Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готов шпоры по БЖиКЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.93 Mб
Скачать

29.Сигнализация түрлерін топтастыру

Байланыс желілерінің сигнализациясынан желілер элементтерінің арасында жіберілетін сигналдардың жиынтығы және шақыруларды қызмет ету кезінде қосуды ағыту мен қондыруды қамтамасыз ету үшін оларды тарату тәсілдері , сонымен қатар қызметтік ақпаратты тарату түсіндіріледі. 

Буын (бөлім) желісінің тәуелділігінен сигнализацияның келесі түрлерін айыруға болады (11.1-сурет):

-    абонентті –абонент терминалы және жалғаушы станциялардың арасын-дағы бөлімде;

-    ішкі станциялық- әр түрлі функционалды буындар мен жалғаушы станциялардың ішіндегі блоктардың арасында;

-    станцияаралық – желідегі әр түрлі жалғаушы станциялардың арасында;

   Телефон арналары және жолдары арқылы тарататын сигналдар 3 топқа бөлінеді: жолдық сигналдар, басқару сигналдары және ақпараттық акустикалық сигналдар

Абоненттік сигнализациясының құрамына абонент терминалы мен АТС арасында таратылатын барлық сигналдар кіреді.

    Оларға станцияны шақыру, станцияның жауабы, нөмердің жиынтығы, жіберулердің және шақырудың жіберуін бақылау, абоненттің босамауы және т.б сигналдар кіреді.

Ішкі станциялық сигнализация элементті базамен қолданылатын жалғаудың жүйелерін құру принципі мен архитектурасынан тәуелді және жүйенің әрбір түрі үшін спецификациялық болып табылады.

    Станция аралық сигнализацияның құрамына жалғаушы буындар арасында таратылатын барлық сигналдар кіреді. Мұндай сигналдарға жолдық сигналдар мен маршруттау сигналдары жатады.

    Сызықтық сигналдар шақыруды қызмет ету процесінде жолдардың күйі туралы өзара ақпараттандыру үшін станциялар арасында қолданылады. Оларға бос емес, бос еместігін растау, шақырылатын абоненттің жауабы, шақырылушы және шақырушы абоненттің қайтару сигналдары жатады. Бұл сигналдар қосуды қондырудың негізгі кезеңдерін белгілейді.

Маршруттау сигналдары (регистрлік) белгіленген орынға шақыру-ларды маршруттау үшін адрестік ақпаратты ұсынады. Оларға шақырылатын абоненттің номері туралы категория және шақырушы абоненттің номері туралы ақпараттар жатады. Координатты АТС үшін бұл сигналдарды регистрлік деп атайды, өйткені олар регистерден беріледі.

30. Сызықтық сигнализацияны тарату тәсілдері

Сызықтық сигналдар шақыруды қызмет ету процесінде жолдардың күйі туралы өзара ақпараттандыру үшін станциялар арасында қолданылады. Оларға бос емес, бос еместігін растау, шақырылатын абоненттің жауабы, шақырылушы және шақырушы абоненттің қайтару сигналдары жатады. Бұл сигналдар қосуды қондырудың негізгі кезеңдерін белгілейді.

Сызықтық сигналдардың таратылуы келесі негізгі тәсілдермен жүзеге асуы мүмкін:

-         тұрақты тоқпен сигналдарды тарату;

-         сигналдарды бір жиіліктік жолақсыз тарату (3825 Гц);

-         сигналдарды бір жиіліктк (2,600 Гц) не екі жиіліктік (1200-1600 Гц) жолақсыз тарату;

-         ИКМ күре жолдары бойынша сигналдарды тарату;

31. Сызықты сигналды икм-30(2вск)жіберу жүйесінің цифрлық арнасымен тарату.

Сөйлесу арналарының күйі туралы сигналдық ақпаратты тарату үшін ИКМ-30 цифрлық жүйесінде әрбіреуі 125 мкс бойынша 16 циклдерді құрайтын жоғарғы циклдер ұйымдастырылады.

Жұп циклдарының нөлдік уақытша интервалы циклдік синхронизация үшін қолданылады. Тақ циклдарының нөлдік қызметтік ақпараттарды тарату үшін қолданылады. 1-15 және 17-31 уақытша интервалдары қажетті ақпаратты тарату үшін қызмет етеді. Нөлдіктен басқа барлық сигналдардың 16 екі сигналдық арналар ұйымдастырылады. Әрбір сигналдық арнаның 4 биті бар: а,в,с және д. Нөлдік циклдің 16-қ уақытша интервалында жоғарғы циклдік синхронды сигнал таратылады, одан сигналдық арналардың есеп беруі енгізіледі. ЖЦС 0000 тең 1,2,3,4 биттермен таратылады. 6-биті жоғарғы циклдік синхронизацияны жоғалту туралы ақпараттарды береді. 5,7,8(х) биттері фиксирленген және 1,0,1 сәйкес тең.