- •1. Желдету жабдықтары, олардың негізгі мақсаты мен сұлбасы
- •1.1 Өнеркәсіптік желдекіштің жіктелуі
- •1.2 Желдету жүйесінің конструкциялық шешімдері
- •1.3 Жобаланатын ғимараттың желдетілуі
- •2. Есептік бөлім
- •2.1 Ұн зауытындағы майдалау бөлімінің аспирациялануын есептеу
- •2.2 Ауа алмастырғыштың қысқа есебі және жобалау желісін таңдау типі
- •2.3.1 Циклонды таңдау
- •2.4 Желіге алдын-ала желдеткішті таңдау
- •2.5 Машинаның сипаттамасы
- •2.5.1 Желідегі аспирацияланатын машиналарға сору түтікшелерін жобалау
- •2.6 Желдету желісінің есебі.
- •2.6.1 Өтімдерді жобалау
- •4Бцш-450 циклоннан өтуді жобалау
- •2.7 Желдеткішті желіге соңғы таңдау, желдеткіш жетегінің қуатын есептеу және желдеткіш жетегін таңдау
- •3. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
- •3.2 Желдеткіш қондырғыларын жөндеу кезіндегі техника қауіпсіздігі
- •4. Астық өңдеу кәсіпорнындағы қоршаған ортаны қорғау
1.3 Жобаланатын ғимараттың желдетілуі
Ұн тарту зауытының дайындау бөлімінде (Сурет 1.4) көптеген қондырғылар аспирациялауды қажет етеді. Дайындау бөлімінде астық тазарту кезінде орта дисперсті шаңның көп мөлшері бөлінеді. Жеті қабатты зауыт ғимаратында астық тазалайтын машиналар мен жабдықтар белгілі бір тәртіппен орналасады. Жабдықтардың былай орналасуы технологиялық сұлбаның құрылымына, тазартылатын астықтың пайдалану мақсатына байланысты болады және қабылданған астықты көлденең немесе тік тасымалдау минимальді болуына байланысты. Астық пневмотасмалдағыш құбырлармен ең жоғарғы қабатқа көтеріледі де астық түсіргіш арқылы дән мен пайдаланылған ауаны желдеткіш арқылы бөліп алады да фильтр- циклонға жібереді. Осы жерде фильтрден өткен тазартылған ауа сыртқы шығарылуы немесе қайдадан қолданылуы мүмкін. Ары қарай астықты негізгі дәннен ұзындығы бойынша айырмашылығы бар қалдықтардан ажырату үшін триерге бағыттайды. Бұл қабатта астықты қысқа қалдықтардан ажырататын қарашықажыратқыш триер орнатылған. Триерге шыққан шаңды желдеткіш аспирация арқылы бөліп алады. Сол қабатта триерге параллель астық кептіргіш орналасқан. Бұл қондырғыны қысқы мезгілдерде қолданады. Оның басты көрсеткіші- жылытуға кеткен будың мөлшері болып табылады. Буды аспирация жүйесінен бөлек арнайы құбарлар арқылы тасымалдайды. [3]
У2-БРО астықтүсіргіші, 2- А9-УТК қарашықажыратқыш триері, 3- БПЗ астық жылытқыш, 4- астық түсіргіш
Сурет 1.4- Ұн тарту зауыты майдалау бөлімінің 7 қабатының сұлбасы
Кәсіпорындардың бірнеше жылғы тәжірибесі бойынша дайындау бөліміндегі операциялардың реттілігі дұрыс жүру мақсатында және бір типті қондырғылардың бір қабатта орналасуына сәйкес төменгі қабатта – транспорттық қондырғылар, яғни нория және шнекті тасымалдағыштар; жоғарғы қабатта – астықтүсіргіштер мен автоматты таразы, кейін астық тазалау машиналары орналасқан.
У2-БРО астық түсіргіші комплектілі жоғарғы өнімділікті қондырғылармен жабдықталған ұн тарту зауыттарының дайындау бөлімінде дәді тасымалдаушы ауадан бөліп алу үшін қолданылады. (Сурет 1.5)
Түсіргіштер жұмыс принципі бойынша көлемдік, инерциялық және центрдентепкіш болып бөлінеді. Белгілі түсіргіш түрін таңдау тасымалданантын сусымалы заттың ірілігі мен қондырғыдағы ауа шығымы арқылы анықталады. Ауа ағыны кіру патрубогы арқылы инерциямен ағыттаушы қалақшаның ауыстырылатын бөлігіне түсіеді. Кейін дән түсіргіштің конусты бөлігіне төгіліп, түсіргіштің шетімен канал арқылы шығару саңылауына түседі. Ауа қалақшаны айнала шығу патрубогы барады.
Сурет 1.5- У2-БРО Астық түсіргіші
А9-УТК-6 қарашық ажыратқыш триері (Сурет 1.6) астықты қысқа қалдықтардан тазарту үшін қолданылады. Дискілі триердін негізгі элементтері корпус (1), дискілі ротор, оның жұмыс бөлімінде 15 диск білікте орналасқан; бақылау бөлімінде (7) және олардың арасындағы ожау дөңгелегі (3), жетек және аспирациялық диффузор. Астықты тазарту процесі келесідей өтеді: қабылдау қондырғысы (4) бастапқы астықты үш ағынмен ұзына бойы жібереді. Жұмыс дискілерінің арасында екі қалақшалар (9,12) орналасқан. Айналу кезінде дискілер ұяшықтармен астық қоспасына енеді, осы кзде тазартылған астық қалақшаларға өтеді. Астық жинақталған соң машинадан шығарылады. Қысқа қоспалар аз мөлшерде астықтың қоспасы ұяшықтарға, кейін қалақшаларға түседі. Винтті конвейер арқылы бақылау бөліміне жіберіледі. А9-УТК-6 триерінің ерекшелігі- ол қабылданған жұмысты және бақылаудағы дискімен функционалдық айыру болып табылады. Бұл оның барынша өнімділігін арттырады.
Сурет 1.6- А9-УТК-6 қарашықажыратқыш триері
Заманауи А9-УТК-6 қарашықажыратқыш дискілі триер басқаларға қарағанда аз өлшемді және өнімділігі жоғары. Бұл триердің негізгі ерекшелігі оның бастапқы дәнді жеті қабылдау жұмыс дискілеріне беретін қабылдау-жіберу қондырғысы бар. Бұл дәннің барлық дискілерге жоғары жүктемемен және бірқалыпты берілуін қадағалайды. Ол өз кезегінде аз дискілер санымен жоғары өнімділікті береді. Минералды қалдықтармен жанасатын дискілердің ұяшықтарының тозуын тежеу үшін оны белгілі бір кезеңмен ауыстырып отырады. Дискілі ротордың жетегі редуктормен белдікті беріліс арқылы электрқозғалтқышпен жүзеге асады. Винтті конвейер дискілі ротордың білігімен шынжырлы беріліс арқылы жүреді. Бақылау бөлімінде дәннің мөлшерін жинақтау бөліміндегі винтті механизм көмегімен реттеп отырады.
Қысқа қалдықтар бақылау дискілерінің ұяшықтарымен машинаның жинақтау бөліміне қалақтармен төгіледі де сол жерден сыртқа шығарылады.
