
- •1. Электрлі байланыс желілерінің тағайындалуы, құрамы және топтасуы
- •2. Телекоммуникациялык желілер
- •9.Қимылдаушы станцияның құрылымдық сұлбасы
- •10.Коммутациялау орталығының құрылымдық сұлбасы.Ұялық байланыстың негізгі қызметі.
- •11. Телефон байланыс желілерінің құрылымы және тағайындалуы.
- •12.Ауылдық телефон желілері
- •14. Қалалық телефон желілері
- •16. Түйін құрайтын қтж
- •21 ) Цифрлық желілерді орнату стратегиялары
- •22)Райондалмаған цифрлық қтж құру
- •23)Түйінсіз аналогты қтж –ні орнату
- •24 ) Увс және уис –ті аналогты қтж –ні цифрлау
- •29.Сигнализация түрлерін топтастыру
- •30. Сызықтық сигнализацияны тарату тәсілдері
- •31. Сызықты сигналды икм-30(2вск)жіберу жүйесінің цифрлық арнасымен тарату.
- •32. Сызықты сигналды икм-15(1вск)жіберу жүйесінің цифрлық арнасымен тарату.
- •33. Регистрлік сигналдарды тарату әдістері. Эстафеталық және Тесіп өткен сигнализация
- •35.Сигналдық бірліктер. Sif сигналдық ақпарат өрістері
- •36. Коммутациялық өрістер мен блоктарды орнату тәсілдері
- •45.Уақыт бойынша коммутациялау принциптері. Уақыт бойынша коммутациялау түйіннің жұмыс істеу принципі.
- •46. Цифрлық коммутация жүйесінің құрылымы
- •48. Аналогты абоненттік комплект (ак) және оның қызметі.
- •49. Жалғау сызықтарын (сл) қосу жабдықтары.
- •50. Транспорттық желілердегі тарату технологиялары
- •52. Сци/sdh цифрлық ағындарды мультиплекстеу
- •53. Жергілікті коммутацияланатын желілерді жаңарту қағидалары.
- •54. Мультисервистік қатынас желілерін орнату.
- •55. Келесі ұрпақ желілерін құру кезеңдері және ngn өту принциптері.
- •56. Цкж(цифрлық коммутациялау жүйелері)-ның коммутациялық өрісі. Коммутациядық өрістерінің топ құрастыруы.
- •57. Цифрлық п-в-п және в-п-в типті коммутациялық өріс
- •58. Үшінші класты цифрлық коммутациялық өріс
- •59. Төртінші класты цифрлық коммутациялық өріс
- •60. Сақина типті цифрлық коммутациялық өріс
- •63 2,026 Мбит/с жүктеме сигн стм-1 түрленд
- •65. 34Мбит/c жүктеме сигналын стм-1 түрлендіру
- •66. 140Мбит/c жүктеме сигналын стм-1 түрлендіру
- •67. 10000 Номерлі атсдш құрылымдық сұлбасын талдау
- •68. 5 Цифрлы атск құрылымдық сұлбасы
- •71. Цатс drx-4-тің құрамы және блоктары мен моделдерінің тағайындалуы
- •72. Цатс drx-4-тің станция ішінде қосылудағы блоктар мен моделделдерінің өзара қарым –қатынасы
- •73. Цатс drx-4-тің станция аралық қосылудағы блоктар мен моделделдерінің өзара қарым –қатынасы
- •74. Цатс ахе-10-тің ерекшелігі және негізгі техникалық сипаттамасы
- •75. Цатс ахе-10-тің станция ішіндегі қосылудаңы блоктар мен модульдердің өзара қарым-қатынасы
- •76. Цатс ахе-10-тің станция аралық қосылудаңы блоктар мен модульдердің өзара қарым-қатынасы
- •77 Цатс axe-10 аналогты абоненттердің станция ішілік қосылудағы өзара қосылуы
14. Қалалық телефон желілері
Қалалық телефондық желілер халықтың, ұжымның, мекеменің және ұйымның (осы қаланың аймағында және қала шетіндегі аймағында орналасқан) телефон байланыстарына қызмет ету үшін тағайындалған. ГТС – да сонымен қатар телефондық емес ақпарат берілістері үшін телефондық желілердің ресурстарын қолдану қарыстырылады.
