
- •Әлеуметтік институттың түрлері мен функциялары.
- •Әлеуметтік мобилділік ұғымы және түрлері.
- •Әлеуметтік рөлдің құрылымы
- •Заманауи конфликтологияның негізін қалаушы ……
- •Келе біткен мәртебе
- •Қоғам типологиясы.
- •Марксизмдегі тұлға – ол
- •Сипаты мен технология деңгейі бойынша қоғамның классификациясы-
- •Тұлғаның ажырамас белгілері.
- •Ұжымдық мобилділік: түсінігі, себептері, салдарлары.
- •Э. Дюркгейм тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы.
- •Эмпирикалық зерттеулер: түсінігі, құрылымы.
Қоғам типологиясы.
Қоғамды талдаудағы жүйелі әдіс.Эмпирикалық талдау-бірізді әдістемелік және ұйымдастыру техникалық рәсімдердің логикалық жүйесі өзара бірыңғай мақсатпен байланысты. Оқытылатын құбылыстар мен процестер үшін олардың келесі практикада қолданылатын анықтайтын қорытындысын алу керек.Талдаудың түрлері: 1. Әлеуметтік мәселелер анализінің тереңдігі және масштабпен қамтылатын тұлғаларға байланысты барланатын, бейнелейтін және талданатын зерттеу.Зерттеушіні қызықтыратын пән статикада не динамикада оқытылатын дегенге байланысты әлеуметтік зерттеуді екі түрге бөледі: нақтылы және қайталанбалы.Нақтылы талдау-әлеуметтік құбылысты жаттау кездегі күйін не санын сипаттау туралы ақпарат.Қайталанбалы талдау-бұл бірнеше зерттеулердің жиынтығы, объект өзгерсінің динамикасын сипаттайды, бірыңғай бағдарламамен жүргізілген және анықталған аралық уақыты арқылы бірізді құрылымы және қорытынды алу икемділігі.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы: түсінігі, негізгі элементтеріҚоғамның құрылымы өте күрделі. Қоғамның әлеуметтік құрылымы – тіршілік әрекетінің шаралары бойынша әлеуметтік топтар мен адамдар қауымдастықтың құрылымына байланыстар мен қатынастар жиынтығы.Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: таптарқала және ауыл адамдарыой және дене еңбегінің өкілдерісословиелерәлеуметтік-демографиялық топтарұлттық қауымдастықтарБұл айтылғандарды сызбанұсқа түрінде былайша бейнелеуге болады. Әлеуметтік құрылымның басты элементтері: индивид, әлдеуметтік институт, әлеуметтік қоғамдастықтар мен топтар. Әлеуметтік қоғадастықтар деп, белгілі бір отақ белгілері бар, яғнм мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз. Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады.І. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:1) қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп е атайды.Мәселен, бұл топқп театрдегі спектакль көрермендерін, поезд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады.2) тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы)3) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар)ІІ. Көлеміне қарай: 1) үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер); 2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары); 3) кіші қоғамдастықтар немесе топртар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынас мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын боладыІІІ. Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар: 1) әлеуметтік-экономикалық (касталар, сословиелар, таптар); 2) әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар); 3) әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер); 4) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер); 5) әлеуметтік-территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.Әлеуметтік қоғамдастықтарды осылайша жіктеу түсінікті де дәлірек болады. Әлеуметтік қоғамдастықтардың (топтардың) негізгі түрлері:тұрақтылық дәрежесіне қарай тұрақтылығы төмен топтар орташа тұрақтылығы бар топтар тұрақты топтаркөлеміне қарай үлкен топтар орташа топтар кіші топтармазмұнына қарай әлеуметтік-таптық әлеуметтік-этникалық әлеуметтік-этникалық әлеуметтік-кәсіби әлеуметтік-территориялықҚоғамның әлеуметтік құрылымын осындай үш өлшем тұрғысынан жіктей келе әлеуметтану ғылымы басты назарды әлеуметтік-экономикалық қоғамдастыққа аударады. өйткені қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мәнін, себептерін түсіну үшін бұл аталған өлшемнің мәні зор. Ол туралы алдағы тарауларда айтылады.Жоғарыда біз әлеуметтік құрылымының басты элементтеріне әлеуметтік институттар жптады дедік. Әлеуметтік институттар – қоғам мүшелерінің бірлесіп өмір сүрлеруін ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.Әлеуметтік инстиуттар қоғамның, адасдардың қажеттілігінен пайда болды. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігін полиция (милиция) институты пайда болды. Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:1) Экономикалық инстиуттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады. Еңбек ақы – жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады. 3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасцында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де беркі болуына тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.Әлеуметтік институттарЭкономикалық институттар меншік нарық ақша еңбек ақы- Саяси институттар мемлекет сот армия аяси партиялар- Рухани институттар ғылым білім тәрбие моральдық ережелер- Отбасы саласындағы отбасы ана әке неке балаларыБұл сызбанұсқада келтірілген әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады.Қоғам ілгеріліп дамыған сайын әлеуметтік институттар да дамып, жетіліп отырады.
