Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
spora ТЭ каз.яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
43.97 Кб
Скачать

16 Билет

Жылу электр стансаларын (ЖЭС) әртүрлі нышандар бойынша жіктеуге болады:

          1. ЖЭС-тар беретін қайрат түріне байланысты шықтық (конденсациялық) электр стансалары (ШЭС) және жылу электр орталығы (ЖЭО) деп бөлінеді. ШЭС сыртқы тұтынушыларға тек электр қайратын, ал ЖЭО – электр және жылу қайратын (ыстық су және бутүрінде) береді. 2. Жағатын отын бойынша ЖЭС-тер былай бөлінеді: - қатты отын (көмір, шымтезек, тақтатас) жағатындар - сұйық отын (мазут, өңделмеген мұнай, дизель отыны) жағатындар; - газ (табиғи газ, жасанды газ) жағатындар; - аралас отын жағатындар (мысалы, газ және мазут) 3. Электрөндіргіш жетегі үшін қолданылатын шығырлардың түрі бойынша ЖЭС-тер: - бу шығырлы; - газ шығырлы болып бөлінеді. 4. Тәсілдемелік (технологиялық) құрылымы бойынша барлық ЖЭС-тарды: - құрамалық; - құрамалық емес. Құрамалық ЖЭС, әдетте, үлкен қуатты. Жел энергетикасының (қайратиятының ) жақсы жақтары:

         - Жел қайраты таусылмайды және тегін;

         - ЖелЭС электр өндіргенде зиянды заттар мен парниктік газдар (СО2) шығармайды;

         - ЖелЭС-ті салу тез және тұтынушыға жақын орналасады: электр шығыны азаяды және электр жеткізу желішесін салу құны төмен болады;

         - ЖелЭС Жер климатын сақтауда басты рөл атқарады және органикалық өнім үнемделеді;

          - ЖелЭС өндірген электр қайраты басқа ЭС-тар өндірген электр қайратымен бәсеке бола алады;

          -  Жел шығырларының өзін өтеу уақыты аз (шамамен 6 айдай).

Жел қайратиятының кемшіліктері:

          - Уақыт бойынша бірқалыпсыздығы;

          - Көп қондырғыларды орнатқанда бірталай жер ауданын алады. Жер қондырғыларын орналастыру үшін ыңғайлы теңіз не мұхит жағалауы;

          - Дәстүрлі пейзажды бұзады;

          - Шу шығарады.

          - Электрмагниттік толқындардың таралуына кедергі жасайды.

          Жел қондырғысы жұмыс істей бастауы үшін минимал жел жылдамдығы 3-5 м/с болуы керек. Әсіресе болашақта Жоңғар қақпасы, Ерейментау, Қордай және т.б. Бірақ осыған қарамай біздің елде жел қайраты қолданылмайды. Тек тәжірибелік жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан жерінде жел энергия қоры үлкен. Ал дүниежүзінде бұл мәселеге жақсы көңіл бөлінуде. Қондырылған қуат бойынша алдыңғы қатардағы елдер: Германия, Испания, АҚШ, Индия және Дания. Ең үлкен ЖЭС-сы Испанияда қондырылуда. Оның құны 2*10 евро, қалақтарының ұзындығы 54 м 500 қондырғыдан тұрады, ол 2,5 млн. тұрғыны бар қаланы электр қайратымен қамтамасыз етеді. Бұл ЖелЭС Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан.

17 Билет

Жылу электр стансаларында отын ретінде негізінен көмір, газ, мазут, торф пайдаланылады. Бұл отындар жанған кезде қоршаған ортаға түтінмен бірге күл, күкірт, азот тотықтары, көмір қышқыл газы, ваннадийдің және басқа да металдардың қосылыстары қоса шығып тарайды. Ал отын энергиясының 46%-нан астамы толық пайдаланылмай, ыстық газдар мен бу түрінде атмосфераға беріледі. Белгілі мәліметтерге қарағанда, электр стансаларының қоршаған ортаны ластауы, еліміздегі табиғатқа зиянды әсер ететін барлық «ластау көздерінің» зиянды шығындарының төрттен бір бөлігінен асып түседі.  Жылу электр стансасы қалыпты тәртіпте жұмыс істегенде мынадай улы зиян заттар шығарады: күкірт тотықтары, азот тотықтары, радиациялық заттар. Сенімді жұмыс жасайтын атом электр стансаларында атом энергиясын электр энергиясын өндіруге пайдалану, органикалық отынға қарағанда қоршаған ортамен материалдық алмасуды  азайтып, оны химиялық ластаудан сақтайды. Елімізде атмосфералық ауа тазалығы бекітілген тазалық сақтау – гигиеналық нормалар негізінде анықталады. Бұл нормалар қоршаған ортаны жақсарту мақсатымен қайта қаралып отырады. Қазіргі уақытта әрбір өндіріс орындары шығаратын, атмосфераны ластайтын заттардың мөлшерінің нормалары белгіленіп, олардың физикалық зиянды әсерінің шамасын анықтау талабы қойылған. Дамыған елдерде (Германия, АҚШ, Жапония) әр стансада күкірт ұстағыш, күл ұстағыш жабдықтар орнатылған. Біздің электр стансаларда мұндай жабдықтар жоқ. Себебі олардың қымбаттылығы станса құнының жартысына жетеді. Азот тотықтары – зиянды заттардың ең улысы. Бұл исі жоқ түссіз газ. Осы газдан құтқару тәсілдері әлі толық шешілмеген.

         Күл ұстағыш техника жағынан шешілмеген мәселе. Мысалы, жаңа күл ұстағыштардың тиімділігі 99,5 пайызға жетеді. Осындай жабдықтар барлық стансаларда пайдалану қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]