Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готов шпоры по БЖиКЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.93 Mб
Скачать

1. Электрлі байланыс желілерінің тағайындалуы, құрамы және топтасуы

Байланыс - өзіне желілердің және электрлі байланыс қызметінің жиынтығын құрастырады

Электрлі байланыс  қыз-меті – пайдаланушыларға қызмет беруді қамтамасыз ететін құралдар комплексі.  Екіншілік желілер электрлі байланыс қызметтерінде сигналдарды тасу және коммутациялауды қамтамасыз етеді, біріншілік желілер екіншілік желіні арнамен қамтамасыз етеді. Сәйкес қызметтің негізгі құрамдық бөлімі ақырғы құрал болып табылады, олар пайдаланушыларда орнатылады. Қызметтің мысалы ретінде телефондық қызметті алуға болады. Ол пайдала-нушыларға телефондық байланыс, мәлімет тарату және т.б. қызметтерді ұсынады.

Электр байланыс желілерінің негізгі компоненттері мыналар: - желілік түйіндер және желілік станциялар, мұнда арна құрушы аппаратура орнатылады және арналардың немесе арна топтарының және желілік жолдардың қосылуы орындалады:-  Коммутация түйіндері, хабарларды мекен-жайға сәйкес үлестіреді; - Ақырғы пункттер (АП), абонент хабарының кіріс шығысын қамтамасыз етеді. АП абонентте орналасса, абоненттік пункт деп аталады (АП);- Концентраторлар және мультиплексорлар, байланыс арналарын нығыздау арқылы өткізу қабілетін жақсартуды қамтамасыз етеді. Арналар магистральды және абоненттік болуы мүмкін;- Көп деңгейлі басқару жүйесі желілік ресурстардың эффектифті қолданылуын қамтамасыз етеді.Электробайланыс желілерінің классификациясы.Классификация келесі белгілерге негізделген;1.Берілетін хабарлар түріне байланысты: телефондық желі,   телег-рафтық, деректерді беру желісі, факсимильді желі, газеттер беру, дыбыстық хабар тарату желілері, интегралдық қызмет көрсетудің цифрлық желілері.2.Пайдаланушылар категориялары бойынша: жалпыға арналған желілер, ведомствалық, корпоративті желілер.3.Хабарды беру жылдамдықтары бойынша: төмен, жоғарғы, орта жылдамдықты желілер.4.Көлемі бойынша (қайту дәрежесі) жергілікті желілер, аймақтық  желілер, аумақты (локальды) желілер.5. Коммутациялау тәсілі бойынша: ұзақ уақыттық (кросстық) коммутациялау, жедел  коммутациялаушы желілер, пакеттерді коммутация-лауды (ПК) қамтитын желілер, каналдарды коммутациялауды (КК) қамтитын желілер, хабарларды коммутациялауды (ХҚ) қамтитын желілер, аралас коммутациялауды (АК) қамтитын желілер, адаптивті коммутациялауды қамтитын желілер.6. Қолданылатын байланыс арналарының түрлері бойынша: сымды байланысты желілер, радио желілер, оптикалық желілер.7. Желіні басқару тәсілі бойынша: орталықтандырылған басқару, орта-лықтандырылмаған басқару, аралас статикалық, квазистатикалық және дина-микалық басқару.

2. Телекоммуникациялык желілер

Компьютерлік, телевизиондық, телефондық және біріншілік желілердің бір – бірінен үлкен айырмашылығы бар болғанымен, олардың құрылымдарында жеткілікті жоғары дәрежеде ұқсастықтары бар. Телекоммуникациялық желі ортақ жағдайда келесі компонеттерден тұрады: рұқсат етілген желі (сеть доступа, access network) – ақпараттық лектерді (поток) концентрациялауға арналған, қолданушылардың құрылғыларынан көптеген байланыс каналдары арқылы келіп түсетін магистральды желілердің түйіндеріндегі басқалармен салыстырғанда аз мөлшерде болады; магистраль (backbone немесе core network) – жекленген рұқсат етілген желілерді біріктіреді, олардың арасындағы трафик транзитін жоғарыжылдамдықты канал бойынша қамтамасыз етіп отырады; ақпараттандырылған орталықтар немесе сервисті басқару орталықтары (data centers немесе services control point) – бұл ақпараттық жекешелендірілген желілер ресурсы, олардың негізінде қолданушыларға өызмет көрсету жүзеге асады.