Қоғамның әлеуметтік стратификациясы Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:-касталар;-сословиелер;-таптар.Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйеАшық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталадыжабық жүйе- Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:-брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;-кшатрийлер (әскери адамдар);-вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;-шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;-хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, -қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек. Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінез-құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған. Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге – қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған. «Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.Әлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер және К.Маркс.
Қоғамның дамуы туралы тұжырымдамалар.
Қоғамның формациялық теориясын әзірледі ……..
Қолданбалы әлеуметтанулық зерттеудегі мәселе түсінігі. Оның дәлелдеме процедурасы. Ә-у қоғамдық ж/е ә-к құбылыстар мен үрдістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттеәді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.
Құрылымдық функционализм (Т. Парсонс). Әлеуметтік құрылым туралы әлеуметтануда кӛптеген концепциялар бар. Оларды топтастыра келе негізгі екі бағытты ажыратуға болады. Әлеуметтанушылырдың бір тобы әлеуметтік құрылымды, оның элементтерін, яғни оның құрастырушы заттарын, процестерін нақты ӛмірде объективті түрде бар деп түсіндірсе, ал, екінші бір бағыттағы әлеуметтанушылар таптарды, әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік құрылымды тек қана сананың, адам ойының нәтижесі деп түсіндіреді. Бірінші бағыттағы әлеуметтанушылар құрылымдық функционализм деп аталатын топқа, ал екінші бағыттағылар символдық интеракционизм деп аталатын топқа жатады. Біз осылардың ішінде бірінші концепцияны, яғни құрылымдық функционализмді қолдаймыз, осы теориялық бағытты басшылыққа аламыз. Американ социологиясының классигі Т.Парсонс социологияны мінез-құлықтардың өзара іс-әрекеттері мен атқаратын рөлдерінен - құндылықтардың жалпы иерархиясына бағытталған өзара іс-қимылдардан тұратын, мәдени үлгілер, ережелер мен мәртебелердің институциялануына негізделетін құрылымдарға сүйенетін, әлеуметтік жүйелерді зерделейтін ғылым деп біледі. Талкотт Парсоностың (1902-1979ж.ж.) көп еңбектерінің ішінде біз оның екі негізгі еңбегін, яғни әлеуметтік іс-әрекет, қимыл («социальное действие») және құрылымды-функциональды талдау («структурно-функциональный анализ») қарастырғанымыз орынды болады. Бұлардың қысқаша мазмұны мен мәні мынадай. Қандай да бір әлеуметтік іс-әрекет, қимылдың болуында қажетті шарттар бар. Әрекет қимыл, біріншіден, оны жүргізетін адамды, екіншіден, нақты жағдайды, үшінші мақсатпен белгілі бір заң нормаларына (ережелеріне) сүйенген шартты жағдайларды қажет етеді. Т. Парсонстың пікірінше, әрбір әрекет, қимылдың өзін-өзі ұйымдастыратын белгілі жүйесі, оның шартты белгілері (символдары) бар. Олар: мысалы, тіл, құндылықтар, іс-әрекеттің, белгілі бір нормативтік ережеге сәйкес, яғни іс-әрекеттің, қоғамда қабылдаған нормаларға, құндылыққа тәуелді болуы. «Әлеуметтік