Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsiologia (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
145.25 Кб
Скачать

Тұлғаның ажырамас белгілері.

Тұлғаның әлеуметтенуінің негізгі стадияларының сипаттары- Әлеуметтендіру - ауқымды және қүрделі процесс.Ол өзінің табиғатынан әлеуметтік орта мен байланысты, әлеуметтік обьектісі және субьектісі тұрақты, адамның үздіксіз және қарқынды өзара әрекеті. Әлеуметтендірудің екі түрі бар.Бірінші әлеуметтендіру адамға өзін тікелей қоршаған ортаның,алғашқы әлеуметтік топтардың: отбасының, туған- туыстардың, достардың, оқу және еңбек ұжымдарының, жұмыстағы тікелей басшылардың жәнет.б. тікелей ықпал жасауымен байланысты. Екінші әлеуметтендіруді екінші қатардағы әлеуметтік топтар, құрылымдар мен ұйымдар және мекемелер тікелей және жалпы формада, көбінесе бір-екі бағытта жүзеге асырады. Адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде әлеуметтендірудің өзіндік мәнді ерекшеліктері болады. Осыған байланысты әлеуметтендіру процесі өз ерекшелігі бар бірнеше сатыдан: балалық, жасөспірім, есейген, қартайған щақтан тұрады. Әлеуметтендіру процесі балалық және жастық шақта пәрменді әрі қарқынды жүреді.

Тұлғаның ролдер теориясыРөлдер теориясы — әлеуметтік рөл түсінігіне сүйенетін, тұлғаның және тұлғааралық қатынастардың әлеуметтік психологиялық теориясы. Рөлдер теориясы адамның рөлдік қылықтық терминдеріндегі тұлғалық және тұлғааралық қатынастарды қарастырады. Рөльдік теория негізін қалаушылардың бірі Р.Линтон әлеуметтік рөльді – адам статусымен байланысты күтілетін мінез-құлық ретінде анықтайды. Бұл рөльдік күту адамның әлеуметтік статусынан туындайтын белгілі бір мінез-құлық ережелерді немесе нормаларын орындау және игеру жағдайында іске асады. Әр статусқа көптеген рөльдер қызмет ететіндігін атап айту маңызды. Зауыт директоры жоғарыдағы басқарушылар алдында бір рөльде, қол астындағыларының алдында екінші рөльде, әке түрінде – үшінші рөльде болады. Бірақ барлық жерде ол зауыт директоры болып қала береді, бұл оның басты статусы. Алайда, барлық рөльдерде, сонымен бірге, директор, әке рөльдерінде де ол әртүрлі ракурста көрінеді. Р.Мертон берілген статустан туындайтын рөльдер қосындысын рөльдер жиынтығы деп атады. Адам бір уақытта бірнеше статусқа ие болуы мүмкін және көптеген шексіз рөльдерді атқарады. Әдетте, рөльдер жиынтығы сәйкес статусқа бекітілген ресми және бейресми рөльдерді қамтиды. Осылайша ЖОО оқытушысынан тек жоғары кәсіптік ғылыми деңгейді және т.б. ғана емес сонымен бірге, бейресми ғылыми ортада қалыптасқан қарым-қатынас стилін және мәдениет деңгейін игеру талабы қойылады. Мұнда әр жеке адам тек өзіне тән рөльдер үйлесімділігіне ие екенін айта кету керек, бұл оның индивидуальдылығын білдіретін негізгі қасиет.Рөльдердің көптігі рөльдік қақтығыстар деп аталатын жеке адамның ішкі қақтығыстарын туғызады. Олар көбінесе іс-әрекет мотивтерінің күресі түрінде болады. Бұл мотивтер негізінде белгілі бір функциялардың дұрыс, мақұлданған орындалуы туралы көзқарастар жатыр. Бұл рөльдер қақтығысында индивид үшін берілген жағдайда маңыздырағы жеңіске жетеді. Басқаша айтқанда, рөльдер статустар сияқты иерархиялық болып келеді және әр жеке адам өзінің талғам пирамидасын құрайды. Әлеуметтіқ функциялар, әлеуметтік статустар және әлеуметтік рөльдер өзіндік бір түйіскен механизмді құрайды. Осы арқылы әр адам кейбір қоғамның бөлшегі, оның мәдениетін, сапасын ұстанушысы болады. Жеке адамның орындайтын әлеуметтік рөльдер жиынтығы ол қосылған қоғамдық жүйедегі байланыстар мен қатынастарды бейнелейді.Жеке адам өмір шарттары мен қоғамдағы мінез-құлықты игерген адамның нәтижесі екендігі туралы ой необихевиоризмде пайда болған, мұнда тұлға ретті түрде талданған және әлеуметтік стимулдар жиынтығына деген әлеуметтік қолайлы жауаптар жиынтығы деп түсіндірілген. Жеке адам кейбір аралық, әлеуметтік емес сипаттағы айнымалылармен байланысты болатындығы мүмкін болды, бірақ олар шынайы ғылыми талдау пәні ретінде мойындалмады. Ұстанымдар теориясында жеке адам индивидке күнделікті ықпал жасау арқылы қоғамды тудыратын, кейде саналы емес ұстанымдар түрінде қарастырылады. Түрлі ұстанымдарды жинақтай отырып, адам жеке адам болуға әдеттенеді. Оның санасында жеке адам болу қағидалы ұстанымы пайда болады.Жеке адамның әлеуметтік концепцияларының бір тобы жеке адамға социогендік қажеттіліктер жиынтығы және қоғам тудыратын бағыттар түрінде қараумен байланысты. Қоғам жеке адамның дамуына әсерін тигізетін әртүрлі қажеттіліктерді тудыра отырып, дамиды. Жеке адамға деген көзқарастардың даму диалектикасы жеке адамды ықшамдайтын схемаларын жеңу, оның жүйелік түсінуге өту жолымен іске асады.-Адамның аса кұрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс-қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі – адамның бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау.Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы, отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, яғни белгілі бір талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады.

Тік мобилділік – ол индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кету бағытында болады.

Ұжымдық мобилділік: түсінігі, себептері, салдарлары.

ҰҰҰ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]