
18 Билет
Жылу электр стансаларын (ЖЭС) әртүрлі нышандар бойынша жіктеуге болады:
1. ЖЭС-тар беретін қайрат түріне байланысты шықтық (конденсациялық) электр стансалары (ШЭС) және жылу электр орталығы (ЖЭО) деп бөлінеді. ШЭС сыртқы тұтынушыларға тек электр қайратын, ал ЖЭО – электр және жылу қайратын (ыстық су және бутүрінде) береді.
2. Жағатын отын бойынша ЖЭС-тер былай бөлінеді:
- қатты отын (көмір, шымтезек, тақтатас) жағатындар;
- сұйық отын (мазут, өңделмеген мұнай, дизель отыны) жағатындар;
- газ (табиғи газ, жасанды газ) жағатындар;
- аралас отын жағатындар (мысалы, газ және мазут)
3. Электрөндіргіш жетегі үшін қолданылатын шығырлардың түрі бойынша ЖЭС-тер:
- бу шығырлы;
- газ шығырлы болып бөлінеді.
4. Тәсілдемелік (технологиялық) құрылымы бойынша барлық ЖЭС-тарды:
- құрамалық;
- құрамалық емес.
Құрамалық ЖЭС, әдетте, үлкен қуатты.
Дизель электр стансалары сұйық мұнай отынымен жұмыс істейді. Оның басты элементі – дизель-генератор. Оның қуаты 40-650 квт-қа жетеді. Дизель-генератор екі жабдықтан тұрады. Олар дизель және айнымалы ток генераторы. Дизель мазутпен жұмыс істейді. Дизель мазутқа генераторлық білік арқылы қосылған. Осы білік арқылы генератор жұмыс істейді. Осы білік айналғанда генератор орамында электр тоғы пайда болады. Пайда болған ток кәбіл (сым) арқылы электр тарататын құрылғыға беріледі де, тұтынушыларға жіберіледі.
Дизель электр стансаларын бір жерден екінші жерге ауыстыру оңай. Сондықтан дизель электр стансаларын шағын шаруашылықтарда пайдалану өте тиімді.
Мәтінді көшіріп, аударыңыздар. Бірнеше рет қайталап оқыңыздар, мазмұнын айтыңыздар.
Су электр стансалары су тасқынын электр энергиясына айналдырады. Яғни, механикалық энергиядан электр қуатын алады.
Су электр стансалары таудан аққан өзен күшін пайдаланады. Немесе ағынды өзенге бөгет жасайды. Содан қысылып аққан су күшін пайдаланады.
Қазақстандағы ең ірі ГЭС – Бұқтырма ГЭС-і. Бұқтырма ГЭС-і 1960 ж. салынады. Оның қуаты – 675 мВт.
Ал айдың әсерінен теңіздерде судың тасуы және қайтуы болып тұрады. Бұл әсер әр жерде әртүрлі. Мысалы, Атлантика мұхитының Канада жағалауында толқынның биіктігі 18 м, ал Ла-Маншта – 15 м, Охот теңізінде – 13 м, Ақ теңізінде – 10 м.
Теңіз электр стансаларын салу үшін толқын 10 м-ден кем болмауы керек. Мұндай мүмкіндік жер жүзінде 30-ға таяу. Әрине, бұл өте аз.
Осы себепті мұндай стансалар салынады. Оның қуаты – 240 мВт.
1968 жылы Баренц теңізінде Кислогуб стансасы салынады. Оның қуаты – 800 кВт.