
- •1 Кен орынның геологиясы
- •1.1 Кен орынның геолого-физикалық құрылымы
- •1.2 Негізгі игеру объектілерінің жалпы сипаттамасы
- •2 Кен орынды игеру жағдайы және қысқаша тарихы
- •2.1 Мұнай және мұнай-газ игерудің жоспарлық негіздемесі, бұрғылау жұмыстарының мөлшері 1-кесте
- •2.2 Қабаттық қысымды ұстау жүйесі
- •3 Ұңғыларды пайдалану
- •3.1 Фонтанды ұңғыларды пайдалану
- •3.2 Фонтанды ұңғының технологиялық режимін таңдау
- •3.3 Фонтанды ұңғылардың жабдықтары
- •4 Қабатты және ұңғыманы зерттеу
- •4.1 Фонтанды ұңғыларды зерттеу
- •5 Ұңғымаларды меңгеру және сұйықты шақыру
- •5.1 Ұңғымаларды меңгеру әдістері
- •5.2 Ағынды шақыру
- •6 Еңбекті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Кен орынның геологиясы
1.1. Кен орынның жалпы геолого-физикалық құрылымы......................................4
1.2. Негізгі игеру объектілерінің жалпы сипаттамасы............................................6
2. Кен орынды игеру жағдайы және қысқаша тарихы
2.1. Мұнай және мұнай-газ игерудің жоспарлық негізі………….……………….7
2.2. Қабат қысымын ұстау жүйесі.............................................................................8
3. Ұңғыларды пайдалану
3.1. Фонтанды пайдалану әдісі...............................................................................10
3.2. Фонтанды ұңғының технологиялық режимін таңдау...................................12
3.3. Фонтанды ұңғылар жабдықтары.....................................................................14
4. Қабаттар мен ұңғымаларды зерттеу
4.1. Фонтанды ұңғымаларды зерттеу түрлері........................................................18
4.2. Кен орында жүргізілетін зерттеу жұмыстары................................................21
5. Ұңғыларды меңгеру және сұйықты шақыру
5.1. Ұңғыларды меңгеру әдістері............................................................................22
5.2. Айдау ұңғымаларын меңгеру..........................................................................23
6. Еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау..............................................24
7. Қорытынды.............................................................................................................36 8. Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................37
Кіріспе
Әлібекмола кен орыны әкімшілік жағынан Қазақстан республикасы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының территориясында, Ақтөбе қаласының оңтүстігінде 250-270 км қашықтықта орналасқан.
Батысында 10км қашықтықта орналасқан Жағабұлақ ауылы мен Шұбаршы ауылы (45-50км ) ең жақын елді мекен болып табылады. Ембі станциясы кен орынның солтүстік-шығысында 50 км жерде орналасқан.
Орографиялық жағынан аудан сай мен жыралармен тілімделген нашар адырлы жазықтықпен сипатталады. Солтүстік-батыс бөлігі Құмжарған бархан құмымен жалғасады. Рельефтің максималды абсолют белгісі +281м орталық бөлігімен ұштасқан минималды +160м Ембі өзенінің алқабында байқалады. Ембі өзені ауданның солтүстік бөлігін қиып өтеді.
Аудан климаты күрт континентальды үлкен сезондық және тәуліктік ауа температурасының ауытқуымен сипатталады ( жазда +35°С - +40°С, қыста -33 -45°С ). Жауын –шашынның орташа мөлшері 200мм шамасында негізінен қыста түседі.
Топырақ қабатының қату тереңдігі 1.5-1.8м. Өсімдік пен жануар жамылғысы кедей.
Дамыған инфрақұрылымды, мұнай мен газ игеру қуаты мен энергетикалық базасы үлкен ең жақын мұнай кен орыны болып- Жаңажол (20км) мен Кеңқияқ (45км) табылады.
Мұнай құбырымен Атырау-Орск магистральды мұнай құбырына беріледі. Өндіріс орыны Ақтөбе қаласымен асфальтталған жолмен жалғасады. Солтүстік бөлігінен асфальтты Жаңажол-Ембі-Ақтөбе жолы өтеді.
Өндіріс ауданында құм, құмтас, саз сияқты құрылыс материалдары кең тараған, кен орынның солтүстігінен өтетін Ембі өзенінің суы техникалық су-жабдығы ретінде қолдануға болады.
Терең іздеу-зерттеу бұрғылау жүргізу үшін 1980ж, Әлібекмолада сейсмо зерттеулер жүргізілді. Мұнай-газдық алғашқы фонтанды атқылауы КТ-I және КТ-II қабаттарды зерттеу кезінде №5 ұңғымада болды (1987ж).
Мұнай, газ және конденсаттық кен орын бойынша (С1категориясы) жалпы қоры ҚР МКҚ ( №21 протокол) бойынша 1994 жылы қараша айында белгіленді:
- мұнайдың балансты қоры- 127427,6 мың т.
