Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umk_informatika_te_smis_opd_2012-2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.84 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс 6.1.

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word–та объектілерді басқарудың тәсілдері. Әшекейлі тақырыптар құру.

Сабақтың мақсаты: Microsoft Word –та объектілерді басқарудың тәсілдерімен жүмыс істеп үйрену. Әшекейлі тақырыптарды құра білу.

Бақылау сұрақтары

  1. Microsoft Word мәтіндік редакторында дайындалған құжатқа әртүрлі объектілерді енгізудің қандай командалардың көмегімен орындалады?

  2. Байланысқан және ендірілген объектілердің қандай айырмашылықтары бар?

  3. Microsoft Word редакторында қандай объектілерді қолдануға болады.

  4. Объект файлдан қалай енгізіледі?

  5. Объект сканерден қалай енгізіледі?

  6. Басқа программалардан объектілерді енгізу қалай орындалады

  7. WordArt объектісі қалай енгізіледі?

  8. Енгізілген WordArt объектісін форматтау әрекеттері қалай орындалады?

  9. Дыбыстық объектілерді қалай енгізуге болады?

  10. Формула редакторы қалай іске қосылады?

  11. Мәтін ішіне Автофигураларды қалай енгізуге және оларды қалай өңдеуге болады?

  12. Салынған суреттерді немесе автофигураларды топқа біріктіру деген не?

  13. Графикалық объектілерді форматтаудың қандай мүмкіндіктері бар?

  14. Графикалық объектілермен жұмыс (жылжыту, көшірмесін алу, көлемін өзгерту,өшіру)

  15. Әшекейлі тақырыптар құру тәсілі.

Тапсырмалар

І-нұсқа

1. MS Word текстік редакторында графиктерді пайдаланып, компьютер суретін салу, оны жиектеу, ішін бояу керек.

2. Салынған сіреттін көлемін өзгерту және оның 3-рет көшірмесін алу.

ІІ-нұсқа

1. MS Word текстік редакторында информатика пәнінен «Компьютерді» қазіргі қоғамдағы ролі» атты тақырыпта рефераттың сыртын жазу. WordArt программасында қолдану қажет.

ІІІ-нұсқа

1. MS Word текстік редакторында Clip Art программасы арқылы «өсімдіктер» және «жануарлар» бөлімдерін қолдана отырып, мазмұнды сурет құрастыр.

IV-нұсқа

1. MS Word текстік редакторында WordArt программасының көмегімен еркін тақырыпта: открытка, шақыру билеті, құттықтау қағазын дайындау.

V-нұсқа

1. Мәтіндік құжатқа әшекейлі тақырыптар құрыңыз.

1. Microsoft Word мәтін редакторынде графикалық объектілерді енгізу

Көптеген құжаттарда әртүрлі иллюстрация түріндегі объектілер бар. Microsoft Word редакторында мәтіндік құжат ішінде алдын ала басқа программада дайындалған фирмалық таңбалар, диаграммалар, графиктер, суреттер және дыбыстық объектілерді енгізуге болады.

Программаның бір –бірімен мәлімет алмастыру үшін байланысқан және ендірілген объектілер қолданады. Яғни, MS Office программаларының бірінде жасалынған объектілерді басқа программаларға байланысқан және ендірілген объект түрінде енгізуге болады. Байланысқан және ендірілген объектілердің бір –бірінен айырмашылығы олардың сақталатын орны мен файлға орналастыру кезіндегі өңдеу тәсілдерінде болып табылады.

Байланысқан объект – сол объект тұрған файлда сақталады. Байланысқан объекттіні өңдеу үшін міндетті түрде осы файлға оралуға тура келеді.Файлда сақтаулы тұрған объектіні өңдеген кезде құжатқа орналастырылған объект автоматты түрде осы өзгерістерді қабылдайды. Мәтінге сыртқы ортадан, ендірілген объектіні өңдеу үшін аса қиындық тумайды. Құжат ішінде отырып, оны белгілеп алып кез келген өңдеу командаларын орындауға болады. Бұл объект құрылған программаны іске қосу үшін объектіні белгілеген соң тышқанды екі рет шертеміз. Кірістіру – Сурет (Вставка - Рисунок) командасын орындай отырып, мәтінге:

А) картиналарды (Clipart программасының объектілерін);

ә) Файл түрінде сақталынған объектілерді;

б) Автофигураларды;

в) WordArt объектісін;

г) Сканерден;

д) Диаграммаларды (Excel программасындағы диаграммалар) енгізуге мүмкіндік бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]