Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
spora ТЭ каз.яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
43.97 Кб
Скачать

1 билет

Алматы энергетика институты 1975 жылы политехникалық институттың (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) құрамынан бөлініп шықты. Сол кездегі 15  одақтас республика (қазіргі ТМД елдері)  ішінде бұл энергетика саласындағы үшінші (Москва, Иваново) жоғары оқу орны еді.

         1997 жылдың 3 мамырында институт Алматы энергетика және байланыс институты (АЭжБИ) болып қайта құрылды. АЭжБИ -  Орта Азиядағы энергетика және телекоммуникация бойынша мамандандырылған жалғыз жоғары оқу орны.Бүгінгі АЭжБИ дегеніміз:* Институттың бес факультеті:

1. Электр энергетика факультеті;2. Жылу энергетика факультеті; 3. Радиотехника және байланыс  факультеті;4. Институтқа дейінгі даярлық  факультеті;5. Сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультеті.5000 студент, магистрант және аспирант; 340 оқытушы, оның 40 пайызы ғылым докторлары мен кандидаттары;22 кафедра, оның ішінде Саутгемптон университетімен   (Ұлыбритания) бірігіп құрылған Би Джи Ғылыми табиғатпайдалану методологиясы кафедрасы; 8 ғылыми-зерттеу зертханасы;* оқу корпустары;* Компьютер сыныптарымен және оқу залдарымен жарақтандырылған 3 студенттер жатақханасы,* 8 оқу залы бар кітапхана,* «Энтельчик» студент жастар орталығы;* ғылыми зертханалар корпусы;* бірегей ғылыми және оқу жабдықтары;* Интернет желісіне қосылған заманауи дербес компьютерлер, оқу теледидары.Күндізгі бөлімнің студенттеріне энергетика және байланыс кәсіпорындары үшін екінші жоғары экономикалық білім алу мүмкіндігі жасалған. Біздің студенттер бос уақыттарын көркемөнерпаздар үйірмелеріне, спорт секцияларына, интеллектуалдық ойындарға қатысып, көңілді өткізеді.

2 Билет

Бұл мамандық шеңберінде білім беру мамандандырулары мынандай:

Жылуэлектр стансалары, су және отын технологиясы, жылу технология энергетикасы, өнеркәсіптік жылуэнергетикасы, шағын кәсіпорындар мен ұйымдардың энергия жабдығы және энергия шаруашылығы.

         Жылу энергетика студенттері жылу электр стансаларын, өнеркәсіптік және жылытушы қазандықтарды, жылутехнологияларын, өнеркәсіптік кәсіпорындары мен мекемелерді орталықтанған және жекеленген энергиямен жабдықтауды, жылу желілерін, су және отын дайындау жүйелерін, жылуэнергетика және жылутехнология нысандарын өңдеу және оңтайландыру әдістері мен құралдары туралы білім мен дағдыларды меңгереді.

         Жылуэнергетик мамандығы өте қызықты, кең ауқымды. Бұл мамандық иесі техникалық білімді, тиянақты және сауатты болу керек. Сонымен қатар техника қауіпсіздігінің негізгі талаптарын білгені жөн.

Түлектер энергияны түрлендіруші және таратушы компанияларда, “Алматы жылу желілері” АҚ-та, «Алматы электр стансалары» АҚ-та, басқарушы және сервис компанияларында, жобалау және ғылыми-зерттеу мекемелерінде, мұнай өндіруші, мұнай өңдеуші және мұнай мен газды тасымалдаушы  компанияларда, тау-кен өндіруші компанияларда, рудалар мен пайдалы қазбаларды өңдеумен айналысатын кәсіпорындарда жұмыс істей алады.

3 Билет

Көмір энергиясы

Өсімдіктерден немесе жануарлардан алынған органикалық заттарды биомаңыз (биомасса) дейді. Оларды электр қайратын, жылу немесе техникалық ыңғайлы отын түрін (биоотын: биогаз, биодизель, биоэтаноль) алу үшін қолдануға болады. Бұл үшін термохимиялық немесе биологиялық конверсия қолданылады.

         Өсімдік майы негізінде өндірілген биодизель отынын дүниежүзінде тұтыну соңғы 2 жылда 2,5 есе – 2003 жылы 2 млрд.л-ден 2005 жылы шамамен 5 млрд.л-ге дейін жетуі мүмкін.

         Биоэтанолды қазіргі кезде көлік (автомобиль) отыны ретінде пайдалану дүниежүзінде 2   құрайды. Бірақ 2025 жылы оның үлесі 30  -ға жетуі мүмкін. Биоэтанол өндіру Бразилияда дамуда. Қазақстанда биоэтанолды ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтарынан, техникалық өсімдіктерден және т.б. өндіреді. Осы үшін Солтүстік Қазақстан облысында «Тайынша» ауылында «Биохим» зауыты салынған.

         Көп елдерде электр қайратын және жылу алу үшін қоқыс жағылады. Қоқыс жағатын зауыттар Қазақстанның ірі қалаларында салынуда.

4 Билет

Биоотын

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]