- мұнайдың алынатын қоры- 54119,2 мың т.
С2 категориясы бойынша :
балансты қоры – 2054,3 мың т;
алынатын қоры -930,3мың т;
Бос газдың алынатын қоры - 655мың м3.
Газоконденсаттық балансты қоры - 2 мың м3.
Алынатын қоры - 13 мың т.
1 Кен орынның геологиясы
1.1 Кен орынның геолого-физикалық құрылымы
Әлібекмола кен орынның геологиялық құрылымы 1994ж, КазНИГРИ және “Тұлпар” мемлекеттік холдингтік компаниясының “кен орынның мұнай, газ және ілеспе компоненттер қоры ” есебінде берілді. Сондай-ақ ЖШС “ Казахойл Ақтөбе ” тапсырысы бойынша сейсмикалық съемка жүргізілді. Нәтижесінде кен орынның геологиялық құрылымы жайлы жаңа материалдар алынды.
Аймақтың тектоникалық планы бойынша кен орын Шығыс Европа платформасының оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан.
Ақтөбе-Астрахан жүйесі көтеріңкісінің құрамына кіретін Жарқамыс-темір күмбезі Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінің негізгі құрылымдық элементі болып табылады. Аймақтың геологиялық ерекшелігі күнгүрге ( докунгурское верия) дейінгі кезеңде үздіксіз төмендеуі басында Орал геосинклиналының дамуымен, ал кейін жоғары палеозойда Орал қатпарлы жүйесінің түзілуімен байланысты болады.
Әлібекмола тұзасты көтерілімі Жанажол тектоникалық саты шекарасында орналасқан. Бұл көтерілім ерекшелігі брахиантиклинальды типті үлкен карбонатты массивтің дамуымен байланысты.
Әлібекмола кен орынның таскөмір жүйесінің барлық бөліктері дамыған:
төменгі ( визей және серпухов ярустары);
орталық ( балкир және москов ярустары);
жоғарғы ( касимов және гинсель ярустары);
Кен орынның ең кәрі жабыны болып Окстық горизонт үстіндегі (окскогоризонта) карбонатты терригенді шөгіндісі табылады. Бұл шөгінділер №№№ 4,5,9 ұңғымаларды ашылады.
Әлібекмола көтеріңкісі гжель-подольск (КТ-I) және калиир-веневск (КТ-II) кезіндегі карбонат ұштасады .
КТ- I жабыны бойнша Алибекмола құрылымы субмеридианды шайылған брахиантиклиналды қатпарлы екені бұрғылау кезінде анықталады.
Ал, КТ- II төменгі карбонатты жабыны – бұзылған брахиантиклиналды қатпардан және ол екі үлкен қыраттан тұратыны анықталады: оңтүстік және солтістік. Батысында ол субмеридианды шайылумен шектелген. Қабаттардың араласу амплитудасы ( солтүстіктен оңтүстікке қарай) 200-метрден 500 метрге дейін.
ААҚ «Казахкаспийшельф» сейсмозерттеүі кен орынның бүйірлік құрылымын дәлелдеді. Қабылданған (28.06.02ж. Алматы қ.) құрылымдық картасында КТ- II жабын беті жақсы көрсетілген. Құрылымның батыс және шығыс бөлігін субмеридианды бағыттағы екі батыс бұзылыстары (Ғ1, Ғ2) мен шығыс құлауы (Ғ3) шектейді.
Кен орынның Ғ4 ішкі бұзылымы аз амплитудалы болғандықтан оның құрылымына әсер етпейді. Негізгі байқалатыны – көлденен ығысуының (Ғ5) байқалуы, ол құрылымды оңтүстік және солтустік бөліктергн бөлінеді. Ол екі игеру ауданын анықтайды:
негізгі (оңтүстікке қарай Ғ5);
нашар құрылымды (солтүстікке қарай Ғ5).
Қазіргі уақытта негізгі үш өнімді аудан (блок) анықталған:
1- негізгі (Ғ2 мен Ғ 3 аралық);
2- шығару – келтіру ауданы ( сбросово – надвигового участка, 6- ұңғыма ауданы);
3- оңтүстік – шығыс ( Ғ 1 мен Ғ2 аралық, №29 ұңғыма ауданы).
2 мен 3-ші аудандар көлемі мен ауданы бойынша кіші, сондықтан негізгі игеру жобасы 1- ші аудан бойынша жасалған.
Кен орында керн алу, ГӨС мен ұңғыманы ағысқа зерттеу кезінде жоғарғы және ортанғы карбон жатысындағы өндірістік мұнай – газқанығуының екі карбонатты қабатшалары анықталады.
Карбонатты қабат жынысы аз сулы шельфтік генезистен тұрады және әктаспен, доломитпен, қабаттаса келетін 2-5 м кейде 10-м-лік қалыңдықтағы аргилитпен жабылған.