
- •5В071700-жылуэнергетика , 5в071132-сМжС , 5в071901-опДиЭт мамандықтарындағы студенттеріне арналған Информатика кафедрасы Астана – 2012
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы:
- •5.1. Оқу пәнінің арналуы:
- •5.2.Оқу пәнінің мақсаты:
- •5.3. Пәнді оқудағы міндеттері:
- •5.4. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •Зертханалық сабақтарды жоспарлау
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •6.1. Негізгі әдебиеттер:
- •6.2.Қосымша әдебиеттер:
- •8. Оқу пәнінің саясаты:
- •Студенттің өзі болмаған жағдайда тексеру жүргізілмейді. Студенттің емтиханда болмауына байланысты жағдай “ л.Н.Гумилев атындағы еұу оқу үрдісін ұйымдастыру ережесімен” тексеріледі.
- •2. Оқу пәні бойынша глоссарий
- •Дәріс материалдары
- •Дәріс 2. Информатиканың арифметикалық негіздері.
- •Дәріс 3. Информатиканың логикалық негіздері.
- •Дәріс 4. Компьютерлік графика негіздері.
- •Дәріс 5. Дербес компьютердің архитектурасы.
- •Дәріс 6. Операциялық жүйелер. Программалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы.
- •3.Сурет. Қолданбалы пқ құрылымдық схемасы
- •Дәріс7. Windows операциялық жүйесі.
- •Дәріс 8. Сервистік программалық жабдықтау.
- •Дәріс9. Мәтіндік рекдактор.
- •Дәріс 10. Кестелік процессор.
- •Дәріс 11. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (мқбж).
- •Дәріс 12. Графиктік редактор. Қазіргі заманғы компьютерлік көрсетілім. Презентацияны жасау құралы.
- •Дәріс 13. Информатиканың алгоритмдік негіздері.
- •«Әзiрге» қайталау.
- •2. «Дейiн» қайталау.
- •Дәріс 14. Компьютерлік желілер.
- •Дәріс 15. Интеллектуалдық және сараптау жүйесі. Ақпараттық қауіпсіздік.
- •Жасанды интеллектуалды жүйе туралы түсiнiк
- •4. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •4.1. Негізгі әдебиеттер:
- •4.2.Қосымша әдебиеттер:
- •5. Семинар сабақ (машықтандыру сабақ) жоспары зертханалық жұмыс №1. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне санды ауыстыру. Екілік санау жүйесі. Екілік арифметика. Логикалық өрнектерді есептеу.
- •Алгоритмді сипаттап жазу түрлері. Сөздік, графикалық, кестелік. Алгоритмнің қадаммен орындалуы.
- •Файлды немесе буманы iздеу
- •Жаңа буманы (файлды) құру
- •Архивтеу программалары. WinRar, WinZip. Антивирустық программалық құралдар: avp, Norton Antivirus, DrWeb.
- •Microsoft Word мәтіндік редакторы. Негізгі объектілері. Мәтінді көшіру, орнын ауыстыру, өшіру. Форматтау. Терезелермен жұмыс істеу. Кестелермен жұмыс істеу. Суреттерді қою. WordArt объектілері.
- •Зертханалық жұмыс 6.1.
- •1. Microsoft Word мәтін редакторынде графикалық объектілерді енгізу
- •2. Мәтінге Clip Gallery программасының объектілерін енгізу
- •Зертханалық жұмыс 6.2.
- •Зертханалық жұмыс 7.1.
- •Зертханалық жұмыс 7.2.
- •1.Логикалық функциялар
- •2.Статистикалық функциялар
- •3.Финанстық функциялар
- •Зертханалық жұмыс 8.1
- •Зертханалық жұмыс 8.2.
- •Power Point презентация жасау құралы. Интерфейс. Слайдтарды құру. Бірнеше слайдтардан презентация құру. Слайдтар арасында ауысу. Анимация құру.
- •Internet желісімен жұмыс істеу. Электрондық поштамен жұмыс істеу. Телеконференция. Internet-тен ақпарат іздеу. Microsoft Front Page редакторында web-беттерін жасау.
- •Сөж материалдары Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары ( 45 сағат)
- •Емтихан сұрақтары, қорытынды және аралық бақылау тест жұмыстары
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В071700-жылуэнергетика , 5в071132-сМжС , 5в071901-опДиЭт мамандықтарындағы студенттеріне арналған Информатика кафедрасы Астана – 2012
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
1. СИЛЛАБУС
1. Оқытушы туралы ақпарат:
Кариева Қалия Өтепқызы – п.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің информатика кафедрасының доценті
Байланыс телефоны: 54-01-61(үй); e-mail: Karieva_Kalya@mail.ru
Ұялы тел: 8-701-452-24-29
2. Пәннің атауы, коды және кредиттер саны:
Пәннің аты -Информатика
Пән коды - Inf 1105.
