Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_4052.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
278.53 Кб
Скачать

5 Ұңғымаларды меңгеру және сұйықты шақыру

5.1 Ұңғымаларды меңгеру әдістері

Ұңғымаларды меңгеруде келесі тәсілдер қолданады:

1. 1200-1500 м3/тәу көлемінде қарқынды жуу болады. Жуу ұзақтығы 1-3 тәулік өтеді, ол өзімен бірге тас бөлшектерін алып шығады.Жуу сұйығын арнайы ыдыстардан сорапты агрегаттар арқылы сақина тәріздес айдайды. Шығарылған және айдалған су КВЧ-ге тексеріледі.Ұңғыны жуу оның сіңіру мүмкіндігін арттырғаннан кейін жүргізіледі.

2.Ұңғыманын түп аланың тазарту үшін қолданылатын қарқынды дренаж тәсілі. Дренаж бірнеше әдістермен жүргізіледі:

а)Максималды рұқсат етілген терендікке түсірілген поршень арқылы, жұмыс алдында щенбер кеңістігін тығындау керек.Бұл жағдайда үлкен депрессиялы қабат алуға болады (12МПа-ға дейін);

б)Компрессорлы әдіспен. Бұнда сұйық ұңғыдан қозғалмалы компрессор арқылы шығады. Бұл жағдайда сүзгінің жоғары тесіктеріне дейін түсіріледі. Дренирлеу КВЧ-ң қалыпты жағдайына дейін жүргізіледі;

в)Сорапты әдіспен (ПЦЭН) КВЧ-ң қалыпты жағдайына дейін;

г)Қарқынды су ағысы кезіндегі КВЧ-ң өзінің шығуымен, яғни судың ұңғымадан конализацияға атқылауымен. Бұл әдіс ұңғыма 6-15 минут аралығында максималды өнім беретін уақытта тиімді;

3.Ұңғы түбі алаңын тұзқышқылымен өңдеу. Бұл әдіс ұңғыдағы қатты заттарды ерітуде қолданылады. Ол үшін 1 м қалыңдықтағы қабатқа 10-15 %-дық тұздықышқыл қоспасын айдап, ұңғыны тәулік бойы қалдырады. Дренирлеуден кейін ұңғысы жуып, оны меңгеруге береді.

4. Қабаттың гидравликалық жарылысы (ҚПЖ). Бұл кезде өңдеу аралығы мен СКҚ-да бекітілетін екі тығын қолданылады. Әрбір қабатшада ҚПЖ үрдісі жүргізіледі.

5. СКҚ ұңғымасын сулықұм қоспасымен жуу. Онда 50 кг құмды 1м2 суға қосып цементтеу агрегаттарының көмегімен ұңғыны тазартады. Бұл кезде ұңғыдан қою қара сулықұм қоспасы шығады, оның құрамындағы КВЧ-ы қатты езіледі.

6. Коллектор көп жарылымды болып келсе, ұңғымаға суды бірнеше сағат бойы айдаумен жүргізіледі.

7. Ыстық сумен немесе мұнай ұңғысын мұнаймен алдын-ала өңдеу жүргізіледі. Бұл әдіс түптегі алаңның парафинмен және смоламен бекітіліп қалған кезде оларды босату үшін жүргізіледі.

5.2 Ағынды шақыру

Мұнайды өндіруге қолданылатын екінші ретті әдістерге бу айдау, газ айдау, полимер айдау жатады.

Қабатқа қосымша энергия енгізу арқылы оны игереміз. Қабатқа әсер ету әдісі бойынша келесі жүйелер бөлінеді:

Жапсар сырттық, жапсар бойлық, жапсар іштік су айдау.

Жапсар сырттық су айдаудан су айдау әдісінің қолданылуы басталады, айдау ұңғымалары мұнайлылықтың сыртқы контурына орналастырылады.

Жапсар бойлық су айдау мұнайлылықтың ішкі контурына айдау ұңғымаларының жақындатылуы және олардың кеніштің су, су-мұнайлы зонасына орналастырылады. Сонымен қатар кеніштің жапсар сырттық зонасымен гидродинамикалық байланысы нашар болған жағдайда қолданылады.

Жапсар іштік су айдау: Бұл әдістің ең қолайлы әдісі болып келеді, бұл әдістің бірнеше түрлері бар.

Қабатқа су айдаудан басқа, жылу физикалық әдіс қолданылады. Бұл қабатқа пар немесе ыстық су айдау әдісінен тұрады. Қабаттың мұнай бергіштігін өсіру үшін мұнайда пармен шығару әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдісте қабатта көптеген энергиялары пайда болады.

Қабаттан түрлі тұтқырлықты мұнайды қарапайым сумен шығару кезінде ағындағы және соңғы мұнай бергіштік төмендейді. Осы қатынастарды төмендеуі үшін, сәйкесінше мұнай бергіштікті көбейту үшін полимердің сулы ертіндісін қолданамыз. Мұнай қабатына айдалатын полимер ретінде көбінесе палиакриламмд (ПАА) қолданылады.

ПАА-ң молекуломерлық құрылымын схема түрінде ұзын цепочка ретінде қарастыруға болады. Ол көмірсутектердің, сутектің және азоттың атомдарынан түрады. Полимерлердің молекулалық массасы 10.

Палианриламид қатты грануланың немесе ұнтақтың гелі ретінде шығарылады. Әдетте ПАА-ң келесі концентрациясы суда қолданылады: Гель бойынша 1-5% , қатты полимер бойынша 0.08-0.4%.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]