Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готов шпоры по БЖиКЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.93 Mб
Скачать

66. 140Мбит/c жүктеме сигналын стм-1 түрлендіру

Қазіргі кезеңдегі біріншілік және транспорттық желілер ПЦИ/ SDH аппаратуралары негізінде құрылады. 64Кбит/с –тен 140Мбит/с аралығында өткізу қабілетіне ие транспорттық желілердің цифрлы арналары ПЦИ/PDH технологиялары негізінде, ал 2 Мбит/с және одан жоғары СЦИ/ SDH технологиясы негізінде құрылады.ПЦИ/PDH деңгей иерархиясына сәйкес контейнерлер төрт деңгейге бөлінеді. Әрбір контейнерге ярлык енгізіледі, ол контейнердің өту статистикасының ақпаратын басқарады. Осындай ярлыктағы контейнер ақпаратты тасымалдау үшін қолданылып, логикалық болып табылады. Ол физикалық зат емес, сондықтан оны виртуалды деп атайды. Ең үлкен виртуалды контейнердің түрленуін қарастырамыз. 140 Мбит/с беріліс жылдамдығына ие болатын сандық ағынның Е4 жүктемесін орналастыруына арналған. Cуретте Е4 ағынының STM-1 синхронды көлікті модуліндегі орналастыру сұлбасы көрсетілген. Дискретизациялық уақыт аралығындағы 125 мкс интервалындағы жүктеме сигналы 17408 бит пайдалы ақпаратқа ие. С – 4 пен аталған 9x260 байт (18720 бит) өлшеміндегі контейнерінде орналасады. Контейнерда РОН (Path OverHead) трактының тақырыбы қосылады. Ол бір бағанға ие. Нәтижесінде виртуалды VC – 4 контейнер түрленеді. Ол көліктік модульде сілтеуші арқылы орналасады. STM-1 кадрындағы пайдалы жүктеме сілтеушімен орналастырылады. Сілтеушімен бірге виртуалды контейнерді AU-4 (Administrative Unit) администрациялық модульмен атайды. VC-4 (Pointer) сілтеушісін виртуалды контейнерімен орналасу кезінде оны AU-4 Pointe деп атайды. Сілтеуші пайдалы жүктеменің адресін белгілейді, яғни виртуалды контейнердің қарастырылу жағдайы.

STM-1 модуліндегі 140 Мбит/с жүктеме ағынының орналасуы

РОН VC-4 виртуалды контейнердің тақырып тракт байты келесі белгідей: Л – таратқышпен байланыстың орнатылуын бекіту үшін VC-4 контейнері қолданылады; ВЗ – жұптық бақылау байты; С2 – пайдалы жүктеменің типі мен жүктеме контейнерінің сілтеушісі; G1 – тракттық күйі кері байланыс ақпаратының трактымен берілуі; F2 – байланыс арнасын ұйымдастыру үшін берілген трактта тұтынушы-мен әсерін тигізді; Н4 – жалпыланған индикатор жүктемесі мультикадрда ұйымдастырғанда қолданылады. Сонымен қатар бірінші байтты TU мультикадрының сілтеуімен қалыптасады.

67. 10000 Номерлі атсдш құрылымдық сұлбасын талдау

АТС сыйымдылығын одан ары өсіру үшін топтық іздеудің екінші сатысын енгізу керек. Бұл кезде АТС-тың шекті сыйымдылығы 10000 нөмерге өседі. Абоненттік байланыс жолдарының нөмерлері 4 таңбалы болуы керек (0000...9999). 10000 нөмерге екі ГИ сатысы бар АТС-тьң қарапайым сұлбасы 18.2-суретте көрсетілген. Бірінші цифр I ГИ-ға қажетті мыңдық топты іздеу үшін, екінші цифр-П ГИ-ға осы мыңдықтағы жүздік топты іздеу үшін түсуі қажет және соңғы екі цифр ЛИ-ға осы жүздік топтағы шақырылушы абоненттің байланыс жолына қосылуы үшін түседі. Байланыс жолын іздеу бойынша I ГИ мен II ГИ функ-циялары толық сәйкес келеді. Екі құрылғыда да көтермелі қозғалыс қажетті, ал бұралмалы қозғалыс тәуелсіз. АТСДШ-ға үшінші сатылы ГИ-ді енгізу телефон желісінің сыйымдылығын 80000 нөмерге дейін өсіруге мүмкіндік береді. Қалалық желіде бұл жағдайда байланыс қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан бірнеше АТС-пен жүзеге асырылады (10000 нөмерлік 8 АТС-тен аспайтын).