Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umk_informatika_te_smis_opd_2012-2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.84 Mб
Скачать
    1. Емтихан сұрақтары, қорытынды және аралық бақылау тест жұмыстары

Қорытынды бақылау сұрақтары

АБ №1

  1. Ақпарат (Информация) дегенiмiз не? Ақпараттың қандай түрлерін білесіз?

  2. Информатика дегенiмiз не?

  3. Процессор дегенiмiз не? Микропроцессор дегенiмiз не?

  4. Информацияның өлшем бiрлiктерi. Бит, байт ұғымдарын қалай түсінесіз?

  5. Санау жүйесi дегенiмiз не? Дәреже дегенiмiз не?

  6. Сандардың позициялық көрсеткiшiн не дейдi?

  7. Санау жүйесi неше түрге бөлiнедi және қалай аталады. Мысал келтiріңіз.

  8. Есептеу техникасы дегенiмiз не?

  9. Компьютер қолданылуына қарай нешеге бөлiнедi? Атап беріңіз.

  10. Компьютер өлшемiне қарай нешеге бөлiнедi? Атап беріңіз.

  11. Дербес компьютердiң негiзгi сыртқы құрылғылары. Олардың iс-әрекеттерi қандай?

  12. Дербес компьютердiң сыртқы құрылғыларына нелер жатады?

  13. Компьютер дегенiмiз не?

  14. Компьютер мен жазба (пишущий) машинкасының айырмашылығы?

  15. Монитор дегенiмiз не?

  16. Модем дегенiмiз не? Қандай сөзден шыққан?

  17. Клавиатура дегенiмiз не?

  18. Жүйелi блокты қалай түсiнемiз.

  19. Тышқан дегенiмiз не?

  20. Винчестер дегенiмiз не?

  21. Аналық тақша (Материнская плата) дегенiмiз не?

  22. Принтер дегенiмiз не? Ол не үшiн қажет? Олардың қандай үлгiлерiн бiлесiз?

  23. Сканер дегенiмiз не?

  24. Сканер мен көшiрме (ксерокопировальный аппарат) аппаратының айырмашылығы неде?

  25. Дискi дегенiмiз не? Оның қандай түрлерiн бiлесiз?

  26. Дискета дегенiмiз не?

  27. Драйвер дегенiмiз не? Мысал келтіріңіз.

  28. Конфигурация дегенiмiз не?

  29. Ақпараттық интерфейс дегенiмiз не?

  30. Файл дегенiмiз не?

  31. Каталог дегенiмiз не?

  32. Файл мен каталогтың айырмашылығы түсiндiріңіз. Мысал келтіріңіз.

  33. Программа деп нені айтады?

  34. Программалық жасақтама деген не?

  35. Құрылғы дегенiмiз не?

  36. Программа мен құрылғының айырмашылығын түсiндiріңіз.

  37. Қолданбалы программалар не үшін қолданылады? Өзіңіз білетін қолданбалы

программалардың түрлерін атаңыз.

  1. Операциялық жүйе дегенiмiз не? Түрлерiн атап берiңiз.

  2. Операциялық жүйе неше бөлiмнен тұрады? Қызметтерiн атап беріңіз.

  3. MS DOS операциялық жүйесiндегi каталогтармен жұмыс iстеу командаларын атап,

қызметiн түсiндiрiңiз.

  1. MS DOS операциялық жүйесiндегi файлдармен жұмыс iстеу командаларын атап,

қызметiн түсiндiрiңiз.

  1. Текстiк (мәтiндiк) файл құру командасы.

  2. Файлды көшiру командасы.

  3. Файлдың атын өзгерту командасы.

  4. Дискiдегi файлды оқу командасы.

  5. Дискiнi форматтау командасы.

  6. Дискiдегi барлық информацияны көру командасы.

  7. Дискiдегi барлық информацияны өшiру командасы.

  8. Экранды тазалау командасы.

  9. MS DOS`-пен WINDOWS операциялық жүйелердiң бiр-бiрiнен айырмашылығы.

  10. Кеңейтiлменi қалай түсiнемiз. Мысал келтiріңіз.

  11. Файлдар типiн қалай түсiнемiз. Мысал келтiріңіз.

  12. Norton Commander – дегi функционалдық клавиштер қызметiн айтыңыз.

  13. ДЭЕМ үшін операциялық жүйенің қандай қызмет атқарады?

