- •5В071700-жылуэнергетика , 5в071132-сМжС , 5в071901-опДиЭт мамандықтарындағы студенттеріне арналған Информатика кафедрасы Астана – 2012
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы:
- •5.1. Оқу пәнінің арналуы:
- •5.2.Оқу пәнінің мақсаты:
- •5.3. Пәнді оқудағы міндеттері:
- •5.4. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •Зертханалық сабақтарды жоспарлау
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •6.1. Негізгі әдебиеттер:
- •6.2.Қосымша әдебиеттер:
- •8. Оқу пәнінің саясаты:
- •Студенттің өзі болмаған жағдайда тексеру жүргізілмейді. Студенттің емтиханда болмауына байланысты жағдай “ л.Н.Гумилев атындағы еұу оқу үрдісін ұйымдастыру ережесімен” тексеріледі.
- •2. Оқу пәні бойынша глоссарий
- •Дәріс материалдары
- •Дәріс 2. Информатиканың арифметикалық негіздері.
- •Дәріс 3. Информатиканың логикалық негіздері.
- •Дәріс 4. Компьютерлік графика негіздері.
- •Дәріс 5. Дербес компьютердің архитектурасы.
- •Дәріс 6. Операциялық жүйелер. Программалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы.
- •3.Сурет. Қолданбалы пқ құрылымдық схемасы
- •Дәріс7. Windows операциялық жүйесі.
- •Дәріс 8. Сервистік программалық жабдықтау.
- •Дәріс9. Мәтіндік рекдактор.
- •Дәріс 10. Кестелік процессор.
- •Дәріс 11. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (мқбж).
- •Дәріс 12. Графиктік редактор. Қазіргі заманғы компьютерлік көрсетілім. Презентацияны жасау құралы.
- •Дәріс 13. Информатиканың алгоритмдік негіздері.
- •«Әзiрге» қайталау.
- •2. «Дейiн» қайталау.
- •Дәріс 14. Компьютерлік желілер.
- •Дәріс 15. Интеллектуалдық және сараптау жүйесі. Ақпараттық қауіпсіздік.
- •Жасанды интеллектуалды жүйе туралы түсiнiк
- •4. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •4.1. Негізгі әдебиеттер:
- •4.2.Қосымша әдебиеттер:
- •5. Семинар сабақ (машықтандыру сабақ) жоспары зертханалық жұмыс №1. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне санды ауыстыру. Екілік санау жүйесі. Екілік арифметика. Логикалық өрнектерді есептеу.
- •Алгоритмді сипаттап жазу түрлері. Сөздік, графикалық, кестелік. Алгоритмнің қадаммен орындалуы.
- •Файлды немесе буманы iздеу
- •Жаңа буманы (файлды) құру
- •Архивтеу программалары. WinRar, WinZip. Антивирустық программалық құралдар: avp, Norton Antivirus, DrWeb.
- •Microsoft Word мәтіндік редакторы. Негізгі объектілері. Мәтінді көшіру, орнын ауыстыру, өшіру. Форматтау. Терезелермен жұмыс істеу. Кестелермен жұмыс істеу. Суреттерді қою. WordArt объектілері.
- •Зертханалық жұмыс 6.1.
- •1. Microsoft Word мәтін редакторынде графикалық объектілерді енгізу
- •2. Мәтінге Clip Gallery программасының объектілерін енгізу
- •Зертханалық жұмыс 6.2.
- •Зертханалық жұмыс 7.1.
- •Зертханалық жұмыс 7.2.
- •1.Логикалық функциялар
- •2.Статистикалық функциялар
- •3.Финанстық функциялар
- •Зертханалық жұмыс 8.1
- •Зертханалық жұмыс 8.2.
- •Power Point презентация жасау құралы. Интерфейс. Слайдтарды құру. Бірнеше слайдтардан презентация құру. Слайдтар арасында ауысу. Анимация құру.
- •Internet желісімен жұмыс істеу. Электрондық поштамен жұмыс істеу. Телеконференция. Internet-тен ақпарат іздеу. Microsoft Front Page редакторында web-беттерін жасау.
- •Сөж материалдары Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары ( 45 сағат)
- •Емтихан сұрақтары, қорытынды және аралық бақылау тест жұмыстары
Дәріс 15. Интеллектуалдық және сараптау жүйесі. Ақпараттық қауіпсіздік.
Интеллектуалдық жекеменшікті қорғау мәселелері.
Сараптау жүйесі.
Криптография туралы түсінік.
Ақпаратты қорғау тәсілдері.
Интеллектуалдық жүйе
Жасанды интеллектуалды жүйе туралы түсiнiк
Интеллект ұғымы латын тiлiнен енген – ақыл, ой, сана, адамның ойлау қабiлетi дегендi бiлдiредi. Сәйкесiнше жасанды интеллектуалды жүйе автоматты жүйенiң өзiне адамның арнайы интеллектуалды функциясының бiреуiн алуы бiр қасиетi ретiнде тал‹ыланады, мысалы, сыртқы әрекеттерге рационалдық талдау жасау арқылы бұрын алынған тәжiрибе негiзiнде таңдап алу және оптималды шешiмiн табуы.