Бірінші (бастапқы) желі дегеніміз - берілістің типтік каналдар торабын және желілік трафиктерді түзетін беріліс сызықтарының, желілік түйіндердің және желілік станциялардың жиынтығы. 3.1 суретте бастапқы желіні ұйымдастыру принципіне түсінік беріледі. Территориялық принципі бойынша бастапқы желі мыналарға бөлінеді: магистральды, зона ішілік және бастапқы жергілікті желі.Магистральды бастапқы желі барлық облыстық және республикалық орталықтарды каналдармен байланыстырады.Зона ішілік бастапқы желі, негізінен, бір облыстың аудандарын бір-бірімен және облыс орталығымен түрлі каналдардың көмегімен байланыстырады.Жергілікті бастапқы желі қала территориясымен немесе ауылдық аудан территориясымен шектелген. Олар осы желінің станциялары немесе түйіндері арасында, сондай-ақ абоненттер арасында каналдар (немесе сымдардың физикалық жұбын) ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Зона ішілік желіні және жергілікті бастапқы желіні зоналық бастапқы желі деп атау әдетке айналып кеткен.Топология термині компьютерлердің, кабельдердің және желінің басқа да компоненттерін сипаттайтын термин. Желі топологиясы оның сипаттамаларын түзеді. Оның ішінде топологияны таңдау – қажетті желі құрылғысын таңдауға;– желілік құрылғы сипаттамасына;– желіні кеңейту мүмкіндіктері;– желіні басқару әдістері.Барлық желілер негізгі үш топология негізінде құрылады:– шина (bus); – жұлдыз (star);– сақина (ring).Егер барлық компьютерлер бір кабельдің бойында қосылған болса топология шина деп аталады. Шиналық топология басқа топологиямен салыстырғанда бағасы төмен бірақ басқару бағасы жоғары. Ең үлкен кемшілігі егер шина үзілген жағдайда оған қосылған барлық құрылғылар сигнал тарата алмайтындығы. Жұлдыз топологиясы орталық концентратор желіге қосылған әрбір құрылғымен байланысады. Бұл топологияда орталық нүктеден басқару қолданылады. Барлық желілік трафик концентраторға жіберіледі содан соңконцентратор оның сәйкес адресы бойынша құрылғыға жібереді. Егер компьютерлер қосылған кабель сақина түрінде тұйықталған болса топология сақина топологиясы деп аталады.