  14. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  15. Операциялық жүйенің негізгі функцияларын атаңыз.

  16. Файлдарды сақтаудың әр түрлі тәсілдерін атаңыз.

  17. Файлдық құрылымға қызмет ететін операциялық жүйенің командаларын көрсетіңіз.

  18. Файлдың аты қандай бөліктерден тұрады?

  19. Жаңа құрылғыны орнату кезіндегі операциялық жүйенің рөлі қандай?

  20. Windows 2000 операциялық жүйесінің графиктік интерфейсі қандай?

  21. Windows 2000 Жұмыс үстелі дегеніміз не?

  22. Windows -2000-ның басқару элементтерінің қайсысы Жұмыс үстеліне кіре алады?

  23. Тышқанның көмегімен басқарылатын негізгі жағдайларды көрсетіңіз. Қандай

операцияларда олар қолданылады?

  1. Файлдық жүйемен жұмыс атқаратын қандай амалдарды білесіз?

  2. Жанама мәзір деп нені айтады? Мысал келтіріңіз.

  3. Бас меню және оның қолданылуы.

  4. Windows 2000-ның негізгі объектілерін атаңыз.

  5. Жұмыс үстелінде жаңа қаптаманы қалай құрамыз?

  6. Файлды дискетада сақтау үшін қандай амалдар орындалады?

  7. Файлдарды көшіру, жылжыту, қайта атау және өшіру үшін қандай әрекеттер істеу қажет?

  8. Байқаусыз жасалған әрекетті қайтадан қайтару үшін не істеу керек?

  9. Пиктограмма мен жарлықтың (таңбашаның) айырмашылығы неде?

  10. Менің компьютерім мен Сілтеуіштің (ПРОВОДНИК) айырмашылығы.

  11. Windows операциялық жүйесіндегі негізгі объектілер қалай аталады?

  12. Объектілермен жұмыс істеудің негізгі ережелерін көрсетіңіз.

  13. Терезелердің түрлерін атаңыз.

  14. Тереземен жұмыс істеу ережелері қандай?

  15. Сілтеуіш (Проводник) қосымшасы не үшін қолданылады?

  16. Қолданбалы стандарт қосымшаларды (программаларды) атаңыз.

  17. Дискіні форматтау не үшін қажет?

  18. Дискіні дефрагментациялау не үшін қолданылады?

  19. Компьютерлік вирус деген не?

  20. Вирус дегенiмiз не?

  21. Резиденттік вирусты түсіндіріңіз.

  22. Резиденттік емес вирусты түсіндір.

  23. Вирус неше топқа бөлiнедi және қалай аталады?

  24. Программалық вирустар дегенiмiз не?

  25. Жүктеушi вирустар дегенiмiз не?

  26. Макровирустар дегенiмiз не?

  27. Вирусқа қолданылатын программаларды атаңыз.

  28. Жиі қолданылатын архивтеу программалары қандай?

  29. Архиватор дегенiмiз не? Түрлерiн атаңыз. Кеңiнен қолданылатыны қайсы? Мүмкiндiгiн

түсiндiр.

  1. Архив дегеніміз не?

  2. Архивтеу дегеніміз не?

  3. Операциялық жүйенің атқаратын қызметі?

  4. Операциялық жүйенің түрлері және бір – бірінен айырмашылығы.

  5. Қолданбалы программа дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  6. Жүйелік программа дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  7. Әмбебап программалық жасақтаманың негізгі түрлерін атаңыз.

АБ №2

  1. Мәтіндік редакторларды атаңыз.

  2. Графикалық редакторларды атаңыз.

  3. Электрондық кестені атаңыз. Электрондық кестелер қандай мақсатта қолданылады?

  4. Word қандай редактор?

  5. Paint қандай редактор?

  6. Excel қандай кесте?

  7. Программалық тілдерді атаңыз.

  8. Word пен Excel’ – дің айырмашылығын айтыңыз.

  9. Paint пен Excel’ – дің айырмашылығын айтыңыз.

  10. Word пен Paint’ – тың айырмашылығын айтыңыз.

  11. Мәтіндік процессор деп нені атайды?

  12. Word мәтіндік процессоры терезесінің негізгі элементтерін атаңыз.

  13. Аспаптар панелін қалай өзгертуге болады?

  14. Құжатты экранда бейнелеу режимдерін атаңыз.

