- •1. Электрлі байланыс желілерінің тағайындалуы, құрамы және топтасуы
- •2. Телекоммуникациялык желілер
- •9.Қимылдаушы станцияның құрылымдық сұлбасы
- •10.Коммутациялау орталығының құрылымдық сұлбасы.Ұялық байланыстың негізгі қызметі.
- •11. Телефон байланыс желілерінің құрылымы және тағайындалуы.
- •12.Ауылдық телефон желілері
- •14. Қалалық телефон желілері
- •16. Түйін құрайтын қтж
- •21 ) Цифрлық желілерді орнату стратегиялары
- •22)Райондалмаған цифрлық қтж құру
- •23)Түйінсіз аналогты қтж –ні орнату
- •24 ) Увс және уис –ті аналогты қтж –ні цифрлау
- •29.Сигнализация түрлерін топтастыру
- •30. Сызықтық сигнализацияны тарату тәсілдері
- •31. Сызықты сигналды икм-30(2вск)жіберу жүйесінің цифрлық арнасымен тарату.
- •32. Сызықты сигналды икм-15(1вск)жіберу жүйесінің цифрлық арнасымен тарату.
- •33. Регистрлік сигналдарды тарату әдістері. Эстафеталық және Тесіп өткен сигнализация
- •35.Сигналдық бірліктер. Sif сигналдық ақпарат өрістері
- •36. Коммутациялық өрістер мен блоктарды орнату тәсілдері
- •45.Уақыт бойынша коммутациялау принциптері. Уақыт бойынша коммутациялау түйіннің жұмыс істеу принципі.
- •46. Цифрлық коммутация жүйесінің құрылымы
- •48. Аналогты абоненттік комплект (ак) және оның қызметі.
- •49. Жалғау сызықтарын (сл) қосу жабдықтары.
- •50. Транспорттық желілердегі тарату технологиялары
- •52. Сци/sdh цифрлық ағындарды мультиплекстеу
- •53. Жергілікті коммутацияланатын желілерді жаңарту қағидалары.
- •54. Мультисервистік қатынас желілерін орнату.
- •55. Келесі ұрпақ желілерін құру кезеңдері және ngn өту принциптері.
- •56. Цкж(цифрлық коммутациялау жүйелері)-ның коммутациялық өрісі. Коммутациядық өрістерінің топ құрастыруы.
- •57. Цифрлық п-в-п және в-п-в типті коммутациялық өріс
- •58. Үшінші класты цифрлық коммутациялық өріс
- •59. Төртінші класты цифрлық коммутациялық өріс
- •60. Сақина типті цифрлық коммутациялық өріс
- •63 2,026 Мбит/с жүктеме сигн стм-1 түрленд
- •65. 34Мбит/c жүктеме сигналын стм-1 түрлендіру
- •66. 140Мбит/c жүктеме сигналын стм-1 түрлендіру
- •67. 10000 Номерлі атсдш құрылымдық сұлбасын талдау
- •68. 5 Цифрлы атск құрылымдық сұлбасы
- •71. Цатс drx-4-тің құрамы және блоктары мен моделдерінің тағайындалуы
- •72. Цатс drx-4-тің станция ішінде қосылудағы блоктар мен моделделдерінің өзара қарым –қатынасы
- •73. Цатс drx-4-тің станция аралық қосылудағы блоктар мен моделделдерінің өзара қарым –қатынасы
- •74. Цатс ахе-10-тің ерекшелігі және негізгі техникалық сипаттамасы
- •75. Цатс ахе-10-тің станция ішіндегі қосылудаңы блоктар мен модульдердің өзара қарым-қатынасы
- •76. Цатс ахе-10-тің станция аралық қосылудаңы блоктар мен модульдердің өзара қарым-қатынасы
- •77 Цатс axe-10 аналогты абоненттердің станция ішілік қосылудағы өзара қосылуы
50. Транспорттық желілердегі тарату технологиялары
Қазіргі уақыттағы транспорттық және коорпоративті желілердің құрылуында ПЦИ/ PDH,СЦИ/SDH және АТМ, ІР СЦИ/ SDH технологиялары дамуда. Қазіргі уақытта жоғарыда айтылған технологиялардың негізінде глобальді магистральдық желілерді құруда прогресс болды. Жақында ІР –маршрутизатор қосылған ІР трафиктер тарату технологиялары пайда болды, ол арналық орта ретінде WDM, DWDM, СЦИ/SDH және ОВ қараңғы талшық түрінде қолданады.
ПЦИ /PDH, СЦИ/ SDH және АТМ технологиялары түрлі масштабтағы транспортты желілерді құруда қолданылады. ITU-T халықаралық стандартқа сәйкес тарату жылдамдықтарының иерархиясы қолданылады. ПЦИ/PDH технологиясы цифрлы арналардың иерерхия деңгейлері: абоненттік немесе негізгі арна ЕО (64кбит/с) және қолданушылар арна деңгейлері Е1(2.048Мбит/с), Е2 (8.448Мбит/с)6 Е3(34, 368Мбит/с), Е4(139,264Мбит/с). Цифрлы арна деңгейі Е5 (564, 992Мбит/с) ITU-T бойынша анықталған, практикада көп қолданбайды.
