Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umk_informatika_te_smis_opd_2012-2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.84 Mб
Скачать
  1. «Әзiрге» қайталау.

Егер басқару құрылымы белгiлi А шартын қанағаттандырса, онда қайталау денесi В әрекетiн орындауды қайталай беру керек, болмаса еш әрекет орындалмауы керек. «Әзiрге» қайталау басқару құрылымының блок-схемасы:

ЕСКЕРТУ: 1. Егер орындауды бастағанда А шарты қанағаттандырылмаса, онда В мүмкiн орындалмайды.2. Егер орындауды бастағанда А шарты қанағаттандырылса және В әрекетiнiң орындалуы А шартының мәнiне әсер етпесе, онда В әрекетi шексiз рет орындала бередi.

2. «Дейiн» қайталау.

Басқару құрылымы қайталау денесi В әрекетiн орындауды белгiлi А шарты қанағаттандырылғанға дейiн қайталай беру керек, ал А шарты қанағаттандырылса, қайталауды тоқтату керек. «Дейiн» қайталау басқару құрылымының блок-схемасы:

Жоқ иә

ЕСКЕРТУ: 1.Егер алғаш орындалған В әрекетiнiң орындалуы А шартының мәнiне әсер

етпесе және А шарты қанағаттандырылса, онда В әрекетi бiр рет қана орындалады.

  1. Егер алғаш орындағанда В әрекетiнiң орындалуы А шартының мәнiне әсер етпесе және

А шарты қанағаттандырылмаса, онда қайталау шексiз орындала бередi.

Дәріс 14. Компьютерлік желілер.

  1. Коммуникациялық орта және мәліметтерді тарату.

  2. Компьютер желілерінің архитектурасы. Компьютерлік желі түрлері.

  3. Жергілікті есептеу желілері.

  4. Ауқымды INTERNET желісі. INTERNET желісінің қызметі. Ақпаратты қорғау.

Желі- ақпарат пен алмасатындай етіп екі немесе одан да көп компьютерлерді біріктіру болып табылады.

Локальдық компьютерлік желі

Қазір бірнеше компьютерді қосатын компьютерлік желілер кең таралуда. Компьютерлік желілер бір жобада жұмыс істейтін адамдарға жұмыстарын әлдеқайда жеңілдетеді. Локальдық желіде жұмыс істеудің негізгі артықшылықтары:

  1. Жеке және ортақ қолданылатын мәліметтердің файлдік сервердің дискілерінде сақтау мүмкіндігі. Осыған байланысты бірнеше қолданушылардың ортақ қолданудағы мәліметтерімен бір уақытта жұмыс істеуіне болады, каталогтық және файлдық құралдар NetWare,Windous NT деңгейінде мәліметтерді қорғау, Excel мен Access сияқты қолданбалы программалар мен құрылған ортақ мәліметтердің жаңаруы және құрылуы. Алайда, қолданбалы программалардағы орнатылған енуге шектеу, жүйелік ОЖ мен орнатылған шектеу негізінде жүзеге асады.

  2. Қолданушыларға қажет программалық құралдарды бір данада серверлер дискісінде сақтау мүмкіндігі. Ортақ программалық құралдарға мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық кестелер және т.б. жатады. Айтылған мүмкіндіктер арқасында: жұмыс станцияларының локальдық дискілерін программалық құралдарды сақтаудан босату арқылы сыртқы жады рационалды қолдану, программалық өнімдерді жүйелік ОЖ құралдарымен сақтауды қамтамасыздандыру болып табылады.

  3. Желідегі барлық компьютер арасындағы ақпаратпен алмасу.

  4. Барлық қолданушылардың ортақ желілік принтерлерде диологы және де электрондық поштаны ұйымдастыру мүмкіндігі.

  5. Оқу процесінде оқушы компьютері мен оқытушы компьютері арасында арнайы программа арқылы ақпарат алмасу мүмкіндігі.

  6. Глобальдық желінің бір коммуникациялық түйіні болса локальдық желінің кез келген компьютерінен қолданушыға глобальдық желінің ресурстарына енуге мүмкіндік береді.