іс-әрекет» теориясының ең негізгі ұғымы – «әрекеттер жүйесі». Т. Парсонс әрекеттер жүйесіне әлеуметтік болмыстың, шындықтың (социальная реальность) алуан түрлі деңгейлерін, олардың бір-бірімен өзара белгілі бір байланысын жатқызады. Әрбір жүйе дұрыс іс-әрекет, қимыл, қызмет атқару үшін жүйенің құнды тұрпатын сақтау; интегация құрылымы, мақсатқа жету (целедостижение), бейімделу (адаптация) сияқты 4 шартты ескеру қажет. Басқаша айтқанда, бұл өзгермейтін (инвариантный) функционалды мәселелер жиынтығы. Ол әрбір жүйеде және оның бөліктерінде шешіліп отыруы керек. Т. Парсонстың қандай да бір теориялық құрылымын алмайық, оның әрқайсысында қайталанып отыратын ой өзегі, басты пікірі (леймотив) болады. Ол - әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын көрсететін құрылым және оның зерттеу механизмі. Осы міндетті ойдағадай шешуге Т. Парсонстың екінші теориясы, яғни «құрылымдық – функционалды талдау» бағытталған. Бұл теорияға сәйкес қоғам және оның жеке жүйелерінің белгілі бір функцияларды орындауы қарастырылады. Т. Парсонстың құрылымдық – функционалды талдау теориясын онан әрі жетілдіру жолдарын іздеді. Ол жаңа эволюциялық емес тұжырымдамасын түйіндеді. Онда ол қоғам құрылымының жіктелуіне басты назар аударады. Ал, қоғам құрылымының дифференциациялануы деп Т. Парсонс әрбір кезеңге сәйкес қоғам құрылымының күрделенуін түсінген. Ол құрылымның күрделенуі қоғамның және оның жүйелерінің тұрақтылығын азайтады деп қорытынды жасайды.
Құрылымдық функционализм (Т.Парсонс)- ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ФУНКЦИОНАЛИЗМ қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастыратын теореткалық көзқарас. Аталмыш бағыт аясында талдап ҽзірленген қоғамның жүйелік моделі органицизмге тҽн идеялар жиынтығын біріктіріп, қорытты. Өзгерістерді талдауда ҽдетте пайдаланылатын тұжырымдамалық аппарат, түгелімен ең алдымен жүйелік модельден алынады, тіпті ғалымдар мұны түсінбесе немесе өздерін жүйелік жҽне құрылымдық – функциялық теориялардың жақтасушымыз деп санамаса да солай етіледі. Тек таяуда ғана, «жүйелік модельге», қоғамның процесс тұрғысынан, қарастырылатын «балама бейнесі» немесе морфогенетикалық көзқарас тұрғысынан қарсы қойылды да, соның салдарынан ҽлеуметтік өзгерістерді зерттеуде пайдаланылып келген тұжырымдамалар тиісінше модификацияға ұшырады. Жүйелік модель әлеуметтік өзгерістер тұжырымдамасының туындысы ретінде Жүйелер теориясының негізгі идеясына сҽйкес, кешенді бүтін ҽрқилы өзара байланыстармен біріккен жҽне өздерін қоршап тұрған нҽрседен қандай да бір шекаралармен оқшауланған көптеген элементтерден тұрады. Бұндай жүйелердін кҽдуілгі мысалдары қызметін тірі организмдер ғана емес, молекулалар, планеталар, галактикалар атқара алады. Бұлай қорытуды адамзат қоғамының ҽртүрлі деңгейлеріне қолдануға болады. Жүйе ретінде макродеңгейде «жаҺандық қоғам» (адамзат), орта деңгейде (мезодеңгей) – ұлттық мемлекеттер мен аймақтық саяси немесе ҽскери одақтар, микродеңгейде – локалдық бірлестіктер, ассоциациялар, фирмалар, отбасылар, достар тобы жҽне т. б. қарастырылады. Ол-ол ма, ондай терминдермен экономика, саясат, мҽдениет секілді принципінде қилы өрістер де нобайлана алады. Осылайша, жүйелер теориясы мектебінің өкілдері, соның ішінде Талкотт Парсонс (1902–1979), «жүйе» ұғымын тек өзекті ғана емес, ҽмбебапта ұғым деп санады.