Жасанды интелектуалды жүйе, адамзаттың интеллектуалды функциясы-ның машиналық моделдеуiмен байланысқан ғылыми бағыт ретiнде ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында пайда болды. Жасанды интелектуалды жүйе негiзгi тарихи үш кезеңнен өттi.
Бiрiншi кезеңде оның зерттеу объектiсi ретiнде адам баласының миының жұмыс iстеу механизiмi мен құрылымы алынып, соңындағы мақсаты ойлау қабiлетiнiң жасырын құпиясын ашу болды. Бұл бағыттағы зерттеудiң негiзгi кезеңi болып, психофизиологиялық деректер негiзiнде моделiн тұрғызу, олармен эксперименттер жасау, интеллектуалды қызметтiң механизiмiне қатысты жаңа гипотездiң шығуы болып табылады.
Екiншi кезеңде зерттеу объектiсi ретiнде Жасанды интелектуалды жүйе қарастырады. Бұнда интеллектуалды әрекеттiң моделiн есептеуiш машинаның көмегiмен тұрғызады. Бұл бағыттағы мақсат – интеллектуалды есептi адамнан кем шешпейтiн есептуiш машинаның алгоритiмiн және программалық жабдықтауын құру.
Үшiншi кезеңi аралас машиналық адам құруға арналған интерактивтi интеллектуалдық жүйе. Бұл бағыттың негiзгi мәселесi табиғи және жасанды интеллектуалдық жүйенiң қызметтерiн анықтау және адам мен машина арасында байланысты орнату.
Бүгiнгi таңда Жасанды интелектуалды жүйе – күштi информатиканың бұтағы, фундаментi ретiнде, таза ғылыми негiзi бар, интеллектуалды жүйенiң эксплуатациялық түрлерiн шығарумен байланысты жан-жақты қолданбалы, техникалық дамыған.
Шешу қадамы белгiсiз кез-келген есептi жасанды интеллектуалды жүйеге жатқызуға болады. Мысалыға шахмат ойынын, медициналық диагностика, мәтiнге резюме құру немесе оның ағылшын тiлiне аудармасы – осы мәселелердi шешу үшiн нақты қадамы табылмаған. Жасанды интелектуалды жүйе тағы да екi қасиетiн атап өткен жөн болар символдық түрдегi информацияны қолдана алу және шарты анықталмаған кейбiр информацияларды таңдап алу қабiлетi бар.
Интеллектуалдық жүйе есептерiнiң iшiнде ең алғашқы болып логикалық есептер(шашки, шахмат) электронды есептеуіш машина көмегiмен шығарылды.
Жасанды интелектуалды жүйе әдiстерi қолданылатын бiрқатар негiзгi бағыттарды атап өтуге болады:
Бейнелердi қабылдау және тану. Визуалды және мәтіндік информацияны
өңдеу барысында информацияны тану және логикалық талдау жасау.
Математика және теореманың автоматты дәлелі.
Есепті шешу. Берілген жағдайда “шешу” түсінігі кеңейтілген жағдайда қарастырылады. Есеп - күнделікті өмірден алынған оқиғалар, оны таңдау, талдау жасау арқылы шығару.
Ойындар. Ойын да математиканың формальды жүйесі ретінде қарастырылып, оқиғаның ақырғы мәні табылып және бекітілген ережесі бойынша бір нәтижеге келу.
Табиғи тілді түсіну. Тілді түсіну, оған талдау жасау, өңдеу, тілді түсінуге көмектесетін білімнің пайда болуын қамтамасыз ету секілді есептер қойылады.
Сараптау жүйелерінде сараптау білімнің пайда болуы мен көрсетілуі. Сараптау жүйесі – қандай да бір нақты саланың өзіне мамандардың білімін жинақтауы – практикалық тәжірибесі мол, ғылыми салаларда көп сұранысқа ие болған, атап айтқанда автоматтандырылған проектілер, медициналық диагностика, химиялық синтез және анализ т.б.
Сараптау жүйесі
Сараптау жүйесі өзінің дамуында ұзақ та күрделі жолдан өтті деуге болады. Бұл мәселелерге 1960 жылдары көңіл аударылып, 1960-1965 жылдары «жалған ғылым» ретінде ұғынылса, 1970-1985 жылдары практикалық тәжірибелерден күткен нәтижелер алынбағанына қарамастан зерттеу бағытында алғашқы қадам жасалды. Тек 1993-1995 жылдардан бастап, бұл салаларда аздаған жетістіктерге қол жеткізіп, нәтижесінде «Сараптау жүйе» ұғымы мен оның ерекшеліктері айқындала бастады. Атап айтқанда, сараптау жүйсі компьютердің мүмкіндігіне, сараптаудың білімі мен тәжірибесіне байланысты практикалық есептердің шешімін табуда және есептің шығарылу жолына талдау жасауда кеңес бере алатын программалық жабдық ретінде анықталады. Сараптау жүйесінің негізгі ерекшелігі 1) білімнің ауқымды көлемін өңдеуі; 2) білім мазмұнын үйлестірілген, қарапайым түрде жеткізуі; 4) білімді өңдеу процесінде алынған нәтижелерді түсіндіре алу сияқты мәселелерді қарастырды.