  15. Word құжатында кестені қалай тұрғызамыз?

  16. Символдарды пішімдеудің барлық параметрлерін атаңыз.

  17. Азат жолды пішімдеу параметрлерін атаңыз.

  18. Microsoft Word программасы қалай іске қосылады?

  19. Мәтіндік редактордың қолданылуы.

  20. Word программасы терезесінің элементтерін атаңыз.

  21. Word процессорында қандай негізгі аспаптар панелі қолданылады?

  22. Қандай құжатты көру режимдерін орнатуға болады?

  23. Даяр болған құжат қалай ашылады?

  24. Қажетті аспаптар панелін экранға қалай шығарамыз?

  25. Мәтінді редакциялаудың негізгі амалдарын атаңыз.

  26. Мәтін бөлігін басқа орынға қалай көшіруге болады?

  27. Алмасу буфері деген не?

  28. Мәтінге 1,5 жоларалық интервалды қалай орнатамыз?

  29. Азат жолды пішімдеу операцияларын атаңыз.

  30. Азат жолды оң жаққа, сол жаққа қалай орналастырамыз?

  31. Құжатқа кестені қалай енгіземіз?

  32. Кесте қалай салынады?

  33. Кестені енгізуге арналған батырма қай аспаптар панелінде орналасқан?

  34. Кестенің сызықтарын қалай өшіруге болады?

  35. Тұтас кестені қалай өшіреміз?

  36. Текстік процессордың қызметі қандай?

  37. Құжатты форматтау мен редакциялаудың айырмашылығы қандай?

  38. Форматтау тәсілдерін атаңыз?

  39. Колонтитул деген не?

  40. Гиперссылка не үшін қажет?

  41. Word процессорындағы, құралдары сурет салуда пайдаланылатын панель қалай аталады?

  42. Word процессорындағы графикамен жасалатын жұмыстарды қандай бағыттарға сәйкес

қарастырады?

  1. Текстке формула қалай қойылады?

  2. Кесте құру тәсілдерін атаңыз?

  3. Кестелерде есептеулер қалай жүргізіледі?

  4. Кесте ұяшықтары қалай біріктіріледі?

  5. Кестедегі сызықтар мен бояулар қалай жасалады?

  6. Электрондық кесте деген не?

  7. Электрондық кестелер қандай мақсатта қолданылады?

  8. Microsoft Office дестесімен (пакетімен) бірге өойылатын электрондық кесте қандай?

  9. Электрондық кестенің негізгі ұғымдарын атаңыз.

  10. Excel терезесінің құрылымы қандай?

  11. Абсолюттік сілтеме деген не?

  12. Салыстырмалы сілтеме деген не?

  13. Аралас сілтеме деген не?

  14. Ұяшықтардың адресі қалай анықталады?

  15. Excel ұяшығына формуланы қалай енгіземіз?

  16. Формулалар жолы экранның қай бөлігінде орналасқан?

  17. Экономикалық есептеулерде қолданылатын санның жазылу пішімдерін атаңыз.

  18. Қандай мәліметтердің типі мәтіндік пішімге жатады?

  19. Ұяшықтағы мәліметтердің пішімін қалай өзгертеді?

  20. Ұяшықтар ауқымы деген не?

  21. Енгізуді автоматтандырудың қандай құралдарын білесіз?

  22. Автотолтыру әдісі қандай типті мәліметтерге қолданылады?

  23. Сандармен автотолтыру әдісі қалай қолданылады?

  24. Excel программасындағы ұяшықтарды прогрессиямен толтыру қалай орындалады?

  25. Функция шебері қалай қолданылады?

  26. Функцияның параметрін қалай енгіземіз?

  27. Excel-де диаграмма тұрғызу қандай сатылардан тұрады?

  28. Диаграмма шебері қалай жұмыс атқарады?

  29. Excel электрондық кестесін мәліметтер базасы ретінде қалай пайдаланады?

  30. Мәліметтер базасын сұрыптау қалай орындалады?

  31. Мәліметтер базасын сүзгілеу қалай орындалады?

  32. Құрама кесте қалай тұрғызылады?

  33. Кестелік процессорлардың негізгі қызметі қандай?

  34. Ұяшықтарға мәліметтер жазудың әдістерін түсіндіріңіз?

  35. MS Excel программасындағы құжат қалай аталады?

  36. Ұяшық адрестерінің түрлері қандай?

  37. Ұяшықтарды қалай біріктіреді?