Кредиттер саны – 3.
3. Оқу пәнінің өткізілетін орны және уақыты:
Дәріс сабағы – ЦИСИ ғимарат, 110 - дәрісхана
Лабораториялық сабақтарды өткізетін орын: № 3 –ші оқу корпусы, компьютерлік сынып
4. Оқу пәнінің пререквизитттері және постреквизиттері:
Реквизит алды: Аталған курс бойынша студент осы курсты толық меңгеруі және қазіргі ақпараттық технологиялар үрдістерінің жұмыс істеу принциптерімен танысуы керек. Пән мазмұнын жоғары дәрежеде игеру үшін орта мектеп көлеміндегі информатика пәнін және математиканы білу керек (әр түрлі қиындықтағы есептерді шығару әдістері және құру алгоритмдері).
Реквизиттен кейін: Информатика пәнін оқып болғаннан соң студент курстың қолданбалы сұрақтарына – ақпараттық технологияларды меңгеруге, жүйелік құрылымдарды, ондағы модель түрлерін, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын айыра білуі керек және жүйенің түрлі сырларын меңгере отырып, онымен жұмыс жасауға бейімделген болуы керек. Осы пәннің негізінде келесі сабақтар қарастырылады: ақпараттық жүйелерді жобалау, ақпараттық жүйелер теориясы, ақпарттық технологиялар, ЭЕМ архитектурасы т.б.
5. Оқу пәнінің сипаттамасы:
5.1. Оқу пәнінің арналуы:
Оқытылатын пән болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және әр түрлі экономикалық есептерді шешуде қолданбалы программалар пакеттерін қолдана білуді үйретуге бағытталған. «Информатика» пәннің мақсаты студенттерді қазіргі таңдағы информациялық технологиялар негізімен және олардың даму тенденцияларымен таныстыру. Қазіргі кезеңде компьютер және компьютерлік программалардың күнделікті өмірде жұмыс құралдары ретінде қолданылу аясы кеңейіп келеді. Себебі дербес компьютерді (ДК) ғылымның, білімнің, өнердің және т.б. әртүрлі салаларында пайдалану оның техникалық және программалық жабдықтамаларын күннен-күнге арттырудың нәтижесінде үнемі кеңейіп отыр. ДК негізінде жұмысты автоматтандыру сапалы жаңа деңгейге көтеріледі, кәсіпорындар мен мекемелердің жұмыстарын жаңа информациялық технологияның базасында ұйымдастыруға мүмкіндігі артады. Информатика - болашақ мамандарды қазіргі ақпараттық қоғамның талаптарына сай даярлау үшін және олардың болашақ мамандықтарына сәйкес ақпараттық технологияларды оқып- үйренуі үшін қажет базалық білімдерінің болуын қамтамасыз етуге арналған пән.
5.2.Оқу пәнінің мақсаты:
Студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға сәйкес/:
Дербес компьютер құрылысын ұйымдастыруға және жұмыс жасау принциптерін білуге қажет білімді, құжаттарды өңдеу және дайындау үшін дайын программалық өнімдерді қолдану технологияларын пайдалануға қажет білімді, қиындықтары жоғары экономикалық есептерді шеше білуге қажет, деректердің экономикалық қорын жүргізе білуге қажет білімді қалыптастыру.
Қазіргі ақпаратттық қоғам, қоғамды ақпараттандыру, ақпарат, түрлері және т.б. туралы білімдер алу;
Қазіргі заманғы ДЭЕМ-ның архитектурасы және оның даму болашағы туралы білім алу;
Қазіргі заманғы ДЭЕМ-ның программалық жабдықтары және оның даму болашағы туралы білім алу;
Компьютерде іс жүзінде жұмыс істеп дағдылану және алған білімі мен тәжірибесін мамандықтарына сәйкес әртүрлі құжаттар құрастыруда пайдалана білуге дағдыландыру, Веб-беттерді құрастыру, Интернет жүйесінде ақпарат іздеу, хабар алмасуда электрондық почтаны қолдануды үйрену;
Кестелік деректерді өңдеуді, есептеулер жасауды, диаграмма түрінде кескіндеуді үйрену;
Деректердің әртүрлі құрылымдарын қарастыру;
Деректер қорларын қалыптастыруды және оны өңдеуді үйрену;
ақпаратарды жинақтау,түрлендіру, кодтау және пайдалану туралы мәліметтер алуы;
компьютердің негізгі түйіндерін және олардың өзара байланыстарын білу;
графиктік редакторлармен жұмыс істеуді үйрену;