Осы бағыттағы сараптау жүйесінің тиімділігін зерттеу нәтижелерін талдай отырып, оның практикалық және әдістемелік құндылығын бөліп айтуға болады.
1.Практикалық құндылығы. Есептің қойылымына сәйкес өңделу процесіндегі негізгі мәселе «жүйе қандай функцияларды атқару тиіс ?» деген сұрақтың айналасында қарастырылады. Бұдан кейін жоғарыда анықталған функцияларға қосымша сыртқы ортаның әсері мен басқа да әсер етуші факторлар ескеріледі. Осыған байланысты сараптау жүйесін қолданудың әлеуметтік тұжырымдамасына сәйкес, негізгі фунцияларды анықталған және жасырын функциялар деп екіге бөледі. Бұл функциялар өз кезегінде күрделі жұмыстарды орындайды. Яғни, анықталған функция компьютердің мүмкіндігін ескере отырып, арнайы жұмыстарды мысалы, қазба байлықтары мен кен орындарын анықтауда, медецинада диагноз қоюда, электрлі-кардиограммаларды талдауда, транспорт қозғалысын реттеуде, ғылыми эксперименттердің нәтижесін бақылауда, технологиялық процестерді басқаруда қолданылса, жасырын функция сараптау жүйесін «қашан ?», «қайда ?» құрылғаны жөнінде мәліметтерді құпия сақтауды қамтамасыз етеді.
2.Әдістемелік құндылығы. Халық шаруашылығының кез-келген саласында, тұрмыста компьютерлік технологияның жетістіктері кеңінен қолданыс табумен бірге, компьютердің көмегімен информациялық оқыту жүйесінің жаңа формаларын құруға болатыны дәлелденді. Информациялық оқыту жүйесі бір мезгілде барлық қолданушылармен байланыста болады және олардың әрқайсымен «жеке», «арнайы», «құпия» программалар арқылы жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, компьютерді «электронды оқытушы» ретінде пайдаланады.
Демек сараптау жүйесін «компьютерлік білімге негізделген жүйе» ретінде қабылдауға болады. Сараптау жүйесі –білім қорынан, шығару машинасынан, модельдеуші және жобалаушы ішкі жүйелерден тұрады. Барлық білім қоры екі типті файл - білім қоры және білім кітапханасы ретінде жасақталады. Білім қорында барлық объектілердің анықтамасы, ережелері, заңдылықтары, т.б. сақталады, ал, кітапханалық файлдарда стандартты объектілердің анықтамасы секілді терең де тиянақты мәләмет беретін жалпы білім қоры сақталады. Сондай-ақ, білім қоры файлын білім кітапханасы файылына немесе керісінше түрлендіруге болады.
Мамандардың пікірінше, келешекте эксперттік жүйелер қоғамының барлық саласында жетекші роль атқарады. Осыған байланысты оның дамуының бірнеше бағыты анықталып отыр: 1) сараптау жүйесі немесе «білімге негізделген жүйе»; 2) нейтрондық желілер және логика; 3) табиғи-тілдік жүйелер. Аталған бағыттардың байланысын 1-сурет арқылы сипаттап көрсетуге болады.
Сонымен интеллектуалдық және сараптау жүйелері алдымызға қойылған есептің шешімін кеңінен қарастырып, толық, жан-жақты жауапты табуға көмек береді екен. Сонымен қатар адам баласының санасын дамыту, жаңарту, өркендету барысында, ғылым салаларының сұранысына ие бола білген, алдыңғы қатарлы мамандардың білімдерін өздеріне жинақтаған медициналық диагностиканы, автоматтандырылған проектілерді, химиялық анализдер мен синтездерді біздерге ұсынады.
Қысқартылған сөздер
ЭЕМ - электрондық-есептеу машинасы
ЖТЕ - жатқа тік ену
ОЖ - оперативтік жат
ҮЖ - үнемділік жат
ПҚ - программалық қамтамасыздандыру
ОЖ - операциялық жүиесі
ҚПҚ - қолданбалы программалық қамтамасыздандыру
ҚПП - қолданбалы программалар пакеті
БМБЖ - базалық мәлліметтермен басқару жүиесі
ЭЖ - эксперттік жүиелер
КБАЖ - кәсіпорынмен басқарудың автоматтандырылған жүиесі
АО - ақппараттық орта
ПК - персоналдық компьютер
КП - сыртқы құрылғы
СҚ - сыртқы құрылғылар
