- •5В071700-жылуэнергетика , 5в071132-сМжС , 5в071901-опДиЭт мамандықтарындағы студенттеріне арналған Информатика кафедрасы Астана – 2012
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы:
- •5.1. Оқу пәнінің арналуы:
- •5.2.Оқу пәнінің мақсаты:
- •5.3. Пәнді оқудағы міндеттері:
- •5.4. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •Зертханалық сабақтарды жоспарлау
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •6.1. Негізгі әдебиеттер:
- •6.2.Қосымша әдебиеттер:
- •8. Оқу пәнінің саясаты:
- •Студенттің өзі болмаған жағдайда тексеру жүргізілмейді. Студенттің емтиханда болмауына байланысты жағдай “ л.Н.Гумилев атындағы еұу оқу үрдісін ұйымдастыру ережесімен” тексеріледі.
- •2. Оқу пәні бойынша глоссарий
- •Дәріс материалдары
- •Дәріс 2. Информатиканың арифметикалық негіздері.
- •Дәріс 3. Информатиканың логикалық негіздері.
- •Дәріс 4. Компьютерлік графика негіздері.
- •Дәріс 5. Дербес компьютердің архитектурасы.
- •Дәріс 6. Операциялық жүйелер. Программалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы.
- •3.Сурет. Қолданбалы пқ құрылымдық схемасы
- •Дәріс7. Windows операциялық жүйесі.
- •Дәріс 8. Сервистік программалық жабдықтау.
- •Дәріс9. Мәтіндік рекдактор.
- •Дәріс 10. Кестелік процессор.
- •Дәріс 11. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (мқбж).
- •Дәріс 12. Графиктік редактор. Қазіргі заманғы компьютерлік көрсетілім. Презентацияны жасау құралы.
- •Дәріс 13. Информатиканың алгоритмдік негіздері.
- •«Әзiрге» қайталау.
- •2. «Дейiн» қайталау.
- •Дәріс 14. Компьютерлік желілер.
- •Дәріс 15. Интеллектуалдық және сараптау жүйесі. Ақпараттық қауіпсіздік.
- •Жасанды интеллектуалды жүйе туралы түсiнiк
- •4. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •4.1. Негізгі әдебиеттер:
- •4.2.Қосымша әдебиеттер:
- •5. Семинар сабақ (машықтандыру сабақ) жоспары зертханалық жұмыс №1. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне санды ауыстыру. Екілік санау жүйесі. Екілік арифметика. Логикалық өрнектерді есептеу.
- •Алгоритмді сипаттап жазу түрлері. Сөздік, графикалық, кестелік. Алгоритмнің қадаммен орындалуы.
- •Файлды немесе буманы iздеу
- •Жаңа буманы (файлды) құру
- •Архивтеу программалары. WinRar, WinZip. Антивирустық программалық құралдар: avp, Norton Antivirus, DrWeb.
- •Microsoft Word мәтіндік редакторы. Негізгі объектілері. Мәтінді көшіру, орнын ауыстыру, өшіру. Форматтау. Терезелермен жұмыс істеу. Кестелермен жұмыс істеу. Суреттерді қою. WordArt объектілері.
- •Зертханалық жұмыс 6.1.
- •1. Microsoft Word мәтін редакторынде графикалық объектілерді енгізу
- •2. Мәтінге Clip Gallery программасының объектілерін енгізу
- •Зертханалық жұмыс 6.2.
- •Зертханалық жұмыс 7.1.
- •Зертханалық жұмыс 7.2.
- •1.Логикалық функциялар
- •2.Статистикалық функциялар
- •3.Финанстық функциялар
- •Зертханалық жұмыс 8.1
- •Зертханалық жұмыс 8.2.
- •Power Point презентация жасау құралы. Интерфейс. Слайдтарды құру. Бірнеше слайдтардан презентация құру. Слайдтар арасында ауысу. Анимация құру.
- •Internet желісімен жұмыс істеу. Электрондық поштамен жұмыс істеу. Телеконференция. Internet-тен ақпарат іздеу. Microsoft Front Page редакторында web-беттерін жасау.
- •Сөж материалдары Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары ( 45 сағат)
- •Емтихан сұрақтары, қорытынды және аралық бақылау тест жұмыстары
Power Point презентация жасау құралы. Интерфейс. Слайдтарды құру. Бірнеше слайдтардан презентация құру. Слайдтар арасында ауысу. Анимация құру.