  38. Excel кестелық процессорында функцияларды қандай тәсілдермен енгізуге болады?

  39. Функциялардың қандай категорияларын білесіз?

  40. Статистикалық функциялардың қызметі қандай?

  41. Диаграмманы қалай тұрғызуға болады?

  42. Диаграмманы редакциялауға не жатады?

  43. Қандай логикалық функцияларды білесіз?

  44. Если функциясы қалай жазылады және орындалады?

  45. И функциясы қалай жазылады және орындалады?

  46. ИЛИ функциясы қалай жазылады және орындалады?

  47. Логикалық өрнектер қандай мәндер қабылдай алады

  48. Беттің формуласын жазуда ұяшық адрестерінің қандай түрлері қолданылады?

  49. Теңдеу шешуде қолданылатын Excel программасының командасы қалай аталады?

  50. Подбор параметра командасы не үшін қолданылады?

  51. Түбір жатқан аралықты қалай анықтайды?

  52. Түбір жатқан аралыққа қандай шарт қойылады?

  53. Мәліметтер қоры деген не?

  54. Мәліметтерді сұрыптау не үшін қажет?

  55. Фильтрацияның қандай түрлері бар?

  56. Сұрыптау мен фильтрациялаудың айрмашылығы неде?

  57. Кеңейтілген фильтр қалай орындалады?

  58. Массивті қалай түсінесіз?

  59. Массив элементтерін енгізуде қандай пернелер қатар қолданылады?

  60. МОПРЕД функциясының қызметі қандай?

  61. Массивтерді алгебралық көбейтуде қандай функция қолданылады?

  62. Сызықтық теңдеулер жүйесін «кері матрицаны табу» әдісімен шешу тәсілін сипаттаңыз?

  63. Матрицаны транспонирлегенде не өзгереді?

  64. Крамер әдісі не үшін қолданылады?

  65. Крамер әдісін қолдану үшін қандай шарт орындалуы керек?

  66. СУММ () функциясы қандай қызмет атқарады?

  67. СУММКВ () функциясы қандай қызмет атқарады?

  68. Мәліметтер консолидациясы не үшін қолданылады?

  69. Мәліметтер консолидациясы қандай команда көмегімен орындалады?

  70. Мәліметтер консолидациясының қандай түрлері бар?

  71. Презентация деп нені айтады? Бос слайд нені айтады? Слайдқа қандай объектілер

орналастыруға болады?

  1. Анимация деп нені айтады?

  2. Microsoft Access қандай программалық жасақтамаға жатады? Microsoft Access

мәліметтер базасы файлының кеңейтуін айтыңыз.

  1. Компьютерлік желі дегеніміз не?

  2. Компьютерлік желі қаншаға бөлінеді? Атап беріңіз.

  3. Ауқымды желіні түсіндіріңіз. Мысал келтір.

  4. Жергілікті желіні түсіндіріңіз. Мысал келтіріңіз.

  5. Интернет дегеніміз не?

  6. Гиперкеңістік деген не?

  7. Интернетке қосылу қалай жүзеге асырылады?

  8. World Wide Web деген не?

  9. Топология дегеніміз не? Қандай түрлерін білесіз? Бір-бірінен айырмашылығы неде?

  10. Шиналық тополияны түсіндіріңіз.

  11. Жұлдыз тәрізді тополияны түсіндіріңіз.

  12. Желі топологиясы дегеніміз не?

  13. Сайт дегеніміз не?

  14. Браузер дегеніміз не?

  15. Провайдер дегеніміз не?

  16. Сервер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  17. Серверлік желі дегеніміз не?

  18. Баспа сервері дегеніміз не?

  19. Почталық сервер дегеніміз не?

  20. Файлдық сервер дегеніміз не?

  21. Ақпаратты сервер дегеніміз не?

  22. Электрондық почта дегеніміз не?

  23. Телеконференция деп нені айтады, оған қалай қатысуға болады?

  24. Гиперсілтеме, гипермәтін деп нені айтады? Гиперсілтеме экранда қалай бейнеленеді?

  25. Доменді қалай түсінеміз?

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАР

ҮЛГІСІ

  1. Ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану

заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән ...

  1. информатика;

  2. информация;

  3. кибернетика;

  4. телекоммуникациялық технология;

  5. ақпараттық технология;

  1. Ақпараттың мөлшерін өлшейтін негізгі өлшем бірлік:

  1. 1 бит;

  2. 1 байт;

  3. 1 бод;

  4. 1 бар;

  5. 1 бат.