15. ҚТЖ-нің сызықтық және станциялық құрал – саймандары
ГТС –ның қондырғысы іс жүзінде сызықты және станциондық құрылыстардан тұрады.
Сызықты құрылыстарға:
- кабельді жерасты және әуе байланыс жолдары;
- таратылған құралдар (шкафтар, коробкалар);
- телефон арналық құралдар (құдықтар, құбыр жолақтары);
- ақырғы терминалдар (телефондық аппараттар, таксофондар) жатады.
Аналогты ГТС –да СЛ желісі физикалық сызықтар және ЧРК ВРК байланыс жүйесімен тығыздалған жолдың көмегімен құрылады. Аналогты ГТС-ң станционды құрылыстарға жатады:
аудандық АТС (РАТС);
кіріс және шығыс (УИС, УВС) хабарлар үшін түйіндік станциялар (транзитті түйіндер); АМТС-мен (УЗСЛ, УВСМ) байланысүшін түйіндік станциялар;
арнайы қызметтері бар (УСС) байланыс үшін түйіндер;
селолық – қала шетінде станциялары (УСП) бар байланыс үшін түйіндер.
16. Түйін құрайтын қтж
Аналогты ҚТЖ-да негізгі коммутациялы жүйелер мыналар:
АТС-47, АТС-54, АТС-54М типті ондық-қадамдық АТС;
АТСК және АТСК-У типті координатты АТС.
б)Түйін құрмайтын ҚТЖ. Қарапайым ҚТЖ болып аудандастырылмаған ГТС табылады. Мұндай желіге абонент желілері қосылатын телефон станциясы орнатылады. в) Түйін құрайтын ҚТЖ. Байланыс жолдарын қолдану нәтижесінде мәнді түрде көбейеді.
РАТС-ның санының ұлғаюында (6-7-ден аса), 60-70 мыңнан аса сыйымдылықта ГТС-да кіретін хабар түйіндері (УВС) қолданылады. Мұндай құрылыста қаланың аумақ желілері түйіндік аудандарға бөлінеді. РАТС арасындағы байланыс УВС арқылы жүзеге асады, ал түйін ішіндегі байланыс не әрқайсысы әрқайсысымен сұлбасы арқылы, не координаталық АТС үшін арналған өз УВС-ы арқылы жүзеге асады. Әр түйін ауданында (УР) онға дейін РАТС орнатылады. Мұндай желілердегі нөмірлену-алты цифрлы. Бірінші цифр түйін коды болып табылады, бірінші және екінші цифр бірге РАТС кодын құрайды.
17)Түйін құрамайтын ҚТЖ.Қалалық телефондық желілер халықтың, ұжымның, мекеменің және ұйымның (осы қаланың аймағында және қала шетіндегі аймағында орналасқан) телефон байланыстарына қызмет ету үшін тағайындалған. ГТС – да сонымен қатар телефондық емес ақпарат берілістері үшін телефондық желілердің ресурстарын қолдану қарыстырылады.Түйін құрмайтын ГТС.Қарапайым ГТС болып аудандастырылмаған ГТС табылады. Мұндай желіге абонент желілері қосылатын телефон станциясы орнатылады.
18 )Құрамалулы ҚТЖ.Егер қала аудандық ауыл әкімшілігінің орталығы болса, онда ҚТЖ және АТЖ байланыстарын юбіріктіретін жергілікті құрамалы телефон желісін (КТС) құру мақсатқа сай. Бұл жағдайда ГТС үшін ауыл-қала шеті байланысы (УСП) немесе ЦС хабарларының кіру және шығу түйіндерінің транзитті ұйымы қарастырылады. УСП арқылы СТС станция арасындағы байланыс, сонымен қатар олардың ГТС-мен байланысы жүзеге асады.КТС-ны ГТС сыйымдылығына және құрылысына байланысты құрудың түрлі әдістері мүмкін. РАТС және УСП (ЦС) түйінсіз аудандаған ГТС негізінде салынған қиыстырылған желіде бір-бірімен «әрқайсысы-әрқайсысымен» принципі бойынша байланысадыЖергілікті шарттарға байланыстыГТС-да қала шетіндегі АТС-ды РАТС немесе УПАТС-ға, немесе УСП (ЦС) арқылы қосу мүмкіндігі қарастырылды.