Құрылымдық функционализм- Фунционализм тарихының маңызды кезеңіне американдық нұсқауы (П. Парсонс, Р.Мертон және т.б.) айналды, олар әдістемені дамытып, әлеуметтанудың барлық бөлімдеріне таратты. Американ социологы Роберт Мертон (т.ж. 1910) құрылымдық функционализм теориясы мен әдістемесінің құрастыруына елеулі үлес қосты.Құрылымдық тәсіл негізінде күрделі объект (қоғам және оның жағдайы, әлеуметтік институт немесе үрдіс) оның құрамына кіретін бірліктердің аналитикалық есептеуін жүргізеді. Шығарылған статистикалық жағдай әлеуметтік өзгеріс үрдісінің анализі үшін бастама бол алады.Қоғамды көптеген элементтерден тұратын күрделі, статистикалық жүйе ретінде қарастыратын құрылымдық тәсілден ерекше функциональді тәсілді біртұтас және тәсіл тұлғалардың функциональді тәртіптері, әр түрлі деңгейдегі ұйымдар мен жүйелер жөніндегі көріністерге негізделеді. Функционализм бойынша қоғам өзара тығыз байланыста болатын компоненттерден тұрады. Мертон бойынша, функция деп берілген жүйенің реттелуі мен оның ортаға бейімделуіне қызмет ететін бақылауларды есептеу керек, ал дисфункция кері үрдіс.Осы құрастырулар негізінде, ол өзінің атақты «орташа деңгей» идеясын қалыптастырды, ол кіші жұмыс гипотезалары мен кең теоретикалық спекуляциялар арасындағы делдалдық рөлін атқарды. Социологиялық зерттеудің қағидалық және эмпирикалық деңгейлерін байланыстырып, оның «таза» эмпиризм тенденциясына қарама-қайшылығын айқындады. Американ әлеуметтанушы-теоретигі (1902-1979) Толкотт Парсонс американдық әлеуметтанудың және жалпы әлеуметтанудың дамуына тигізген еңбегі зор болды.Әлеуметтанудағы іс-әрекет қағида мен құрылымдық-функциональдылық мектептің негізін қалаушысы Парсонс, адам шындығын оның барлық ерекшелігінде толығымен қамтитын, жалпы аналитикалық логико-дедуктивті жалпы қағидалық жүйені құруға тырысты. Нәтижесінде Парсонс құрамына мәдени, әлеуметтік, органикалық және жеке басты жүйелерді кіргізетін, өзара айырбас қатынасына түсетін іс-әрекет жүйесінің комплексті қалыптасқан моделін құрды. Осы модельді құру үшін, Парсонс ортамен қатынасты жүзеге асыруда белгілі бір мүмкіндіктерге ие болған іс-әрекет субъектісінің құрылымын қарастырған. Әлеуметтік іс-әрекеттердің құрылымы әрекет етуші адамнан, белгілі бір жағдайдан, шарттан тұрады.Парсонстың бүкіл әлеуметтік іс-әрекеттердің жүйесі қоғамның жүйе құрылысы негізінде негізделеді, бұл әр жүйенің 4 негізгі қызмет атқаруын білдіреді (икемдеу, мақсатқа жету, бірігу және үлгілерге сай келу).
МММ
М. Вебер мен Г. Зиммел әлеуметтануыВебердің әлеуметтануы.Макс Вебер – неміс ғалымы, оның ойынша, әлеуметтік процестерді логикалық түсіну әлеуметтануда маңызы бар. Адамның индивидуалды іс-әрекетіне түсінік беру қажет.Вебердің ойынша, әлеуметтанудың міндеті- адам өзінің ұмтылысына қандай іс-әрекет арқ. жететіндігін түсіну қажет, және қандай себепке және қандай дәрежеге дейін жеттіадамның ұмтылысы басқа адамдардың іс-әрекетіне қандай себеп-салдарға әкелгендігін түсіну қажет-әлеуметтік іс-әрекет субъектісінің рухани әлемін мазмұнын түсінуӘлеуметтік іс-әрекет әлеуметтанудың пәні-адам өз көзқарасына сәйкес мақсатын және оған жетудің жолын ойластырады-адамның іс-әрекеті басқа субъектілерге