3. Телеграф желілерінің құрамы және тағайындалуы Түйіндер арасындағы телеграфтық каналдар электробайланыстың бастапқы тораптарындағы беріліс каналдарының негізінде құрылады. Телеграфтық торап дамудың ұзақ жолынан өтті және дискретті хабарларды төменгі жылдамдықпен берудің тармақталған торабы болып табылады. Ол аралас принцип бойынша құрылған:  жоғары категориялы түйіндер «әрқайсысы әрқайсысымен» принципі бойынша, ал категориялары төменіректері – радиалды-түйіндік принцип бойынша байланысады.Жалпы қолдануға арналған телеграфтық торап (ЖҚТлг) елде қалалық (ҚБ), аудандық (АБ), ауылдық (СБ) жерлерде байланыс бөлімшелерін ұйымдастыруды қарастырады, онда жіберушілер телеграммалар өткізеді,  ал байланыс бөлімшесі алушыға телеграмманы жеткізуді қамтамасыз етеді. Дамудың әртүрлі кезеңдерінде ЖҚТлг ХК, КК принциптеріне және олардың үйлесімді қолданылу принциптеріне негізделген. Алдағы уақтытта торапта тек ХК және ПК тәсілдері қолданылатын болады.Аралас тораптар коммутацияның қандай тәсілінің басты роль атқаратынына байланысты КК+ХК-ды қамтитын немесе ХК+КК-ды қамтитын торап деп аталады.Бұл тәсіл кешегі күнге дейін ЖҚ Тлг-да кеңінен қолданылып келді. Ол байланыстың қандай да бір бөлімшесіне КК түйіндері арқылы басқа байланыс бөлімшелерімен уақытша тікелей байланысу мүмкіндігін ұсынады.Абоненттік телеграфтау торабы. Жалпы қолдануға арналған телеграфтық байланыс мекеме мен  кәсіпорынның жедел байланыс құруға байланысты сұраныстарын толық шамада қанағаттандыра алмайды, оған себеп:1. Телеграммалар курьер оларды алып кетіп, байланыс бөлімшесіне жеткізгенге дейін күні бойынша жинақтала береді.2. Телеграмманы беру және әрі қарай адресатқа жеткізу процесі белгілі бір уақытты талап етеді.3. Жұмыс аяғында байланыс бөлімшесіне түрлі кәсіпорындар мен мекемелерден келіп түсетін телеграммалардың үлкен саны ШП торабында жүктемені үлкейтіп жібереді, бұл жіберушіден адресатқа телеграмманың жетуін баяулатады.ПП торабының бұл кемшіліктері  абоненттік телеграфтау (АТ) телеграфтық торабында болмайды, себебі шеткі телеграфтық аппараттар тікелей сол кәсіпорында және мекемеде орнатылған.АТ торабын дамыту ШП торабының жүктемесін едәуір азайтады, бірінші кезекте транзиттік корреспонденциядан босатып, жұмыс күнінің аяғында жүктемені азайтады.АТ жүйесі көп жағынан ТБ жүйесіне ұқсас. Дегенмен АТ торабында каналдардың босамай қалуы және екінші қайтара шақыру қажеттілігі болып жатады. ТБ торабында бұл рационалды емес.  ТБ жүйесінен ерекшелігі, АТ тораптарында каналдарды коммутациялау принципі байланыстың барлық стадияларында ауытқымайды.Абоненттік телеграфтық байланыс сұлбасы 3.2 суретте көрсетілген

 АТ торабын шеткі орнату жабдығы ТБ торабы шеткі пункті жабдығына ұқсас.Шақыру приборға «нөмірді теруге рұқсат» сигналы жіберіледі. Абоненттік панель және коммутация  құрылғысынан басқа, АТ станциясының құрамына ауыспалы құрылғы (П) да кіреді, ол станцияға қала аралық каналдарды қосуды қамтамасыз етеді. Талап етілген абонентпен байланыс орнатылғаннан кейін хабар бұл абоненттік пункттен басқа абоненттік пунктке беріледі.3. Абоненттік телеграфтың бір түрі халықаралық абоненттік телеграф «Телекс» болып табылады. Ол елшіліктердің, сауда-саттық өкілдерінің, шетел тілшілерінің және т.б. хабарды басқа елдерге беруші абоненттердің құжаттандырылған байланысын қамтамасыз етуге арналған. Бұл торап 100 мемлекетті біріктіреді.Абонент нөмірі телеграфтық аппарат кілт жиынынан теріледі және шақырылған абоненттің телеграфтық аппараты шақыру сигналынан кейін бірден қосылады. Шақырылатын абонент нөмірін теру коммутация түйініне «стартстоптық» комбинацияларды  берумен жүзеге асырылады. Абонент аппаратына станциядан келіп түсетін барлық сигналдар да стартстопты сигналдармен  беріледі («Станция жауабы», «Байланыс», «Бос емес» және т.б.).«Телемәтін» қызметі туралы түсінік.Телемәтін – абоненттік принцип бойынша құрылған, яғни сұхбат мүмкіндігін қамтитын жұмыс барысындағы әріптік-цифрлық хабарларды құжатталған беру жүйесі.. «Телемәтіннің» «Телекс» жүйесінен айырмашылығы:- бастапқы алфавит белгілерінің кеңейтілген жиыны - 256; - беріліс жылдамдығы - 2400 бит/с;- жоғары сапалы дұрыстығы - Рош < 10-6 таңбаға;- хабар мәтінін редакциялау мүмкіндігі;- мәтінді жадыда сақтау мүмкіндігі.- «Телемәтін» жүйесінің деректерді беру торабына ұқсастықтары бар,- берілістің цифрлық тәсілдері;- берілістің жоғары жылдамдығы;- дұрыстықты жоғарылатудың ұқсас тәсілдері;- байланыстарды басқарудың ұқсас тәсілдері.

