен Дж. Мидтің бұл теориялары әлеуметтанудағы әр түрлі ағымдарға кең тараған. Оның ішінде тұлғаның рөлдік тұжырымдамасын Т. Парсонс өзінің әлеуметтік-функционалдық талдау теориясында көп қолданды. Жалпы тұлғаның рөлдік теориясы тұлғаның бейімделу процесін көп дәріптей отырып, оның белсенді, творчестволық жағын жоққа шығарады. Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатынастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «айналадағы мен» деген имджін жасайды. Ол үш элементтен құрылады:а) жұрт мені қалай қабылдайды;ә) жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;б) мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап берукеректігін түсіндіреді.
Шиеліністі жағдай қарама-қарсы жақтардың арасында болады. Олар кем дегенде екіжақ болуы мүмкін. Бұларды шиеліністің субъектілері деп атайды, оларға жекелеген индивидтер, әлеуметтік топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар, т.с. жатады.
ІІІ
Іріктеу жиынтығы – ол жалпы жиынтықтың микромоделі, яғни берілген процедураларарқылы алынған жалпы жиытықтың элементтері.
ЭЭЭ
Э. Дюркгейм әлеуметтануы Француз әлеуметтанушысыЭмиль Дюркгейм (158-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды,солардың арқасында оның негізгі туындыларына « Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы», « Өзіне -өзі қол салу», «Әлеуметтанулық әдістің ережелері», «Діни өмірдің қарапайым формалары» жатады. Э.Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты.Бұл көзқарастар бойынша адамның мінез-құлқы мен жалпы тарихи процесті саналы түрде ұғыну, психологиялық факторлар , яғни адамдардың әуестігі, талаптануы және мүдделері негізгі рөл атқарады.Ол өзінің әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдайды, индивидтердің, әлеуметік топтардың және әлеуметтік институттардың өзара әрекет ету жүйесі ретінде қоғам адамдардың мінез-құлқына, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың түп-төркіні, бастауы болады деп санады.Мұнда әлеуметтік орта үлкен рөл атқарады.Дюркгеймнің әлеуметтік реализм көзқарасының негізгі ережелері осылар. Дюркгейм «социологизмнің» басты принципі мен ерекшелігі –оның әлеуметтікті әлеуметтікпен түсіндіруінде еді.Бұның мәні-құндылықтар мен идеялардың әлеуметтік нормаларда жүзеге асуы мен әлеуметтік реттеушіліктің түтқасына айналуында.Қалыпты жағдайда сыртқы әлеуметтік детерминацияадамның құнды бағдары арқылы іске асады. Нормалар мен құндылықтар әлеуметтік құбылыстың, жалпы эмперикалық өмірдің екі жағына айналды.Әлеуметтік нормалар әлеуметтік факторлар сияқты мәжбүр ету сипатында болады, яғни адамды солардың мазмұнына сәйкес әрекет етуге күштейді.Дюркгеймнің ғылыми айналымға құндылықтар және бағдарлар ұғымдарын енгізуіне байланысты оның әлеуметтануының жаңа қырлары көрінеді:егерде сырттан әсер етілетін мәжбүр етуге сүйенбей, қоғамның адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге көңіл бөлінетін болса , әлеуметтік нормаларда соғұрлым тиімдірек болады. Э.Дюркгейм әлеуметтанудың ғылыми әдістерін дайындауды қолдаушылардың бірі болды. Мұндай әдіс кезінде байыптылық, яғни қоғамдық өмірдегі құбылыстарды түсіндіруде қатаң логикалық әдіс сақталу керек, дейді ол. Өзіне деңгейлердің негізін алғанда қоғам дамуы туралы ойша, дерексіз теориялар жасауға көп көңіл бөлінгенін және олардың әлеуметтік факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын айта келіп, әлеуметтанудың әдісін дайындауды қолға алады.Оның пікірінше әлеуметтану – әлеуметтік факторлар туралы ғылым.Бұл дегеніміз- адамдардың ұжымдық санасы қалыптастырған саяси , құқық, мораль, діни және басқа да идеялар, нормалар мен құндылықтар және жекелеген индивидтерді осы идеялар, нормалар мен құндылықтарға сәйкес қалыптастыруға мәжбүр етушілік.Жеке адамдарға қатысы әлеуметтік нормалар,құндылықтар және өзге де қоғамдық сананың көріністері объективті өмір сүреді. әрбір адам қалыптасқан белгілі бір саяси, құқықтық, моральдық және басқа да нормаларға, құндылықтарға және әлеуметтік нұсқауларға кезігеді. Адам болса оларды меңгеруі қажет және күнделікті өмірде іске асыруы тиіс. Осыған байланысты Дюркгейм әлеуметтік фактілердің екі негізгі белгілерін көрсетеді: жеке индивидтерге қатысты олардың объективтік өмір сүруі және олардың адамдарға мәжбүр ету ықпалы. Осылар арқылы Дюркгейм адамға әлеуметтік тіршілік иесі деп қарайды, оның дамуы мен қызметі әлеуметтік нормалар мен жарлықтардың ықпалымен жүреді. әлеуметтік фактілердің ортақ рухани табиғаты және мәні бар. Олардың бәрі топтық немесе бұқаралық сананын көрінісі. Олар адамдарға ұйымдасқан саналы ықпал етеді және әлеуметтік институттар, соның ішінде құқықтық, діни, т.б. арқылы жүзеге асады.