Түйіні бар ГТС негізінде қийстырылған желіні құру үшін сонымен қатар жүз мың түйінді район негізінде ГТС-ға қосылатын УСП ұйымдастырылады. Бір ГТС-да бірнеше УСП-ы болуы мүмкін. 5.10-сурет және 5.11-суретте түйіні бар ГТС базасында қиылыстырылған желілер мысалдары келтірілген.
19)Зона ішіндегі телефон желілері және халықаралық байланыс.Әр ішкі аумақты желі қалалық және селолық телефонды желелерден тұрады. Аумақтың коммутациялы орталығы басқа ішкі аумақтарға желілерге шығу жүзеге асатын автоматты қала аралық телефонды станция АМТС болып табылады, сонымен қатар жергілікті желілер арасындағы аумақ ішіндегі байланыс жатады.Ішкі аумақты желінің ұйымдастырылу нұсқасының кең таралған түрі аумақтағы бір АМТС-ы бар нұсқа болып табылады. Бұл жағдайда ішкі аумақты желі радиалды принцип бойынша құрастырылады, түйін рөлін АМТС атқарады,ол сонымен қатар қалааралық желінің аяқталған станциясы болып табылады. АМТС-ға селолық желінің ЦС-ы және қалалық желінің РАТС-ы қосылады. РАТС АМТС-мен тура немесе қалалық желінің түйіні (УВС) және (УИС) арқылы қосылады.
Тапсырысты-қосқыш жолдары (ЗСЛ) шығатын автоматты қалааралық байланысты орнықтыруға, сонымен қатар автоматты қала аралық телефонды байланыссыз пункттерде қалалармен байланыстыруға алдын ала тапсырыс үшін қолданылады.АМТ-да автоматты қала аралық қосуды орнатқан кезде шақырылатын абонент нөмірі ғана емес, сонымен қатар қала аралық сөйлескеніне ақы төлеу үшін шақырылатын абоненттің категориясы да берілуі қажет. Осы мақсатта қалалық және селолық АТС-да шақырылатын абоненттің нөмірін автоматты анықтайтын (АОН) аппаратура орнатылады. АМТС-дан шақыратын абоненттен 8 индексі терілгеннен кейін жергілікті АТС-ға АОН-ң сұраныс сигналы жіберіледі, оған жауап ретінде көп жилікті «6-дан 2» кодымен АМТС-да бекітілген категория таңбасы және шақырылатын абонент нөмірі беріледі.Қала аралық байланыстыратын жолдар (СЛМ) кіретін қала аралық байланыстарды орнатуға арналған. Қалалық АТС жағында СЛМ-лар районды АТС кірісінде немесе ГТС-ң түйінді құрылымы кезінде қала аралық байла-ныстың кіріс хабарларының түйіндерінде аяқталады.