4. Телефон байланыс желілерінің құрамы және тағайындалуыЖалпы қолданыстағы қосымша торап – автоматты телефондық станциялар (АТС), автоматты коммутация түйіндері (АКТ), абоненттік аппараттар мен желілер, сондай-ақ бастапқы (бірінші) тораптан алынған беріліс каналдарының жиынтығы. Телефондық байланыс жүйесі халықтың және өнеркәсіптердің ел көлемінде хабар алмасуға деген талаптарын, халықаралық телефондық торапқа шығу талаптарын қанағаттандыруға арналған және мынадай қызмет түрлерін ұсынады:1) хабарды жеткізу қызметі: ақпараттық, сөздік, факсимильдік, электронды почта, деректер. Бұл мүмкіндіктерді тораптың физикалық ресурстарын пайдаланатын техникалық қызмет ұсынады.2) арнайы қызметтер – сервис қызметімен автоматты түрде ұсынылатын немесе оператор көмегімен көрсетілетін ақпараттық-анықтамалық, тапсырыстық және қосымша қызмет түрлері. Оған мыналар жатады:жергілікті телефондық торап анықтамасы;дәл уақыт анықтамасы;тапсырыстық қала аралық телефон торабы (ҚТТ);қала аралық және халықаралық торап анықтамасы;телефон бойынша телеграмма қабылдау;телефондық торапты жөндеуге тапсырыс;таксофондарды жөндеуге тапсырыс

5) Ақпарат-есептеуші желілерінің құрылымы. ЭЕМ желілері.Деректерді өңдеудің ірі масштабтағы жүйелерін құру үшін жекелеген өнеркәсіптер мен ұйымдарға қызмет көрсететін есептеу орталықтары (ЕО) мен ЭЕМ-дер деректерді беру жабдықтарының көмегімен ақпараттық-есептеу тораптарына (АЕТ) біріктіріледі. Мынадай белгіленулер қабылданған: ДБ-деректер банкі; басты ЭЕМ; ұжымдық қолданыстағы есептеу орталығы (ҰҚЕО); дербес ЭЕМ (ДЭЕМ); торап администраторы (ТА); жырақтан деректерді теле өңдеу процессоры (ЖДТП); коммутация түйіні (КТ); коммутация орталығы (КО); ДБ мультиплексоры (ДБМ); терминалды ЭЕМ.Деректерді өңдеудің ірі масштабтағы жүйелерін құру үшін жекелеген өнеркәсіптер мен ұйымдарға қызмет көрсететін есептеу орталықтары мен ЭЕМ деректерді беру жабдықтарының көмегімен ақпараттық есептеу тораптарына біріктіріледі. АЕТ төрт өзара байланысқан объектілерге бөлінеді:Деректерді берудің базалық торабы ЭЕМ торабыТерминалдық торапАдминистратор торабы.ДБ базалық торабы- ЭЕМ арасында, сондай-ақ АЕТ басқа құрылғылары арасында ДБге арналған аппараттық және программалық жабдықтар жиынтығы.Әдетте Коммутациялыө Түйін ЭЕМ және АПД негізінде жүзеге асырылады.ЭЕМ торабы ДБң базалық торабымен біріктірілген ЭЕМ жиынтығы. ТЭЕМ негізгі міндеті ДБ базалық торабымен терминалдарды түйіндестіру. Бұл функцияны Деректерді Теле Өңдеу Процессоры және Деректерді Берудің Жырақтағы Мультиплексоры да орындай алады.Терминалдық торап-терминалдар мен ДБ терминалдық тораптарының жиынтығы.Терминал-көмегімен абоненттер деректерді енгізіп-шығаруды жүзеге асырады. АЕЖ негізгі сипаттамалары:Операциялық мүмкіндіктері,Өндірістілік,Ақпаратты жеткізу уақыты,Мәліметті өңдеу құны.