Локальдық желінің топологиясы

Топологиялық желі - компьютерлердің байланыс арналарының логикалық қосылу схемасы. Локальдық желіде көбіне негізгі топологиялардың үштен бірі қолданылады: моноарналық, сақиналық және жұлдыз тектес.(4.1 сурет)

Моноарналық топология. Бұл типте компьютерлер бірінен соң бірі қосылады. Мәліметтерді беру ортасы болып коаксильдық кабель қолданылады. Ақпараттарды беру жылдамдығы 10Мбит/с көп емес және қосылатын компьютерлер саны 20 – дан аспайды. Моноарналық топология ең қарапайым қосылу болып табылады және де ол мамандандырылмаған адаммен де қосылуы мүмкін. Моноарналық топологияда ең үлкен кемшілік қосқыштардың біреуінің бұзылуында барлық желі жұмысын тоқтатады. Сонымен қатар 10 Мбит/с жылдамдығы қазіргі ақпарат алмасуда өте төмен.

Сақиналық топология. Сақиналық топология моноарналық топологияның барлық жағымсыз және жағымды жақтарын өзінде ұстайды.

Жұлдыз тектес топология. Бұл топологияда компьютерлер арнайы құрылғысы– жүйелік концентраторы(HUB) бар қабельмен жалғанады. Мәліметтерді беру жылдамдығы 100 Мбит/с. Берілген топологияда бір қосылыста байланыс үзілгенмен басқа қалған желі ары қарай жұмысын жалғастыра береді.

а) Моноканалды

б) Сақиналы в) Жұлдыз тектес

5. сурет. Локальдық желіге компьютерлерді қосу топологиясы

Желілік ПҚ-ға локальдық желі

Желінің функционалдық мүмкіндіктері қолданушыға беретін қызметімен анықталады. Желінің әр қызметін тарату үшін осы қызметке ПҚ жетілдіреді.

Желіде жұмыс істеуге арналған программалық қамтамасыздандыру бір уақытта көп қолданушымен қолдануына бағытталуы тиіс. Қазіргі кезде мұндай ПҚ-ң екі негізгі концепциясы жетілдірілген.

Бірінші концепцияда желілік ПҚ файлдық сервер деп аталатын желінің бас компьютерінің кейбір ортақ мәліметтерді беруге бағытталған. Бұл атауды ол бас компьютердің негізгі ресурсы файл болғандықтан алған. Файлдық сервер- сервердің ең үлкен типі. Желіде бірнеше файлдық сервер болуы мүмкін. Файлдық сервердің басқада желі қолданушылардың бірлесіп қолданылатын басқа да ресурстарын айтуға болады. Мысалы: принтер, модем, факсимильдік байланыс үшін құрылғы. Файлдық севердің ресурстарымен басқаратын желілік ПҚ желілік ОЖ деп аталады.

Екінші концепцияда ПҚ-ң «клиент-сервер» аталмыш архитектурасы ресурстардың бірлесіп қолдануы ғана емес сонымен қатар қолданушы сұрауының орналасқан жерінде өңделуіне бағытталған. Программалық желілер «клиент-сервер» архитектурасы екі бөлімнен тұрады: ПҚ сервер және ПҚ қолданушы-клиент. Бұл програмалар жұмысы келесідей ұиымдастырылады: клиент-программалар қолданушы компьютерінде орындалады да программа-серверге сұрау жіберіледі. Негізгі мәліметтерді өңдеу қуатты сервермен орындалады, ал қолданушы компьютеріне орындалған сұраудың нәтижесі жіберіледі.

Глобальдық желілірде «клиен-сервер» архитектурасы негізгі болып табылады. Үлкен мәтіндік беттердің өңделуімен сақталуын қамтамасыздандыратын Web-серверлер, FTR-серверлері электрондық пошта серверлері және т.б. кең тараған.

Кез келген бөлінген ресурсі бар желі компьютері сервер деп аталуы мүмкін. Басқа компьютерлерiнiң қолданушылары енуiне болатын, бөлiнетiн модемi бар компьютердi модемдiк немесе коммуникациялық серверлер деп атаймыз.

