Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
spora ТЭ каз.яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
43.97 Кб
Скачать

14 Билет

Ағаш отынға ағаштың әртүрлері жатады. Өздерің білетін ағаштар: қарағай, қайың, үйеңкі, терек, тал, қарағаш, емен және т.б. Аталған ағаштардың органикалық құрамы бірдей, көп айырмасы жоқ.Ағаш отынның құрамында 50 % көміртек, 6 % сутек және 44 % оттек бар. Кепкен отын жанғанда 4500 ккал жылу шығарады. Отын неғұрлым құрғақ болса, соғұрлым жақсы жылу береді. Мысалы: дымқылдығы 50 % ағаштың әрбір киллограммы небәрі 20000 ккал. ғана жылу береді. Жаңадан кесілген ағаш құрамында 60 % су болады. Осы ағашты екі жыл кептіргеннен кейін де су мөлшері 15 % -тен кем болмайды. Оның күлі 1%-дан аспайды. Қазақстанның орман алқабында көлемінде 22 млн/гектарға жуық ағаш бар. Бұл өте аз, жан басына шаққанда, 1 гектардан сәл ғана асады. Соңғы деректерге қарағанда, еліміздің орман алқаптары азайып барады.

         Орман алқабын отын ретінде пайдалану зиянды. Ғылыми деректерге қарағанда, отырғызылған көк шыбық  100-150 жылда ғана биік бәйтерек болып өседі екен. Бұл аз уақыт емес. Сондықтан орман алқабын сақтау керек. Әсіресе, отқа сақ болу керек. Орманды өрттен қорғау қажет.

15 Билет

Қатты отынның ылғалын сыртқы және ішкі деп екіге бөледі. Отынды өндірген кезде, тасығанда және сақтағанда оған жер асты суы, ауадан ылғал тиеді. Отын кесектерінің сыртқы беті ылғалданады. Кесектер кішірейген сайын отынның меншікті беті өседі және ол ұстайтын сыртқы ылғал мөлшері де өседі. Сыртқы ылғалға сонымен қатар түтікшелік (капилярная) ылғал да жатады, яғни уақ тесіктер мен саңылаулардың ішіндегі ылғал. Уақ тесіктер мен саңылаулар  шымтезек пен қоңыр көмірде күшті дамыған. Сыртқы ылғалды механикалық әдіспен және жылумен кептіру арқылы  кетіруге болады. Ішкі ылғалға коллоид және гидрат ылғалын жатқызады. Коллоид (сіңірулік) ылғалы отынның құрама бөлігі болып табылады. Көмір бойында  ол өте біркелкі таралады. Отынның көмірлену дәрежесі өскен сайын сіңірулік  ылғалының мөлшері төмендейді.  Шымтезек пен қоңыр көмірлерде сіңірулік  ылғал көп, ал тас көмірлер мен антрацитте аз болады. Гидрат суы кристалгидраттар құрамына кіреді, олар отынның арасан қоспаларының ішінде  болады. Гидрат суы жай кептіргенде кетпейді, ол жоғары ыстықтықта (t>150-200 0C) кетеді. Бастылары силикаттар (мысалы, Аl2O3·2SiO2·2H20; Fe2O3·2SiO2·2H2O) және сульфаттар (СаSO4·2H2O; MgSO4·2H2O). Гидрат ылғалына отындағы судың жалпы мөлшерінің тек бірнеше пайызы келеді. Отынның жанбайтын бөлiгiнен ошақ қалдығы пайда болады, олар қазанның газ жолының әр жерлерiнде және сонымен қатар жағу жағдайларына байланысты күл не қож түрiнде болады. Қож –жоғары ыстықтықта қыздырылған, соның нәтижесiнде балқу немесе жентектелу арқылы әжептәуiр берiктiкке ие болған күлдiң бөлiгi.

Күл - ұнтақ тәрiздi отын қалдығы. Ұшпа күл және түсiндi (провал) деп екiге бөлiнедi. Ұшпа күл - тозаң түрiндегi бөлiгi түтiн газдарымен бiрге қазан ошағынан шығып кетедi, не оның ағындық (конвективный) газ арнасында шөгедi. Түсiндi - күлдiң iрiлеу бөлiкшелерi (фракция) ошақтың салқын төменгi жағына түсiп кетедi.

Ошақ қалдығының негiзгi құраушысы тотықтар SiO2, Al2O3, FeO, Fe2O3, CaO, MgO, едәуiр аз үлесi сульфаттарға CaSO4, MgSO4, FeSO4 тиедi, одан да аз мөлшерде фосфаттар, сiлтi метал тотықтары K2O, Na2O және басқа да көп қосылыстар болады.

Отынды жаққанда қожды ошақтан сұйық не қатты күйде аластайды.

Күлдiң маңызды қасиеттерi оның түрпiлiгi (абразивность) және балқығыштығы.

Ұшпа күл бөлшектерi келе жатып қазанның жылу беттерiмен соқтығысып, оларды тоздырады. Бұл құбылысты күлден тозу (золовой износ) дейдi. Күлден тозу қарқыны күлдiң орташа жылдамдығының текшесiне (кубiне) сәйкес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]