  1. Байт деп -

  1. 1 немесе 0 арқылы өрнектелетін ақпарат бірліктерінің саны;

  2. ЖСҚ-дағы (ОЗУ) әріптің кодын өзгерту әдісі;

  3. сегіз биттен тұратын тізбек;

  4. төрт он алтылық цифрдің комбинациясы;

  5. сегіз саннан тұратын тізбек.

  1. Санау жүйесінің негізі болып табылады:

  1. төрт бит болатын ең үлкен сан;

  2. санды жазу кезінде қолданылатын әріптер саны;

  3. санды жазу кезінде қолданылатын цифрлар саны;

  4. санау жүйесінде қолданылатын символдар саны;

  5. бір және нөл сандары.

  1. 1 килобайтта ... бар.

  1. 1000 бит,

  2. 100 байт,

  3. 1024 бит;

  4. 1044 байт;

  5. 1024 байт.

  1. Компьютердің құрамына кіреді:

  1. монитор, цифрларды басатын жабдық, тышқан, перне тақта;

  2. жүйелік блок, ақпаратты енгіз жабдығы, ақпаратты шығару жабдығы;

  3. арифметика-логикалық жабдық, символдарды енгізу жабдығы, сақтау жабдығы, сыртқы дыбыстар жабдығы;

  4. монитор, принтера, перне тақта, тышқан, иілгіш және қатты диск;

  5. монитор, пернетақта, тышқан және қатты диск.

  1. Компьютердің процессоры деп нені айтамыз?

  1. компьютердің өлшемі бойынша ең үлкен микросхемасы;

  2. компьютерде математикалық амалдарды орындайтын жабдық;

  3. математикалық амалдарды орындау кезіде ақпараттарды салыстыратын жабдық;

  4. компьютерде кез-келген амалдарды орындайтын жабдық.

  5. компьютердің жұмысын басқаратын және барлық есептеу жұмыстарын жүргізетін арифметика-логикалық жабдық.

  1. Дербес компьютердің құрамына кіретін негізгі жабдықтар:

  1. Монитоp, джойстик, стpиммеp;

  2. Жүйелік блок, монитор, пернетақта;

  3. Дисплей, сканеp, дигитайзеp, жүйелік блок;

  4. Модем, CD-ROM, пернетақта, принтер;

  5. Жүйелік блок, пернетақта, принтер.

  1. Бірінші буындағы ЭЕМ-нің элементтік базасының негізіне не жатады?

  1. электрондық шамдар;

  2. микросхемалар;

  3. интегралдық микросхемалар;

  4. жартылай өткізгіштер схемасы;

  5. үлкен интегралдық микросхемалар.

  1. Wіndows қосымшаларының терезелерінің өлшемі:

  1. тұрақты өлшем;

  2. өзгеретін өлшем;

  3. өзгермейтін өлшем;

  4. 210 мм мен 297 мм.;

  5. 190 мм мен 298 мм.

  1. Жаңа фон қою үшін не істеу қажет?

  1. Жұмыс столында тышқанның оң батырмасын шертіп Қасиет опциясын таңдаймыз;

  2. Іске қосу батырмасын шерту;

  3. Norton Сommander терезесінен Қасиет опциясын таңдаймыз;

  4. Жұмыс столында тышқанның сол батырмасын шертіп Қасиет опциясын таңдаймыз;

  5. Тапсырмалар тақтасында сол батырманы шерту.

  1. MS Word-та Құру командасы не үшін қажет?

  1. Жаңа құжат құру үшін;

  2. Құжатта жаңа кесте құру үшін;

  3. Құжатта колонкалар құру үшін;

  4. Жаңа сурет құру үшін;

  5. Құжатқа сурет қою үшін.

  1. MS Word-та жоғарғы және төменгі индекстерді қоюға болады ма?

  1. иә, болады;

  2. жоқ, болмайды;

  3. тек төменгі индекс;

  4. тек жоғарғы индекс;

  5. иә, егер инструменттер тақтасында осы режимді қоятын батырма болса.

  1. EXCEL программасы не үшін қажет?

  1. Мәтіндік құжат құру үшін,

  2. Қолданбалы есептерді шығару үшін;

  3. Электрондық кестені өңдеу үшін;

  4. Диаграмм құру үшін;

  5. Сурет құру үшін.

