
12 Билет
Су электр стансалары су тасқынын электр энергиясына айналдырады. Яғни, механикалық энергиядан электр қуатын алады.Су электр стансалары таудан аққан өзен күшін пайдаланады. Немесе ағынды өзенге бөгет жасайды. Содан қысылып аққан су күшін пайдаланады.Қазақстандағы ең ірі ГЭС – Бұқтырма ГЭС-і. Бұқтырма ГЭС-і 1960 ж. салынады. Оның қуаты – 675 мВт.Ал айдың әсерінен теңіздерде судың тасуы және қайтуы болып тұрады. Бұл әсер әр жерде әртүрлі. Мысалы, Атлантика мұхитының Канада жағалауында толқынның биіктігі 18 м, ал Ла-Маншта – 15 м, Охот теңізінде – 13 м, Ақ теңізінде – 10 м.Теңіз электр стансаларын салу үшін толқын 10 м-ден кем болмауы керек. Мұндай мүмкіндік жер жүзінде 30-ға таяу. Әрине, бұл өте аз.Осы себепті мұндай стансалар салынады. Оның қуаты – 240 мВт.1968 жылы Баренц теңізінде Кислогуб стансасы салынады. Оның қуаты – 800 кВт.
13 Билет
Атом электр стансасы ауыр элементтерді ыдыратқанда туатын энергияны алады. Ауыр элемент ретінде уран - 235 атауға болады. Атомдық электр стансалары (АЭС) букүштілік қондырғылар сияқты жұмыс істейді және ядролық отын (табиғи U-238, байытылған U-235) уран ыдырағанда өте көп мөлшерде жылу бөлінеді. Ядролық отынның ыдырауы атомдық реакторда жүреді (негізінен жылулық нейтрондар көмегімен). Келешегі мол болып тез нейтрондармен жұмыс жасайтын реакторлар (реактор - көбейткіш) саналады, онда белсендіге U-238-ші Рu-239-ға, торий (Th-232) U-233-ке айналады. Екіншілік Рu-239 және U-233 әрі қарай отын ретінде жылу реакторларында қолданыс табады.
Атом ыдыраған кезде реакторда, органикалық отынды жаққанмен салыстырғанда, 2,5*106 есе көп жылу бөлінеді. Сондықтан АЭС-те ядролық отын ЖЭС-ке қарағанда аз жұмсалады. Мысалы, МАЭС-400 сағатына 200 тонна отын жақса, АЭС бір жылда тек 200 тонна отынды қажет етеді. Алайда атом ыдыраған кезде, тек қана жылу бөлініп қоймай, γ – сәулелер де бөлінеді, олар тірі организмдер үшін өте қауіпті, өткір рентген сәулелері болып саналады.
Осыған байланысты АЭС-та биологиялық қорғаныс мәселелерін шешуге және алыстан басқару жүйелерін енгізуге тура келеді.
АЭС-те жұмыс заты болып қанығуға жақын су буы саналады. Бу реакторларда немесе арнайы бу генераторларында өндіріледі. Реакторлар сумен су жылу алмасатын тұрқы түрінде (су реакцияны баяулатушы ретінде ғана қолданылмай жылу тасығыш рөлін де атқарады) немесе көмір графиті баяулатушы рөлін атқаратын каналдар түрінде жасалынады (жылуды бөлетін элементтерді ЖБЭЛ салқындату үшін тағы да су қолданылады).
Реакторда өндірілген бу кәдімгі бу турбиналы электр стансаларына ұқсас турбинаға жіберіледі.
Бірінші атомдық электр стансасы 1954 жылы Обнинск қаласында құрылды. Қазіргі кезде бүкіл әлемде әр типті АЭС-тер қолданылады :
- бір контурлы;
- екі контурлы;
- үш контурлы.
Атом электр стансасының мынандай ерекшеліктері бар: ол кез келген жерде салынады, дербес жұмыс істейді, отынды аз пайдаланады, энергияны көп береді, қоршаған ортаны аз ластайды, бірақ өте қауіпті.