Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor new versiyon satsial ped.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
108.51 Кб
Скачать

40 Әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудағы шетелдік тәжірибелеріне тоқталыңыз.

Енді кейбір мемлекеттерге жеке тоқтала кетейік:

ХІХ ғасырда Германияда индустрияның дамуына байланысты, халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлап, мемлекет тараптарынан әлеуметтік қамсыздандыруды пайдалана бастады. Осы кезде әлеуметтік жұмысты жүргізуге мамандар қажет болғандықтан, 1905 жылы алғашқы христиандық әйелдер мектебі ашылды. Кейінгі 4 жылда осындай 13 мектеп ашылып, буржуазиялық отбасының қыздары қайырымдылық мекемелерінің мамандары етіп даярланды. 1920 жылы пруссиялық халықты қамсыздандыру министрлігінің қайта құрылуына байланысты әлеуметтік қызметкерлерді даярлау жұмысы мемлекет тарапынан реттелініп, 2- ші Ұлы Отан соғысына дейін жұмыс жасады. ФРГ – да әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогиканы бөлек қарайды. Әлеуметтік жұмысқа адамдарға көмектесу, күту, қамқор болу жатса, әлеуметтік педагогика мектептен тыс уақытта адамдарға білім беру мен оларды тәрбиелеу жұмысымен айналысады.

Швецарияда көптеген зерттеуші педагогтар тәрбие әдістері мен тәсілдерін ашқан.

1) Педагогикалық әсер ету – аталған әдісті пайдалана отырып, әлеуметтік жұмысшылар көмек көрсетіп отырған адамдар өмірлерінде кездескен қиыншылықтарды өз беттерінше шешуге мүмкіндік беріп жағдай туғызады.

2) Психологиялық және практикалық тұрғыдан кешенді әсер ету. Әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қыйзметкер тәрбикеленушімен біріге отырып жұмыс жүргізеді.

3) Тәрбие әдістерін кешенді пайдалану арқылы тәрбиеленушінің әлеуметтік проблемалары өз бетінше шешуге жағдай туғызады.

Финляндияда 9 жастан бастап міндетті білім беру жұмысы іске асырылады. Бұл жұмыс жалпы білімнің негізі болып саналады. Міндетті білімнің мақсаты – жауапкершілігі бар, шығармашыл, толыққанды, бейбітшіл азамат өсіріп, тәрбиелеу. Финляндиядағы негізгі принцп – бала тәрбиесі үшін әрбір отбасы жауапты. Мектеп ұжымы ата-аналардың білімін көтеру мақсатында арнайы жұмыс жүргізбегенмен, кейбір жұмыс түрлері ұйымдастырылады:

- тоқсанына бір рет ата-аналармен әңгіме өткізу;

- лагерьдің жұмысына ата-аналарды қатастыру;

- жұмыс орындарына бару т.б.

Бастауыш сыныптарда және 7-9 сыныптарда әлеуметтік жұмыс жүргізетін студент – практиканттар болады. Олар 1 жылдық мұғалім дайындайтын курста және әлеуметтік қызметкерлерді дайындайтын курста оқып білім алады. Қазіргі таңда педагогикалық білім жоқ студенттерді оқытатын 5 жылдық университет жұмыс жасайды. Австрия дамып келе жатқан мемлекет болғандықтан, балалар мен көптеген отбасылар өздігінен шеше алмайтыцн қиындықтарға кездеседі:

- кедейлік;

- жұмыссыздық;

- аштық;

- денсаулығының нашар болуы;

- санитарлық жағдайдың нашар болуы;

- бір үйде көп адамның тұруы немесе мүлдем баспананың жоқтығы;

- өлім мен аурудың көп болуы;

- балалардың ерте жастан еңбек етуі;

41 Жас ұрпаққа әлеуметтік тәрбие берудегі отбасының орнын ашыңыз.

Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі. Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса, есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу қажет» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу-үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Бала – ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер тахқа аманат. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Сондықтан ата-ана, ұстаздар болып, жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді назарда ұстағанымыз жөн.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген болатын әл-Фараби бабамыз. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып өсуі тәрбие жұмысының азаматтық, патриоттық, саяси,еңбек, денсаулық, адамгершілік, эстетикалық, экалогиялық, құқықтық, жанұялық түрлері арқылы іске асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]