  1. Excel-де клетканың дұрыс адресі:

  1. "A10000;

  2. B1;

  3. #A10;

  4. BZ_99;

  5. 2A.

  1. Антивирустық программалардың қызметіне не жатпайды?

  1. Программаларда компьютерлік вирустардың бар болуын тексеру;

  2. Программаларда компьютерлік вирустардың бар болуын тексеру және оларды емдеу;

  3. Қазіргі уақытта бар вирустардың тізімін жасау;

  4. Вирус жұқтырған программаларды жою;

  5. Вирус жұқтырған программаларды емдеу.

  1. Файл дегеніміз не?

  1. Дискідегі аталған орын;

  2. Белгілі ұзындықтағы аталған байттар тізбегі;

  3. Белгілі бір атпен аталған ақпараттар жиыны;

  4. Дискідегі кез-келген орын;

  5. Программа.

  1. Екінші буындағы ЭЕМ-нің қарапайым негізіне жатады:

  1. микросхемалар;

  2. интегралдық микросхемалар;

  3. жартылай өткізгіштер схемасы;

  4. үлкен интегралдық микросхемалар;

  5. электрондық шамдар.

  1. Монитор экраны не үшін қажет?

  1. Ақпаратты өңдеуге даярлау;

  2. Мәтіндік және гpафикалық ақпараттарды көрсету;

  3. Мәтіндік ақпараттарды көрсету;

  4. Гpафикалық ақпараттарды көрсету;

  5. Кестелік ақпараттарды көрсету.

  1. Тышқан деп нені айтамыз?

  1. Байланыс каналдары арқылы алыстағы компьютерлер арасында ақпарат алмастыру жабдығы;

  2. Қолмен сканерлеу жабдығы;

  3. Ақпаратты “қатты” (тұрақты) тасушыдағы автофигураны анықтауыш;

  4. Монитор экранында объектіні көріп таңдауға мүмкіндік береті манипулятор типтес жабдық;

  5. Енгізу құрылғысы.

  1. Қай операциялық жүйеде экран жұмыс столы деп аталады:

  1. UNIX;

  2. MSDOS;

  3. WINDOWS 95;

  4. PS/2;

  5. OS/

  1. Mіcrosoft Word-тағы мәтіндік құжаттардың кеңітілімі:

  1. DOC, RTF;

  2. DOC, PCX;

  3. DOC, BMP;

  4. DOC, RTF, DIC;

  5. TXT, EXE, BMP.

  1. MS Word-та жаңа құжат құру үшін орындалатын команда:

  1. Терезе\Жаңа;

  2. Файл\Ашу ...;

  3. Файл\Құру ...;

  4. Терезе\Бөлу;

  5. Файл\Шаблондар...

  1. Excel-де формуласы бар өрнектерде абсолюттік адрес алу үшін:

  1. формуласы бар өрнектегі адреске шертеміз де F4 батырмасын басамыз;

  2. адрес соңын $ символын қоямыз;

  3. ABS функциясын таңдаймыз;

  4. формуласы бар өрнектерде абсолюттік адрес алу мүмкін емес;

  5. адрес алдына # символын қоямыз.

  1. Excel терезесін ... деп атаймыз.

  1. жұмыс кітәбі;

  2. жұмыс столы;

  3. кесте;

  4. жұмыс парақтары;

  5. жұмыс томы;

  1. Ақпараттыңн негiзгi қасиеттерi:

  1. шындығы, сенiмдiлiгi, толықтығы, құндылығы, актуальдылығы, түсiнiктiлiгi;

  2. кiрiс, толықтығы, құндылығы, шығыс;

  3. құндылығы, актуальдылығы, түсiнiктiлiгi;

  4. толықтығы, актуальдылығы, түсiнiктiлiгi;

  5. шындығы, сенiмдiлiгi, кiрiс, толықтығы.

  1. Сегіз биттен аспайтын ақпарат мөлшерін анықтайтын ең үлкен сан:

  1. 256;

  2. 512;

  3. 1024;

  4. 2048;

  5. 25

  1. Үшінші буындағы ЭЕМ-нің қарапайым негізіне жатады:

  1. үлкен интегралдық микросхемалар;

  2. электрондық шамдар;

  3. жартылай өткізгіштер схемасы;

  4. интегралдық микросхемалар;

  5. микросхемы.