бағытталу керекӘлеуметтік іс-әрекетті түсінудің түрлеріЛогикалық (ұғымдар арқ. түсіну)Эмоционалды (табиғи сезім)Вебердің пікірінше, социологияның негізгі мақсаты – әлуметтік әрекеттерді оның себептері арқ. түсіндіру болып табылады. Вебердің түсінігінде, әлеуметтік әрекет – ол адамның өз ісіне өзі мән беру арқ. жасалатын және ол іске асырылған жағдайда оған басқа адамдардың әрекеті немесе мінез-құлқы арқ. жауап қайтару мүмкіндігі ескерілетін іс-қимыл. Мәселен, адамның ойланбай істеген әрекеті немесе кенеттен болған жағдайлар Вебердің пікірінше, әлеуметтік әрекетке жатпайды. Сондай-ақ, адамның іс-әрекетіне басқаның көңіл аударуы, эмоциясы ескерілмесе, ол да әлеуметтік әрекетке жатпайды. Мысалы, адамның жеке ұйде отырып, намаз оқуы және т.б.Сондықтан Вебер әлеуметтік әрекетті түсіндіру үшін ең алдымен әрекет субъектінің өз ісіне берген мағынасын анықтау қажет десе, екіншіден әлеуметтік әрекеттің себептік мотивтерін анықтау қажет деп көрсетеді. Вебердің пікірінше, әлеуметтік әрекеттер үлкен әлеуметтік өзгерістерге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, әлеуметтік әрекеттер институттар мен топтардың іс-әрекет сипатына ықпал етеді.Вебер әлеуметтік өмірдегі идеяның маңызды ролін жақтай отырып, адамдардың қоғамдық санасын, бүкіл көзқарасын түгелдей қоғамның материалдық немесе экономикалық факторлары анықтайды дейтін пікірге қарсы болды.оның пікірінше, діни көзқарастар арқ. да қоғамның экономикалық жүйесін өзгертуге болады.М.Вебер харизматикалық басшылық тұғырнамасын ұсынды (харизма гр.Құдай берген қасиет), жеке құлшылық ету және сенiмдiлiк арттыру мен байланыстыҚарапайымнан тыс қасиеттiн авторитетiне негiзделгiн, ол бар блған адамдабасқарушылыққа, билеушiлiкке беймделген дегендi бiлдiредi (батылдық, ашық, қайсар болу), және ол адамды билiкке әкеледi, мысалы: рухани өмiрде пайғамбар немесе политика саласында саясатшылар сияқты.Г.Зиммельдің бұл бағыттағы ғалыми көзқарастарын 20 ғ. 20-жыллдары Чикаго мектебінің көрнекті өкілдері Роберт Парк, Эрнст Бэрджесс және Альбион Смолл қолдады. Олар “әлеуметтік өзара ықпалдасу теориясын” негіздеді. Бұл теория бойынша шиелініс еркін бәсеке, бейімделу, ассимиляция, әлеуметтік өзара ықпалдасудың түрлері ретінде қарастырылған.Әлеуметтану шиелінісі әлеуметтану ғылымының құрамында өзалдына жеке бағыт ретінде 20 ғ. 50- жылдарында қалыптасты. Әлеуметтікшиеліністердің жан-жақты зерттеген конфилктологияныі классиктері Р.Дарендорф (Германия), Л.Козер (АҚШ) және К.Боулдинг (АҚШ) деген ғалымдар болды. Олар өздерінің еңбектерінде шиеліністердің барлық қоғамдық жүйелерге тән жалпылама себептерін ашып көрсетуге ұмтылыс жасап, шиелініс процестерін реттеу және шешудің жолдарын көрсетті.Әлеуметтік шиеліністер мәселесі бүгінгі таңдағы күрделі, өзекті проблема болып табылады. Бұл мәселе - әлемдік масштабта назар аударылып отырған мәселе. Мәселен, саяси ғылымдардың халықаралық ассоциясының 1997 – жылы Сеулде болған Дүниежұзілік конгресі осы мәселені талқылауға арналған. Ғылыми әдебиеттерде шиелініс деген ұғымға бірқатар анықтамалар берілген (олардың қазіргі саны 50-ге жуық). Осы анықтамалардың бәрінде дерлік шиелініс ұғымы әлеуметтік қайшылықтар арқылы түсіндіріледі.
