Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готов шпоры по БЖиКЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.93 Mб
Скачать

21 ) Цифрлық желілерді орнату стратегиялары

Барлық желіні бірден бір қадам арқылы толығымен жаңғырту мүмкін емес. Өйткені ол үшін аса зор бастапқы шығындар қажет болады. Көптеген елдерде аналогтық телефон желісінен сандыққа өту үрдісі бірнеше ондаған жылдарға созылады. Сандық желіні тұрғызудың бірнеше стратегиясы белгілі. Олардың негізгілері: 

- аралдық стратегия (орнын басу стратегиясы);

- салу стратегиясы;

- прагматикалық стратегия (аралас).

Аралдық стратегия үшін барлық аналогтық желілердің кезең бойынша сандық аралдар деп аталатын шектелген географиялық аймақтар шегінде сандыққа алмастырылуы (9.1 сурет) кейін сандық желінің аралдары біртіндеп біріккен сандық желі тудырады.

Сандық аралдарды пайдалану мерзімі аяқталуға қалған ескі телефон станциялары көп кездесетін аймақтарда, сонымен бірге сандық тасымалдау жүйесі кеңінен қолданатын аймақтарда енгізу ұсынылады. Аралдық стратегия телефондалған аймақтар бір- бірінен үлкен қашықтықпен бөлінген жағдайда және жоғарғы деңгей жерлерін жаңғыртуға кеткен бастапқы шығындар көп болғаны өте тиімді.

Салу стратегиясы аналогтық желі иеленген территорияны жауып алатын сандық желіні құруға бағытталған (9.2 сурет)

9.2 Сурет - Салу стратегиясы

Сандық станциялар бір бірімен тек сандық сл арқылы қосылады және жалпы арналық сигнализация жүйесінің көмегімен сигналдық ақпараттармен алмасып отырады (окс №7). Сигнализация жүйесін үйлестіру функциясын орындайтын минимал түйін (ретқақпа) сандары арқылы сандық желінің бар аналогтық желімен қиылысуы қамтамасыз етіледі.

Салу стратегиясы мен негізгі стратегия нақты аумақтың артықшылықтарын ескермейді. Сондықтан желіде көбіне олардың комбина-циясы қолданылады – прагматикалық стратегия қолданылады (9.3 сурет).

Прагматикалық стратегияда желінің даму үрдісі кезінде оның әртүрлі аймақтары салу стратегиясын қолдану  арқылы және сандық аралдарды енгізу жолымен жаңғыртыла алады.

9.3 Сурет - Прагматикалық стратегия

22)Райондалмаған цифрлық қтж құру

Болашаққа көз жүгіртетін болсақ 5-10 жыл аралығындағы нөмірлік сыйымдылығы 100 мың абоненттен аспайтын кішігірім қалалардағы телефон желісін сандандырған кезде аудандалмаған сандық ГТС тұрғызған жөн. Бұған максимал сыйымдылығы 100 мың

ГТС-ты сандандырудың бірінші кезеңінде жаңа сандық РАТС енгізіледі. Осы кезде бар желі бұрынғы сызба-құрылымын сақтап қалады. 9.1-суретте сандандырудың бірінші кезеңінде жаңа АТС енгізгеннен кейінгі желінің нұсқасы көрсетілген. Бұл жағдайда РАТС 2 абоненттерінің бөлігі (біртіндеп немесе бірге) сандық АТС-қа (ЦАТС) қосылады.

9.5 Сурет - Жаңа цифрлық АТС-ты орнатқаннан кейінгі цифрлық аудандалмаған АТС

9.5 суретте сандандырудың 2-і кезеңінің нұсқасы көрсетілген. Онда РАТС 2-ге алдын ала қосылған барлық абоненттері ЦАТС-қа қосылады да, РАТС 2-ң өзі бөлшектенеді. К1 шоғырлаушы электромеханикалық РАТС 1-ді алмастырады, ал К2 шоғырлаушы телефонмен төменгі деңгейде қамтыған жаңа ауданда орнатылады. Осы кезде 1 ғана РАТС-3 қатынасу станциясы аналогтық болып қалады.

 

9.6  Сурет - Аналогтық АТС-ты қайта өңдеп, шоғырлауыштарды орнат-қаннан кейінгі цифрлық аудандалмаған ГТС