Желілік ОЖ. Қазіргі кезде екі негізгі желілік ОЖ- ны белгілеп көрсетуге болады: NetWare фирмасы Novell және Windows 2000 Server фирмалары Microsoft. Бұдан басқа ОЖ-ға кіретін желіліктер UNIX. ОЖ-ны желілік ортаның негізгі талаптарына сәйкестігінен нақтырақ келетін болсақ мүмкіндіктеріне қарай бағалауға болады :

  • жоғары өндіруде файлдар мен принтерлерді бірлесіп қолдану;

  • «клиен-сервер» архитектурасына бағытталған қолданбалы программалардың, сонымен бірге өндірушінің қолданбалы программаларының нәтижелі орындалуы;

  • әр түрлі платформаларда және әр түрлі желі құрал-жабдықтарымен жұмыс істеуі;

  • Internet-пен интеграцияны қамтамасыздандыру: TCP/IP протоколын қолдау, динамикалық қайта келтіру протоколы (Dynamic Host Configuration Protocol-DHCP), Web-сервердің программалық қамтамасыздандыруы;

  • желіге дистанциондық енуі;

  • ішкі электрондық поштаны, топтық дискуссияларды ұйымдастыру.

Айтылған желілік ОЖ-ң кез- келгені өте жақсы деп айтылуы мүмкін, бірақ біреуіде қолданушының барлық талаптарына сай бола алмайды. Барлық талаптарға сай болу үшін әр түрлі өндірушінің желілік ОЖ-ны бірлестіру мақсаттырақ болар еді. Қазіргі кезде көп желілерде бірнеше желілік ОЖ қолданылады. Әмбебаптылық пен өнімділікке жету үшін NetWare және Windows 2000 Server бірлесіп қолданылады. Сонда NetWare фирмасы файлдармен жұмыс үшін және баспаға қызмет көрсетеді, ал Windows 2000 Server- хабармен алмасу және қосымша серверлер жұмысы үшін.

Барлық берілген ОЖ-р баспа мен файлдар үшін жақсы клиенттік құралдар болып табылады. Көп өңдірушілер бір типті серверлермен жұмыс істей алатын клиентің программалық қамтамасыздандыруын шығарады. Қолданушы қай серверге қарайтынын білмеуі де мүмкін.

Глобалдық компьютерлік желілер

Ақпарат айналымындағы тұтынушылық және қазіргі техникалық жетістіктері глобальдық компьютерлер желісін мемлекеттер арасындағы байланыстың бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады. Білімдік және ғылыми мақсаттарда, бизнес үшін, қаржы-экономикалық қызметте, бірлескен ғылыми-техникалық жобаларды тарату және т.б. қолданулар үшін көптеген глобалдық желілер құрылған.

Әлемдік бірлестікке кіретін, көптеген желіні қосатын және қолданушыға шексіз ақпарат ресурстарын беретін желіні Internet деп атайды. Желі, тор, Word Wide Web(WWW) сөздері де Internet сияқты мағынаны береді. WWW пен жұмыс істеу үшін қажетті ең белгілі программалардың бірі-Internet Explorer және Netscape Navigator.

Internet те жұмыс істеу үшін Internet ке қосылған компьютерге жалғану керек. Әдетте мұндай мүмкіндікті арнайы программа – провайдер (Internetке қосады) береді. Қызмет көрсету шартын құрғаннан кейін, Internetте жұмыс істеу үшін қажетті мәліметер беріледі. Үйде Internet ке қосылу телефондық желі арқылы жалғанады. Телефон желісі арқылы компьютерлік мәліметтерді беру үшін арнайы құрылғы-модемді қолдануға болады, ол арқылы факс алуға және жіберуге болады. Модем компьютерлік цифрлық ақпараттарын дыбыстық белгілерге жаңартып телефон желісі арқылы жібереді. Телефондық желінің арғы жақтағы модемі осыған кері процедураны орындайды. Қазіргі модемдер жақсы телефон желісінде болса 56 Кбит/с дейін жылдамдықта мәліметтерді жеткізеді.

Internet құрылымы. Глобальдық жүйенің құрылымын Internet глобальдық желісінің мысалында қарайық. 1995 ж дейін Internet желісі National Science Foundation (NSF) мен қаралды және қатан иерархиялық үш деңгеилі құрлымы болды.

Internet тің дамуымен және WWW-ң гипер мәтіндік жүйесінің пайда болуымен көптеген кәсіпорындар мен қолданушылар бұл желінің ақппараттар тарату үшін және әр түрлі жұмыс бабындағы операциялар үшін қымбат емес деген шешімге келді. Бұл Internet тің саудалық желіге айналуына әкелді. Сонда ол әжептеуір үлкейіп және байланыстар иерархиялық үш деңгейлі құрылымын көрсетуді қойды. Енді Internet желісі өзімен желілік қызмет көрсетудің аймақтық делдалдары қосылатын бір-бірімен байланысты коммуникациялық орталықтардың жиынтығын көрсетеді, яғни Internetте глобальдық желіге сәйкес құрылымы бар. National Science Foundation Internetтен кетер алдында 3 күшті коммуникациялық орталықтарды құрды: Нью-Йоркте, Чикаго және Сан-Франциско да. Кейіннен Шығыс пен Батыс жағалауларында және басқа да көп федералдық және саудалық коммуникациялық орталықтар құрылды.