Сабақтың тақырыбы: Power Point программасында презентациялар құру.
Сабақтың мақсаты:
Power Point программасында презентациялар құру тәсілдерін менгеру
Power Point программасында жұмыс істеу режимдерінің ерекшеліктерін менгеру және жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Бақылау сұрақтары
Power Point программасы қалай іске қосылады?
Power Point программасының мүмкіндіктері қандай?
Power Point программасының терезесі элементтері қалай орналасқан?
Презентация құру тәсілдері қандай?
Автомазмұн шебері қалай қолданылады?
Презентация құру дегеніміз не?
Бос презентация қалай құрылады?
Шаблон көмегімен презентация құру қалай орындалады?
Слайд дегеніміз не?
Анимация дегеніміз не? Оларды презентацияға қосу қалай жүзеге асады?
Тапсырмалар
1. Автомазмұн көмегімен «Жеке» «Хабарлама/жарнама» (Личное-объявления/реклама) тақырыбында презентация құрыңыз.
а) Осы құрылған презентация мәтіндерін «Спорт әлеміне саяхат» атты секция жарнамасы болатындай етіп өзгертіңіз.
ә) Слайттар режимдерін қолданып құрылған презентацияны өңдеу жұмыстарын жүргізіңіз.
2. Шаблондар ішінен өзіңізге ұнаған үлгіден таңдап, тағы бір презентация құрыңыз. Схемасын диаграмма мен мәтін болатындай етіп таңдаңыз.
а) «Рейтінгілік бақылау» тақырыбын енгізіп, өздеріңіз оқитын пәндерді таңдап, студенттердің бағаларымен толтырыңыз.
ә) Осы слайдта студенттердің бақылау жұмысынан алған бағаларының диаграммасын көрсетіңіз.
3. Бос презентация құру тәсілімен «Компьютер және біз» тақырыбындағы баяндамаңызды презентация ретінде ұйымдастырыңыз.
а) Презентация құру барысында әртүрлі анимациялық эффектілерді пайдаланып презентацияңызды жандандырыңыз.
Power Point программасын іске қосу
Power Point программасы MS Office-тің құрамындағы басқа программалар сияқты әрекеттегі тәсілдермен іске қосылады. Солардың бірі программаны басты меню арқылы іске қосу. Ол үшін Пуск -> Программы -> Microsoft Power Point командалық қатарын орындаймыз. Программа іске қосылғаннан кейін, презентация құру тәсілдерін таңдау және презентацияны оқуға мүмкіндік беретін командалар тізімі бар сұхбат терезе шығады (суретте).
6666
Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания) командасы таңдалынса, жаңа презентация белгілі тақырыптарға сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, салылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұны автоматты түрде жасалады.
Презентация шаблоны (Шаблон презентации) Презентацияны бұрынан безендіру элементтері сақталып қойылған шаблон түрінде дайындауға мүмкіндік береді.
Бос презентация (Пустую презентацию) ешқашан безендіру элементтері пайдаланылмаған таза, бос презентация құруға мүмкіндік береді.
Презентацияны ашу (Открыть презентацию) бұрыннан құрылып, сақталып тұрған презентацияларды ашуға мүмкіндік береді.
Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру
Power Point программасы іске қосылғанан кейінгі алғашқы сұхбат терезеден Автомазмұн шебері (мастер автосодержания) өрісін таңдап, ОК батырмасын басамыз. Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру үшін сатылы түрде мынадай сұрақтарға жауап беруді талап етеді:
1-қадамда Презентацияның түрі, яғни оның тақырыптық бағытын таңдаймыз;
2-қадамда Презентацияны көрсету тәсілдері, презентацияны тек иллюстративті слайттардан құралатынын немесе ақпараттық киоск түрінде дайындалып, көрермендер өз беттерінше қарауға арналған операциялар бірін таңдау қажет.
3-қадам Презентацияны шығару материалының форматы таңдалынады.
4-қадамда Қосымша мәліметтер; презентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтіндерді енгіземіз.
Осы 4-қадамнан өткеннен кейін, Дайын (Готово) батырмасын басамыз.
Автомазмұн шебері көмегімен жасалынған презентацияға қажетімізше арнайы эффектілер қосып, көркемдеу элементін жүргіссек болады.
