
- •5В071700-жылуэнергетика , 5в071132-сМжС , 5в071901-опДиЭт мамандықтарындағы студенттеріне арналған Информатика кафедрасы Астана – 2012
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы:
- •5.1. Оқу пәнінің арналуы:
- •5.2.Оқу пәнінің мақсаты:
- •5.3. Пәнді оқудағы міндеттері:
- •5.4. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •Зертханалық сабақтарды жоспарлау
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •6.1. Негізгі әдебиеттер:
- •6.2.Қосымша әдебиеттер:
- •8. Оқу пәнінің саясаты:
- •Студенттің өзі болмаған жағдайда тексеру жүргізілмейді. Студенттің емтиханда болмауына байланысты жағдай “ л.Н.Гумилев атындағы еұу оқу үрдісін ұйымдастыру ережесімен” тексеріледі.
- •2. Оқу пәні бойынша глоссарий
- •Дәріс материалдары
- •Дәріс 2. Информатиканың арифметикалық негіздері.
- •Дәріс 3. Информатиканың логикалық негіздері.
- •Дәріс 4. Компьютерлік графика негіздері.
- •Дәріс 5. Дербес компьютердің архитектурасы.
- •Дәріс 6. Операциялық жүйелер. Программалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы.
- •3.Сурет. Қолданбалы пқ құрылымдық схемасы
- •Дәріс7. Windows операциялық жүйесі.
- •Дәріс 8. Сервистік программалық жабдықтау.
- •Дәріс9. Мәтіндік рекдактор.
- •Дәріс 10. Кестелік процессор.
- •Дәріс 11. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (мқбж).
- •Дәріс 12. Графиктік редактор. Қазіргі заманғы компьютерлік көрсетілім. Презентацияны жасау құралы.
- •Дәріс 13. Информатиканың алгоритмдік негіздері.
- •«Әзiрге» қайталау.
- •2. «Дейiн» қайталау.
- •Дәріс 14. Компьютерлік желілер.
- •Дәріс 15. Интеллектуалдық және сараптау жүйесі. Ақпараттық қауіпсіздік.
- •Жасанды интеллектуалды жүйе туралы түсiнiк
- •4. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •4.1. Негізгі әдебиеттер:
- •4.2.Қосымша әдебиеттер:
- •5. Семинар сабақ (машықтандыру сабақ) жоспары зертханалық жұмыс №1. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне санды ауыстыру. Екілік санау жүйесі. Екілік арифметика. Логикалық өрнектерді есептеу.
- •Алгоритмді сипаттап жазу түрлері. Сөздік, графикалық, кестелік. Алгоритмнің қадаммен орындалуы.
- •Файлды немесе буманы iздеу
- •Жаңа буманы (файлды) құру
- •Архивтеу программалары. WinRar, WinZip. Антивирустық программалық құралдар: avp, Norton Antivirus, DrWeb.
- •Microsoft Word мәтіндік редакторы. Негізгі объектілері. Мәтінді көшіру, орнын ауыстыру, өшіру. Форматтау. Терезелермен жұмыс істеу. Кестелермен жұмыс істеу. Суреттерді қою. WordArt объектілері.
- •Зертханалық жұмыс 6.1.
- •1. Microsoft Word мәтін редакторынде графикалық объектілерді енгізу
- •2. Мәтінге Clip Gallery программасының объектілерін енгізу
- •Зертханалық жұмыс 6.2.
- •Зертханалық жұмыс 7.1.
- •Зертханалық жұмыс 7.2.
- •1.Логикалық функциялар
- •2.Статистикалық функциялар
- •3.Финанстық функциялар
- •Зертханалық жұмыс 8.1
- •Зертханалық жұмыс 8.2.
- •Power Point презентация жасау құралы. Интерфейс. Слайдтарды құру. Бірнеше слайдтардан презентация құру. Слайдтар арасында ауысу. Анимация құру.
- •Internet желісімен жұмыс істеу. Электрондық поштамен жұмыс істеу. Телеконференция. Internet-тен ақпарат іздеу. Microsoft Front Page редакторында web-беттерін жасау.
- •Сөж материалдары Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары ( 45 сағат)
- •Емтихан сұрақтары, қорытынды және аралық бақылау тест жұмыстары
Зертханалық жұмыс 7.2.
Сабақтың тақырыбы: MS Excel –дің статистикалық, финанстық және логарифм-дік функциялары
Сабақтың мақсаты: MS Excel –де статистикалық, финанстық және логарифм-дік функциялар түсінігін біліп үйрену.