Делдар мен тұтынушы өзара әрекеттері көп түйінді коммуникациялық жүйе арқылы орындалады.

Глобальдық желінің жұмыс принциптері. TCP/IP протокол байланысы үшін қолданылатын глобальдық желінің жұмыс принциптерін қарастырайық. Бұл протокол Internet желісінде де және басқаларының да негізінде жатыр. Желінің құрылымының негізін білген қолданушыға желінің әр түрлі ресурстарына кіру үшін көп істердің мағынасын түсінуге қолайлы.

Желінің архитектурасы. Архитектура желісінің негізіне хабарды берудің көп деңгейлі принципі жатыр. Төменгі деңгейде хабар өзімен алушы мен жіберушінің мекенжайы жазылған бит реттігін көрсетеді. Хабарлар желілік ақпаратпен пакеттерге бөлініп байланыс каналдарына беріледі. Программалық қамтамасыздандырудың келесі деңгейлері желінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Internetте мекен-жайлау. Желіде мәліметтермен алмасуда әр компьютердің өз жеке мекенжайы болуы тиіс. Локальдық желіде компьютерлер мекен-жайы әдетте компьютерге орнатылған желілік плата (Ethernet) мекенжайларымен анықталады. Түйін мекен-жайы 12-мәнді 16-лық сан. Локальдық желінің әр сегментінде жүйелік мекен-жайы болады. TCP/IP протоколмен желілерде компьютерлер мен желілерді идентификациялау үшін 32-разрядты IP қолданылады. Бұл мекен- жайлар жазыларда төрт бөлікке бөлінеді. Әр 8-разрядты бөлігі 0 ден 255-ке дейін мән алуы мүмкін. Мысалы 234.049.123.255.

Әр желінің мекен-жайы Internet желісінің Ақпараттық орталығымен беріледі (NIC). Internet желісімен қолдану алдында кәсіпорын осындай мекен-жай алу үшін NIC-та тіркелуі керек. Егер сіз Internet желісіне қосылмасаңыз енді қосылайын деп жүрсеңіз сіздің локальдық желіңізде IP-мекен-жайлауды қолдану мақсаттырақ болар еді. Мақсат-қажетті мекен-жай жүйелерін дайындау.

Ip мекен- жайлар желі көлеміне байланысты 3 классқа бөлінеді: А,В,С.

А классы үлкен желілерді мекен-жайға арналған және 7 разрядты бұл класс мекенжайына кіші мекенжай беріледі, 24-кіші мекен-жай компьютер ішінде; мұндай компьютерлер жиынтығымен желі сандары көп емес, теңі 127

В классы 14 разрядты желі мекен- жайына апарып және желі компьютерлер мекен-жайына 16-қ бар мекен-жай.

Көп орналасқан үлкен емес С классында желі мекен-жайына 21 разряд, компьютер мекен-жайына не бары 8 разряд апарылады. Осылай бұл желіде 255 компьютерден көп болмайды.

IP мекен-жайлар мен TCP/IP протоколымен хабарларды алуда және жіберуде қолданылады. Бірақ қолданушыға кейбір қызметтерді алу үшін басқа желі компьютерлерімен байланысты ұйымдастырғанда ыңғайлы емес. Сондықтан Internetте аттардың домналық жүйесі енгізілген (Domain Naim System-DNS). Бұл жүйеде желі компьютерлеріне қолдануға ыңғайлы сәйкес мекен-жайы тығылған аттар беріледі.

Аттардың домналық жүйесі. Internet ке қосылған компьютерлер мен желілерде домналық аттар деп аталатын белгілік иденфикаторлары болады. Бұл аттар желілер мекен-жайлары тәрізді NIC-та тіркеледі және Internet-тің мәліметтер базасында сақталады.