Шаблон көмегімен презентация құру
Power Point программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблон түрінде сақталып қойылған. Осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентацияларымызды құруға болады. Ол үшін программаның алғашқы сұхбат терезесінен Презентация шаблоны (Шаблон презентации) операциясын таңдаймыз. Осыдан кейін Жалпы (Общие), Презентациялар дизайындары (Дизайны презентации), Презентациялар, Wep парақтар астарлы беттерден тұратын Презентацияны құру (Создать презентации) сұхбат терезесі шығады. Презентациялар дизайындары (Дизайны презентации) комендасын таңдаған терезеде әртүрлі атаулармен сақталынған презентация үлгілерінің тізімі беріледі. Презентация шаблондарын маус көмегімен белгілеген кезімізде, экранға таңдалынған шаблон үлгісі көрінеді. Өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын басамыз. Шаблон арқылы құрылған презентацияға тиісті мәтіндерді, арнайы эффектілерді қосып көркемдейміз.
Бос презентация (Пустую презентацию)
Бос презентация, яғни ешқашан көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекеттері:
Power Point программасын іске қосқанда шыққан алғашқы сұхбат терезеден Бос презентация (Пустую презентацию) опциясын таңдау арқылы
Файл – Құру (Файл - Создать) командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенің Жалпы (Общие) астарлы бетінде Жаңа презентацияны (Новую презентацию) шарт белгісін таңдау арқылы:
Стандартты саймандар тақтасындағы Құру (Создать) батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады.
Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру сұхбат терезесі ашылады.
Слайд белгілеуінің 24 варианты бар. Осы варианттар ішінен өзімізге қажетті слайд үлгісін таңдаймыз.
Презентация слайдтарын қарастыру, үйлестіру схемасын таңдау әрекетік Слайд құру сұхбат терезесінде жүзеге асыруға болады.
Power Point программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері
Power Point программасының графикалық объектілерді бейнелеуге арналған басқа программалардан айырмашылығы, бір мезгілде бірнеше слайдтардан тұратын презентациялармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Слайдтарды қараудың бірнеше режимдері бар:
Слайдтар режимі (Режим слайда)
Құрылымдар режимі (Режим структуры)
Слайдтарды сұрыптау режимі (Режим сортировщика слайдов);
Бетке ескертпе жазу режимі (Режим страниц заметок)
Слайдтарды көрсету режимі (Режим показ слайдов).
Слайдтар режимі (Режим слайда) – презентацияның әр слайдын жеке қарауға және өңдеуге, графикалық объектілер мен кестелер енгізуге болады. Сонымен бірге өзіміз дайындаған немесе дайын суреттер, мәтіндік түсініктемелер енгізуге болады.
Құрылымдық режим (Режим структуры) – презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді. Бұл режимде презентацияға мәтінді өзгертуге немесе жаңа мәтін енгізуге болады. Слайд режимінде жасаған безендіру әрекеттерін құрылымдық режимде орындай аламыз.
Слайдтарды сұрыптау режимі (Режим сортировщика слайдов) – презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп, терезеде орналасады. Тұтас презентацияның түріне арналған слайдтардың фоны, түстерді таңдау сияқты ортақ параметрлерді тағайындай отырып, болған өзгерістерді бақылауға ынғайлы. Нақты слайдтың мазмұнын өзгерту мүмкін емес болғанымен, оларды өшіру, қайталау, көрсету ретін өзгерту әрекеттерін орындауға болады.
Бетке ескерте жазу режимі (Режим страниц заметок) – презентация кезінде баяндамашы қолдану үшін беттерге ескертпелер құруға арналған. Бұл режимге көшкен кезде слайдтың кішірейтілген көшірмесі беттің жоғарғы жағына орналасады да, төменгі бөлігін мәтіндік түсініктемемен толтыруға болады.
Слайдтарды көрсету режимі (Режим показ слайдов) – дайындалған презентация слайдтары бірінен кейін бірі экранда көріне бастайды. Бұл режимде қолданылған арлық анимациалық эффектілер экранда көрінеді.
Осы режимдерді іске қосу үшін менюдан Түр (Вид) командасын орындаймыз немесе терезенің төменгі сол жақ бұрышында осы режимдердің батырмасы орналасқан, соларды шерту арқылы көшіруге болады.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 10