Бақылау сұрақтары
MS Excel программасында қолданылатын функциялар топтамасы
MS Excel функциясының жазылу үлгісі.
Функцияларды формулаға енгізу қалай жүргізіледі?
Логикалық функциялар туралы айтыңыз.
Қандай статистикалық функцияларды білесіз?
Финанстық функцияларға тоқталыңыз.
Тапсырмалар
1.Функция мәнін енгізіп өрнекті есептеңіз.
MS Excel программасында қолданылатын функциялар мына топтарға бөлінеді:
Қарапайым математикалық функциялар;
Тригонометриалық функциялар;
Күрделі математикалық функциялар;
Матрицалық математикалық функциялар;
Қаржылық есептеулердің функциялары;
Уақыт және датамен жұмыс істеу функциялары;
Мәтіндік функциялар;
Файлдарды өңдеу фунциялары;
Мәліметтер қорымен жұмыс істеу функциялары;
Логикалық функциялар.
Осы функциялардың кейбір топтарына кеңінен тоқталайық. Ол үшін функциялардың MS Excel-дегі синтаксисін берейік. Функциялар y=f(x) түрінде жазылады, мұндағы у – есептелуге тиіс функция мәні, х-аргумент, f-функция.
Функция енгізілген ұяшық мысалы ретінде: =A5+sin(C7) формуласын келтіруге болады, мұндағы А5-ұяшық адресі, sin()-функция аты, жақша ішінде оның аргументі түрады, С7 аргумент (сан немесе мәтін,т.б).
MS Excel-де функция атын формулаға кірістіру үшін «Функция шеберін» (Мастер Функции) қолдануға болады, ол Енгізу – Функция (Вставка - Функция) командасымен немесе fx бейнеленген батырма арқылы іске қосылады. Батырма басылғанда экранға функциялар бейнеленген сұхбат терезесі шығады. Соның, ішінен керектісін таңдап алып Қадам (Шаг) батырмасын басу керек. Сонда Функция шеберінің екінші сұқбат терезесі шығады да одан аргументті таңдап аламыз.
Енді функциялар топтамасын берейік
1.Логикалық функциялар
Логикалық функциялардың нәтижесі «АҚИҚАТ» және «ЖАЛҒАН» болатынын ескерсек функция қызметтері төмендегідей:
ЕСЛИ (логическое выражение; значение истина: значение ложь) – Логикалық өрнек, қойылған шартты тексереді де егер өрнек мәні ақиқат болса «АҚИҚАТ», ал кері жағдайда «ЖАЛҒАН» деген жауаптарды шығарады.
ИСТИНА () – «АҚИҚАТ» логикалық мәнді анықтау
ЛОЖЬ () – «ЖАЛҒАН» логикалық мәнді анықтау
НЕ (логическое выражение) – Бұл логикалық өрнек аргументтің мәнін кері мәнге ауыстырады. Егер логикалық өрнектің мәні «АҚИҚАТ» болса «ЖАЛҒАН» мәнді шығарады және керісінше.
И (х1;х2;...) – Егер барлық аргументтердің мәні ақиқат болса «АҚИҚАТ» жауабын шығарады. Егер, аргументтердің кез келген біреуінің мәні жалған болса «ЖАЛҒАН» жауабын шығарады
ИЛИ (х1;х2;...) – Егер аргументтің кез келген біреуінің мәні ғана ақиқат болса «АҚИҚАТ» мәнді береді, ал аргументтердің барлығының мәні түгелдей жалған болса «ЖАЛҒАН» мәнді шығарады.
2.Статистикалық функциялар
ДИСП (диапазон) – Көрсетілген ұяшық диапазонында жатқан мәндердің таңдау бойынша ДИСПЕРСИЯ-сын анықтау.
ДИСПР (диапазон) – Көрсетілген ұяшық диапазонында жатқан мәндердің басты жиынтығы бойынша ДИСПЕРСИЯ-сын анықтау.
СРЗНАЧ (диапазон) - Көрсетілген ұяшық диапазонында жатқан мәндердің арифметикалық орташасын анықтау.
СТАНДОТКЛОН (диапазон) – Көрсетілген ұяшық диапазонындағы стандартты ауытқуды таңдау бойынша анықтау.
СТАНДОТКЛОННП (диапазон) – Көрсетілген ұяшық диапазонындағы стандартты ауытқуды басты жиынтық бойынша анықтау.