Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готов шпоры по БЖиКЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.93 Mб
Скачать

53. Жергілікті коммутацияланатын желілерді жаңарту қағидалары.

Территориялық принципі бойынша бастапқы желі мыналарға бөлінеді: магистральды, зона ішілік және бастапқы жергілікті желі.

Жергілікті бастапқы желі қала территориясымен немесе ауылдық аудан территориясымен шектелген. Олар осы желінің станциялары немесе түйіндері арасында, сондай-ақ абоненттер арасында каналдар (немесе сымдардың физикалық жұбын) ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Зона ішілік желіні және жергілікті бастапқы желіні зоналық бастапқы желі деп атау әдетке айналып кеткен.

Алғашқы екі класс желілік түйіндерінің ішінде ең ірісі территориялық желілік түйіндер болып табылады, олар бірнеше өте қуатты кабельдік, радиорелейлі және басқа да желілер қиылысында орналасады..

Желілік станциялар (магистральды, зонаішілік, жергілікті) желінің шеткі нүктелері болып табылады, сәйкес желілік құрылғыдан жырақта орналасады, бұл кезде соңғы байланыс сызығымен байланыстырылады, болмаса желілік түйіндермен біріктіріп орналастырылады.

54. Мультисервистік қатынас желілерін орнату.

Кең жолақты мультисервистік желілерді салу үшін тиімді технологияны таңдау қазіргі кезде қазіргі заманғы желілерді жасау кезінде желілік технологиялардың интеграция және конвергенция үрдістеріне тіреледі. Конвергенттік желілердің жалпы технологиялық және негізі кез келген мультимедиялық ақпараты бар цифрлық ағындарды және оларды белгіленген жылдамдық және сапамен таратуға мүмкіндік беретін арнайы транспорттық протоколдарды тарататын әмбебап орталар болып табылады.

Жаңа қызметтерді беру үшін әмбебап мультисервистік желіні қалайша салуды және оларға қандай талаптар қоюды анық түсіну қажет. Желілерді салу кезінде жаңа қызметтер дәстүрлік телефония, видео және мәліметтер таратудың қызметінің суперпозициясы болып табылатынын және сәйкесінше осындай қызметтерге икемделген әмбебап желілерді қажет ететінін есте сақтау керек. Желінің әмбебаптылығы ең алдымен мұндай желі мыналарды жасай алуы қажет екенінде жатыр:

  • барлық қажетті протоколдар мен ақпараттық ағындардың барлық түрлерін таратуға адаптацияланған болуы қажет;

  • қызметті осы абоненттен жеткізу нүктесіне дейін бақылау және кепілдік беру мүмкіндігі бар ақпараттық ағындарды таратудың қажетті сапалық деңгейін ұстануы керек;

Желілерді салу тәжірибесі локалдық желілерді көбінесе Ethernet-ті қолдану арқылы, ал глобалдық, магистральдық желілерге PPP протоколын қолданудың бөлек талпыныстарына қарамастан, 90 ж.ж. ортасына таман Frame Relay технологиясын қолдану арқылы салына бастағандығын көрсетеді. Кейінірек, 90 ж.ж. соңына таман, АТМ технологиясының дамуымен кей жерлерде мәліметтер тарату желілерін жасау кезінде АТМ технологиясына көшті.

Қазіргі кезде жасалып жатқан барлық жаңа магистральдық, мултисервистік және IP-желілер ATM технологиясын транспорттық деңгейде қолданады. Сондықтан «ATM және IP»-дің қарсыласуы қазіргі бірге істейтін, сәл бұрынғырақтағы телефония мен СЦИ/SDH технологиясының қарсыласуы сияқты орынсыз. Өйткені IP – бұл қосылудың орнатылуынсыз, сапаны бақылау мүмкіндігінсіз (кешігудің жылдамдығы, кешігудің вариациясы) және бұл қосылудың қауіпсіздігінсіз протокол. Бұл қасиеттерді ATM технология-сының транспорттық деңгейінің хаттамалары қамтамасыз етеді.