20)Телефон желілеріндегі нөмірлеу жүйелері.Телефон желілерінде нөмірлеу жүйелерінің ашық және жабық түрлері қолданылады, бірінші жағдайда желінің кез келген екі абоненті арасындағы байланыс үшін бір ғана мәнді нөмір теріледі. Екінші жағдайда нөмір таңбасының саны байланыс түріне тәуелді. Мысалы, іш станционды байланыстар қысқартылған нөмір бойынша орнатылады, ал станция аралық байланыстарды орнату үшін абонент абонент нөмірінің барлық таңбаларын тереді. ГТС ішіндегі байланыс кезінде нөмірлеудің жабық жүйесі қабылданған. СТС-да әртүрлі ашық жүйелердің түрлері жиі қолданылады. Перспективада нөмірлеудің жабық жүйесін қолдану қарастырылады. Қазіргі уақытта ел территориясы нөмірлеудің жеті таңбалы аумақтарына бөлінген, олардың әрқайсысына үш таңбалы АВС коды меншіктелген. А түрінде кез-келген сан қолданыла алады,1 және 2-ден басқа, ал В және С түрінде – кез-келген сандар. Аумақ шегінде әр абонент жеті таңбалы аумақ ішілік abххххх нөміріне ие. Аумақ ішілік ab кода әр жүз мыңдаған нөмірлеу тобына меншіктеледі. Бірінші a саны түрінде 8 және 0-ден басқа кез келген сандар қолданыла алады. Жүз мыңдаған топта абоненттік нөмір бес таңбалы ххххх болады. Нөмірлеу аумағында жүз мыңдаған топ саны 80-нен аса алмағандықтан, онда аумақ ішілік жүйенің шекті сыйымдылығы 8 млн. нөмірге тең.Желі сыйымдылығына тәуелді ГТС-дағы нөмірлеу бес-алты немесе жеті таңбалы бола алады. Аналогты қалалық телефонды желінің негізгі сыйымдылық бірлігі он мыңдаған АТС бола алады, сондықтан абонентік нөмір АТС х кодынан және 4 орынды нөмірден хххх (0000-9999) құрылады. Егер желі сыйымдылығы 10 мың нөмірден (аудандалмаған) немесе 80-мың нөмірден (райондалған) аспаса, онда бес таңбалы нөмірлеу қолданылады. Райондалған жағдайда УВС бар (сиымдылығы 800 мың нөмірге дейін) желіде алты таңбалы нөмірлеу bххххх қолданылады, мұнда b-жүз мыңдық түйінді район кодын анықтайды, bх- АТС коды. Егер УВС және УИС (сыйымдылығы 8 млн. нөмірге дейін жетеді) бар райондалған желі қарастырылатын болса, онда 7 таңбалы нөмірлеу abххххх қолданылады, ab- жүз мың район коды. Мұндай ГТС бір уақытта 7 таңбалы нөмірлеу аумағы болып табылады.ГТС-да нөмірдің бірінші саны 8 және 0-ден басталмауы керек. 8 саны АМТС шығысының индексі болып табылады. ал 0 саны төтенше (01-өрт сөндіру көмегі, 02-милиция, 03-жедел медециналық көмек, 04-газ желісінің авариялық қызмет көрсетуі) және ақпаратты-анықтамалық қызмет көрсетулер нөмірлерінің бірінші саны түрінде қолданылады. Аумақ ішілік желіге шығу үшін (ab коды бар жергілікті желінің шығу кодынан ерекше, басқа жергілікті желімен байланыс кезінде) АМТС –да шығу индексі 8 теріледі, аумақ ішілік индекс 2 теріледі, ал одан кейін жергілікті желі абонентінің аумақ ішілік кіру abххххх нөмірі теріледі. Қала аралық желіге шығу үшін (жергілікті желінің АВС коды бар нөмірлеудің басқа аумақ абонентімен байланыс кезінде) АМТС-да шығу индексі -8, одан кейін АВС- ab-ххххх абонентінің қалааралық оң таңбалы нөмірі теріледі. А саны, 2- аумақаралық желіге шығу индексі (аумақаралық индекс) және 1, 10-автоматты жалғайтын телефонды халықара-лық желіге шығу индексі,19 - халықаралық қызмет көрсетудегі телефон қосушы әйелге шығу индексі, 11...18 - қолдық және жартылай автоматты байланысты жүзеге асыру үшін АМТС қала аралық қызмет көрсетудің телефон қосушы әйелдерін шақыруға болатындықтан, 2-ге тең бола алмайды.Нөмірлеудің ашық индекссіз жүйесі желінің түрлі иерархия деңгейінің байланысы кезінде санның түрлі сандар жиынын жорамалдайды және СТС-да УС немесе ЦС және УС-ға шығу индекстері бар ашық жүйелер қолданыла алады. Станция ішілік байланыс бұл кезде үш таңбалы нөмір жиынымен жүзеге асады. Нөмірлеудің жабық 5 таңбалы жүйесі СТС үшін перспективті болып табылады.