
- •2 Баланың және жас өспірімнің балалық кіші мәдениеті және әлеуметтік мәдени әлемі дегенді түсіндіріңіз.
- •3 Мегафактор және оның адамды әлеуметтендіруге ықпалын атаңыз.
- •4 Адамды әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторларға жалпы сипаттамасын көрсетіңіз.
- •5 Әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық идеялары мен принциптеріне тоқталыңыз.
- •6 Әлеуметтік педагогиканың құрылымы мен қызметтеріне сипаттама беріңіз.
- •7 Әлеуметтік педагогика – білім саласы туралы сипаттап жазыңыз.
- •8 Тәрбиедегі ата-ананың роліне тоқталыңыз.
- •9 Әлеуметтік педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы, құрамдас бөліктерін көрсетіңіз.
- •10 Әлеуметтік педагогика пәнінің міндеті, негізгі түсініктері жайынада өз бетіңізше түсіндіріңіз.
- •11 Семьямен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі және технологиясын анықтаңыз
- •12 Тұлғамен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі және технологиясын анықтаңыз.
- •13 Макрофактор және оның әлеуметтендіруге ықпалын ашыңыз.
- •14 Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің әдістемесі және технологиясын сипаттап жазыңыз.
- •15 Әлеуметтік педагогикалық процесс және оны жетілдірудің жолдарына тоқталыңыз.
- •16 Әлеуметтік педагогиканың заңдары мен категорияларын түсіндіріңіз.
- •17 Мегафактор және оның адамды әлеуметтендіруге ықпалына анықтама беріңіз.
- •2. Мегафактор және оның адамды әлеуметтендіруге ықпалы
- •18 Әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық идеялары мен принциптеріне тоқталыңыз.
- •19 Баланың және жас өспірімнің балалық кіші мәдениеті және әлеуметтік мәдени әлемі дегенді түсіндіріңіз.
- •20 Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет – процесті көрсетіңіз
- •21Адамды әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторларға жалпы сипаттама жасаңыз
- •22 Тұлғамен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі және технологиясын түсіндіріңіз.
- •23 Отбасы сипаттамасы, отбасының негізгі функцияларын сипаттап жазыңыз.
- •24 Оқу тәрбие мекемелері - өскелең ұрпақты әлеуметтендіру институттары атаңыз.
- •25 Балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі әлеуметтік ауытқуларын талқылаңыз.
- •26 Баланың және жас өспірімнің балалық кіші мәдениеті және әлеуметтік мәдени әлемі дегенді түсіндіріңіз.
- •27 Ауытқудың түрлеріне тоқталыңыз.
- •28Девиантты мінез-құлықтың себептеріне шолу жасаңыз.
- •29 Әлеуметтік ауытқулар, олардың себептері және түзетудің жолдарына анықтама беріңіз.
- •30 Жас ұрпаққа әлеуметтік тәрбие берудегі отбасының орнын сипаттап жазыңыз.
- •31 Тұлғаны әлеуметтік қалыптастыру туралы анықтаңыз.
- •1 Кесте -Парсонстың әлеуметтік жүйесінің үлгісі
- •32 Макрофактор және оның әлеуметтендіруге ықпалын атап көрсетіңіз.
- •33 Мезафактор және олардың адамға ықпалына сипаттама беріңіз.
- •34 Адамды әлеуметтендірудегі микрофакторлардың маңызын анықтаңыз.
- •35 Қиын балаларды тәрбиелеудің мәні, себептері, проблемаларын атаңыз.
- •36 Ауытқулар мен нормалар түсінігін анықтаңыз.
- •37 Адамды әлеуметтендірудегі микрофакторлардың маңызына өз бетіңізше түсіндіріңіз.
- •38 Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің әдістемесі және технологиясын анықтап көрсетіңіз.
- •39 Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет – процесс туралы анықтаңыз.
- •40 Әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудағы шетелдік тәжірибелеріне тоқталыңыз.
- •41 Жас ұрпаққа әлеуметтік тәрбие берудегі отбасының орнын ашыңыз.
- •42 Отбасы сипаттамасы, отбасының негізгі функцияларына тоқталыңыз.
- •43 Әлеуметтік тәрбие: мәні мен мазмұны туралы ой-пікіріңіз.
- •44 Ұйымдастырылатын жұмыс түрлеріне шолу жасаңыз.