  1. Компьютердің жүйелік блогіне қай жабдық жатпайды?

  1. микропроцессор;

  2. қатты диск;

  3. принтер;

  4. дискожетек;

  5. CD-ROM.

  1. Қатты диск дегеніміз не?

  1. Мәліметтерді аз уақытқа сақтайтын жабдық;

  2. Файлдық жүйе шоғыры;

  3. Мәліметтер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі жабдық;

  4. Белгілі бір реттегі секторлар жүйесі;

  5. Белгілі бір реттегі секторлар мен программалар жүйесі.

  1. Бас меню дегеніміз ...

  1. тышқанның оң батырмасы арқылы шақырылатын Wіndows менюі;

  2. барлық файлдар мен каталогтарды құрайтын каталогтар ағашы;

  3. компьютерді қолданудағы барлық амалдарды орындайтын программа;

  4. “Менің компьютерім” жарлығы;

  5. “Iске қосу” батырмасы арқылы шақырылатын Wіndows-тың негізгі менюі.

  1. Ақпаратты сақтайтын жабдыққа не жатады?

  1. Монитор;

  2. Қатты және иілгіш магниттік дискілерге жинағыш;

  3. Пpинтеp;

  4. Компьютердің жедел жады;

  5. CD-ROM.

  1. Кеңітілімі “txt” болған файл нені білдіреді?

  1. графикалық мәтінді;

  2. DOS-та жазылған мәтіндік файл;

  3. Unіx-те жазылған мәтіндік файл;

  4. пограммалау тілінде жазылған программаның текстісін сақтайтын файл;

  5. кестелік мәтінді.

  1. Компьютердің пpогpаммалық жабдықтарына жатады:

  1. опеpациялық жүйе, пpогpаммалау жүйесі, қосымша пpогpаммалары;

  2. микропроцессорлар, жедел жад;

  3. операциялық жүйе;

  4. файлдар;

  5. каталогтар мен файлдар.

  1. Архиватор - файлының атын көрсетіңіз:

  1. Arj, zip, rar;

  2. pkzіp/unzіp;

  3. rap;

  4. wіn;

  5. com.

  1. Сұқпат терезесінің дұрыс қызметін көрсетіңіз:

  1. мәтіндік бейнені құру үшін арналған;

  2. басқа қосымшаға өту үшін арналған;

  3. құжатты жасау үшін арналған;

  4. графикалық бейнені құру үшін арналған;

  5. қосылған қосымшамен жұмыс істеу параметірлерін орнату және таңдауға арналған.

  1. Жұмыс үстел деп ... айтамыз.

  1. ішінде жарлықтар бар буманы;

  2. ақпаратты жылдам қолдануға мүмкіндік беретін каталог;

  3. ақпаратты өңдейтін гафикалық орта;

  4. Wіndows объектілері мен басқару элементтерін көрсететін гафикалық орта;

  5. ішінде жарлықтар бар терезені.

  1. Жанама мәзірд шақырамыз:

  1. тышқанның оң және сол батырмасын бірден басу арқылы;

  2. тышқанның сол батырмасын басу арқылы;

  3. тышқанның оң батырмасын басу арқылы;

  4. Enter+Ctrl батырмалары арқылы;

  5. Tab батырмалары арқылы.

  1. Монитор не үшін қажет?

  1. экраннан ақпаратты енгізу;

  2. ақпаратты “қатты» көшірме түрінде шығару;

  3. жұмыс істеп түрған компьютерде ақпаратты айқын көріп шығу;

  4. жұмыс істеп түрған компьютерде ақпаратты әзірше сақтау;

  5. жұмыс істеп түрған компьютерде ақпаратты өзгерту.

  1. Қазіргі кезде вирустар негізгі екі топқа бөлінеді:

  1. желілік, файлдық;

  2. шиналық; сақиналық;

  3. резидентті, резидентті емес;

  4. бүлінген, көрінбейтін;

  5. негізгі, қосымша.

11 Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық материалдары

п/п

Ресурс атауы

Календарлық-тематикалық жоспар бойынша тақырыптар

(CD, DVD)

Сілтеме

1

Видеоролики

Информатика негіздері

HyperText Markup Language (HTML)

Сурет түсіру. Құжатқа гиперсілтеме жасау.

+

2

Электрондық ресурстар

Тақырып бойынша

//www.rambler.ru

1

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]