Қазіргі кезеңдегі біріншілік және транспорттық желілер ПЦИ/ SDH аппаратуралары негізінде құрылады. 64Кбит/с –тен 140Мбит/с аралығында өткізу қабілетіне ие транспорттық желілердің цифрлы арналары ПЦИ/PDH технологиялары негізінде ал 2Мбит/с және одан жоғары СЦИ/ SDH технологиясы негізінде құрылады. 13.1 кестеде ОЦК Е0 және желілік трактар Е1, Е2 ,Е3 және Е4 ПЦИ/ PDH[40] жалпы сипаттамалары келтірілген.
ПЦИ/ РDH технологиясында плезинхронды мультиплексирлеу принципі қолданылады, мысалы ағын Е1 (2048кбит/с ) бір Е2-ге (8448кбит/с) мультиплексирленеді, кіріс сигналдың тактілік жиілігін түзету арқылы.
СЦИ/ SDH жүйесінің ПЦИ/ РDH жүйесінен негізгі айырмашылығы мультиплексирлеудің жаңа принципіне көшу болып табылады. CЦИ/ SDH технологиясы базалық желілік технология болады және қазіргі уақыттағы цифрлы біріншілік немесе транспорттық желілерді құру концепцияларын қарастырады.
СЦИ/ SDH технологияларының соңғы версиясы арналар иерархия деңгейлерінің тарату жылдамдықтары 155,52; 622,08; 2488,32; және 39813,12мбит/с . Транспорттық желіде қолданушылар интерфейстері синхронды транспортты STM-N модуліне сәйкес келетін жоғарғы деңгейлерде жұмыс істейтін желілік элементтерде пайдалы жүктеме ретінде қызмет етеді. СЦИ/ SDH технологиялары цифрлы арналардың және желілік элементтердің барлық желі шегінде толық синхронизациялануына негізделген. Соңғы жылдары ІР-трафикті тарату технологиясы пайда болды.
АТМ және FRAME RELAY үшін POS технологиясы ұсынылады (PASRET OVER SDH).
DPT технологиясы, DPT сияқты дүниежүзілік телекоммуникациялық рынокқа шықты. АТМ технологтясы ұяшық көлемінің 10% -ын алса, POS кадрында тек 3%.
51. Синхронды цифрлық иерархия технологиясы. Стандартты телефондық арна үшін дискреттеу периоды 125 мкс. Кадр сөзінің астарында символдар байланысы, яғни дискреттеу периодына тең уақытта берілген деген мағына жатыр. Негізгі синхронды сигнал – STM1 синхронды – транспортты модуль, тарату жылдамдығы – 155,52 Мбит/с болса, әр кадр 19440 бит болуы керек. СЦИ/SDH технологиясының ерекшеліктері негізгі кадр бірлігі ретінде бит емес, байт қолданылады, сондықтан әрбір кадрде 19440,8 = 2430 байт болады. Басқа бір ерекшелігі кадрда ұйымдастыру құрылымында ол блок түрінде 9 жолдан 270 бағаннан (14.1 – суретті қараңыз) тұрады, әрбір баған ені 1 байтқа тең.
14.1 Сурет - STM -1 деңгейлі синхронды транспорттық модуль кадрының құрылымы
STM -1 деңгейлі синхронды транспорттық модуль кадры стандартты өлшемді контейнер деп қарастыруға болады, ол шығарып салу документі – заголовокке иеонда барлық контейнерді маршруттауды басқару өріс – параметрлері, ақпараттық символдарды орналастыру үшін ішкі сыйымдылық (оны пайдалы жүктеме деп те атайды) жиналған.
RSOH (Regenerator Section Overhead) регенераторлық бөлімнің секциясы ретінде 9 байт екінші қатардағы түрі көрсетіледі, келесі 261 байт (261 бағана) пайдалы жүктемеге қолданылады және т.б. Осылайша синхронды транспорт-тық модуль кадры түрленеді, дәрежесі STM-1 тікшелі өлшемі 9х270=2430 байт, бірінші 9 бағана ақпаратты басқаруға кеткен – бұл SOH (Section Overhead ) бөлімі (FAS фрейм түзету сигналынан тұрады (1х9 байт) RSON регенераторлық бөлімі (2х9 байт ), (MSOH Multiplexer Section Overhead) мультиплексорлық бөлімі (5х9 байт) және көрсеткіш Pointer (1х9 байт) келесі 261 бағана пайдалы жүктемеде қолданады.
Көрсеткіш (Pointer) RSOH регенератор мен төртінші қатарда орналас-қан MSOH мультиплексорлы бөлім пайдалы жүктемені басынан көрсету үшін қолданылады. 14.1 суретте көріп тұрғанымыздай, пайдалы жүктеме орны бірінші қатардан басталмайды (FAS кадры сигналды синхрондағаннан кейін), көрсеткіш мекен – жайынан кейін көрсеткіш береді.
Негізінде пайдалы жүктеме бір кадрда орналаспайды, бөлшектеліп келесіде орналасады. Жүктеме сыйымдылығын нөмірлеу көрсеткіштен кейін басталады, төртінші қатардың 10 байтынан, FAS – тан кейін емес. Жүктемені нөмірлеу үшінші қатар аяғында келесі кадрдан кейін бітеді. Пайдалы жүктеме кадр структурасында уақыт флуктуациясы әсерінен болады, ал көрсеткіш пайдалы жүктеменің мекен – жайын көрсетеді. Осымен синхрондау мен фактор арасындағы келіспеушілік жойылады және пайдалы жүктеме кадр ішінде өзгеруі мүмкін.