М. Вебер тұжырымдамасында қоғам ұғымы.Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам – адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.М.Вебердің іліміӘлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер бұл мәселеге байланысты тұжырымдамаларында К. Маркстің теориясынан өзгеше және оған ұқсас жақтары да бар екендігін айта кету керек. М. Вебер К. Маркстың қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген ойымен келіседі. Ол пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауына байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді. Екіншіден, М. Вебер адамның статусын – саяси партияға, яғни билікке қатынасы деген стратаға жіктеудің өлшемдерін енгізеді. М. Вебердің пікірінше, статус әлеуметтік топтар мен индивидтердің ұоғамдағы алатын орны мен мәртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал, адамның статусы – білімі мен шеберлігінің дәрежесі, өмір салтя сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді. М. Вебер қоғамдағы тапқа бөлінуге әсер ететін факторларды ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап көрсетеді. Олар;капитал иелерінің табы;интеллектуалдар мен менеджерлерден, басқарушылардан тұратын тап;дәстүрлі ұсақ буржуазия табыжұмысшы табы.Сонымен, М. Вебердің ұсынған әлеуметтік стратификация теориясында қоғамды стратаға жіктеудің біршама кең өлшемдері берілген. Ғылыми әдебиетте қоғамның страталарға жіктелуінің басқа да өлше,мдері кездеседі. Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымның негізі адамдар арасында болатын табиғи және әлеуметтік теңсіздік екеніндігін мойындайды. Осы теңсіздік деген өлшем қоғам адамдарының біреулерінің басқалардан жоғары, екінші біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді. Табиғи теңсіздік адамдардың табиғи жаратылыстарына байланысты (жыныс, жас мөлшері, темперамент, терісінің түсі, бойы, ақыл-ойының деңгейі) ерекшеліктерінен туындайды. Мәселен, ақыл – парасатымен, күш – қайратымен ерекшеленетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады. Ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздік ерте заманда пайда болып, күні бүгінге дейін сақталып келеді. Барлық дерлік ерлерде әйелдерінің табыстарының көлемі ерлерге қарағанда төмен. Әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың да деңгейі жоғары. Әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуына қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни адамдардың кәсіби мамандануы ықпал етеді. Ең көлемді қоғамдық еңбек бөлінісі еңбектің аграрлық және өнеркәсіптік деп жіктелуіне байланысты болды. Мұның өзі қала мен село өмір салтының қалыптасуына, халықтың территориялық-аймақтық жағынан жіктелуіне әкелді. Қала өмірінің селоға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтсақ, еңбектің мазмұны мен түрлерінің сан алуандылығы, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету салаларының, саяси және басқару орталықтары мен бұқаралық ақпарат жүйесінің, ғылым мен білімнің кеңінен дамуы қалаларға тән сипатты белгілер. Қоғамдық еңбек бөлінісі ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылықтың пайда болуына, соның нәтижесінде қоғамда білімі мен кәсіби деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген және ол адамдар ме топтардың вертикалды бағытта сатылы орналасуынан көрінеді. Яғни тік сызық бойында бір топтың екінші бір топтан жоғары немесе төмен орналасуы деген сөз.
Маркс әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары- К.Маркс мінсіздендірілген, абстракталы қоғам жағдайына тән даму теорисына қарсы шығып, өзінің нағыз, шынайы фактілерге негізделген қоғамның объективтік –материалистік теориясын жасады, қоғамның дамуын “формация”, яғни, ерекше бір құбылыс ретінде қарастырды; 2. К.Маркс қоғамның даму заңдарын түсіндіргенде, әр уақытта экономиканы (яғни, өндірістік тәсілді, оның ішінде өндіргіш күштерді, оларға сәйкес өндірістік қатынастарды) ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп санады; 3. Қоғамның дамуын (детерменизм) бір формацияның, оған тән өндірісітік тәсілдің екінші бір формациямен ауысуымен байланыстырды; 4. К.Маркстың әдістемесінде қоғам дамуының екі басты үлгісі бар: а) органикалық, б) механикалық.Біріншісі, әлеуметтік эволюциялық процесті түсіндіру үшін қолданылады. Басқаша айтқанда, бірінші үлгі қоғамды тарихи процесс ретінде қарастырады. Екінші үлгі, формацияның негізгі екі компоненті – базис пен қондырманы талдағанда, олардың арасындағы қатынастарды механизм ретінде түсіндіреді. 5. К.Маркс әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясын жасаған авторладың бірі болды. Жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдықтарына меншік формасына байланысты екенін көрсетті. Сөйтіп К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымын экономикалық таптардың қатынастары арқылы анықталады деп көрсетті. Осыған орай К.Маркс жеке тұлғаны зерттеудің қажеттілігін айтып, оны қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп түсіндірді.