Бала құқық қорғаудың әлеуметтік педагогикалық технологиясын анықтама беріңіз.
xалықаралық балалардың құқықтарын қорғау – тарихи тұрғыдан алғанда, салыстырмалы түрде жас құбылыс. Бала құқықтарының конституциясы деп аталатын Бала құқықтары туралы конвенцияның тек 1989 жылы қабылданғанын еске түсірсек те жеткілікті. Сонымен бірге заң әдебиетінде жиі еске алынатын, бала құқықтарын қорғау жөніндегі қозғалыстың басталуы туралы классикалық мысал – шешесі жиі ұрып-соққан және Жануарларға қатігездікпен қарауға қарсы күрес жөніндегі қоғамның жергілікті бөлімшесінің мүшелері қорғауға келген Балтимордағы сегіз жасар Мари Элен Уильсонның жағдайы жануарларды қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің балаларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардан бұрын пайда болғанын айғақтайды.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы ұйым әлемде 1919 жылы пайда болды, 1924 жылы – Ұлттар лигасының Женева бала құқықтары туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданды, 1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.
2 Баланың және жас өспірімнің балалық кіші мәдениеті және әлеуметтік мәдени әлемі дегенді түсіндіріңіз.
Өкінішке орай, барлығы дерлік нормалық талаптарға сай мүшелері бар қоғамды кездестіру мүмкін емес. Осыған орай, нормадан «ауытқу» түсініктері пайдаланылады. «Ауытқу» деп – топтың немесе жеке адамның қоғамдағы мінез – құлық нормаларына сай келмей, оны бұзуын айтады. «Ауытқу» топтарына – гениилер, бұзақылар, діндарлар, қоғамнан шеттелген адамдар т.б. жатады. Қоғам дамуының барлық кезеңінде адам өміріне жай қылықтармен, жай қылықтармен, яғни ауытқулармен күресу жүріп отырды. Оның құралдары мен әдістері қоғамдық санаға, үкімет басындағы адамдардың мүддесіне, әлеуметтік – экономикалық қатынастарға байланысты болды. Девианттық мінез-құлық жөніндегі алғашқы ғылыми көзқарас француз ғалымы Эмиль Дюргтеймнің (1858-1917) атымен байланысты. Ол франциялық әлеуметтік мектеп ашып, «әлеуметтік аномия» түсінігін енгізді.
Мысалы: секталар, вахаббистер, антифашистер. Берклии қаласындағы калифорния университетінің профессоры Нейл Джозеф Смелзер девияцияға анықтама беру өте қиын, себебі оған мінез – құлықтағы анық емес әр түрлі сапалар тән, оны емдеу, мінез – құлқын түзету қажет дей келе, девияцияның 3 құрамдас бөлігін қарастырған:
А) белгілі бір мінез- құлық тән адам;
Б) девианттық мінез-құлықты анықтайтын нормалар немесе белгілер;
В) аталған мінез-құлық әсер ететін топтар немесе ұйымдар;
Ғылымда девиантты мінез-құлықты кең мағынада және шағын тар мағынада қарастырады.
Тар мағынада алғанда, девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға жатпайтын, яғни құқық бұзушылық болып есептелмейтін ауытқулар ретінде түсіндірілсе, кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық құқыққа қарсы формалар ретінде түсіндіріледі. Бұдан, адамның өзін-өзі өлтіруін – девиация деп атайтын болса, ал біреуді өлтіруін қылмыс деп атайды.
3 Мегафактор және оның адамды әлеуметтендіруге ықпалын атаңыз.
Мегафактор және оның адамды әлеуметтендіруге ықпалы
Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым – қатынаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуына азды – көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін 4 топқа біріктіреді.
Бірінші – мегафакторлар (мега - өте – үлкен) – космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді. Олар бүкіл жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтың барлығында басқа факторлармен қатар немесе солармен астарласа ықпал етері анық. Өлке – географиялық ұғым. Ол – табиғи шекарасы белгіленген, табиғи жағдайлары адамның өмір сүруіне мүмкіндік беретін, егемендікке ие болған, өзінше жеке не басқалардың колониясы ретіндегі жер ауқымы, мемлекет. Әр өлкенің табиғи – климаттық жағдайы сол өңірде өмір сүрген адамдар қауымы мен жекеленген тұлғаларға әсер етпей қоймайды. Өйткені ол жердің адамдары сол өңірдің табиғи климатына қарай бейімделіп, еңбектенеді, өмір сүреді. Әлем немесе космостың және оның жер шарына тигізетін әсері ежелгі дәуір ойшылдарының ойын қозғап, пікір айтып кеткендері тарихта белгілі. Өткен ХХ ғасырдың орта шенінде орыстың психиатр ғалымы В.М.Бехтерев, геофизик П.П.Лазерев, биолог А.Л.Лижевский және сол сияқты адамдардың әлеуметтік ортадағы қарым – қатынасы күннің әлемге бөліп шығарған энергиясының белсенділігіне байланысты екенін белгілеген.