
- •Әлеуметтік институттың түрлері мен функциялары.
- •Әлеуметтік мобилділік ұғымы және түрлері.
- •Әлеуметтік рөлдің құрылымы
- •Заманауи конфликтологияның негізін қалаушы ……
- •Келе біткен мәртебе
- •Қоғам типологиясы.
- •Марксизмдегі тұлға – ол
- •Сипаты мен технология деңгейі бойынша қоғамның классификациясы-
- •Тұлғаның ажырамас белгілері.
- •Ұжымдық мобилділік: түсінігі, себептері, салдарлары.
- •Э. Дюркгейм тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы.
- •Эмпирикалық зерттеулер: түсінігі, құрылымы.
Э. Дюркгейм тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы.
Э.Дюркгейм әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары – ол Өзіне деңгейлердің негізін алғанда қоғам дамуы туралы ойша, дерексіз теориялар жасауға көп көңіл бөлінгенін және олардың әлеуметтік факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын айта келіп, әлеуметтанудың әдісін дайындауды қолға алады.Оның пікірінше әлеуметтану – әлеуметтік факторлар туралы ғылым.Бұл дегеніміз- адамдардың ұжымдық санасы қалыптастырған саяси , құқық, мораль, діни және басқа да идеялар, нормалар мен құндылықтар және жекелеген индивидтерді осы идеялар, нормалар мен құндылықтарға сәйкес қалыптастыруға мәжбүр етушілік.
Экономикалық әлеуметтану: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі«Экономика әлеуметтануы» термині XIXғ бастап қолданысқа енді, дегенмен мұндай атаумен еңбектер XXғ шыға бастады. Ең бірінші еңбек Бельгиялық әлеуметтанушы Г.Де Грефаның (1886-1964) «la sociologio economique» деген кітабы болды, ол1904 жылы орыс тіліне аударылып «әлеуметтік экономия» деген атпен жарық көрді. Экономикалық әлеуметтанудың тарихын үш кезеңге бөліп қарауға болады: ғылымға дейінгі(б.з.д.3 мыңжылдық-б.з.XVIII) классикалық(XIXғ- XXғ) және қазіргі (XXғ соңы- XXIғ). Платон (б.з.д. 427-347) бірінші болып еңбектің «әртүрлі үйлесімдік» заңын орнатты. Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды.Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бір-бірімен тығызбайланысқан құбылыстар мен процестер жатады.Ал, экономикалық әлеуметтану пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады.Бұған экономикалық алуан түрлі адамдар бірлестіг, мысалы, өндіріс еңбек ұжымдары, өндіріс саласындағы әлеуметтік қатынастар,(үстемдік ету – бағыну,басқару – орындау)еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы,миграция, мамандықты іріктеп алу,еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау жағдайы,көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының артуына әсері, тағы басқалар жатады.Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әректі, қызметінің жемісі ретінде қарайды.Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждықты талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рольдер, яғни қызмет атқарды,осыған сәйкес олар қоғамда әр түрлі орында, жағдайда,беделде болады.Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканы өз алдына жүйе деп қаралды.Ал,экономикалық жүйеде – өндіріс - бөлу – айырбастау - тұтыну жүзеге асырылады. экономикалық жүйедегі адам, оның нысана бағыттары,тәртібі – міне экономикалық әлеуметтанудың экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің басты бағыттары мен мәселелері.Дәлірегі, адамның өмір сүріп отырған ортасы - қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерістерге (ой-пікірлері,көзқарастары) нарықтық қатынастарға,ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді.
Эксперимент- Социологиялық ақпаратты жинаудың ең бір ерекше және қиын игерілетін әдістерін эксперимент жатады. Эксперимент - `experimentum деген латын сөзінен шыққан - сынам, тәжірибе ) бақыланатын және басқарыланылатын жағдайларда жаңа білім алудың ғылыми әдісі. Табиғи ( далалық, лабораториялық ) және ойша (үлгілік) түрлері бөліп көрсетіледі. Социологияда табиғи эксперименттерді пайдалану адамдардан тұратын әлеуметтік зерттеу объектілерінің табиғатымен және зерттеушіден объектіге « зиян келтірмеу» деген моральдық норманы сақтауын талап етумен шектелген. Сондықтан көпшілік табиғи социологиялық эксперименттер шағын топтарда өткізіледі. Және әдетте әлеуметтік - психологиялық экспериментпен көптеген ұқсастықтары болады. Ойша социологиялық эксперименттер барынша кең таралған, мәні бойын олар статистикалық талдау әдістері қолданылатын әрбір ірі социологиялық зерттеуге қатысады, және әлеуметтік процестерде компьютерде үлгіге келтіру кезінде негізгі болып табылады. Мұндайда барынша тиімдісі объекті өлшемінің бір бөлігі қалыпқа келтірілген, ал басқасы қалыпқа келтірілген және формальді бөлігі диалогтық режимде өзара әрекет ететін тұжырымдама, сценарийлер, адамның құндылық бағдарлары түрінде ұсынылған үлгілеудің адам – машина жүйесі болып табылады. Үлгілік эксперименттер табиғи әлеуметтік эксперименттің стратегиясын барынша нақты анықтауға мүмкіндік береді, бірақ оны ауыстыра алмайды. Дәлелдеменің логикалық құрылымы бойынша гипотеза сызықтық және паралельді болып бөлінеді. Сызықтық эксперимент талдауға бір ғана топ тартылуымен ерекшеленеді. Паралельді экспериментте бір мезгілде екі топ қатысады: бақылау және экспериментті. Осылайша, социологиялық зерттеулердің нақты әдістерін пайдалану зерттеудің жағдайына, орны мен уақытына, мақсаты мен міндетіне, сондай-ақ оның түріне байланысты болады.