
- •5. Аталғандардың барлығы. *
- •Дәрістер тезисі
- •Қылмыстылық;
- •Қылмыстылықтың себептері;
- •Қылмыстылықтың алдын алу;
- •Халықсаны
- •Халықсаны
- •Келесіжалғаспалыәдісалдыңғыәдіскеұқсайды, дегенмен, бұләдістебірғанажылбазисдепалынбайды, оныңорнынаүнеміалдыңғыжылалыныпотырады.
- •Қылмыскерге сенгендігінен қаражат туралы ақпараттарды айтып немесе ақша тұрған жерлерді көрсететін жағдай;
- •Адам өзін бай етіп көрсетіп, бай адам есебінде әсер қалдырып, қылмыскерлердің назарын аударып алатын жағдай;
- •Адам қарақшыға не тонаушыға қарсылық көрсете алатын мүмкіндігі бола тұра қорқақтық танытып, қылмыскерлерге орай туғызатын жағдай.
- •Қылмыстылықтың алдын алу;
- •Глоссарий
Глоссарий
Қылмыс-жазалау қатерімен тыйым салынған, қылмыстық заңда көзделген айыпты қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).
Қылмыстылық - өзінің бойына белгілі бір қоғамда белгілі бір кезеңде жасалған, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштермен (жай-күйі, деңгейі, қозғалысы, құрылымы, сипаты және басқалары) сипатталатын барлық қылмыстардың жиынтығынан тұратын әлеуметтік-құқықтық құбылыс.
Криминализация-бұрын қылмыс болып табылмаған іс-әрекеттерді қылмыстар қатарына жатқызу.
Декриминализация-заң бойынша қылмыс деп танылатын іс-әрекеттерді қылмыстар қатарынан алып тастау.
Қылмыс санаттары-қылмыстық кодексте көзделген әрекеттер сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді.
Деликтология – (латынның «delict» - теріс қылық, «logos»-грек тілінен аударғанда ілім деген мағынаны білдіреді де) құқық бұзушылық, заңды бұзушылық туралы ғылым ретінде анықталады.
Дактилоскопия – «дактиле» - грек сөзі саусақ дегенді, «скопо» гректің қараймын деген мағынасын, яғни саусақтың паппилярлық өрнектерін криминалистік зерттеуді (адамдардың саусақтарынан бөлінетін май булары арқылы қалыптасатын іздер бойынша идентификациялауды) білдіреді.
Қылмыстылықтың сандық көрсеткіштері – қылмыстылықтың деңгейі мен қозғалысынан (динамикасынан) тұрады.
Қылмыстылықтың сапалық көрсеткіштері – қылмыстылықтың құрылымын көрсетеді.
Қылмыстылықтың деңгейі – белгілі бір аумақта белгілі бір кезеңде жасалған қылмыстар санын тұрғындар санына бөлу арқылы және қылмыстылық коэфициентіне көбейту арқылы (*10 немесе 100 мың адамға шаққанда) есептеліп шығарылады.
Қылмыстылықтың құрылымы – қылмыстылықтың құрылымы мен мазмұнын білдіреді. Қылмыстар санаттары бойынша әр түрлі қылмыстардың бір-біріне қатынасы.
Детерминация – латынның «determinare» – айқындау, анықтау деген сөзінен шыққан, дүниедегі құбылыстардың өзара байланысын, тәуелділігін анықтауға байланысты философиялық ұғым.
Қылмыс қайталануы-қылмыстық заңға сәйкес бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамның қайтадан қасақана қылмыс жасауы.
Заңды рецедивтілік – ҚР ҚК 13-бабында белгіленген қайталанудың түрлері
Криминологиялық рецедивтілік – соттылығына қарамастан қайталанған қылмыстарды түсінеміз.
Пенитенциарлық рецедивтілік – қылмыскердің бас бостандығынан айыру орынында отырып қайтадан қылмыс жасауы.
Френология – адамның бас сүйегінің шеткі тұстарына қол тигізу арқылы оның миындағы әртүрлі психикалық ерекшеліктерді тану туралы ілім.
Тіркелген қылмыстылық – анықталған және ресми есепке алынған қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік).
Латентті қылмыстылық – жасырын, ресми тіркеуге дейін жетпей қалған, жетсе де құқық қорғау органдарының қызметіне сайкес ашылмай, көлеңкеде қалып қойған қылмыстар.
Латентті қылмыстылықтың табиғи және жасанды латенттілілік деген екі түрі бар.
Виктимология – қылмыс жәбірленушісі туралы ғылым. Виктимология – («victima»-латынша құрбан, «logos»-грек тілінен аударғанда ілім деген мағынаны білдіреді де) – қылмыстардың жасалу барысындағы жәбірленушінің (мінез-құлқы) ролі мен маңызын зерттейді.
Виктимизация – адамды қылмыс жәбірленушісіне айналдыру процесі.
Виктимділік – адамның белгілі бір объективтік, субъективтік, физиологиялық немесе интеллектуалдық ерекшеліктеріне байланысты қылмыстың жәбірленушісі болуыға деген бейімділігі.
Гастролерлер - әр аумақта қылмыс орнын ауыстырып қылмыс жасайтын қылмыскерлер.
Технарлар – арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, киімді, сөмкелерді, портфельдерді және т.б. кесу арқылы қылмыс жасайтындар.
Конфиденттер – жедел-іздестіру органдары өздеріне қойылған міндеттерді шешу мақсатында ақылы немесе ақысыз нысанда құпия түрде көмек көрсету үшін тартқан адамдар.
Қылмыскердің жеке басы – адамның бойындағы қылмысқа итермелейтін жағымды-жағымсыз қасиеттерінің жиынтығы.
Қылмыс құрбаны - қылмыстық іс жүргізу барысында өзінің жәбірленуші болған-болмағанына қарамастан, зардап шеккен тұлғаны айтамыз.
Статистика – ( «статистика» термині этимологиялық тұрғыдан латынның «status» деген сөзінен аударғанда заттың, нәрсенің, құбылыстың жағдайы, жай-күйі деген мағынаны білдіреді) жаппай қоғамдық құбылыстарды арнайы әдіс-тәсілдермен зерттейтін ғылымның саласын білдіреді.
Жезөкшелік – латынның «prostitution» – қорлау, абыройсыздандыру деген сөзінен шыққан, әйелдердің тәнін өмір сүру немесе артық пайда табу мақсатымен сатуды білдіреді.
Маргиналдар – латынның «marginalis» – «шетінде тұрған» деген сөзінен шыққан, қылмыс жасауға бейім тұрған тұлғаларды (үй-жайсыздар, қадағалаусыз қалғандар, жұмыссыздар және т.б.) білдіреді.
Пенология – «poena» - латынның жаза, «logos» - грек тілінен аударғанда ілім деген сөзінен шыққан, яғни жаза туралы ілім деген мағынаны білдіреді.
Депенализация – белгілі бір қылмыс үшін болған жазаны қылмыстық заңнан алып тастау.
Эвтаназия – қайырымдылық негізде кісі өлтіру, амалсыздан өмірден қол үзуге келісім беру.
Референттік топтар – қылмыскерлер тобына жатпайтындар, бірақ сол топта болғысы келетіндер.
Криминологиялық ақпарат – криминологияның негізгі компоненттері туралы анықталмағандықты, білімсіздікті жоятын және криминологиялық болжау мен жоспарлауға бағыт беретін, ғылыми-практикалық сипаттағы мәліметтердің жиынтығы.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы – 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің жасаған қылмыстарының жиынтығы.
1