Домналық ат 2 бөлімнен тұрады: кәсіпорының иденфикаторы және нүктелерді бөлетін домна иденфикаторынан (жоғарғы деңгеилі домна). Мысалы, Microsoft.com. com- сауда мекемелерін идефикациялауда стандарт болатын домна идефикаторы болып табылады. Домна иденфикаторы edu білім мекемелеріне стандартты болады. NIC комитетіңде 6 стандартты иденфикаторлар тіркелген – екеуі айтылған (com ,edu), сонымен қатар gov (басқару ұйымдары) mil (әскери ұйымдар) org (саудалық емес ұйымдар) net (желілік ұйымдар). Бұл домна иденфикаторларын АҚШ ұйымдары қолданылады.

Басқа мемлекеттерде домна иденфикаторлары ретінде мемлекет атының екі әріпі қолданылады.

Желінің домналық мекен-жайы нүктемен бөлінге аттардың ретін көрсетеді. Сонымен бірге қай компьютерге мекен-жай жататынын білу оңнан солға қарай жүреді. Мысалы nvp.eku.kz компьютер Қазақстанда(kz) экономика және қаржы университетінде (eku) орналысқанын және университет желісінде аты nvp.

Internetте аттарды мекен-жайға жаңартумен DNS жұмыс жасайды. Бұл жүйе IP мекен-жай орнына домна аттарын қолдануға мүмкіндік береді.

Internet қызметі көрсетуі. Internet қызметі «клиент-сервер» моделі негізінде құралған. Сервер анықталған желі қызметін сақтайтын программа деп аталады. Internet желісінің басқа түйініндегі қолданушылар бұл қызметке клиент-программасы арқылы кіре алады.

Глобальдық дүние жүзілік желі Internet серверлерімен берілетін белгілі қызметтерді қарастырайық.

Электрондық пошта. Желіде қолданушылардың қарым-қатынас құралдарының бірі электрондық пошта болып табылады. Электрондық пошта Internet-тің бастауы болған және ондағы қызмет көрсетудің белгілі бір түрі болып тұр. Глобальдық және локальдық желілерде қолданылатын электрондық пошталар бір-біріне айырмашылықтары бар.

Электрондық поштаның кез келген жүйесі 2 негізгі кіші жүйелерден тұрады:

1. қолданушы әр дайым қарама-қатынаста болатын клиенттік ПҚ

2. қолданушы– жіберушіден хабарды алуды басқаратын, хабарды беретін, пошталық жәшікке жіберетін және оның қолданушы- алушы алғанша сол жәшікте сақталуын қамтамасыздандыратын сервердік программалық қамтамасыздандыру;

Электрондық пошта жүйесінің клиентік программаларының әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі ортақ қызмет атқарады:

  • жаңа пошта келгендігін айту;

  • келген поштаны оқу;

  • шығатын поштаны құру не жазу;

  • хабарлар мекен-жайлау;

  • үнемі пошта жіберетін абоненттер тізімі бар мекен-жайлы кітапты қолдану;

  • хабарды жіберу;

  • хабарды өңдеу және оларды сақтау; Хабарды өңдеуге баспа, жою, реттеу хатты басқаға мекен-жайлау, хабарды мұраға жіберу, байланысты хабарларды сақтау сияқты қызметтер атқарады.

Папкамен жұмыс істеу мүмкіндігін беретін программаларды да ерекше көрсетуге болады. Олар әр түрлі тақырыптағы хабарларды сақтау үшін өз папкаңды құруға мүмкіндік береді. Бұл өте ыңғайлы және поштаны тезірек өңдеуге мүмкіндік береді.

Конференциялар. Internet –те үлкен атаққа хабарламалық электрондық тақталар немесе конференциялар деп аталатын ашық ақпараттық топтарға хабарды жіберуді және оқуды қамтамасыздандыратын жүйелер ие. Бұл жүйе дискуссия жүргізуге және әр түрлі тақырыпта ақпаратпен алмасуға арналған. Осы тақырыптың кез келгеніне, қолданушы дискуссияға қатысу үшін немесе жаңалықтар қарау үшін жазылуына болады.

Іздеу машиналары. Internet-те ақпаратты іздеу үшін сұрау бойынша желі де кездескен сұралынған ақпарат туралы барлық мағлұмматтарды табуға мүмкіндік беретін арнайы іздеу машиналары қолданылады. Ақпараттар табылғаннан кейін қолданушы арасынан реттеп өзіне керегін алады. Сонымен бірге іздеу машиналары іздеуде қолданылатын үлкен тематикалық каталогтарды құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]