Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umk_informatika_te_smis_opd_2012-2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.84 Mб
Скачать

Дәріс9. Мәтіндік рекдактор.

  1. Негізгі мүмкіндіктері.

  2. Мәтінмен жұмыс істеу.

  3. Баспа жүйесімен жұмыс істеу.

Мәтiн редакторы. MS Word – мәтiндiк құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесiнiң қосымша программасы. Ол-мәтiндiк және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтiн редакторының бiрi.

Қазiргi компьютерлiк технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла бередi. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтiндiк фрагменттер, кестелер, суреттер сияқылды неше түрлi объектiлердi байланыстыра отырып осы ортаға енгiзуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керектi баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал-макетiн толық жасауға дейiннi барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкiндiктерi де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелердi көрiктi етiп, безендiруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бiрден орындалатын iшкi макропрограммалау тiлi, қарапайым графиктiк бейнелердi салатын аспаптар және т.с.с. жетiп артылады.

Word редакторын iске қосу және онымен жұмыс iстеудi аяқтау.

Word-пен жұмыс iстеудi бастау үшiн Windows жүйесiнiң басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциалық) дискеттерден немесе компакт-дискiден компьютерге жазып орналастыру қажет.

Орналастырылған Word редакторын iске қосу бiрнеше тәсiлмен жүзеге асырылады:

1.Басқару тақтасындағы Iске қосу (Пуск) менюiнiң Орындау (Выполнить) команжасының көмегiмен, бұл тәсiл редакторының қосымша параметрлерiн iске қосуға арналған.

2. Программаларды Wicrocoft Office тобындағы Word шартбелгiсiнде тышқанды екi рет шерту арқылы.

3. Windows жүйесiнiң Сiлтеуiш (Проводник) терезесiн пайдалану арқылы.

4.Word редакторына дайындалған құжаттың шартбелгiсiне тышқан курсорын жеткiзiп, оны екi рет шерту арқылы т.б.

Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсiлдермен жүргiзiледi:

  • Файл – Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;

  • Word негiзгi терезесiнiң жүйелiк менюiндегi Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

  • Тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегi жүйелiк меню белгiсiне алып барып, тышқанды екi рет шерту немесе батырманы бiр рет басып, менюдiң Жабу (Закрыть) командасынтаңдау;

  • Редактор терезесiнiң тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;

  • Тiкелей Alt+F4 пернелерiн басу.

Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертiп, бiрақ дискiге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесiн шығарып, өзгертiлген құжатты дискiге жазу (Иә-Да) керектiгiн, ал жазбасаңыз(Жоқ-Нет) оны да растап беруiңiздi өтiнедi. Қалауыңыз бойынша, редакторда әрi қарай жұмыс iстей беруiңiзге де (Болдырмау-Отмена) болады.

Формулалар редакторын iске қосу. Word ортасынан формулалар редакторын iске қосу үшiн, енгiзу курсорын құжаттың формула кiрiстiрiлетiн жерiне орналастырып, Кiрiстiру – Объект - Microsoft Equation (Вставка – Объект - Microsoft Equation) менюi операциаларын орындау керек. Сонда теңдеулер редакторының терезесi пайда болады. Сол терезеге керектi формуланы енгiзу қажет.

Егер объектiлер типi тiзiмiнде формулалар редакторы жоқ болса, онда келесi әрекеттердi орындау қажет:

  • Microsoft Wotd Folder бумасында орналасқан Word Commands iшкi бумасын ашу;

  • Формулалар редакторын бейнелейтiн суретте тышқанды екi рет шерту;

  • Фрмулалар редакторы терезесiн онда шықпай-ақ жабу;

  • Word –тан формулалар редакторын шақыру.

Формулалар редакторы жүктелгеннен кейiн оның қолданбалы терезесi ашылады. Ол терезе өзiнiң құрылымы жағынан Word терезесiне ұқсас.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]