6) Радиобайланыс желілерін және жүйелерін құру принциптеріҰялы радиобайланыс - біреуі немесе екеуі де қозғалыста болады, сонымен қатар бір-бірімен кездейсоқ орында тұрып, осы объектілердің біреуі базалық станция болуы мүмкін, қозғалмалы объектілер (ҚО) арасынды радиобайланыс болып табылады. Ұялы радиобайланыс жүйесін меншіктік қозғалмалы байланыс жүйелері, персоналды шақыру жүйелері, сымсыз телефондар жүйесі және ортақ қолданыстағы ұялы байланыс жүйелеріне бөледі.Жедел әрекетті радиобайланыс қозғалмалы объектілер арасындағы радиобайланысты қамтамасыз етеді. Дербес радиошақыру немесе пейджинг жүйелері қабылдаушы дисплейінде берілістің көрінісін бере отырып қызмет көрсетілетін аймақ шегінде ақпараттың біржақты сымсыз таратылуын қамтамасыз ететін радиобайланыс қызмет көрсетілуін қаматамасыз етеді.Сымсыз телефон жүйелері алғашқыда резидентті қолданысқа бағдарланған болатын, яғни офистер мен пәтерлерде кейінірек олар ортақ қолданысты қызметтерді қолдауды қамтитын ортақ қолданысты жүйелер ретінде дами бастады.

7) Ұялы байланыс жүйелерін құру принциптеріӘр ұяшықтың ортасында базалық станция бар, олар өз ұяшық көлеміндегі барлық жылжымалы станцияларға қызмет көрсетеді.Абонент бір ұяшықтан келесісіне ауысуы кезінде қызметінің берілуі оның бір базалық станциядан келесісіне жіберіледі. Барлық базалық станциялар өз кезегінде коммутация орталығына тұйықталады, одан ортақ қолданыстағы телефонды желіге шығуға болады. БС бірінші ерекшелігі – станцияның екі қабылдағыш антеннасы болатындай алшақтатылған қабылдауды қолдану. Бұдан басқа базалық станцияның тарату мен қабылдауға бөлек антенна болуы мүмкін. Екінші ерекшелігі –бірнеше қабылдағыштардың және түрлі желілікті бірнеше арналарда бір уақытты жұмысты жүргізуге рұқсат етеді. Ұялы байланыс функциялары негізгі және қосымшалардан тұрады.Коммутатор байланыс жолдарына ақпарат ағынының аралық өңделуін жүзеге асыратын сәйкес байланыс бақылаушылары арқылы қосылады. ЦК жұмысын және жүйені ортақ басқару қайта бағдарламаланатын бөлікті SOFTWARE қосатын, қуатты математикалық қамтамасы бар. Қозғалмалы станция келесі блоктардан тұрады: басқару, қабылдау таратқыш, антенналық блок. Антенналық блок-өз антеннасы бар қарапайым жағдайда ширек толқынды қабылдауыш және қабылдау тарату коммутаторы.Басқару блогы-микротелефон түтігінен тұрады-микрофон және телефон динамик, пернетақта дисплейі.Қабылдау таратқыш- таратқыш,қабылдағыш, синтезатор, логикалық блоктан тұрады. АЦП- микрофон шығысынан кіретін аналогты сөздің сигналды сандық формаға түрлендіреді.

8) Базалық станцияның құрылымдық сұлбасы.Базалық станция контроллеры (бақылаушы) станция жұмысын басқаруға және де оған кіретін барлық блоктар мен түйіндердің жұмыс қабілетін анықтауға арналған.